Педагогтің Т.А.Ә.
|
Кадырова А.Ш
|
Күні: 01.09.2023
|
|
Сынып: 7 «Г»
|
Қатысушылар саны:26
|
Қатыспағандар саны:0
|
Тәрбие тақырыбы
|
«Мектебім мейірім мекенім!»
|
Құндылық
|
Ұлттық мүдде
|
Мақсаттары
|
балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту; оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету; оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа, кішіпейілдікке тәрбиелеу.
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Ресурстар
|
|
Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі
Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.
«Болжам жаса»
1-ші бұлттың тапсырмасы: Мәтінмен жұмыс
«Қайырымды бала » мәтінін оқып, талдау.
Мирас мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты.Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті –қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..
|
Достарыңызбен бөлісу: |