Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет72/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

Иван Васильевич Киреевский (1806–1856) славянофилдар кон­цеп­­циясының философиялық негіздерін одан әрі дамытқан ғалым. «О харак­тере про­свешения в Европе и о его отношениик просве­ще­нию Рос­сии» деп аталатын мақаласында орыс рухани әлемін батыс мәдениеті­мен салыстырады. Ал оның інісі Петр Васильевич «О древней русской истории» кіта­бында Погодиннің норман теориясын одан әрі дамытуын сынайды.
3. ХІХ ғасырдың орта шеніндегі Ресей буржуазиялық та­рих­на­ма­сы.
Ресейде буржуазиялық тарихнаманың дамуына әсер еткен неміс тарихшысы Иоганн-Филип-Густав Эверс (1781–1808). Ресейдегі ғы­лы­ми қыз­метін 1810 жылы Тарту университетінің профессорлығынан бас­та­­ды. Оның тарихи көз­қарасы ғылымдағы жаңашылдық пен кон­сер­ва­ти­­з­­м­­­­нің араласуы негізінде қал­ып­тасты. Ол абсолютті монархияны мемле­кеттің «табиғи түрі» деп есептеді.
Оның алғашқы еңбектері Ресейдің көне тарихына арналды. Рустар­дың тарихи отанын ол Қара теңіздің солтүстік жағалауы деп есептеді. Мұның өзі норман те­о­риясын жоққа шығаруға талпыныс еді.1816 жылы оның неміс тілінде « Исто­рия русов» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Бұл кітап орыс тарихы жөнінде ХҮІІІ ғасырда жарық көрген еңбектер­дің жалғасы іспетті еді. Орыс тарихын езеңдеуде ол Шлецер­ден, Тати­щев­тен және Щербатовтан аса алмады.
Орыс тарихнамасына Эверстің кіргізген жаңалығы , ол халықтың ішкі өмірі­не қатты көңіл бөлді. Орыс мемлекетінің құрылымы, басқару жүесі,ха­лықтың азаматтық жағыдайы мен күнделікті жұмысы,рухани табхғаты мен діни сенім­дері,заң, көршілері мен қатынасы, өнері мен ғылымы кітаптың жартсынан ар­ты­ғын алып жатыр.
Орыс тарихын ол ,кейбір тарихшылар сияқты мемлекеттің пайда болуымен байланыстырмайды, славяндар жөнінде алғашқы деректерден бастайды.
Орыс мемлекетінің құрылуы тарихына арнап «Древнейшее русское право в ис­торическом его раскрытии»атты еңбек жазды. Онда ол орыс қоғамының құрылу тарихын баяндайды. « Я намерен покозать на оснавании истории России постепенный ход права, возникавшего из так называемого патриар­хального сос­тояния гражданского общес­тва - деп жазды ол. Ол бұл процесстің «адамзат қауымының табиғи дамуы» екендігін түсінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет