«Педагогикалық диагностика»


Студенттің өзін өзі бағалауға арналған сұрақтар



бет9/26
Дата27.02.2023
өлшемі106.75 Kb.
#470132
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
«Педагогикалы диагностика» п ніні о у- дістемелік кешені №3 ба

Студенттің өзін өзі бағалауға арналған сұрақтар:
1.Педагогикалық диагностика қашан және қалай пайда болды?
2. Ғылым ретінде педагогикалық диагностиканың дамуына үлес қосқан алғашқы ғалымдар?
3.Ғылым ретіндегі педагогикалық диагностиканың қайнар көздері?
4.Психикада тұлғалық бастаманың артықшылығы ретінде нені түсінеміз?
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003


Тақырып 4.Психологиялық – педагогикалық диагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы


Мақсаты :
Студенттерге 19- ғасырдың бірінші жартысынан бастап педагогикалық диагностиканың дамуы жайында түсінік қалыптастыру. Оларды кезеңнің психологтары В.Вундт пен Ф.Гальтонмен Г.Эббингаузбен және олардың әдістерімен таныстыру.
Жоспар:
1. 19- ғасырдың бірінші жартысындағы педагогикалық диагностика.
2. Педагогикалық диагностиканың қазіргі замандағы әдістерінің қалыптасуы.

  1. Қазіргі заманғы педагогикалық диагностиканың тарихы XIX ғасырдың алғашқы ширегіне яғни педагогикалық білімдердің дамуындағы клиникалық кезең дегеннің басталуымен басталады. Бұл кезеңнің сипаты ерекшелігі мынада: адам жайындағы эмпирикалық, педагогикалық білімдерді алу мен оны талдаудағы басты рөль дәрігерлерге тиесілі болды.( бұларға дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар айналысты). Дәрігерлерді сол кезде дамыған елдерде тараған емделуі қиын психикалық аурулар мен невроздардың пайда болу себептері қызықтырды. Психиатор- дәрігерлер Еуропа емханаларында өз бақылауларының нәтижелерін жазып талдай отырып,науқастарға жүйелі бақылау орнатты. Осы уақытта педагогикалық диагностиканың бақылау,сауалнама,жан қуаттарын талдау секілді әдістері пайда болды.

Алайда бұл кездегі педагогикалық диагностика қатаң емес,еркін сипатта болды. Бұл әсіресе бір науқастарда бақылауға алған және оларды бірдей әдістердің көмегімен зерттеген, дәрігерлердің келген қорытындыларынан көрінеді. Бұл сол кездегі педагогикалық диагностиканың әлі де болса сапалық сипатқа ие болғандығынан болды.
Педагогикалық диагностиканың сандық әдістерінің басталуын XIX ғасырдың екінші жартысы деуге болады. Бұл кезде көрнекті неміс психологы В.Вунттың басшылығымен дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхана құрылған болатын. Мұнда педагогикалық диагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен құралдар қолданыла бастады. Сондай-ақ осы уақытқа физикалық(денелік) және психологиялық құбылыстарының құрылуын жеделдеткен негізгі психофизикалық заңның ашылуы жатады. Негізгі психофизикалық заң психологиялық құбылыстарды өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және де осы жаңалық сезімдікпайымдарды өлшеуге арналған субьективті шкалалар дегеннің пайда болуына алпы келді. Осы заңға сәйкес өлшемнің негізгі обьектіс адамның сезімдік пайымдары болды және де ұзақ ұақыт бойы XIX ғасырдың соңына дейін педагогикалық диагностика сезімдік пайымдарды өлшеумен ғана шектелді.
Адамның негізгі педагогикалық процестеріне, қасиеттеріне және жағдайларына қатысты педагогикалық диагностиканың қазігі заманғы әдістерінің қалыптасуынң бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеуге болады. Бұл уақытта белсенді түрде әрі маман педагогтардың қатысуымен ықтималдар теориясы мен математикалық статистиканың кейінірек сандық педагогикалық диагностиканың ғылыми әдістері арқа сүйей бастаған салалары дами бастады. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеудің алғашқы және екінші әдістері дәл сол жылдары пайда болды. Алайда бастапқыда математикалық статистиканы психологияда емес, биология, экономика, медицина секілді ғылым салаларында қолдана бастады.
Алғашқы психометриялық мекемені Англияда көрнекті ағылшын психологы Гальтон ашқан болатын. 1884 жылы ол Антропометриялық зертхананы ашты.Бұл зертхананың мақсаттарының бірі- адамның қабілеттері жайлы статистикалық мәліметтерді алу болды. Бұл зертханаға келушілердің өз қабілеттерін өлшеуіне мүмкіндіктері болды және де осы психометриялық тәжірибеден 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың бастамашысы болды және де ол статистикалық әдістерді жасап шығуда көп еңбек сіңірді. Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды. Гальтон, Пирсон және Фишер секілді математик ғалымдарды бірлесе жұмыс істеу үшін өз жағына тартты,сондықтан олардың математикалық статистикадағы атақтары психолоктармен бірге жұмыс істегендіктерінің арқасында шықты.Фишер дисперсионды анализді ойлап тапса, ал өзге ағылшын ғалымы Гальтонның замандасы Спирмен - факторлы талдауды ойлап тапты. Бұл екеуі де өздерін психологияда математикадағыдан кем емес дәрежеде көрсете білді. Психология тарихына Спирмен өзінің 1904 жылы жарыққа шыққан «Жалпы интеллект, обьективті айқындалған және өлшенген» деген классикалық еңбегінің арқасында енді. Г.Айзенг пен Р.Кеттель кейінірек факторлы талдауды тұлғаның өзіне тән ерекшеліктерін психологиялық диагностикадан өткізу үшін қолданды. Интеллектінің статистикалық тұрғыдан негізделген тесттерін француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары құрастырып жариялады. Кейінірек өзге француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тестті жетілдіре түскен. Бұл тест психодиагностика тарихына Бине – Симон тесті деген атпен енді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында адамның алуан түрлі үрдістері мен қасиеттерін педагогикалық диагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамдық тесттер пайда бола бастады. Сандық сипаттағы педагогикалық диагностикалық амалдардың ішіндегі тарихы еңсоңғы пайда болып практикаға енгендері әлеуметтік психалогиялық байланыстылары енді. Бұл американ психолыгы Я.Мореноның құрған социометриялық тесті және фашизм жылдары АҚШ - қа қоныс аударған неміс психологы К.Левиннің шәкірттері мен ізбасарлары – бір топ американ әлеуметтік психологтарының құрған көптеген өлшем әдістемелері еді.
XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында алуан түрлі педагогикалық диагностика әдістемелердің негізгі көпшілігі пайда болды. Бұл педагог ғалымдардың ең көп психометриялық белсенді жылдары еді.
Педагогикалық диагностиканың пайда болып оның жасақталуына XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде психологиялық ғылымда пайда болған жалпы дағдарыстың әсер еткенін ескеруіміз қажет. Ол бірінші кезекте әсіресе қабілеттер, интеллект және тұлға (жеке адам) секілді күрделі құбылыстардың дәл психодиагностикасы ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жоқтығы мен байланысты интроспективті психологияның кемшіліктерін айқын аңғартты. Осы тектес әдістердің жасалуы психологияның процестер, қасиеттер және жағдайлар жөнінде ішкі ойдан туындаған және субьективті емес, дәл айқын және обьективті білімдерді алуға мүмкіндік берді.
Мұндай ілімдер антроспекцияға толық негізделген ой қорытындысына қарағанда, теориялық жалпылау мен практикалық ұсыныс үшін мықты негіздеме юола алды. Нәтижеде психология лезде жаңа әрі мықты теориялармен түсіп, тек академиялық тұрғыдан лайық қана емес, практикалық тұрғыдан пайдалы ғылымға айналды. Педагогикалық диагностикаға негізделген қолданбалы білім салаларының соның ішінде еңбек психологиясының, психофизиологияның, инженерлік және медициналық психологияның, педагогикалық психологияның дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет