Педагогикалық жағдаят №423
Эльмира мұқият және ұзақ уақыт тарих пәніне дайындалды. Мұғалім берген тапсырманың бәрін жаттап алды, ертең қалай жауап беретінін де жоспарлап қойды. Бірақ келесі күні мұғалім сабақ сұрағанда, ол кенеттен сасқалақтап қалды да, ойдағыдай жауап бере алмады. Мұғалім басын шайқап, «үш» деген баға қойды. Сабақ аяқталды. Барлығы сыныптан шықты. Ал Эльмира басын төмен түсіріп отырып қалды, көзіне жас үйірілді. Оның жанына құрбысы келіп былай деді:
1. «Неменеге ренжисің. Өзің кінәлісің. Жинақы түрде байыппен жауап беру керек еді. Сенің орныңда мен сабаққа жақсы дайындалғанымды айтып, тағы да сұрауын өтінер едім».
2. «Неменеге жылап отырсың. Онда тұрған не бар. Мән бермей-ақ қой»
3. «Сен сондай ұқыпты, мұқият дайындалған сияқтысың. Солай ма?
4. Мен білемін, сен барлығын жаттаған болатынсың. Бәлкім сасқалақтап, ұмытып қалған шығарсың.
5. «Жанына отырып, оны құшақтап, Эльмираның барлық айтқандарын тыңдар едім».
6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №424
Оқушы өзінің бір сыныптасын жақтырмайтынын білдіріп: «Мен мұнымен бірге оқығым келмейді», - деді.
Мұғалім әрекеті қандай болуы тиіс?
Не болып қалыпты сонша?
«Ешқайда да бармайсың, бірге оқуға тура келеді».
«Бұл ақымақтыққа жатады».
«Ол да сенімен бірге оқығысы келмеуі мүмкін».
«Неге?»
«Менің ойымша сенікі дұрыс емес».
Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №425
Сіз сабақ өтудесіз. 3-сынып оқушыларынан үй тапсырмасын сұрау уақыты жетті. Бірақ бір оқушы дәптерін үйінде ұмыт қалдырғанын айтты. Сіздің әрекетіңіз ?
1. Оқушыны дәптерін әкелуге үйіне қайтарамын.
2. Бүкіл сынып алдында ұрсып, енді дәптерді қалдырмауын қадап айтамын.
3. Неге қалдырғанын анықтауға тырысамын. Оқушының өз міндетіне жауапкершілікпен қарауын ескертемін.
4. Ұмытса ұмытқан шығар деп, соншалықты мән бермеймін.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |