«Педагогикалық дуэт» жобасы аясында өткізілетін пікірсайыс жəне дөңгелек үстел шараларының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата03.01.2022
өлшемі183.61 Kb.
#451045
түріБағдарламасы
  1   2
Снимок экрана 2021—03—28 в 21.13.09



«Педагогикалық дуэт» жобасы аясында өткізілетін пікірсайыс жəне

дөңгелек үстел шараларының бағдарламасы

 

 



Өтетін күні: 29.03.2021 ж. 9:00-13:30

Өтетін орны: № 67 гимназия, амфитаетр

Күтілетін қатысушы саны: 48 қатысушы = 24 жұп

 

 



Пікірсайыстың өткізілу барысы жəне ережелері туралы түсініктеме:

Команда  2  спикерден  (қатысушы)  құралады,  бір  раундта  4  команда  =  8

спикерден  ойын  көрсетеді.  Резолюция  (тақырып)  ойын  басталардан  8  минут

бұрын  беріледі  жəне  командалар  позицияларға  (Ашушы  үкімет,  Жабушы

үкімет,  Ашушы  оппозиция,  Жабушы  оппозиция)  бөлінеді.  Əр  позиция  өз

міндетін  атқарып  шығуы  тиіс.  Үкімет  мүшелері  Оппозиция  мүшелеріне

қарсылас болып есептеледі. Алдымен ашушы үстелдер, олардан соң жабушы

үстелдер  сөз  кезегін  алады.  Əр  спикердің  сөйлеу  уақыты  қысқартылған

форматпен  4  минутты  құрайды.  Əр  команда  1-ші,  2-ші  спикерден  тұрады.

Команда  (2  ойыншы)  қай  спикер  кім  болатынын  өздері  шешеді.  Сөйлеу

реттілігі төмендегідей:

1. Ашушы үкімет 1-спикері;

2. Ашушы оппозиция 1-спикері;

3. Ашушы үкімет 2-спикері;

4. Ашушы оппозиция 2-спикері;

5. Жабушы үкімет 1-спикері;

6. Жабушы оппозиция 1-спикері;

7. Жабушы үкімет 2-спикері;

8. Жабушы оппозиция 2-спикері.

Жабушы  үстелдердің  2-спикерлері  «үкімет  хатшысы»,  «оппозиция

хатшысы»  деп  аталады.  Олардың  міндетіне  дауласу  емес,  ойынға

тұтастай сараптама жасап, шынайы жеңімпаздың басымдықтарын

салыстырмалы

дəлелдеу,



резолюцияны

қай


тараптың


дəлелдей алғандығын анықтап, қорытындылап беру

кіреді.

Сұрақ-жауап,  пікір  білдіру  қарсыластарға  ғана  бағыттала  алады  жəне  тек

қарсыласының  сұрақты  немесе  пікірді  қабылдауға  ықтияр  білдіруі  кезінде

ғана орындалады. Сұрақ-жауапқа қосымша уақыт берілмейді. Əр спикердің 4

минут  уақытының  ішінен  жұмсалады.  Алайда,  сұрақты  қабылдамауға  да

болады, қабылдаған жағдайда батылдық танытқандығы ретінде қабылданады.

Сұрақ қоюшы спикер «Сұрақ қабылдайсыз ба?», «Осы туралы бірер ауыз сөз»

т.б.  сөз  тіркестерін  қолдана  отырып,  сөйлеушіге  сұрақ  қою  немесе  пікір

білдіру  ниетін  жеткізеді.  Сөйлеуші  спикер  қабылдаған  жағдайда  сұрақ

қоюшыға ол үшін 15 секундтан аспайтын уақыт қана беріледі. Бір сұрақ пен

екінші  сұрақтың  арасы  да  15  секундтан  жиі  болмауы  керек.  4  минуттың

алғашқы  жəне  соңғы  минуттары  қорғалған  уақыт  болып  есептеліп,  сұрақ

қоюға  жол  берілмейді.  Хатшылардың  4  минуты  тұтастай  қорғалған  уақыт

болып танылады, оларға сұрақ қойылмайды.

Резолюцияны  берілген  қалпындағы  позицияда  Үкімет  ұстанады,  ойынға



енгізеді.  Оппозиция  оларға  қарсы  позиция  ұстанады  (мүмкін←мүмкін  емес,

тиіс←тиіс  емес,  деп  есептейді←есептемейді).  Жабушы  үкімет  Ашушы

үкіметті, Жабушы оппозиция Ашушы оппозицияны жақтайды.

Бір  ойын  (раунд)  40  минутқа  созылады.  Ойынға  төреші  бекітіледі.  Ойын

барысында  тəртіп  бұзуға,  өзгелерге  əдейі  кедергі  келтіретін  əрекеттер

жасауға,  уақыт  лимитінен  15  секундтан  артық  асып  кетуге,  жеке  басқа  тіл

тигізуге,  хатшылар  өз  сөзінде  жаңа  ой  қосуына  қатаң  тыйым  салынады.

Төреші шешімімен əр спикерге спикерлік балл 50-100 аралығында қойылады.

Команда  мүшелерінің  спикерлік  баллдары  жинақталып,  əр  раундтағы  4

команда  арасында  ранг  (орын)  анықталады.  1-ранг  алған  командалар  келесі

кезең – дөңгелек үстелге қатысуға жолдама алады.

9:00-9:40

І раунд (1-4 жұптар)



9:40-10:20

ІІ раунд (5-8 жұптар)



10:20-11:00

ІІІ раунд (9-12 жұптар)



11:00-11:40

ІV раунд (13-16 жұптар)



11:40-12:20 V раунд (17-20 жұптар)

12:20-13:00 VI раунд (21-24 жұптар)

Ойнатылатын  резолюциялар  (əр  раундта  жеребе  арқылы  бір  тақырыптан

ойнатылады):

1.  Бұл  палата  оқытушының  міндеті  білім  алушының  міндетінен

маңыздырақ деп есептейді.

2. Бұл палата оқытудың бихевиористік үлгісі тиімдірек деп санайды.

3.  Бұл  палата  авторитарлы  мемлекеттердегі  орта  білім  беретін

мекемелер  үшін  "əр  балаға  "біртұтас  тұлға"  ретінде  қарау"  принципі

болашақта қауіп төндіреді деп санайды.

4. Бұл палата мектептен тыс тиімді оқыту жолын ұсынады.

5. Бұл палата мінез-құлық, іс-əрекеттер мұғалімнің құзіреттілігіне кері

əсерін тигізетініне сенеді.

6.  Бұл  палата  ұлттық  білім  беру  əдіс-тəсілдерін  мемлекет  саясатына

ендіреді.

Дөңгелек үстелдің өту барысы туралы:

Іріктеуден  өткендер  –  6  жұп,  12  қатысушы  арасында  талқыға  салынатын

тақырып  – 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет