б)
шартты хұкім. Егерде сын затқа белгілі бір шарттармен
ғана байланатын болса, «қалауын тапса, қар жанады», «жаз
жетсе, қар ериді» деген сықылды;
г)
бѳлмелі хұкім. Егерде затқа бірнешесі жапсырылып, бірақ
қайсысы екені кѳрсетілмесе,
яки бір айтылысқа бірнеше ие
кѳрсетілсе, «мынау әйел не ұл табар, не қыз табар», «Я мақсұт,
яки ѳлім – екіден бір» деген сықылды.
5)
Шындық дәрежесіне қарап хұкім үшке бѳлінеді:
а)
мүмкін хұкім. Егерде айтылысты иеге байлаудың мүмкін
екендігі ғана кѳрсетілсе, «мүмкін Марста халық бар шығар»,
«
сар далада адасып, суық кебін жамылып қалармын, кім
біледі» деген сықылды;
б)
шын хұкім. Егерде айтылыстың иеге жапсырылуы
тәжірибе, бақылау,
куәлік арқылы тексеріліп, шын деп
табылса. «Ақмолла – қазақ ақыны», «Ахмет Байтұрсынов –
қазақ тілін кѳп тексерген», «Абылай – данышпан хан болған»
деген сықылды;
г)
міндетті хұкім. Егерде дәлелдермен бекітіліп, бір
сынның
бір затта болуы міндетті болса, «сезгіш адам сүйгіш
келеді», «суықта су қатып мұзға айналады» деген сықылды.
Хұқімдер жоғарыда саналған бѳлімдерге бѳлінгенмен, бір
хұкімде әлденеше бѳлім табылуға мүмкін. Мысалы, «қар
суық» деген хұқім – әрі шешетін, әрі жалқы, әрі бекітетін, әрі
киімді, әрі шын, әрі міндетті хұкім.
96