Тақырыбы: Математика және оның тарихы, тарату.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Математика тарихындағы ұлы ғалымдар.
2. Ғылым саласын зерттеудегі математиканың маңызы.
3. Математика тарихындағы дәуірлер.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
-
История математики . М. 1970 г.,
-
А.С.Пчелко. Хрестоматия по методике началной арифметики. М. 1940 г.
-
Д.Д.Галанин . История методических идей по арифметике в Россий VІІІ в. Петроград. 1915
-
В.Е.Прудников. Русские педагогики – математики VIII-IX веков. М. 1956 г.
-
Б.М.Косанов. Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы. А. 1999
-
Ә.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларымен ағартушылық қызметі. А. 1969
-
Актуальные проблемы методике обучения математике в началных классах. М.И.Морро. А.М.Пышкало. 1977
-
Л.В.Занков, Н.В.Кузнецова Из опыта обучения арифметике в первых классах. М. 1961
-
Педагогикалық ізденіс. (Құрастырған И.Н.Баженова). А. 1990
-
Т.Қ. Оспанов және т.б. Математика. Әдістемелік нұсқау . А. 1997
-
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. А. 1998
-
Начальное обучения математике в зарубежных школах. М. 1993
-
Х.Назаров, Қ. Останов. Математика тарихы. Ташкент. 1996
-
А. Көбесов “ Математика тарихы” А. 1970 ж
Қосымша -
Жәутіков О.А “Математиканың даму тарихы ” А, 1967 ж
-
Көбесов А “ Математика тарихя туралы әдістеме ” “ Білім және еңбек” журнал 1965 – 1967 ж
-
Колман Э. Я “ История математикы в древности” М. 1961
-
Рыбников К.А, “ История математики” М. 1974 г
Лекция мәтіні:
Математика тарихының төрінен орын алатын ұлы ғалымдар Евдокс, Евклид, Архимед және Аполлоний есімдері ежелгі грек мәдениеті тарихы кітаптарының көбісінде жоқ. Сондай-ақ әйгілі ақын Омар Хайямның математика, астраномия тарихындағы елеулі еңбектері жайлы мектеп мұғалімдерінің көбісі білмейді. Тіпті ұлы жрлесіміз данышпан әл-Фарабидің математикалық мұрасына арналып, қазақ тілінде жазылған дүние жоқ деуге болады.
Ғылым тарихын зерттеп білудің ғылымның өзі үшін де маңызы зор. Көрнекті математика тарихшысы Поль Таннедің сөзімен айтсақ, тарихтың бірден- бір түпкі мақсаты тіпті де бекер әуесқойлықты қанағаттандыру емес, оны зерттеп білу, сайып келгенде, болашақты нұрландыру деген.
Көрнекті математик А.Н.Колмогоровтың таратуы бойынша математика тарихын шартты түрде төрт дәуірге бөлуге болады:
Бірінші дәуір- математиканың туу, матматикалық білім- дағдылардың, мағлұматтардың жиналу және қорлану дәуірі. Бұл жазба тарихқа дейінгі санаудан, алғашқы қауымнан басталып математика өзінің белгілі бір зерттеу пәні, мақсаты, әдістері, салалары бар дербес теориялық ғылым болып қалыптасқан грек математикасына дейін созылады.
Екінші дәуір- элементарлық математикадәуірі- біздің заманымызға дейінгі VI-V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың ХVІ ғасырымен аяқталады.
Үшінші дәуір- айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі. Бұл кезеңде математиканың негізгі нысанасы, объектісі- процестерді, қозғалыстарды зерттеп білу. Бұл дәуір XVII ғасырдағы Декарт, Лейбниц, Ньютонның ашқан математикалық жаңалықтарынан басталып ХІХ ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.
Төртінші дәуір- қазіргі математика дәуірі. Бұл ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ұлы математиктер Н.И.Лобачевский, Э.Галуа ашқан математикалық жетістіктерден басталады. Мұнда математика қамтитын кеңістік пішіндері мен сандық қатынастар мейлінше кеңейеді, бұл тұста сандар ғана емес, вектор, тензор, спинор тәрізді және басқа тектес шамалар қарастырыла бастайды.
2-лекция.
Мтематиканың негізгі ұғымдарының қалыптасуы.
(1 сағат)
Жоспары:
-
Арифметиканың негізгі ұғымы.
-
Сандар шегарасының кеңейуі.
-
Геометрияның негізгі ұғымы.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. История математики . М. 1970 г.,
-
А.С.Пчелко. Хрестоматия по методике началной арифметики. М. 1940 г.
-
Д.Д.Галанин . История методических идей по арифметике в Россий VІІІ в. Петроград. 1915
-
В.Е.Прудников. Русские педагогики – математики VIII-IX веков. М. 1956 г.
-
Б.М.Косанов. Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы. А. 1999
-
Ә.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларымен ағартушылық қызметі. А. 1969
-
Актуальные проблемы методике обучения математике в началных классах. М.И.Морро. А.М.Пышкало. 1977
-
Л.В.Занков, Н.В.Кузнецова Из опыта обучения арифметике в первых классах. М. 1961
-
Педагогикалық ізденіс. (Құрастырған И.Н.Баженова). А. 1990
-
Т.Қ. Оспанов және т.б. Математика. Әдістемелік нұсқау . А. 1997
-
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. А. 1998
-
Начальное обучения математике в зарубежных школах. М. 1993
-
Х.Назаров, Қ. Останов. Математика тарихы. Ташкент. 1996
-
А. Көбесов “ Математика тарихы” А. 1970 ж
Қосымша -
Жәутіков О.А “Математиканың даму тарихы ” А, 1967 ж
-
Көбесов А “ Математика тарихя туралы әдістеме ” “ Білім және еңбек” журнал 1965 – 1967 ж
-
Колман Э. Я “ История математикы в древности” М. 1961
-
Рыбников К.А, “ История математики” М. 1974 г
Лекция мәтіні:
Карл Гаусс математиканың сан салаларын сарапқа сала келіп арифметиканы математика патшасы деп бағалаған. Ал арифметиканың негізгі ұғымы- сан. Ендеше, сол сан ұғымының қалай пайда болуын ашу, білу- ғылыми методологиялық үлкен проблема.
Сан ұғымы баяу дамыды, сандар шекарасы біртіндеп кеңіді. Тілінде тек бір мен екі сандары ғана бар жабайы тайпалар қазірдің өзінде ішінара кездесіп қалады. Әлгінде айтылған Торрес бұғазының тайпалары 1-ді урапун, 2-ні оказа т.б. Осындай сандардың белгілі бір шекарасы баяғыда әр халықта да болған.
Қорыта келгенде, арифметиканың бастапқы да негізгі ұғымдары мен әдістері тікелей өмір талабынан туындаған.
Теріс сандар, иррационал сандар, комплекс және гиперкомплекс сандар ұғымдарының шығуы сан ұғымының дамуының заңды жалғасы іспетті. Алайда бұл сандарды математиканың ішкі даму талабы туғызды, ал олардың ақылға қонымдылығы іс жүзінде сыналып айқындалды.
Геометрия ғылымының негізгі ұғымы болып саналатын фигуралар ұғымдарының қалыптасуы да арифметика негіздерінің шығу төркініне ұқсас.
Геометрия да арифметика сияқты адамдардың табиғатпен үздіксіз қарым- қатынасы нәтижесінде пайда болған. Бұл бақылау саналы түрде жүрмеген және өте ұзаққа созылған.
3-лекция.
Ежелгі шығыс ғылымы. Мысыр математикасы.
(1 сағат)
Жоспары:
-
Ежелгі Мысыр оқымыстыларының еңбектері.
-
Папирустарда келтірілген есептер.
-
Мысырлықтардың белгісіздіктерді атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |