Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет65/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят № 390
9 - сыныпта денешынықтыру сабағы. Барлығы жаттығу орындауда, бір қыз бала отыр. Оқытушы оны шақырса, ол орнынан тұрмайды. Мұғалім оқушыдан «неге отырсың? деп сұрады». Қыз бала (оқушы) жауабы: «қаламаймын».
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?

  1. Физикалық күш көрсету.

  2. Естімеген кейпін таныту.

  3. Спортзалдан шығарып жіберу.

  4. Оны сабақтан кейін қалдырып, себебін анықтау.

  5. Өз вариантыңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят № 391
Сабаққа кіруге қоңырау соғылды. Физика пәнінің мұғалімі сыныпқа кірісімен келесі жағдайды бақылайды: сыныпта торғай ұшып жүр, оқушылардың бәрі оны ұстауға атсалысып жатыр. Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?

  1. Торғайды ұстағанға дейін мұғалім балаларды үнсіз бақылайды.

  2. Балаларды сабыр сақтауға шақырып, мұғалім дауыс көтеруді.

  3. Торғай ұшып кету үшін терезені ашады.

  4. Торғайды еркіне жіберу үшін мұғалім балаларға көмектеседі.

  5. Өз вариантыңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят № 392
Сынып бөлмесінен жүгіріп шыққан 7- сынып оқушысы, сыныпқа кіріп келе жатқан мұғалімді қатты ғағып жібереді. Оқушылар үн - түнсіз. Бала кешірім сұрады.
Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?

  1. Барлық сыныптың алдында баланы сөгу (ұрысу).

  2. Жымиып сыныпқа кіру.

  3. Күнделігіне ескерту жазып, жазалау.

  4. Болған жағдаятты ескермей, сабағын бастау.

  5. Өз вариантыңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №393
Мұғалім оқушыларға тапсырма береді. Оқушы орындағысы келмей, былай деп хабарлайды: «Мен мұны орындағым келмейді!».
Мұғалімнің әрекеті қандай болады?
1. Сен орындауға міндеттісің!
2. «Сен сонда не үшін оқуға келдің?»
3. «Оқымай - ақ қой, өзіңе жаман болады».
4. «Бұның соңы немен аяқталатынын өзіңе есеп бересің бе?».
5. Неге, себебін түсіндіріп бересің бе, сен?.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет