Пән бойынша оқыту бағдарламасының титул парағы



Дата21.06.2016
өлшемі307.73 Kb.
#151422

Пән бойынша оқыту бағдарламасының титул парағы

(Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Механика және мұнай-газ ісі кафедрасы


ПӘН БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)
Мұнай газ саласындағы технология мен техника

«5В070800 – Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттеріне арналған


Павлодар



Пән бойынша оқыту бағдарламасын бекіту парағы

(Syllabus)







Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38




БЕКІТЕМІН

ММжКФ деканы

________________ Т.Т. Токтаганов

«___»_____________20__ж.

Құрастырушы: х.ғ.к., доцент ______________________ Колпек А.К.


Механика және мұнай-газ ісі кафедрасы
Пән бойынша оқыту бағдарламасы

(Syllabus)
Мұнай-газ саласындағы технология мен техника
«5В070800 – Мұнай-газ ісі» мамандығының күндізгі оқу нысанындағы студенттері үшін
Бағдарлама «____» _________20__ж. бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалған
Кафедра отырысында ұсынылды «___»____________20__ж.

Хаттама №_____.


Кафедра меңгерушісі ______________________ Мустафин А.Х.

ММжКФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған

«_____»______________20__ж. Хаттама №____
ОӘК төрағасы _____________________ Ахметов Ж.Е.


1 Оқытушылар жөнінде мәліметтер

Дәріс сабақты беретін х.ғ.к., доцент – Колпек Айнагүл Көлпекқызы

Кафедраны «Механика және мұнай-газ ісі» Б корпусында (ак. Шөкин көшесі 139), аудитория А-215 табуға болады. Телефон (8-7182) 673663

Кафедрада қабылдау уақыты: жұмы 10 сағаттан 17 сағатқа дейін.


2 Пән жөнінде мәліметтер

«Мұнайгаз саласындағы техника мен технология » пәні - 050708 – «Мұнайгаз ісі» мамандықтары бойынша бакалаврлардың кәсіби білімдерін пішіндейтін арнайы пән. Пәнді оқып үйренудің мақсаты – студенттерді техника мен технология туралы негізгі мағлұматтармен таныстыру, техниканың өндіріс салаларын дамытудағы ролімен және зерттеу жұмыстарының алғашқы әдістерімен таныстыру. Техника-технологиялық прогрестің жаңа жетістіктерін практикада творчестволық түрде пайдалана алатын жоғары білімді мамандарды дайындау және тәрбиелеудің ең маңызды жолының бірі ол студенттердің техникаи-зерттеу және конструкторлық жұмыстарын жетілдіру.

Техникалық - зерттеу бағытын таңдау, техникалық-зерттеу жұмысын жүргізудің оңтайлы бағдарламасын анықтау. Негізгі кезеңдерді меңгеру; зерттеулердің көкейтесті тақырыптарын бағалау және таңдау; зерттеудің мақсатын қою және әдістерін негіздеу; аналитикалық және эксперименттік зерттеулер жүргізу; алынған нәтижелерді өңдеу, талдау және ақиқаттылығын бағалау; инженерлік-зерттеу жұмысына қызығушылықты дамыту және оның қоғамдық маңызын анықтау
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттың саны

Аудиториялық сабақтардың сағаттың саны

СӨЖ сағаттың саны

Бақылау формасы

барлығы

Дәріс

Тәжирибелік

Лабораториялық

барлығы

6

4

60

30

30

-

120

емтихан

























барлығы




60

30

30

-

120



4 ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Пәнді оқытудың мақсаты – ұңғымаларды бұрғылау, мұнай және газ кенорындарын әзірлеу мен пайдалану бойынша бакалаврды қалыптастыруға ықпал етеді.

Пәнді оқытудың міндеті – студентгердің ұңғымаларды салу, мұнай мен газды өндіру технологиясының негіздерін зерделеу болып табылады.

5 Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиісті:

білуі керек: болашақ маман өнімді нысандарды аршу тәсілін сауатты таңдау, ұңғымалар конструкциясын жобалау, өнімді қабаттарға әсер ету әдістерін таңдау, «ұңғыма-қабат» жүйесінің жұмыс режимін есептеу дағдыларын меңгеруі тиіс.

істей білуі керек: теориялық сипатты мәселелрді шешу; анықтамалық және арнайы әдебиеттерді пайдалану; есептеу және сызба жұмыстарын жүргізе білу; тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйене отырып, алынған өнімдердің негізгі сипаттамаларын анықтау.

6 ПРЕРЕКВИЗИТТЕР – Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: қолданбалы математика, физика, материалдардың кедергісі, машиналар мен механизмдер теориясы.

7 Постреквизиттер

Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:


1. Мұнай газ қондырғыларын коррозиядан қорғау
8 Пәннің мазмұны

8.1 Пәннің тақырыптық жоспары



р/с


Тақырыптар атауы

Сағат саны







Дәр.

Прак

СОӨЖ

1

2

3

4

6

1

Кіріспе. Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау

2

2

6

2

Таужыныстарды қирату

1

1

7

3

Бұрғылау қондырғылары мен құрал-жабдықтары

1

1

6

4

Теңіз мұнай-газ құрылыстары

2

2

7

5

Бұрғылу және тампондау ерітінділері

2

2

6

6

Ұңғымаларды шаю

1

1

6

7

Бұрғылау режимдері

2

2

7

8

Ұңғымаларды аяқтау

2

2

7

9

Мұнай және газ ұңғымаларын игеру

1

1

6

10

Бұрғылау процесіндегі күрделенулер мен апаттар

1

1

6

11

Бұрғылауда пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары

1

1

6

12

Мұнай-газ қабатының физикасы

2

2

7

13

Таужыныстардың жинауыштық қасиеттері

1

1

6

14

Қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістері

2

2

6

15

Мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану тәсілдері

2

2

7

16

Ұңғымаларды пайдалану кезіндегі құрал-жабдықтар мен аспаптар

2

2

7

17

Кеніштерде мұнайды жинау және даярлау

1

1

6

18

Газ және газ-конденсат кенорындарын әзірлеу

2

2

6

19

Газды жер астында сақтау

2

2

7

Барлығы:

30

30

120


8.2 Пәннің тақырыптық мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау.

Мұнай-газ операциялары туралы жалпы мәліметтер. Ұңғымаларды салу тәсілдері. Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері. Кеніштерде мұнай мен газды тасымалдау үшін жинау және даярлау.



Ұңғымаларды бұрғылаудың даму тарихы. Ұңғымалардың жіктемесі. Ұңғымаларды бұрғылау тәсілдері. Ұңғымаларды салу циклі туралы ұғым. Бұрғылау бағанының міндеті мен құрамы. Бұрғылау бағаныны технологиялық жабдықтау. Бұрғылау бағанындағы жұмыс жағдайы және пайда болатын кернеу. Көлбеу және еңіс бағытталған ұңғымаларды бұрғылаудың мақсаты мен тәсілдері. Ұңғымаларды шоқтап орналастыру. Көп ұңғылы және көп ярусты ұңғымалар.

2 Тақырып. Таужыныстарды қирату. Мұнай және газ кенорындарының қимасын құрайтын таужыныстары. Таужыныстардың механикалық қасиеттері. Таужыныстарды қирататын аспаптардың жіктемесі. Тұтас ұңғымен және керн алу арқылы бұрғылауға арналған қашаулар. Бағаналық бұрғылауға арналған снарядтар. Арнайы мақсаттағы бұрғылау қашаулары.

3 Тақырып. Бұрғылау қондырғылары мен құрал-жабдықтары. Мұнай мен газға терең бұрғылау үшін бұрғылау қондырғылары, олардың негізгі сипаттамалары мен жіктемесі. Бұрғылау қондырғысының жетектері. Айналмалы бұрғылау мен түсіріп-көтеру операцияларына арналған құрал-жабдықтар. Бұрғылау қондырғысы циркуляциялық кешенінің құрал-жабдықтары. Шығарып тастауды болдырмайтын құрал-жабдық.

4 Тақырып. Теңіз мұнай-газ құрылыстары. Мұнай мен газдың теңіз кенорындарын әзірлеудің ерекшеліктері (гидрометеорологиялық, геоморфологиялық, геологиялық факторлар). Инженерлік геологиялық ізденістер. Жасанды аралдар. Қалқыма бұрғылау қондырғылары. Бұрғылау кемелері. Теңіз тұрақты платформалары. Теңіз ұңғымаларының конструкциясы.

5 Тақырып. Бұрғылу және тампондау ерітінділері. Бұрғылау ерітінділерінің функциясы. Бұрғылау ерітінділеріне қоятын талаптар. Бұрғылау ерітінділерін таңдау принциптері. Бұрғылау ерітінділерінің типтері мен рецептурасы. Мұнай негізіндегі бұрғылау ерітінділері. Газдар және газды сұйықтық агенттер. Бұрғылау ерітіндісін газ бен шламнан тазарту. Тампондау ерітінділері мен тасының қасиеттері.

