Педиатрия факултетінің



бет1/6
Дата01.03.2024
өлшемі307.67 Kb.
#493526
  1   2   3   4   5   6
Реферат Ахмурзиева ЗАмира



"Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті"коммерциялық емес акционерлік қоғамы


МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: «Тренажерлар және оларды физикалық қасиеттерді дамыту үщін қолдану. Тренажерлардағы жаттығулар кешені»


Орындаған: Педиатрия факултетінің
103-топ Студенті Ахмурзиева Замира
Қабылдаған: «Дене тәрбиесі»
кафедрасының оқытушысы
Асылхан Амирханұлы

Ақтөбе қаласы, 2023 жыл



Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымының даму тарихы
Дене тəрбиесі жəне спорт физиологиясы ғылымы – салыстырмалы түрде алып қарағанда, жас ғылым. Дегенмен, ерікті қозғалыстардың физиологиялық табиғатын зерттеу нəтижелері көптеген жылдар бойы қалыптасқан. Өмірдің басқа да қажеттілігіне қарай туындайтын барлық қозғалыстар тəрізді спорттық жаттығулар үдерісінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орындалатын қозғалыстар да физиологиялық заңдылықтар негізінде орындалады. Ол қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу нəтижелерімен толықтырылып даму үстінде. Дене жаттығулары физиологиясы ғылымының даму тарихы АҚШ-та 1927 жылы шаршау құбылысын зерттеуге бағытталған Гарвард зертханасының тұңғыш директоры болған Дэвид Брюс Дилл есімімен байланысты. Ол қоршаған ортаның төтенше жағдайларына, дене жүктемелеріне бейімделу мəселелерімен шұғылданған. Ең алғашқы оқулық Ф. Ла Гранждың «Дене жүктемесі физиологиясы» (LaGrange F. Physiology of bodily exercise.London: Kegan Paul International, 1889) атты еңбегі болып табылады. Уолтер Флетчер мен Фредерик Гоуленд Хопкинс бұлшық еттің жиырылуы мен лактат түзілуі арасындағытығыз байланыстыанықтады. Бұлшық еттіңжиырылуын қамтамасыз ететін энергия бұлшық еттік гликогеннің сүт қышқылына дейін ыдырауынан түзілетіндігі белгілі болды. Бұлшық еттің жиырылуына едəуір көп энергия жұмсалатын болғандықтан, бұлшық ет ұлпасы жасушалық метаболизмнің құпиясын ашуға себепші болды. 1921 жылы А. Хилл энергиялық метаболизмді зерттеуге бағытталған жұмыстары үшін Нобель сыйлығының иегері атанды. Осы уақыттарда Альберт Сенф-Дьёрди, Отто Мейергоф, Август Крог жəне Ханс Кребс сынды Нобель сыйлықтарының лауреаттары тірі жасушалардың энергия өндіруі мəселелері бойынша белсенді зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың 60-жылдары Дж. Бергстрем, Бенгт Солтен (Стокгольм) тамақтану рационының бұлшық ет қоректенуі мен төзімділігіне ықпалын зерттеді. Реджи Эджертон (Калифорния университеті, Лос-Анджелес) жəне Фил Голлник (Вашингтон штаты университеті) бұлшық ет талшықтары мен олардың дене жаттығуына реакциясын зерттеу тəжірибелеріне егеуқұйрықтарды пайдалана бастады. Ерікті қозғалыстардың физиологиялық негіздерін зерттеуде орыс ғалымдары: И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский, Н. А. Бернштейн, П. К. Анохин, А. Н. Крестовников, Н. В. Зимкин жəне т.б.-дың еңбектерінің үлесі зор. Адамның ерікті қозғалыстары туралы ілімнің рефлекстер жүйесі ретінде негізін орыс ғалымы, физиолог И. М. Сеченов қалаған. Ол алғаш рет «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде адамның психикалық жəне ерікті қозғалыс əрекеттерінің рефлексті табиғатын дəлелдеген. Ол барлық ерікті қозғалыстар, психикалық құбылыстар жəне ойлау рефлексті түрде іске асады деп түсіндірген. Оның бұл ілімін И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан эксперимент түрінде дəлелдеген жəне дамытқан. Ол жоғары жүйке қызметін шартты рефлекстерді тудыру арқылы зерттей отырып, ерікті қозғалыстардың рефлексті табиғатын негіздеудің негізгі іргетасын қалаған. И. П. Павлов сыртқы орта факторларының ықпал ету кезіндегі тұтас организмдегі физиологиялық қызметтерді ұзақ жылдар барысында зерттеген. Оның детерминизм, құрылымдық, анализ жəне синтез сияқты рефлекстік теория принциптері уақытпен шыңдалып, осы күнге дейін маңызын жоймаған. Адамның қозғалыс əрекетінің физиологиялық механизмдерін зерттеуде Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский өз үлестерін қосқан. Н. Е. Введенскийдің парабиоз теориясы сыртқы əсерлерге тірі ұлпалардың əмбебап жауабы ретінде организмнің қызметтік мүмкіндігін, соның ішінде қозғалыс əрекетін анықтайтын қозу мен тежелу үдерістерінің генетикалық бірлігін ашып көрсетеді. А. А. Ухтомскийдің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі заңдылығы – доминанта туралы ілімінің соңғы қозғалыс əрекетінің қалыптасуындағы күші бойынша əртүрлі қозу ошақтарының күрделі өзара қарым-қатынасы механизмдерін түсінуде маңызы зор. Жүйке қызметінің механизмдерін зерттей отырып, белгілі ағылшын физиологы Ч. Шеррингтон жүйке жүйесінің интегративті қызметі туралы ілімнің дамуына атсалысты. Оның реципроктық (ілеспелі) тежелу туралы еңбектері қозғалыс координациясы (үйлесімділігі) туралы ілімнің жетілуіне өз үлесін тигізді. Қозғалыс жəне вегетативтік қызметтердің жоғары үндесуінің ішкі табиғатын ашуда У. Кеннонның гомеостаз туралы ілімінің айтарлықтай септігі бар. У. Кеннон организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын сақтау мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-адреналдық жүйенің маңызын негіздеген.
Қимыл дағдыларын зерттеудің негізгі əдістерін: 1. Қозғалыстың сыртқы құрылымын сипаттайтын əдістер (кино, фото, видео, телетүсірілімдер, тензометрия, динамометрия, гониометрия, циклография жəне т.б.); 2.Қозғалыстың ішкі құрылымын сипаттайтын əдістер (электрофизиологиялық əдістер: электроэнцефалография, электромиография, электрокардиография, қимыл бірліктерінің белсенділігі мен Н – рефлекстерін жазу) деп 2 топқа жіктеуге болады. Қимыл дағдыларын кешенді бағалау биомеханикалық жəне физиологиялық көрсеткіштерді бір мезгілде тіркеу арқылы жүргізіледі. Бұл бірнеше құралдар көмегімен жүзеге асырылады (4-7 суреттер). Білезікке тағатын электрондық пульсометрлер ыңғайлы əрі дəл көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет