Түзету жұмысының техникасы мен əдістерін таңдау, оның жетістігін бағалау
критерийлерін анықтау соңында оның мақсаттары анықталады.
Түзетудің мақсаттарын нақтылау кезінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:
1. Түзету жұмысының мақсаттары позитивті формада құрылу керек.
2. Түзету жұмысының мақсаты шынайы жəне түзету
жұмысының ұзақтығына,
клиенттің жаңа позитивті тəжірибені жəне түзету сабақтарында игерілген əрекет
тəсілдерін шынайы өмірлік қатынастың тəжірибесіне ауыстыру мүмкіндігіне
сəйкес болу керек.
3. Түзету жұмыстарының жалпы мақсаттарын құрастыру кезінде тұлға дамуының
алыс жəне
жақын перспективасын ескеру, түзету бағдарламасының аяғына қарай
клиенттің интеллектуалдық жəне тұлғалық дамуының
нақты көрсеткіштерімен
қатар, клиенттің ары қарайғы даму кезеңінде іс-əрекет жəне қарым-қатынас
ерекшелігі осы көрсеткіштердің көріну мүмкіндігін жоспарлау қажет.
4. Түзету жұмысының нəтижесі ұзақ уақыт аралығында көрінетінін ескеру керек:
түзету жұмысының үрдісінде; оның аяқталар сəтінде;
жарты жылдан кейін
клиенттің түзету жұмысының жағымды нəтижесін жоғалтуы немесе нығайтуы
туралы нақты айтуға болады.
№ 15 дəріс
Тақырып: Мінез-құлықтық терапия
Дəріс мазмұны:
1. Мінез-құлық терапиясы туралы түсінік.
2. Мінез-құлық терапиясының принциптері.
3. Мінез-құлықтық терапияның техникалары.
Мінез-құлықтық психотерапия үйренудің əр түрлі түрлерін негізгі мінез-құлықтың
техникалары ретінде қарастырады.Оперантты түрде негізделудің мəнін келесідей түрде
көрсетуге
болады:Мінез-қүлық
өзінің
нəтижесімен
жəне
көріну
салдарымен
бақыланады.Когнитивті психотерапия ойлаудың түрін
өзгертуге, соның нəтижесінде
психологиялық бұзылыс жағдайын жақсартуға бағытталған психологиялық үрдісте
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: