«Педагогика» пәні бойынша тест сұрақтары
1.Педагогика: A) тұлғаның дамуы, қалыптасуы туралы ғылым B) білім беру және оқыту теориясы туралы ғылым C) баланың дамуының заңдылықтарын зерттейтін және оны тәрбиелеудің жолдарын анықтайтын ғылым D) адам тәрбиесі туралы ғылым E) жас ұрпақты оқыту туралы ғылым
2.Педагогика ғылымының зерттеу пәні: A) Жеке тұлғаның даму процесі. B) Білім беру жүйесі. C) Оқушылар ұжымын қалыптастыруға бағытталған педагог іс-әрекеті. D) Педагог тұлғасы. E) Педагогикалық процесс.
№ 3
Педагогика ғылымының негізгі категориялары:
A) Педагог, тәрбиеленуші, мектеп.
B) Тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс.
C) Дамыту, қалыптастыру.
D) Оқыту процесі, тәрбиелеу процесі.
E) Оқу, сабақ беру.
№ 4
Педагогика ғылымының функциялары:
A) Ғылыми-теориялық, технологиялық.
B) Оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын ашу.
C) Зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу.
D) Педагогикалық озық тәжірибені қорыту, игеру және тарату.
E) Оқыту, тәрбиелеу принциптерін құру.
№ 5
Адамзат дәуірінің әр даму кезеңдеріндегі тәрбие және білім беру теориясы мен практикасын зерттейтін педагогика ғылымымының саласы:
A) Салыстырмалы педагогика.
B) Әлеуметтік педагогика.
C) Педагогика тарихы.
D) Коррекциялық педагогика.
E) Жалпы педагогика.
№ 6
Жалпы педагогика бөлімдері:
A) Педагогикалық психология, таным теориясы.
B) Жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, мектептану.
C) Әлеуметтік педагогика, педагогика тарихы, әскери педагогика.
D) Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, үлкендер педагогикасы.
E) Логопедия, сурдопедагогика, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.
№ 7
ҚР-да көптілдік білім беруді дамыту Тұжырымдамасы жасалды:
A) Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдар ұжымымен
B) Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдар ұжымымен
C) Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ ғалымдар ұжымымен
D) Л.Гумилев атындағы ЕҰҰ ғалымдар ұжымымен
E) аль-Фараби атындағы ҚазҰҰ ғалымдар ұжымымен
№ 8
ҚР білім беру жүйесінің европалық білім кеңістігіне ену жағдайында модернизациялау идеясы:
A) Қазахстан Республикасында білім беруді 2015 жылға дейінгі дамытудың тұжырымдамасында айқындалған
B) «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында айқындалған
C) ҚР «Тілдер туралы» Заңында айқындалған
D) ҚР көптілдік білім беруді дамыту тұжырымдамасында айқындалған
E) «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған
№ 9
«Тілдер туралы ҚР-ның» Заңы қабылданды:
A) 1991 жылы
B) 2005жылы
C) 1994 жылы
D) 1998 жылы
E) 1997 жылы
№ 10
Ғылым ретінде педагогиканың негізін қалаған:
A) Сократ.
B) А.С.Макаренко.
C) Ж.Ж.Руссо.
D) Я.А.Коменский.
E) Д.Локк.
№ 11
Тұлға дамуы:
A) Адамның дене, психикалық және рухани сипаттамаларының сандық және сапалық өзгерістері.
B) Адам организміндегі сандық өзгерістер.
C) Білімдер, іскерліктер және творчестволық іс-әрекеттер әдістерін игеру.
D) Тәрбие ықпалымен жеке адамның әлеуметтік қасиеттерге ие болуы.
E) Ескінің жоғалуы, жаңаның пайда болуы.
№ 12
Оқушы қабілеттерін дамыту:
A) Табиғи нышандардан тәуелді.
B) Игерген білімдер, іскерліктер көлемінен тәуелді.
C) Оқыған кітаптар санынан тәуелді.
D) Құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынасқа түсуінен тәуелді.
E) Оқу-тәрбие процесін мақсатты ұйымдастырудан және іске асырудан тәуелді.
№ 13
Тұлға дамуында қоршаған ортаны шешуші фактор деп қарастыратындар:
A) Бихевиористер.
B) Прагматиктер.
C) Әлеуметтік бағыт өкідері.
D) Биологиялық бағыт өкідері.
E) Экзистенциалистер.
№ 14
Тұлға:
A) Жеке адам.
B) Саналы және ойлай білетін адам.
C) Бір адамды екінші адамнан айыратын ерекшелік.
D) Оның әлеуметтік мәнін көрсететін қасиеттер жиынтығы.
E) Тірі организміңдамуының ең жоғары деңгейі.
№ 15
Қандай қасиеттер ата-анадан балаға туғаннан беріледі:
A) Қабілеттер дамуының негізі – нышандар.
B) Әлеуметтік тәжірибе.
C) Адамгершілік қасиеттер.
D) Арнайы қабілеттер.
E) Жалпы қабілеттер.
№ 16
Тұлға дамуының негізгі факторлары:
A) Ойын, оқу, еңбек.
B) Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық, іс-әрекет.
C) Отбасы, мектеп, әлеуметтік орта.
D) Білім, іскерлік, дағды.
E) Білім, орта, мектеп.
№ 17
Өмір сүру және іс-әрекет барысында тұлғаның биологиялық және рухани өсуі:
A) Тәрбие.
B) Қалыптасу.
C) Даму.
D) Білім беру.
E) Оқыту.
№ 18
Тұлға дамуының қандай факторы мақсатты және ол қоғам мақсатына сәйкес әсер етеді:
A) Тұқымқуалаушылық.
B) Географиялық орта.
C) Отбасы.
D) Тәрбие.
E) Мектептегі орта.
№ 19
Тұлға қалыптасуына ең аз әсер етеді:
A) Әлеуметтік орта.
B) Географиялық орта.
C) Тәрбие.
D) Тұқымқуалаушылық.
E) Тұлға іс-әрекеті.
№ 20
Жасөспірімнің дене, ішінара психикалық жедел дамуы:
A) Әлеуметтену.
B) Акселерация.
C) Индивидуализация.
D) Өзін-өзі тәрбиелеу.
E) Интеграция
№ 21
Бала организмінің күрт өсуі және дамуы, жыныстық жетілуі қандай кезеңде жүреді:
A) Сәбилік.
B) Жеткіншек.
C) Мектеп жасына дейінгі.
D) Мектеп жасынан кейінгі.
E) Бастауыш сынып жасында.
№ 22
Педагогика әдіснамасы:
A) Педагогикалық теорияның құрылымы және негіздері, ғылыми-танымдық іс-әрекеттерді құрудың принциптері, формалары және әдістері туралы оқу.
B) Зерттеу міндеттерін шешу жолдарын көрсетеді.
C) Зерттеушінің зерттелетін құбылысқа деген көзқарасы.
D) Зерттерлетін педагогикалық құбылыстың объективті қасиеттерін көрсететін заңдылықтар.
E) Іс-әрекеттке қойылатын талап, негізгі ереже.
№ 23
Зерттелетін объект туралы нақты деректер алу үшін қолданылатын педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдау:
A) Сауал-сұрақ әдісі.
B) Эксперимент.
C) Әңгімелесу әдісі.
D) Интервью алу.
E) Бақылау әдісі.
№ 24
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдісі ретіндегі бақылау:
A) Жақсы жұмыс істегендерді мадақтау мақсатымен сенбілік кезінде сынып оқушыларын бақылау.
B) Бақылау жұмысын орындау барысында мұғалімнің оқушылар тәртібін бақылауы.
C) Алдын-ала анықталған мақсатпен белгілі бір схема бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау, деректерді тіркеу және өңдеу.
D) Оқушылар мен педагогтің тәжірибе алаңында өсімдіктің өсуін бақылаулары.
E) Сыныптың үлгерімін тест арқылы бақылау.
№ 25
Басқа жағдайда жүретін тәжірибемен немесе бақылаушы объектімен салыстырылатын,
педагогикалық процесті өңдеп, ғылыми қойылған тәжірибе:
A) Бақылау.
B) Эксперимент.
C) Тәжірибені зерттеу.
D) Педагогикалық процесс.
E) Экспертиза.
№ 26
Педагогикадағы табиғи эксперимент:
A) Оқу-тәрбие процесін бұзбай зерттеу гипотезасын тексеру.
B) Зерттеу гипотезасын арнайы лабораториялық жағдайда тексеру.
C) Гипотезасы жалпы тексеру.
D) Педагогикалық процестің жүру жағдайына өзгеріс енгізу арқылы зерттеу гипотезасын тексеру.
E) Қалыптасқан педагогикалық процесті тексеру.
№ 27
Педагогикалық процестегі қалыптасқан жағдайды анықтайтын эксперимент түрі:
A) Табиғи эксперимент.
B) Қалыптастыру эксперименті.
C) Констатациялық эксперимент.
D) Лабораториялық эксперимент.
E) Ойша эксперимент.
№ 28
Сауал-сұрақ әдісі:
A) Анкета жүргізу.
B) Мектеп құжаттарын тексеру.
C) Бақылау.
D) Теориялық талдау.
E) Эксперттік бағалар беру.
№ 29
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің эмпирикалық әдістері:
A) анализ, синтез, дедукция, индукция
B) талдап қорыту, модельдеу, салыстыру, анализ
C) бақылау, әңгіме, сауалнама, эксперимент
D) абстрактілеу, синтез, талдап қорыту, айқындау
E) индукция, дедукция, талдап қорыту, салыстыру
№ 30
Зерттелетін құбылыстар арасындағы сандақ тәуелділіктерді анықтау, эксперимент және сауал сұрақ барысында алынған нәтижелерді өңдеу үшін қолданылатын әдіс:
A) Теориялық анализ.
B) Индуктивтік әдіс.
C) Дедуктивтік әдіс.
D) Статистикалық әдіс.
E) Тест.
№ 31
Арнайы ұйымдастырылған педагог пен тәрбиеленушілердің мақсатты өзара қимылдары:
A) Оқыту процесі.
B) Тәрбие процесі.
C) Педагогикалық процесс.
D) Оқу-тәрбие процесі.
E) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыттары.
№ 32
Тұлғаның «қалыптасу сәті» (педагогикалық жағдай):
A) Іскерліктер, дағдылар қалыптастыру негізі.
B) Педагогикалық процестің компоненттері.
C) Оқыту процесінің элементарлық бөлігі.
D) Педагогикалық процестің элементарлық бөлігі.
E) Тәрбие процесінің элементарлық бөлігі.
№ 33
Педагогикалық процестің функциялары:
A) Білім беру, тәрбиелеу,дамыту.
B) Педагогикалық құбылыстардың заңдылықтарын ашу, теория құру, технология жасау.
C) Білім беру орындарының жұмысын реттеу.
D) Озық педагогикалық тәжірибені қорыту, тарату.
E) Әлеуметтендіру, жаттықтыру, тәрбиелеу.
№ 34
Педагогикалық процестің тұтастығы:
A) Педагогикалық процестің функцияларының бірлікте іске асырылуы.
B) Отбасы мектеп және басқа да әлеуметтік институттардың ынтымақтастығы.
C) Оқыту және тәрбие процестерінің өзара байланысы.
D) Педагог пен оқушылардың өзара бірлескен әрекеттері.
E) Орта мен оқушының өзара іс-әрекеті
№ 35
Педагогикалық процестің компоненттері:
A) Педагогтер, оқушылар.
B) Бала-бақша, мектеп, жоғары оқу орындары.
C) Мақсат, міндет, мазмұн, әдіс, форма, нәтиже.
D) Оқыту, тәрбиелеу, дамыту.
E) Оқыту бағдарламалары, оқулықтар, оқу жоспары.
№ 36
Педагогикалық процестің қозғаушы күштері:
A) Педагогикалық процесте туындайтын қарама-қайшылықтар.
B) Жаңашыл-педагогтар.
C) Жаңа педагогикалық технологиялаарды қолдану.
D) Педагогикалық зерттеулер.
E) Озық педагогикалық тәжірибені практикаға енгізу.
№ 37
Педагогикалық процестің заңдылықтары:
A) Педагогикалық процесті ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
B) Педагогикалық құбылыстар арасындағы тұрақты, қайталанатын, объективті байланыстар .
C) Педагогикалық процестің ережелері.
D) Педагогикалық процестің принциптерінен туындайды.
E) Педагогикалық процестің әдіснамасы.
№ 38
Индивид дегеніміз:
A) ойлау қабілеті бар тіршілік иесі
B) біреуді тәрбиелеген және тәрбиелейтін адам
C) сөйлеу қабілеті бар тіршілік иесі
D) тірі организм
E) адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілі
№ 39
Тәрбие мақсаты – :
A) Тәрбиенің не нәрсеге ұмтылатыны.
B) Тәрбиеленушінің не нәрсеге ұмтылатыны.
C) Тәрбие барысында алынатын нәтиже.
D) Тәрбие іс-шарасының нәтижесі.
E) Оқушының даму деңгейі.
№ 40
Тәрбие мақсатын анықтайтын негізгі фактор:
A) Мемлекет идеологиясы, саясаты.
B) Ата-аналар.
C) Педагогтер.
D) Педагогикалық процестің мүмкіндіктері.
E) Оқушылардың қажеттіліктері.
№ 41
Тәрбиенің жалпы мақсаты:
A) Азамат тәрбиелеу.
B) Отбасын тәрбиелеу.
C) Еңбекші адамды тәрбиелеу.
D) Жан-жақты, гармониялы дамыған тұлғаны қалыптастыру.
E) Белсенді тұлға тәрбиелеу.
№ 42
Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік және саяси білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:
A) Білім беру мазмұны.
B) Ғылыми дүниетаным.
C) Ғылымдар жүйесі.
D) Әлеуметтік тәжірибе.
E) Оқыту нәтижесі.
№ 43
Ғылыми білімдер жүйесі, көзқарастар, сенімдер және адам идеалы – :
A) Дүниетаным компоненттері.
B) Дүниетаным қалыптастыру құралдары.
C) Тәрбие мазмұны.
D) Дүниетаным формалары.
E) Оқыту мазмұны.
№ 44
Сабақтастық негізінде құрылған ҚР-ның үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің буындары мен сатыларының бірлігімен көрсетілген:
A) екі сатылық
B) алты сатылық
C) үш сатылық
D) төрт сатылық
E) бес сатылық
№ 45
ҚР-да 12 жылдық білім беруді еңгізуді есепке алатын, мұғалім мамандығына жоғары білім алды кәсіби бағдар барысында бейінді сыныптар арасында педагогикалық сыныптардың болуы – бұл:
A) үздіксіз педагогикалық білім берудің бірінші сатысында
B) үздіксіз педагогикалық білім берудің екінші сатысында
C) үздіксіз педагогикалық білім берудің үшінші сатысында
D) үздіксіз педагогикалық білім берудің төртінші сатысында
E) үздіксіз педагогикалық білім берудің бесінші сатысында
№ 46
Педагогтың құзыреттілігі құзыреттіліктің қалыптасқан деңгейіне тәуелді:
A) Психологиялық, педагогикалық, дүниетанымдылық құзыреттіліктер
B) Бағыттылық, педагогикалық және дүниетанымдылық құзыреттіліктер
C) Дүниетанымдылық, психологиялық, педагогикалық құзыреттіліктер
D) Әдіснамалық, жалпы мәдениеттілік, пәндік-бағыттылық құзыреттіліктер
E) Жалпымәдениеттілік, психологиялық, бағыттылық құзыреттіліктер
№ 47
Мақсатты, жоспарлы ұйымдастырылған тұлғаны қалыптастыру процесі:
A) Сабақ беру.
B) Оқыту.
C) Тәрбиелеу.
D) Оқу.
E) Даму.
№ 48
Авторитарлы, демократиялы, либералды және еркін тәрбие:
A) Тәрбие мазмұны
B) Мектептегі тәрбие жұмыстарының бағыты
C) Институционалдық белгі бойынша жіктеу
D) Негізге алынған философиялық концепция бойынша жіктеу
E) Қарым-қатынас стилі белгі бойынша жіктеу
№ 49
Адамгершілік, ақыл-ой, еңбек және дене тәрбиелері
A) Тәрбие мақсаты.
B) Тәрбие моделі.
C) Тәрбие бағыттары.
D) Тәрбие құралдары.
E) Тәрбие жүйесі.
№ 50
Тұлғаның даму деңгейінің педагог қойған мақсатқа сәйкестігі:
A) Тәрбиелену мүмкіндігі.
B) Тәрбиелілігі.
C) Тәрбиелеу критериі.
D) Тәрбие диагностикасы.
E) Тәрбиелік көрсеткіштері.
№ 51
Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу:
A) Еңбек тәрбиесі міндеті.
B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті.
C) Экологиялық тәрбиесі міндеті.
D) Экономикалық тәрбиесі міндеті.
E) Азаматтық тәрбиесі міндеті.
№ 52
Тәрбие процесінің қозғаушы күші:
A) Тәрбие мақсаты мен міндеттері.
B) Тәрбие процесінің қарама-қайшылықтары.
C) Педагогтің талап қоюы.
D) Педагогтің тәрбие міндеттеріне сәйкес тәрбие құралдарын таңдау білуі.
E) Педагогикалық зерттеулер.
№ 53
Баланың денсаулығын шыңдау және оның денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету мақсатымен жүретін тәрбие:
A) Валеология.
B) Дене тәрбиесі.
C) Спортшы дайындау.
D) Кәсіби спорт.
E) Дене шынықтыру.
№ 54
Еңбек тәрбиесінің міндеті:
A) Еңбек сүйгіштікті тәрбиелеу.
B) Еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеу.
C) Еңбек мәдениетін қалыптастыру.
D) Еңбек іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
E)Оқыту барысында еңбектің теориясымен таныстыру.
№ 55
Тәрбие процесіне арнайы қосылған заттар, жағдайлар:
A) Орта әсері.
B) Тәрбие құралдары.
C) Тұлға дамуының әлеуметтік жағдайы.
D) Тәрбие әдістері.
E) Тәрбие тәсілдері.
№ 56
Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық)тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған:
A) Мазмұны бойынша.
B) Интитуционалдық белгі бойынша.
C) Қарым-қатынас стилі бойынша.
D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша.
E) Тәрбие бағыттары бойынша.
№ 57
Белгілі бір қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен тәрбиеленушінің сезіміне, санасына, мінез-құлқына ықпал ету амалдары:
A) Тәрбие әдісі.
B) Тәрбие формасы.
C) Тәрбие құралы.
D) Тәрбие тәсілі.
E) Дамуға басшылық жасау.
№ 58
Негізгі білім беруде олқылықтардың орнын толтыру бұл —
A) бейімделушлік
B) орын толтырушылық
C) интегративтілік
D) әмбебаптылық
E) түпнегізділік
№ 59
Сананы қалыптастыру әдісі:
A) Жарыс.
B) Мадақтау.
C) Жаттығу.
D) Педагогикалық талап.
E) Үлгі-өнеге.
№ 60
Мінез-құлықты және іс-әрекетті ынталандыру әдісі:
A) Жазалау.
B) Түсіндіру.
C) Лекция.
D) Тапсырма.
E) Бақылау.
№ 61
Адамгершілік мазмұнды нақты фактілер мен оқиғаларды жарқын, эмоционалды баяндау:
A) Этикалық әңгіме.
B) Түсіндіру.
C) Әнгіме-кеңес.
D) Талап қою.
E) Жаттығу.
№ 62
Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру:
A) Түсіндіру.
B) Мадақтау.
C) Әңгіме-кеңес.
D) Үлгі-өнеге.
E) Дискуссия.
№ 63
Жазалау:
A) Сананы қалыптастыру әдісі.
B) Бақылау әдісі.
C) Іс-әрекетті ұйымдастыру және жүріс-тұрысты қалыптастыру әдісі.
D) Ынталандыру әдісі.
E) Тәрбие ережесі.
№ 64
Оқушылардың тәртібін, мінез-құлқын бағалау және көтермелеу:
A) Талап қою.
B) Мадақтау.
C) Жазалау.
D) Жарыс.
E) Түсіндіру.
№ 65
Іс-әрекеттің бір түрін күшейтуге, ал енді бір түрін тежеуге арналған тәрбие әдісі
A) Талап қою.
B) Жазалау.
C) Мадақтау.
D) Үлгі-өнеге.
E) Бақылау.
№ 66
Мінез-құлық нормалары мен ережелеріне сәйкес тәрбиеленушінің әртүрлі іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы тәрбиелеу әдісі:
A) Тәрбиелік жағдайлар туғызу.
B) Жаттығу.
C) Талап қою.
D) Әңгіме.
E) Үлгі-өнеге.
№ 67
Жарыс әдісі:
A) Жеңімпаз анықталатын ойын.
B) Нәтижені бекіту әдісі.
C) Өз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін қалыптастыру және бекіту.
D) Тәрбиеленушінің басқа тәрбиеленушілерден артықшылығын анықтау.
E) Тиімді әдісті анықтау жолы.
№ 68
Баланың жағымсыз мінез-құлқы мен теріс қылықтарын тежеу әдісі:
A) Талап қою.
B) Мадақтау.
C) Жазалау.
D) Үлгі-өнеге.
E) Бақылау.
№ 69
Өзінде тұлғалық оң касиеттерді қалыптастыруға бағытталған адамның саналы іс- әрекеті
A) Тәрбие.
B) Қайта тәрбиелеу.
C) Өзін-өзі тежеу.
D) Өзін-өзі тәрбиелеу.
E) Өздігінен білім алу.
№ 70
Нақты тәрбие процесін ұйымдастыру варианты:
A) Тәрбие тәсілі.
B) Тәрбие құралы.
C) Тәрбие формасы.
D) Тәрбие әдісі.
E) Тәрбие мазмұны.
№ 71
Мәні проблеманы ашық түрде бірлесе талқылау болатын, сенімді қалыптастыруға бағытталған тәрбие әдісі:
A) Пікір-талас.
B) Әнгіме.
C) Талап қою.
D) Жаттығу.
E) Жазалау.
№ 72
Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру:
A) Тәрбие шараларын өткізу.
B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою.
E) Тәрбие мазмұнын анықтау.
№ 73
Параллелді ықпал ету принципінің мәні:
A) Мектептің және отбасының ынтымақтастығы.
B) Мектептің, отбасының және жұртшыықтың ынтымақтастығы.
C) Тәрбиеленушінің санасына, жігеріне және жүріс-тұрысына ықпал етуі.
D) Тәрбиешінің тәрбиеленушілерге ұжым мүшелері, белсенділері арқылы ықпал етуі.
E) Тәрбиешімен тәрбиеленушінің өз-ара қарым-қатынасы.
№ 74
Жоғары ұйымдасқан топ ретіндегі ұжымның белгілері:
A) Биресми лидері болуы.
B) Ұжым ішінде жеке топтар болуы.
C) Ортақ мақсат болуы, біріге іс-әрекет істеуі.
D) Басқа ұжымдармен қарым-қатынасқа түсуі.
E) Ұжым мүшелерінің мақсаттарының әртүрлі болуы.
№ 75
А.С.Макаренко бойынша ұжым дамуының кезеңдері:
A) 2.
B) 3.
C) 4.
D) 5.
E) 6.
№ 76
жымды қалыптастырудың басталуы:
A) Қоғамдық пікір қалыптастыру.
B) Педагогикалық талап қою.
C) Тәрбие шараларын өткізу.
D) Тәрбие әдістерін таңдау.
E) Тәрбие мазмұнын анықтау.
№ 77
Ұжымдық творчестволық істер әдістемесінің авторы:
A) Ю.К.Бабанский.
B) И.П.Иванов.
C) А.С.Макаренко.
D) К.Д.Ушинский.
E) Т.И.Шамова.
№ 78
Н.Е.Щуркова ұсынған тәрбие жұмыстарының бағыттары:
A) Тәрбиелеуші іс-әрекет ұйымдастыру, ұжымда тәрбиелеу.
B) Тәрбие мазмұндарымен сәйкес келеді.
C) Мектеп тәрбиесі, отбасы тәрбиесі.
D) Діни тәрбие.
E) Әскери тәрбие.
№ 79
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі:
A) Оқушыларды және оқушылар ұжымын зерттеу.
B) Пән мұғалімдерінің жұмысын реттеу.
C) Ата-аналармен жұмыс.
D) Оқушыларды тәрбиелеу.
E) Оқыту процесін бақылау.
№ 80
Тұлғаның санасын қалыптастыру әдісіне жатпайды
A) Түсіндіру.
B) Лекция.
C) Әңгімелесу.
D) Педагогикалық талап қою.
E) Пікірталас.
№ 81
Мемлекеттің белгілі бір жалпы принциптер негізінде құрылған, бір-бірімен байланысты оқыту-тәрбие мекемелерінің жиынығы:
A) Мектептен тыс мекемелер.
B) Әлеуметтік жүйе.
C) Білім беру жүйесі.
D) Дидактикалық жүйе.
E) Педагогикалық жүйе.
№ 82
Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми нақтылайтын педагогикалық теория:
A) Оқыту технологиясы.
B) Педагогикалық технология.
C) Дидактика.
D) Педагогикалық менеджмент.
E) Тәрбие теориясы.
№ 83
Дидактиканың зерттеу пәні:
A) Оқыту процесі.
B) Білім беру мазмұны.
C) Сабақ беру (мұғалім іс-әрекеті) және оқудың (оқушы ісәрекеті) байланысы, олардың өзара қимылы.
D) Оқыту әдістері.
E) Тәрбие.
№ 84
Дидактика категориясы:
A) Тәрбие мақсаты.
B) Тұлғаны қалыптастыру.
C) Тұлғаны дамыту.
D) Білім беру мазмұны.
E) Тәрбие әдістері.
№ 85
Оқыту мақсаты — оқушыларда интеллектуалдық іскерліктерді, түсініктерді, көріністерді, білімдерді дайын түрде қалыптастыру:
A) Дамыта оқыту.
B) Дәстүрлі дидактикалық концепция.
C) Педоцентрлік концепция.
D) Проблемалық оқыту.
E) Бағдарламалап оқыту.
№ 86
Сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе:
A) Педоцентрлік концепция.
B) Дәстүрлі дидактикалық концепция.
C) Түсіндірмелі-сипаттай оқыту.
D) Дамыта оқыту.
E) Психологиялық оқыту теориялары.
№ 87
Оқыту мақсатын іске асыруды, оқушылардың білімдерді қабылдауын, қорытуын және практикада қолдануын қамтамасыз етуге бағытталған мұғалім іс-әрекеті:
A) Оқу.
B) Сабақ беру.
C) Білім беру.
D) Тәрбиелеу.
E) Оқыту.
№ 88
Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы – :
A) Оқыту.
B) Оқу.
C) Білім беру.
D) Тану.
E) Тәрбие.
№ 89
Оқыту процесінің әдіснамалық негіздері:
A) Таным теориясы.
B) Тарихи материализм.
C) Неотомизм.
D) Бихевиоризм.
E) Экзистенциализм.
№ 90
Оқыту процесінде іске асырылатын функциялар:
A) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыыру.
B) Оқыту мазмұнын, ұйымдастыру формаларын анықтау.
C) Оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу, дамыту.
D) Оқыту әдістерін, құралдарын таңдау.
E) Оқыту маақсатын қою, міндеттерін анықтау.
№ 91
Оқыту процесінің қозғаушы күштері:
A) Мұғалімнің жігері.
B) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар.
C) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі.
D) Дидактикалық зерттеулер.
E) Ғылым мен практиканың байланысы.
№ 92
Қауымның қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде, шет тілін жаһандану экономикасына интеграциялау ретінде қолдануы айқындалған:
A) ҚР «Тілдердің үштұғырлық» жобасының мазмұнында
B) «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында
C) ҚР «Білім беру» туралы Заңның мазмұнында
D) ҚР білім беруді ақпараттандыру мемлекеттік бағдарламасының мазмұнында
E) «Қзахстан Республикасындағы балалар құқығы» туралы Заңның мазмұнында
№ 93
Бәсекеге қабілетті болашақ мамандарды даярлау мақсатында Халықаралық «Болашақ» стипендиясы ҚР-сы Президенті тарапынан бекітілді:
A) 1993ж
B) 1998ж
C) 2000ж
D) 1997ж
E) 1991ж
№ 94
Қандай оқыту принципі оқыту мазмұны оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап етеді:
A) Ғылымилық.
B) Көрнекілік.
C) Саналылық және белсенділік.
D) Жүйелілік және бірізділік.
E) Шамаға лайықтық.
№ 95
Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді:
A) Саналылық және белсенділік.
B) Ғылымилық.
C) Көрнекілік.
D) Шамаға лайықтық.
E) Жүйелілік және бірізділік.
№ 96
Жүйелілік және бірізділік принципі:
A) Оқытупроцесінжәне оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді.
B) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.
C) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру.
D) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету.
E) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру.
№ 97
Оқушылардың қызығушылықтары мен бейімділіктерін қанағаттандыруға бағытталған және жоғары сынып оқушыларының білім алуларын дифференциациялау мен жекелендіруге арналған оқыту жүйесі – бұл:
A) Бейіндікоқыту
B) Кәсіби оқыту
C) Бағдарламалық оқыту
D) Көптілдік білім беру
E) Проблемалық оқыту
№ 98
Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип:
A) Беріктік.
B) Жүйелілік және бірізділік.
C) Ғылымилық.
D) Саналылық және белсенділік.
E) Оқыту мен практиканың байланысы.
№ 99
Оқытудың қандай принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді:
A) Ғылымилық.
B) Көрнекілік.
C) Шамаға лайықтық.
D) Беріктік.
E) Саналылық және белсенділік.
№ 100
Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану:
A) Педагогикалық процесс кезеңдері.
B) Оқыту процесінің компоненттері.
C) Іс-әрекет компоненттері.
D) Білімді игеру процесінің кезеңдері.
E) Сабақ элементтері.
№ 101
Әлеуметтік-маңызды тәжірибе арқылы оқыту,тәрбиелеу және дамыту процестерін мақсаттылық, ұйымдастырушылық процестері ретінде қарастыра отырып, бірнеше тілдерді меңгеру — бұл:
A) Көптілдік білім беру;
B) Бейімдік оқыту;
C) Проблемалық оқыту;
D) Бағдарламалы оқыту;
E) Көпмәдениетті білім беру.
№ 102
Білім беру мазмұнын анықтау қандай сұраққа жауап береді?
A) Қалай оқыту.
B) Кімді оқыту.
C) Нені оқыту.
D) Неге оқыту.
E) Қашан оқыту.
№ 103
Оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, прак-тикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі:
A) Тәрбие.
B) Білім беру мазмұны.
C) Оқыту.
D) Оқыту тәсілдері.
E) Білімі.
№ 104
Білім беру мазмұнын анықтауға әсер ететін фактор:
A) Ата-ана қажеттіліктері.
B) Оқу құралдарымен жабдықтауы.
C) Мектептін мүмкіндіктері.
D) Қоғамның экономикалық дамуы.
E) Қоғам қажеттіліктері., ғылымның даму деңгейі.
№ 105
Білім беру мазмұнын анықтаудың дидактикалық материализм теориясы бойынша білім беру мақсаты:
A) Тұлғаны дамыту.
B) Оқушылардың ойлауын дамыту.
C) Оқушыларға әртүрлі ғылымдардан неғұрлым көп білім беру.
D) Іс-әрекет әдістерін қалыптастыру.
E) Оқушылардың қиялын дамыту.
№ 106
Оқыту пәндерінің тізімін, сағат санын көрсетіп оқу жылдарына бөлетін, аптасына әрбір пәнге тиісті сағат санын анықтайтын құжат – ол:
A) Оқыту бағдарламасы.
B) Оқыту жоспары.
C) Сабақ жоспары.
D) Календарлық жоспар.
E) Тақырыптық жоспар.
№ 107
Оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат:
A) Мемлекеттік стандарт.
B) Оқыту бағдарламасы.
C) Оқыту жоспары.
D) Оқулық.
E) Оқу құралы.
№ 108
Белгілі бір тәртіппен және режиммен жүретін мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің сырт көрінісі:
A) Оқыту мазмұны.
B) Оқытуды ұйымдастыру формасы.
C) Оқыту процесі.
D) Тәрбие процесі.
E) Оқыту принципі.
№ 109
Сыныптық-сабақтық жүйенің теориялық негізін жасаған:
A) Я.А.Коменский.
B) К.Д.Ушинский.
C) Дж. Локк.
D) И.Ф.Гербарт.
E) А.Дистервег.
№ 110
Қабілеттеріне, дайындық дәрежесіне және интеллектуалдық даму деңгейіне байланысты оқушыларды сыныптарға бөлу – ол:
A) Маннгейм жүйесі.
B) Белл-Ланкастер жүйесі.
C) Дальтон-план.
D) Трамп жоспары.
E) сыныптық-сабақтық жүйесі.
№ 111
Қәзіргі заманғы мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы:
A) Экскурсия.
B) Үйірмелер.
C) Сабақ.
D) Консультация.
E) Үйдегі оқу жұмысы.
№ 112
Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды:
A) Сабақ.
B) Экскурсия.
C) Семинар.
D) Факультатив сабақ.
E) Бақылау.
№ 113
Сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру формалары:
A) Дербес, топтық және жаппай оқыту.
B) Проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту.
C) Дербес, топтық және фронтальді.
D) Дидактикалық ойындар, конференция-сабақ.
E) Жаттығу.
№ 114
Сабақтың негізгі белгілері:
A) Оқушылардың тұрақты құрамы, бір пәнге арналуы, арнайы кесте бойынша жүруі.
B) Арнайы бөлмеде өтуі, оқу құралдары болуы.
C) Сабақтың 45 минут жүруі.
D) Мұғалімнің басшылығы, оқудың практикамен байланысы.
E) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерінің шешілуі.
№ 115
Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің жиынтығы:
A) Оқыту әдістері.
B) Оқыту тәсілдері.
C) Сабақ құрылымы.
D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары.
E) Дидактикалық міндеттер.
№ 116
Сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы:
A) Дидактикалық мақсатына байланысты.
B) Оқыту мақсатына жетуге кеткен уақытқа байланысты.
C) Мұғалім іс-әрекетінің сипаты.
D) Оқушы іс-әрекетінің сипаты.
E) Оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру сипатына байланысты.
№ 117
Дальтон-план:
A) Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы.
B) Оқытуды ұйымдастырудың жекеленген формасы.
C) Оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық формасы.
D) Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы.
E) Оқу әдісі.
№ 118
Нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде жоғары сынып оқушыларының білім сапаларын жоғарылатуын басқару жүйесінің анықталуы айқындалған:
A) ҚР-да бейіндік оқытуды дамытудың тұжырымдамасының мазмұнында
B) «Білім берудің» мемлекеттік бағдарламасы мазмұнында
C) ҚР-ы көптілді білім беру тұжырымдамасы мазмұнында
D) Тілдер туралы ҚР Заңының мазмұнында
E) «Балалар құқығы туралы» ҚР-ның Заңының мазмұнында
№ 119
Сабақта оқушылардың бірдей тапсырмаларды жеке-жеке орындаулары — оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың:
A) Фронтальді формасы.
B) Жеке формасы.
C) Топтық формасы.
D) Бригадалық формасы.
E) Ұжымдық формасы.
№ 120
Білім беру мазмұны қандай құжаттармен айқындалады:
A) Календарлық жоспар, сабақ жоспары.
B) Әдістемелік нұсқаудар, оқыту құралдары.
C) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламасы, оқулықтар.
D) «Білім туралы» заң.
E) Мұғалімнің жеке оқу – тәрбие жоспары.
№ 121
Білім беру міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері:
A) Оқыту әдісі.
B) Оқыту құралы.
C) Оқыту тәсілі.
D) Оқыту түрі.
E) Оқытуды ұйымдастыру формасы.
№ 122
Оқыту әдісі дидактикада қандай сұраққа жауап береді:
A) Нені оқыту.
B) Қалай оқыту.
C) Қашан оқыту.
D) Не үшін оқыту.
E) Қайда оқыту.
№ 123
Жаттығу, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс:
A) Көрнекілік әдістер.
B) Ауызша әдістер.
C) Практикалық әдістер.
D) Зерттеу әдістері.
E) Кітаппен жұмыс.
№ 124
Ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері қандай белгіге байланысты жіктелген:
A) Білім түпнұсқасы.
B) Танымдық іс-әрекет.
C) Ынтымақтастық формасы.
D) Дидактикалық мақсатқа байланысты.
E) Оқушы іс-әрекетіне байланысты.
№ 125
Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, ізденіс түрлері, зерттеушілік әдістер деп жіктеудің негізгі белгісі:
A) Дидактикалық міндет.
B) Оқудағы ынтымақтастық.
C) Танымдық іс-әрекет түрі.
D) Білім түпнұсқасы.
E) Бинарлық жіктеу.
Мұғалімнің проблеманы қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі:
A) Проблемалық мазмұндау.
B) Репродуктивтік.
C) Зерттеушілік әдістері.
D) Түсіндірмелі-иллюстративтік.
E) Ізденіс түрлері.
№ 127
Игеру мақсатымен ақыл-ой немесе практикалық қимылдарды бірнеше рет қайталау:
A) Түсіндіру.
B) Кітаппен жұмыс.
C) Жаттығу.
D) Бақылау.
E) Лекция.
№ 128
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдісіне жатпайды:
A) Әңгіме.
B) Түсіндіру.
C) Дискуссия.
D) Иллюстрация.
E) Демонстрация.
№ 129
Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдісі:
A) Демонстрация.
B) Зерттеу әдісі.
C) Танымдық ойындар.
D) Түсіндіру.
E) Иллюстрация.
№ 130
Бақылау әдісі:
A) Түсіндіру.
B) Жазбаша бақылау.
C) Жаттығу.
D) Дидактикалық ойын.
E) Анкета алу.
№ 131
Жоғары сыныптарда қолданылатын күрделі, көлемді оқу материалын монологтік баяндау:
A)Дәріс.
B) Түсіндіру.
C) Әңгіме.
D) Әңгіме-кеңес.
E) Оқу дискуссиясы.
№ 132
Рецензия жазу:
A) Оқығанның қысқаша мазмұнын жазу.
B) Оқыған әдебиеттегі негізгі ойларды жазу.
C) Оқығаннан дәлме-дәл үзінді.
D) Оқығанға өз ойын білдіріп қысқа пікір жазу.
E) Конспектілеу.
№ 133
Оқу материалын ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы игертуге бағытталған оқытудың диалогтік әдісі:
A) Жаттығу.
B) Практикалық жұмыс.
C) Дидактикалық ойын.
D) Әнгіме-кеңес.
E) Түсіндіру.
№ 134
Дидактика:
A) Тұлға дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
B) Тұлға қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым.
C) Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және білім беру туралы педагогиканың бөлімі.
D) Білім беру теориясын жасайтын жалпы педагогика бөлімі.
E) Тәрбиелей оқытуды зерттейтін ғылым.
№ 135
Сабақ, семинар:
A) Ұйымдастыру формалары.
B) Педагогикалық жүйе.
C) Оқыту әдістері.
D) Оқыту құралдары.
E) Дидактиаклық жүйе.
№ 136
Ұйымдастыру кезеңі, өткен бөлімдер бойынша тапсырмалар жүйесін орындау, қортынды жасау:
A) Аралас сабақ.
B) Білімді және іскерлікті бекіту сабағы.
C) Жаңа білім қалыптастыру сабағы.
D) Жүйелеу және қорыту.
E) Жаңа іскерлікті қалыптастыру сабағы.
№ 137
Оқыту әдісі:
A) Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық жасау амалдары.
B) Оқушыларда іскерлік және дағды қалыптастыру үшін мұғалім қолданатын тәсілдер жиынтығы.
C) Білім және дағды қалыптастыру мақсатымен нақты қимылдарды көп рет қайталау.
D) Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыны игеру, олардың дүниетанымын қалыптастыру және қабылеттерін дамыту жолдары.
E) Оқушыларға білім, іскерлік, дағдыны игерту, олардың танымдық қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған педагог және оқушылардың өзара байланысқан іс-әрекеттері.
№ 138
Түсіндіру:
A) Оқыту материалын мұғалімнің мәнерлі, әсерлі баяндауы.
B) Оқушыларды жаңа білімді игеруге ынталандыру.
C) Теориялық мәнін ашу, фактілерді, құбылыстарды бірізді, дәлелді баяндау.
D) Ғылыми фактілерді баяндау.
E) Оқу материалын индуктивті баяндау әдісі.
№ 139
Мұғалімнің іс-әрекеті — сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе:
A) Дәстүрлі.
B) Педоцентрлік.
C) Қазіргі заманғы.
D) Авторитарлық.
E) Демократиялық.
№ 140
Нәтижесінде білім, іскерлік, дағды, іс-әрекет және жүріс-тұрыс (мінез-құлық) тәжірибесі, тұлға қасиеттері қалыптасатын педагог пен оқушылар-дың белсенді, мақсатты бағытталған өзара қимылдау процесі:
A) Оқыту.
B) Тәрбие.
C) Білім беру.
D) Тану.
E) Сабақ беру.
№ 141
Тану, тәжірибе және жаттығулар негізінде мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болу немесе ескілердің өзгеру процесі:
A) Сабақ беру.
B) Оқу.
C) Оқыту.
D) Білім беру.
E) Өзіндік білім алу.
№ 142
Ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту:
A) Іскерлік.
B) Білім.
C) Дағды.
D) Тәжірбие.
E) Білім беру.
№ 143
Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы:
A) Білім.
B) Іскерлік.
C) Дағды.
D) Тәжірбие.
E) Білім беру.
№ 144
Материалдық және идеалдық деп жіктелетіндер:
A) Оқыту принциптері.
B) Оқыту әдістері.
C) Оқытуды үйымдастыру формалары.
D) Оқыту құралдары.
E) Тәрбие әдістері.
№ 145
Бағдарламалап оқыту мақсаты:
A) Тәрбие мақсаттарын шешу.
B) Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау.
C) Оқыту процесін басқаруды жетілдіру.
D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету.
E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.
№ 146
Оқушылардың өзіндік оқу жұмыстары:
A) Педагогтің көмегінсіз орындалатын оқушы іс-әрекеті.
B) Оқыту процесіндегі педагогтің тапсырмасымен және оның басшылығы-мен орындалатын оқушы іс-әрекеті.
C) Педагог басшылығымен, бірақ тікелей қатысуынсыз орындалатын оқушы іс-әрекеті.
D) Бақылау жұмысымен сәйкес.
E) Сабақтан тыс танымдық іс-әрекет.
№ 147
Oқытудың екі жақтылық сипаты:
A) Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы.
B) Оқушы мен сыныптың біріге қимылдауы.
C) Сабақ беру мен оқытудың бірлігі.
D) Өзіндік білім алу мен оқытудың бірлігі.
E) Білім беру мен тәрбиенің бірлігі.
№ 148
«Ұлы дидактика» еңбегінің авторы:
A) Л.Н.Толстой.
B) К.Д.Ушинский.
C) А.С.Макаренко.
D) Я.А.Коменский.
E) К.Гельвеции.
№ 149
Дидактикалық принципке жатпайды:
A) Ғылымилық.
B) Теорияның өмірмен, практикамен байланысы.
C) Жүйелілік және бірізділік.
D) Үздіксіздік.
E) Белсенділік және сапалылық.
№ 150
Білім көзі ауызша немесе баспа сөзі болатын оқыту әдістері:
A) Ауызша әдістер.
B) Көрнекілік әдістер.
C) Иллюстрация.
D) Практикалық әдістер.
E) Демонстрация.
№ 151
Cабақ құрылымы тәуелді:
A) Сабақ түрінен.
B) Оқыту әдістерінен.
C) Оқыту құралдарынан.
D) Дидактикалық принциптерден.
E) Білім беру мазмұнынан.
№ 152
Оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтау, оқыту процесіне түзету енгізу, әрі қарай оқытуды жоспарлау, үлгермеушілікті жоюға бағытталған ұсыныстар:
A) Оқытудағы диагностика.
B) Білімді бекіту жетілдіру міндеттері.
C) Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру міндеттері.
D) Білімді қорыту міндеттері.
E) Білімді жүйелеу.
№ 153
Бағдарламалап оқыту мақсаты:
A) Тәрбиелік міндеттерді шешу.
B) Қатаң бақылау.
C) Оқытуды басқару, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу деңгейін арттыру, оқытуды жекелендіру.
D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстары бар жаттығулар.
E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.
№ 154
Проблемалық оқыту мәні:
A) Оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін зерттеу.
B) Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару.
C) Оқушылар алдына проблемалар қою.
D) Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
E) Оқытуда қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету.
№ 155
Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау:
A) Бақылау түрлері.
B) Бақылау формалары.
C) Бақылау міндеттері.
D) Бақылау әдістері.
E) Бақылау құралдары.
№ 156
Бақылау формалары:
A) Ауызша бақылау, жазбаша бақылау.
B) Практикалық жұмыстар, машиналы бақылау.
C) Жеке, топтап және фронтальды.
D) Ағымдық, аралық және қорытынды.
E) Тест.
№ 157
Оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау:
A) Бақылау.
B) Жүйелеу.
C) Оқыту.
D) Диагностика.
E) Тәрбиелеу.
№ 158
Бағалау – :
A) Тексеру процесі.
B) Тексеру нәтижесі.
C) Бақылау әдісі.
D) Бақылау құрылымы.
E) Қарама-қарсы байланыс.
№ 159
Бақылаудың дидактикалық процестің барлық кезеңінде жүруін талап ететін принцип:
A) Объективтілік.
B) Жүйелілік.
C) Көрнекілік.
D) Ғылымилық.
E) Саналылық.
№ 160
Ауызша тексеру, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстар:
A) Бақылау түрлері.
B) Бақылау әдістері.
C) Тексеру құралдары.
D) Диагностика.
E) Оқыту кезеңдері.
№ 161
Диктант:
A) Бақылау әдісі.
B) Тексеру процесі.
C) Диагностика.
D) Сабақ элементі.
E) Оқу әдісі.
№ 162
Бір мезгілде бір оқушының ауызша жауап беруі, 2-3 оқушының тақтада жұмыс істеп сұрауға дайындалулары, қалғандарының өз орындарында жеке тапсырмаларды орындауы:
A) Комбинацияланған (нығыздалған).
B) Дараланған.
C) Топтық.
D) Жекеленген.
E) Фронтальді.
№ 163
Проблемалық жағдай:
A) Оқушылардың білім деңгейінің төмендігі.
B) Оқыту процесінде туған қиындық.
C) Қойылған оқу-танымдық міндетті өзіндік шешуге оқушылардың игерген білімдерінің жеткіліксіздігі.
D) Мұғалім іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекеттері арасындағы сәйкессіздік.
E) Мұғалім білімінің төмендігі.
№ 164
Проблеманы қою:
A) Сұрақты анықтау.
B) Не белгілі, не белгісіз және нені шешу керектігін анықтау.
C) Қиындық себебін анықтау.
D) Проблеманы шешу жолдарын көрсету.
E) Болжам жасау.
№ 165
Дидактикалық тест:
A) Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтайтын стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы.
B) Оқыту материалы бойынша сұрақтар жиынтығы.
C) Іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын жазбаша жұмыстар.
D) Білімді бақылау процесі.
E) Бақылау формасы.
№ 166
Валидтілік, мықтылық, объективтілік.
A) Тест түрлері.
B) Тестіге қойылатын талаптар.
C) Тест құрылымы.
D) Тест формалары.
E) Тест нәтижелерін өңдеуге қойылатын талаптар.
№ 167
Тестінің валидтілігі:
A) Бағдарламаға сәйкестігі.
B) Оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкестігі.
C) Сұрақтардың оқушыларға түсініктілі, анықтығы.
D) Жобаланған біліміділік деңгейін анықтауға сәйкестігі.
E) Білім беру мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі.
№ 168
Тестінің мықтылығы тәуелді:
A) Тапсырмалар қиындылығынан.
B) Тапсырмалардың әртүрлілігінен.
C) Тапсырмалар санынан.
D) Сұрақтың ұзындығынан.
E) Жауаптардың ұзындығынан.
№ 169
Түсініктерді, фактілерді, теорияларды, заңдылықтарды игеру:
A) Білім қалыптасуының көрсеткіштері.
B) Іскерлік қалыптасуының көрсеткіштері.
C) Дағды қалыптасуының көрсеткіштері.
D) Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының көрсеткіштері.
E) Тәрбиелілік көрсеткіші.
№ 170
Стрестік жағдайлар туғызу, кездейсоқтық элементі болуы:
A) Ауызша емтиханға тән.
B) Тест түріндегі емтиханға тән.
C) Диктант.
D) Жазбаша бақылау жұмысы.
E) Шығарма жазуға тән.
№ 171
Үй тапсырмасының қажеттілігі себебі:
A) Игерілген білімді, іскерлікті, дағдыларды сабақта толық бекіту мүмкін еместігі.
B) Оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін бағалар жинау мүмкіндігі.
C) Оқушылардың сабақтан бос уақыттарының болуы.
D) Оқушылардың дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі.
E) Теория мен практиканы біріктіру талабы.
№ 172
Оқыту процесінің компоненті:
A) Оқыту бағдарламасы.
B) Оқыту мазмұны.
C) Сабақ.
D) Оқыту жоспары.
E) Мұғалім іс-әрекеті.
№ 173
Оқыту процесіндегі бақылау функциясы:
A) Реттеушілік.
B) Жүйеқұраушы.
C) Қалыптастырушы.
D) Жетекшілік.
E) Ынталандыру.
№ 174
Қандай бақылау принципі оқыту нәтижесін анықтау мұғалім тұлғасынан тәуелсіз болуын талап етеді?
A) Объективтілік.
B) Жүйелілік.
C) Көрнекілік.
D) Саналалық.
E) Беріктік.
№ 175
Әр сабақта оқушылардың оқу материалдарын игеруін жүйелі түрде бақылау:
A) Ағымдық бақылау.
B) Тақырыптық бақылау.
C) Аралық бақылау.
D) Қорытынды бақылау.
E) Оқыту әдісі.
№ 176
Әр түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің оның барлық звен-оларымен (министрліктен оқыту-тәрбие мекемелеріне дейін) жүйелі, жоспарлы және мақсатты бағытталған өз-ара іс-әрекеттері:
A) Білім беруді жобалау.
B) Білім беруді дианостикалау.
C) Білім беруді басқару.
D) Білім беруді жоспарлау.
E) Басқару деғгейлері.
№ 177
Анықталған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, басқарғанда сақталатын негізгі ережелер, оған қойылатын талаптар:
A) Басқару заңдылықтары.
B) Басқару принциптері.
C) Басқару жағдайы.
D) Басқару кезеңдері.
E) Басқару әдістері.
№ 178
Білім беру мекемесінің іс-әрекетін, құрылымын анықтайтын ережелер жиынтығы:
A) Устав.
B) Білім беру туралы заң.
C) Конституция.
D) Білім беру туралы концепциялар.
E) Оқыту жоспары.
№ 179
Демократияландыру және гуманизацияландыру, жүйелілігіr және тұтастық, коллегиялық басқарудағы жекелік:
A) Басқару заңдылықтары.
B) Басқару әдістері.
C) Басқару құралдары.
D) Басқару принциптері.
E) Басқару тәсілдері.
№ 180
Мектептегі басқару жүйесінің деңгейлері:
A) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламалары, сбақ жоспары.
B) Мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, оқушылар.
C) Бастауыш сыныптар, орта сыныптар, жоғары сыныптар.
D) Ата-налар, мектеп ұжымы, оқушылар ұжымы.
E) Мұғалімдер, көмекші персоналдар.
№ 181
Мектеп кеңесі:
A) Коллегиалдық басқару органы.
B) Жоғарғы басқару субъектісі тағайындайтын орган.
C) Мүшелерін директор тағайындайтын жеке басқару органы.
D) Ата-аналарды қоғамдық органы.
E) Оқушылардың қоғамдық органы.
№ 182
Басқарудағы авторитаризмді, субъективтілікті жоюға бағытталған басқару принципі:
A) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімдігі.
B) Коллегиалдық және жеке басқару бірлігі.
C) Басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы.
D) Басқаруды демократияляандыру.
E) Жүйелілік және тұтастық.
№ 183
Басшылардың, мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың инициативасын және µзіндік іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған басқару принципі:
A) Басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы.
B) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімдігі.
C) Жүйелілік және тұтастық.
D) Басқаруды демократияляандыру.
E) Коллегиалдық және жеке басқару бірлігі.
№ 184
Мұғалімдерді жұмысқа алу, оларды жұмыстан босату:
A) Білім беру жергілікті басқармасының міндеті.
B) Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеті.
C) Мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеті.
D) Мектеп кеңесінің.
E) Мектеп директорының.
№ 185
Мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру формасы:
A) Ата-аналар комитеті.
B) Педагогикалық кенес.
C) Мектеп кенесі.
D) Оқушылар комитеті.
E) Әдістемелік күн.
№ 186
Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру:
A) Педагогикалық кеңестің функциясы.
