Педагогика мамандықтарына оқуға тапсыратын абитуриенттерге арналған арнайы емтиханның пелагогикалық жағдаяттары Педагогикалық жағдаяттар Педагогикалық жағдаят №1



бет72/94
Дата24.10.2023
өлшемі200.45 Kb.
#481547
түріСабақ
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   94
Педагогикалық жағдаяттар

Педагогикалық жағдаят №419
Сабақ кезінде соңғы қатардан хат тарайды. Оқушылар үнсіз сол хатты оқып, төбеге қарап, мұғалімнің бар екенін елеместен мәз болып күледі. Мұғалім хатты көріп, оны балалардан алып қояды да, оқиды. Онда «төбеге қара» деген жазу бар екен. Мұғалім жоғары төбеге қарайды, осы кезде бүкіл сынып айқайлап күледі.
Сіз не істейсіз?
1. Сыныппен бірге мен де күлемін.
2. Мән бермеймін.
3. Оқушыларға тәртіп ережесі жайлы ескертемін.
4. Хаттың авторын анықтауға кірісемін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №420
Сіз 10-сыныпта сабақ жүргізу үстіндесіз. Бір оқушы сіздің ашуыңызды шақыру мақсатында, сізді тыңдамайтынын білдіріп, музыка қосты. Сіздің әрекетіңіз?
1. Мән бермеймін (елемеймін).
2. Ұрсамын (жекимін).
3. Дәл қазір мән бермеймін, бірақ сабақтан соң сөйлесемін.
4. Музыканы сабақтан соң тыңдауды ұсынамын.

  1. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №421
Жас маман Сізге сыныптағы сабағыңызға қатысуға өтініш білдірді. Оқушылар сізді көргенде: «О, өзі игере алмағандықтан біздің апайымызды шақырыпты» деп реплика тастады.
Сіздің әрекетіңіз?
1. Сыныппен әңгіме өткізіп, тыңдамаушылықтың себебін анықтаймын.
2. Этикалық тақырып бойынша сынып сағатын өткіземін.
3. Тәртіп бұзғандарды жазалаймын.
4. Тәртіп бұзушылардан ата-аналарын шақыруды талап етемін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.


Педагогикалық жағдаят №422
Сынып жетекшісі театрда өтетін мектептің жаңажылдық шыршасына небәрі 18-ақ билет алғанын ескертті, ал сыныпта 30 оқушы бар. «Мен сендердің барлықтарыңды жақсы көремін. Кім барады, кім бармайды өздерің шешіңдер», - деді.
Сіз осындай кезде не істер едіңіз?

  1. Ешкімнің көңілі қалмас үшін жеребе тастауды өтінемін.

  2. Кім баруға лайықты екенін анықтауға дауыс берулерін сұраймын.

  3. Билетті жақсы оқитын, қоғамдық жұмыспен айналысатын оқушыларға үлестіруді ұсынамын.

  4. Қолымды көтеріп онда бармайтынымды айтамын.

  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет