Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет66/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №394
Оқушы мұғалімге: «Сіз өткізетін екі сабағыңызға мен бармаймын, өйткені бұл уақытта көрермен ретінде спорттық жарысқа барғым келеді» - дейді
Оған қалай жауап беру керек?
1. «Келесіде мектепке ата - анаңмен келуге тура келеді».
2. «Өз еркіңіз, емтихан( сынақ) тапсыратын Сіз».
3. «Маған, Сіз сабаққа салғырт қарайтын сияқтысыз».
4. «Сіздің ары қарай не істемек ойыңыз бар?».
5. «Сізге мектепке сабаққа келгеннен гөрі, неге жарысқа барған қызығырақ екенін білгім келеді».
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №395
Барлығымен бірге оқыған әңгімеден кейін, талқылау жүріп жатыр. Сыныптастарының басым көпшілігінің ойы бір жерден шығуда әдеттегідей тек қана Айдар өз ойымен келіспеді. Ол өзінің ойын дәлелдегеннен кейін, Сіздің ойыңызды сұрады. Сіз Айдардың ойымен келісесіз, бірақ сыныптың күлкіге айналдыратынын білесіз. Сіз қалай әрекет етесіз?
1. «Ойыңызды ешқашан айтпайсыз».
2. «Сіз өтірік айтпайсыз, бірақ дәлірек жауап табуға тырысасыз».
3. «Сіздің пікіріңіз Айдардың пікірімен сәйкес келіп тұрғанына қарамай, өз пікіріңізді нақты айтасыз».
4. «Берілген сұраққа жауап беруден бас тартасыз».
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №396
Оқушы мұғалімге: «Мен сіз жүргізетін сабақтың маған көмектеспейтінін сеземін»,-дейді де, «Мен сабақты тастағым келеді», деп шешімін хабарлайды. Бұл жағдайды мұғалім қалай қабылдау керек?
1. «Қайдағыны айтуды тоқтат!».
2. «Мүмкін сізге басқа мұғалім табу керек шығар?».
3. «Саған осындай ұсыныс қайдан келді, менің нақтырақ білгім келіп тұр?».
4. «Сенің мәселеңнің шешіміне бірігіп жұмыс істесек қалай қарайсың?».
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №397
Оқушы өзіне сеніммен мұғалімге былай дейді: «Менің қолымнан келмейтін нәрсе жоқ, тек қажетсінсем болды. Соның ішінде сіз беретін сабақты да меңгеру маған ештеңе емес». Бұл іске мұғалімнің көзқарасы қандай болу керек?
1. «Сен өзің туралы өте жақсы ойлайсың?».
2. «Өзіңді осылай көрсетсең, мүмкін өзіңе сенімді боларсың».
3. «Егер сен қаласаң, барлығы болатынын күмән келтірмеймін, себебі сені білемін».
4. «Бұл мүмкін сізден үлкен зер салуды (ынта) талап ететін шығар».
5. Тым өзіңе сенімділік іске зиян келтіреді.
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдалған жауап нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет