Педагогика


Кѳру сезімінің жан тұрмысына керектігі



Pdf көрінісі
бет22/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Педагогика

Кѳру сезімінің жан тұрмысына керектігі. Сыртқы алты
сезім ішінде жан үшін ең қымбаты – осы кѳру сезімі.
Жанымызда болатын барлық әсерленулердің, екінші түрлі
айтқанда, біз барлық білімнің 3/4-ін осы кѳру сезімі арқылы
аламыз. Басқа сезімдер арқылы алынған білімдерді,
әсерленулерді кѳру арқылы анықтауға ұмтыламыз. Мысалы,
бір дыбыс естісек, сол дыбыс шығарған затты кѳргіміз келеді.
Хатта басқа сезімдерді жабайы, ѳтірікші кѳреміз. Кѳзбен
кѳрмеген соң қойшы дейміз. Адамның әдемілік сезімінің
ұлғаюына да кѳру сезімі кѳп кѳмек кѳрсетеді. Әдемі түс, әдемі
түр, жаратылыстың сұлу заттары, сұлу кѳріністері адамның
әдемілік сезімін тереңдетпей қоймайды.
Есту сезімі. Есту сезімінің құралы – құлақ. Мидан шығып,
құлақта есту нервтері бұтақтанады. Бір дыбыс осы есту
нервтеріне әсер береді. Әсерді нервтер миға алып барып, оны
оятып, мидан жан қабыл алып, жанда есту әсерленуі болады.
Есту әсерленулері екі топқа бѳлінеді: шу һәм дыбыс.
Белгілі бір тәртіпсіз шыққан түрлі дыбыс жиынтығы шу деп
аталады. Желдің зуылы, судың сылдыры, жапырақтың
сыбдыры, күннің күркіреуі сықылды. Ал енді белгілі бір
тәртіппен шыққан түрлі дыбыс жиынтығы тура дыбыс деп,
яки музыкалы тон деп аталады. Әннің әуені, домбыраның,
қобыздың күйі, адамның сѳзі сықылды. Адам сѳзі азғантай
ғана негізгі дыбыстардан яғни сол дыбыстардың бір-бірімен
55


бір олай, бір былай қосылуынан тұрады. Қазақ сѳзі 24-ақ
дыбыстан тұрады.
Баланың есту әсерленулері. Бастапқы кезде бала тіпті
естімейді десе болады. Мысалы, жаңа туған баланың бесігі
жанында айғай салып сѳйлескенде, оянбайды. Баланың есту
сезімі екінші, үшінші жетіде біліне бастайды. Тѳртінші жетіде
бала күшті дыбысқа селт етпесе, оның мылқау болғандығы.
Үшінші, тѳртінші айда балаға бесік жыры әжептәуір әсер
береді. Бұл уақытта бала дыбыстың жұмсақ, қоңырын, қатты,
тынышсызын айыратын болады. 4–5 айда бала дыбыстың
қайдан шыққанын біліп, дыбыс шыққан жаққа бұрылатын
болады. Алты айда дыбысты ѳзі тілеп тыңдайды. Бір жылдың
аяғында дыбыстарды түгел айырып, сѳздерді ұғып, хатта
сѳйлеудің тонын, ыңғайын да (ашулы сѳз, жылы сѳз) байқай
алады. Екінші жасқа қарағанда бала сѳз дыбыстарын ѳзі айта
алатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет