Павлодар облысының білім беру басқармасы Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» кмм



бет1/6
Дата05.11.2022
өлшемі30.01 Kb.
#464098
  1   2   3   4   5   6
қауіпсіздік ереже


Павлодар облысының білім беру басқармасы
Аққулы ауданы білім беру бөлімінің
«Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» КММ

Қауіпсіздік техникасы және мектеп тәртібі
бойынша нұсқаулық

Сынып жетекшісі: Балтабаев Б.Р
Нұсқаулық №1 Көшеде жүру тәртібі мен қауіпсіздік ережесі
Көше ережелері туралы тыңдау.
1. Көшеде жүру тәртібін орындамау транспорттың жүріп-тұруына
кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, басқа да баратын
жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2. Көшеден өту үшін арнайы белгіленген жермен жүрген дұрыс.
Егер бар болса, жер асты жолын пайдаланған жөн.
3. Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, қарсы
кездескен үлкен кісіге жол бер.
4. Тротуармен келе жатып қақпадан көрінген машинаны байқасаң өткізіп жібер. Көшеде тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.


Нұсқаулық № 2 Судағы, су қоймаларындағы қауіпсіздік ережесі
Судағы төтенше жағдайлардың басты себептері, азаматтардың құтқарушылармен күзетілмейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен және оларды ұстанбауынан, ішімдік ішіп шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр. Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар: 
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
- шомыла білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
- жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет