«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет55/95
Дата13.03.2023
өлшемі2.27 Mb.
#470701
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95
«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойы

Есеп № 46
Науқас М., 17 жаста. Дәрігерге терісінде көптеген дақты қан құйылу-лардың пайда болуына байланысты шағымданып келген. Алғашында бірен-саран қан құйылу жағдайлары байқалған, бірақ оған ұсақ жарақаттардың салдары деп мән бермеген.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 3,6х  1мкл
Гемоглобин 100 г/л
Түсті көрсеткіш 0,83
Лейкоциттер 6,5х  1мкл
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 1%
Сегменттік ядролы 18%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфобласты 67%
Лимфоциттер 12%
Моноциттер 2%
Тромбоциттер 60х  1мкл
Қан жұғындысында: нормохромия, айқындалған анизоцитоз және пойкилоцитоз, ретикулоциттер - 1,2%.

  1. Бұл гемограмма қан жүйесінің қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Науқастағы қан құйылу жағдайларының патогенезі қандай?



Есеп № 47
Науқас К., 24 жаста, ауыр жағдайда, үдемелі әлсіздік, дене температурасының 39,5ºС дейін жоғарлауымен, жедел жәрдем қызметкерлерімен ауруханаға жеткізілген. Екі жақты пневмония, терісінде ұсақ нүктелі бөртпелер анықталған. Бауыр мен көкбауыры аздап ұлғайған.
Жалпы қан анализі
Эритроцит 1,2х  /л
Гемоглобин 40 г/л
Түсті көрсеткіш 1,0
Лейкоциттер 2,4х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 0
Сегменттік ядролы 21%
Эозинофилдер 0
Базофильдер 0
Лимфобласты 16%
Моноциттер 6%
Бласты жасушалар 57%
Лимфоциттер 12%
Тромбоциттер 89х  /л
Қан жұғындысында: ірі, үлкен ядролы, пішіні өзгерген бласттық жасушалар. Негізгі цитохимиялық белгілері бойынша бласттық жасушалар моноцитарлық қатар жасушаларына жатады.

  1. Осы қан анализі қан жүйесінің қандай патологиясы дамығанын дәлелдейді?

  2. Бұл жағдайдағы шеткері қанда бласттық жасушалардың пайда болуы лейкопоэздің қандай өзгерістерін дәлелдейді?

  3. Науқастағы гранулоцитопенияның механизмі қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет