Тосын сый.
Есік қағылып,топқа қорап әкелінеді.Қораптың ішінде заттар бар.
Мынау сиқырлы көзілдірік екен.Кім оны тағады,сол бала досының ішкі жақсы қасиеттерін,яғни адамның ішкі жан дүниесін бізге көрсетеді.
-Қане,мен оны тағып көрейінші.
-Сендер қандай ақылдысыңдар,қандай әдемісіндер.Мен бәріннің бойларындағы бір қасиетті көріп тұрмын ғой.
Ал енді сендер тағып көріңдер.
-Көрдіңдер ме,мынау сиқырлы
көзілдірік бағалы зат болып шықты.Мұны топта қалдырып,жоғары жерге іліп қояйық.
Балалар,сендер 7 санын естігінде, естеріне не түседі?
Балалар,бүгінгі әңгімелейтін тақырыбымыз жеті санына байланысты.
Қазақ халқы жеті санын қасиетті сан деп есептеп,жеті санына байланысты түсініктер қалаптасқан.
-Бүгін біз «Жеті қазынаның бірі» ертегісімен танысамыз.
Ертегіні оқып беру, мазмұндау.
Сұрақтар қою:
1. Ертегі қалай аталады?
2. Дүниедегі ең қайратты,ең ақылды,
әділ әрі епті қайсысы екен?
3 .Ит арыстанға қандай жауап берді?
4. Неге итті жеті қазынаның бірі» деп атайды екен?
Сөздік жұмыс жүргізу.
Мадақтау - біреудің жақсы қасиетін мақтап,көкке көтеру, дәріптеу.
Аластау-біреуді ығыстыру,қуып тастау.
Жағымпаздану-жағыну.
Балалардың назарын тақтаға аудару.
Сурет бойынша жеті қазына жайында түсінік беру.
Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып,оның ұғымына мыналарды жатқызады:
1.Жүйрік ат-жолда тастамайтын серігі.
2.Құмай тазы-сенімді сақшы.
3.Қыран бүркіт-қуаты.
4.Берен мылтық-каһарлы оты.
5.Өткір кездік-сұсы.
6.Қақпан-серті.
7. Майланғыш ау- әдіс-айласы.
Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық,
Бір отырып,бір тұрып,
Жаттығулар жасайық.
Дәптермен жұмыс.
Сурет бойынша жұмыс.
Тапсырма: Жеті қазынаны ата.
Мақал-мәтел.
Ақылды адам айтқызбай біледі,
Қыран қаққызбай іледі.
Мағынасын балаларға түсіндіру.
«Кубизм» тәсілін қолдану арқылы орындау.Балалар тыңдап алған сандар бойынша сол санға тиесілі аңды сипаттайды.Сипатталған аңның суретін тақтаға іліп,соңынан үй жануарымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын,ортақ қасиеттерін балаларға ататып, «Венн» диаграммасын құру.
Дидактикалық ойын. «Бұл қай аң»?
Ертегінің мазмұнына байланысты коллаж құрастыру.
-Ертегідегі оқиға қай жерде болды?
(Орманда)
-Ертегінің негізгі кейіпкерлері қандай аң мен жануар?
Тағы қандай аңдар арыстанның бұйрығы бойынша жиналды?
-Ит кімнің досы, сенімді сақшысы?
Жеті қазынаның аттарын балаларға қайталап айтқызу.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау.
|