B) Мектеп кеңесінің функциясы.
C) Әдістемелік кеңестің функциясы.
D) Ата-аналар комитетінің функциясы.
E) Оқушылар комитетінің функциясы.
№ 187
Мектеп директорының орынбасарын тағайындайтын:
A) Мектеп кеңесі.
B) Ата-аналар комитеті.
C) Мектеп директоры.
D) Оқушылар ұжымы.
E) Педагогикалық кеңес.
№ 188
Мектеп жоспары түрлері:
A) Оқыту жоспары, тәрбие жоспары.
B) Сабақ жоспары, тәрбие іс-шаралары жоспары.
C) Ағымдық, аралық, қорытынды.
D) Перспективті, жылдық, ағымдық.
E) Ата-аналармен жұмыс жоспары.
№ 189
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелерімен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган:
A) Мектеп кеңесі.
B) Педагогикалық кеңес.
C) Ата-аналар комитеті.
D) Әдістемелік кеңес.
E) Жас мұғалім мектебі.
№ 190
Мектептің жылдық жоспарын бекітеді, мектеп жұмысының қорытындысын шығарады:
A) Педагогикалық кеңес.
B) Әдістемелік кеңес.
C) Ата-аналар комитеті.
D) Мектеп кеңесі.
E) Оқушылар ұжымы.
№ 191
Педагогикалық кеңестің төрағасы:
A) Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
B) Мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
C) Мектеп директоры.
D) Ата-аналар көмитетінің төрағасы.
E) Ең беделді педагог.
№ 192
Пәндік әдістемелік бірлестік:
A) Бір мектептегі кез келген пән мұғалімдерінен құралады.
B) Бір немесе бірнеше мектептің бір пән мұғалімдерінен құралады.
C) Мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен тұрады.
D) Ата-аналармен мектеп ұжымы өкілдерінен құралады.
E) Мектеп басшыларынан құралады.
№ 193
Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасына жатпайды:
A) Әдістемелік кеңес.
B) Пәндік-әдістемелік бірлестік.
C) Проблемалық семинар.
D) Әдістемелік күн.
E) Мектеп кеңесі.
№ 194
Педагогикалық талдау мәні:
A) Мектеп басшылығы мен мұғалімдер арасындағы қарама-қарсы.
B) Педагог жұмысындағы кемшіліктерді табу.
C) Педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын анықтау, оны басқару туралы ұсыныстар жасау.
D) Оқушылардың үлгерімін көтеру.
E) Оқушылар іс-әрекеттерін басқаруды жетілдіру.
№ 195
Педагогикалық кеңестің жұмысы жоспарланады:
A) Мектептің жұмысының жылдық жоспарында.
B) Календарлық жоспарда.
C) Мектеп директорының жеке жоспарында.
D) Мектептің тәрбие жоспарында.
E) Мектеп директоры орныбасарының жеке жоспарында.
№ 196
Мұғалімдердің теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік жұмыс формасы:
A) Әдістемелік кеңес.
B) Әдістемелік күн.
C) Пәндік-әдістемелік бірлестік.
D) Проблемалық семинар және практикум.
E) Жас мұғалім мектебі.
№ 197
Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі нақты бір бағытты тексеру:
A) Фронтальді бақылау.
B) Ағымдық бақылау.
C) Аралық бақылау.
D) Тақырыптық бақылау.
E) Қорытынды бақылау.
№ 198
Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі барлық бағыттарын тексеру:
A) Қорытынды бақылау.
B) Ағымдық бақылау.
C) Аралық бақылау.
D) Тақырыптық бақылау.
E) Фронтальді бақылау.
№ 199
Мектеп құжаттарын тексеру, бақылау, ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, анкета алу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу:
A) Мектепішілік бақылау құралдары.
B) Мектепішілік бақылау формалары.
C) Мектепішілік бақылау түрлері.
D) Мектепішілік бақылау әдістері.
E) Басқару әдістері.
№ 200
Педагогикалық талдау объектісі:
A) Мұғалім, оқушы тұлғалары.
B) Мектептің ата-аналармен жұмысы.
C) Мектеп құжаттары.
D) Сабақ, тәрбие шаралары.
E) Мұғалім, оқушы іс-әрекеттері.
Педагогтың білімін бағалау (НКТ) тест тапсырмалары мен жауаптары
Үйренген әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану сәйкес келетін Блум таксаномиясының қадамы
Қолдану
Метатанудың өлшеудің екінші бағыты
Тапсырмаға бағытталған
Оқуды даралаудың шешуші критерийлерінің бірі
Білім алуда тәуелсіздікі қамтамасыз ету
Үздік оқушыларды анықтау өлшемдерінің бірі икемділік сипаттамасы
Тапсырманы орындауда балама шешімдерді көріп, қабылдай алады
Бағалау мақсатында жүргізілген қадағалау нәтижелерінің интерперациясы
Алынған мәліметтердің мәнін анықтау
Үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді, ойларды және күнделікті іс әрекеттерді жаттауға бағытталған білімді игерудің үлгісі (Александр)
Механикалық есте сақтау
Білімді жаңа жағдайларға орайластыру және әртүрлі мәнмәтіннен алынған түрлі ақпаратты пайдалану арқылы оқу қабілеті
Ұқсастық бойынша пайымдау
Білімді игеруде «оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, фактілерді, фактілерді, қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру» үлгісі (Р.Александр)
Нұсқаулық
Оқушының әр түрлі ақпараттарды есте сақтағанда, іріктеп өзіне қажеттісі және маңыздысына басымдық бере алу қабілеті
Топтық жұмысқа қатысушылар өзгелер ұсынған қандайда болсын идеаларды төзімділікпен тыңдайтын әңгіме түрі
Кумульятивтік
Сабақты оқу мақсатын қалыптастыруда қойылатын сұрақтардың бірі
Оқушыға қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек
Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісінің бірі
Бітімге, келісімге қол жеткізу
«Көпіршелер тұрғызу» метафорасы бойынша оқушының дамуындағы ересек адамның рөлі (Ж. Брунер)
Оқудың дамуында түрлі деңгейдегі қолдауы
Сындарлы оқыту теориясы негізделген тұжырым
Мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін кідіріс жасау уақытын ұзарту қажеттігі
Оқушы өз жауабын түзетуге нақтылауға мүмкіндік алады
Оқу-танымдық іс әрекетті ұйымдастырудың командалық формасы
Топтық
«балам дейтін жұрт болмаса жұртым дейтін бала қайдан болсын» түйінінің авторы. А. Байтұрсынов
метатанымның негізгі компоненті
Білім, реттілік, тәжірибе
Педагогикалық құзіреттіліктің негізгі элементтері
Арнайы және әдістемелік құзіреттілік
Ұжымда өзара білім алмасуға, өз идеаларын еркін жеткізуге көмектесетін оқыту түрі
Диалогтік оқыту
Тұлға дамуының негізгі факторлары
Тәрбие, қоршаған орта, тұқымқуалаушылық
Жаңашыл техникалық құралдарға жатады
Үнтаспа, телеарна
Білім беру мен оқытудың, дамудың байланысы
Заңдылық
Бақылау
Зерттеу барысында педагогикалық құбылыстың назарға алынуы
Тәрбие жұмысы
Жеке тұлғаның неғұлдым толық дамуына бағытталған іс-әрекет
Белгілі бір құбылысты ұзақ және жоспарлы түрде зерттеуге бағытталған таным әдісі
Педагогикалық бақылау
Критериалды бағалаудың артықшылығы
Айқындылығы бағаның дәлдігі
Білім беруді,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау
Сабақтағы іс әрекеттердің нақтылы элементтері
Жеке адамның дамуы
Жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі
Даму
Адамның сандық және сапалық өзгерістерінің нәтиже
Достарыңызбен бөлісу: |