Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес
Педагогика ылымында т жірибе жасау ерекше орын алады. Бас а ыл
ПЕДАГОГИКА
1.Педагогикалық колледж студенттерінің педагогикадан жүргізетін зерттеу жұмысының жүйесі және оның кезеңдері. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес.Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әртүрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұлжағдайда алынатынмәліметтердің дұрыстығы, зерттеужұмыстарының саны мен алынғаннәтижегебайланысты. Педагогикадазерттеу жұмыстарын жүргізгенде эксперимент обьектісініңморальді – этикалықережелерінқатаңұстанған жөн. Педагогикалық процесс кезінде адамденсаулығыназиянкелтірмеужәне оқушылардыңдамуынжақсылапойластырып, жоспарменжұмыс жасаған дұрыс. Қазіргікездепедагогикалықзерттеужұмыстарыныңүлкенжүйесі бар, оларға: педагогикалықбақылау,зерттеусұхбаты,педагогикалықэксперимент,математикалықстатистика,педагогикалықойлардыңтеориялықанализіжәнет.б. жатады.
Кейінгі жылдары білім беру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі едәуір өсті. Білім беру ошақтарындағы педагогтар мен басшылар зерттеу-іздену жұмыстарының жаңа функциясын батыл түрде барлық кезеңдерін іске асыруға тырысуда, ал педагогикалық ізденіс педагогтер үшін кәсіптік қызметтің басты бағыттарының бірі болды. Педагогтердің мақсатқа бағытталған зерттеушілік қызметін жасау қажеттігі соңғы он жылда, яғни зерттеу міндеттері тек қана педагогтың құқығы ғана емес, сонымен қатар оның кәсіби міндеті екендігі қарала бастады. Зерттеушілік қызметі субъектінің ғылыми методологияға негізделген білім алу процесі кезінде жаңа, ғылыми білімді өз бойына сіңіруі деп қаралады. Кәсіби қызмет педагог үшін құнсыз, егерде ол бір кездері меңгерілген кәсіби тәсілдер арқылы құрылған жағдайда. Мұндай қызмет тек қана ондағы білімнің биік нәтижесіне жеткізетін объективті мүмкіндіктердің қолданылмауында ғана емес, ол педагогтың өзінің жеке-дара өсуіне де еш пайдасын әкелмейтін құнсыз болып есептеледі. Алайда біздің тәжірелер мен В.И.Боголовский, В.И.Загвязинский, И.А.Зимний, Н.М.Новиков, Н.М.Яковлевтің арнайы зерттеулерде, педагогтер комплексті зерттеу жұмыстарында қиыншылықтардың болатынын және көптеген жағдайларда зерттеу қызметтеріне дайындықтың аздығын көрсетеді. Мұны білім беру мекемелерінің басшыларының берген бағасы да, педагогтардың өзін-өзі бағалауы да растайды. Мұндай жағдайлардың орын алуы жоғарғы оқу орындарындағы болашақ педагогтарда өткізілетін практикалардың кәсіби деңгейде өткізілмеуінен, яғни білім алушылардың зерттеушілік құзырлығын дамытатын, зерттеу жұмысын орындауға жағдайдың жасалмауынан болады. Қазіргі таңда болашақ педагогтарды зерттеу жұмыстарына дайындаудың әр түрлі қырына арналған бөлек зерттеулер жасалуда, алайда олар ғылыми базаны зерттеу қызметінің жалпы дамуын, кәсіби зерттеу жұмыстарын жасауда өзіндік шешімге келуге толықтай жарамды болуын қамтамасыз етпейді [1]. Зерттеу әдістері – обьективті шындықты көру,танып білу. Педагогика дамуындағы негізгі фактор оның үнемі толықтырылып отырылуында және зерттеу әдістерінің нақтылығында. Педагогика ғылымының жаңа тәсілдермен толықтырылуы басқа ғылымдармен тығыз байланысының арқасында. Зерттеу жұмыстарының педагогикамен байланысы үнемі, жоғары қарқынмен дамуда. XVIII ғасырдан бастап педагогика ғылымының мазмұны практикалық бақылау нәтижесінде теориялық тұжырымдармен толықты. Сол уақыттағы педагогикалық практиканың маңызды тұлғалары: Г.Песталоцци, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, А.Н.Толстой, П.П.Бионский, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б. Арнайы ұйымдастырылған педагогикалық тәжірибелер XIX ғасырдан бастап зерттеле бастады. XXғ басында-ақ педагогикалық эксперимент термині өзінің нақты мәнін алды және кең таралды. Эксперименттік педагогиканың атақты тұлғалары немістің және американың ғалымдары: В.Лай және Э.Мейман, С.Холл,Э.Торндайх болды. Зерттеу процесінде нақты мәліметтерді алу үшін олар талапқа сай болуы керек. Онда көбінесе философия қарастыратын зерттелетін құбылыстардың мәнін түсіну қарастырылады. Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес. Мәліметтердің өзгеруіне және эксперименттік жұмыстың шартының өзгеруіне байланысты нәтиже де әр түрлі болады. Эксперимент жүргізу үшін бір кішкене ғана компонентті өзгерткен жөн және сол кезде алынатын мәлімет бірден өзгереді. Бұл жағдайда алынатын мәліметтердің дұрыстығы, зерттеу жұмыстарының саны мен алынған нәтижеге байланысты. Педагогикада зерттеу жұмыстарын жүргізгенде эксперимент обьектісінің моральді – этикалық ережелерін қатаң ұстанған жөн. Педагогикалық процесс кезінде адам денсаулығына зиян келтірмеу және оқушылардың дамуын жақсылап ойластырып, жоспармен жұмыс жасаған дұрыс. Қазіргі кезде педагогикалық зерттеу жұмыстарының үлкен жүйесі бар, оларға: педагогикалық бақылау,зерттеу сұхбаты,педагогикалық эксперимент,математикалық статистика,педагогикалық ойлардың теориялық анализі және т.б. жатады