6 Тақырып. Ұңғымаларды шаю. Ұңғымаларды шаю функциясы мен ережелері. Ұңғымаларды шаю режиміне қойылатын талаптар. Ұңғымаларды шаю процесін есептеу. Бұрғылау ерітінділерін даярлау жүйесі. Бұрғылау еретідісіндегі қатты фазаның мөлшері мен құрамын реттеу. Ұңғымаларды шаю процесін басқару және бақылау құралдары.

7 Тақырып. Бұрғылау режимдері. Бұрғылау режимі, оның параметрлері мен қашаулар жұмысының көрсеткіштері туралы ұғым. Бұрғылау режимі параметрлерінің жаңа қашау үңгуінің механикалық жылдамдығына тигізетін әсері. Бұрғылау режимі параметрлерінің қашаудың тозуына және оның жұмыс көрсеткіштеріне әсері. Айналмалы бұрғылау режимінің айрықша ерекшеліктері. Қашаудың ұтымды пайдаланылуы.

8 Тақырып. Ұңғымаларды аяқтау. Шаю ерітіндісінің өнім беруші қабатқа ықпалы. Өнімді қабаттарды бастапқы аршу тәсілдері. Перспективалы горизонттарды сынамалау технологиясы. Ұңғымаларды бекітудің мақсаты мен тәсілдері. Ұңғыма конструкциясын жобалау принциптері. Шегендеуші құбырлар және олардың біріктірілуі. Ұңғымадағы шегендеуші бағанның жұмыс жағдайы. Шегендеуші бағандарды есептеу принциптері, шегендеуші бағандарды ұңғымаға түсіру технологиясы. Ұңғымаларды цементтеу мәселелері мен тәсілдері. Цементтеуден кейінгі қорытынды жұмыстар.

9 Тақырып. Мұнай және газ ұңғымаларын игеру. Ұңғыманы игеруге даярлау. Өнімді қабатты теспелей қайтара аршу. Теспелеу түрлері және олардың тиімділігі. Қабаттан ағыс туғызу тәсілдері, ұңғыманы игеру. Ұңғыманы игеру кезінде қабатқа ынталандыраушы ықпалдың принциптері. Ұңғымаларды сынау. Ұңғымаларды сақтау және жою.

10 Тақырып. Бұрғылау процесіндегі күрделенулер мен апаттар. Күрделендірудің жіктемесі. Шаятын сұйық пен тампондау ерітіндісінің жұтылуы. Апаттың түрлері, себептері және оларды болдырмау шаралары. Қармағыш аспаптар және олармен жұмыс жасау. Апат кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

11 Тақырып. Бұрғылауда пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары. Бұрғылау процесін компьютерлік техника мен серіктік байланысты қолдана отырып, ақпараттық қамтамасыз ету. Бұрғылау режимі параметрлерін бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура. Ұңғы параметрлерін бақылаудың телеметрикалық жүйелері.

12 Тақырып. Мұнай-газ қабатының физикасы. Таужыныстарының физикалық және жылулық қасиеттері. Табиғи газ бен мұнайдың құрамы және физикалық қасиеттері. Көмірсутектік жүйелердің фазалық күйі. Қабаттық су және оның физикалық қасиеттері. «Мұнай-газ-су-таужыныс» жүйесінің молекулалық – беттік қасиеттері. Мұнайды қабаттан су мен газ арқылы ығыстырудың физикалық негіздері.

13 Тақырып. Таужыныстардың жинауыштық қасиеттері. Таужыныс-жинауыштар, олардың сүзілу қасиеттері. Жинауыштардың мұнай-, газ-, суқанықтылығы. Қабаттық мұнай мен газдар. Газ-конденсаттар мен газ-гидраттар.

14 Тақырып. Қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістері. Қабаттарға жасанды ықпалдың мақсаттары. Мұнай өндіруді қарқындату мақсатында қабатқа әсер ету әдістері.

Ұңғымалардың ұңғы аймағына әсер ету тәсілдерінің жіктемесі. Қабатты қышқылмен өңдеу, гидравликалық ыдырату, қабатқа жылумен және аралас әсер ету кезіндегі технологиялық процестердің физикалық негіздері және оларды есептеу принциптері. Мұнда қолданылатын техникалық құралдыр.



15 Тақырып. Мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану тәсілдері. Кенорындарды әзірлеу стадьялары. Ұңғымаларды пайдалану тәсілдері. Пайдаланудың бұрқақтық тәсілі. Бұрқақтату жағдайлары және оны ұзартудың мүмкін әдістері.

Газлифттік пайдалану.

Терең сораптық пайдалану.

Батырылған электрлік сыртқа тепкіш сорап қондырғылары және олардың жіктемесі.



16 Тақырып. Ұңғымаларды пайдалану кезіндегі құрал-жабдықтар мен аспаптар. Бұрқақтық арматура. Бұрқақтық арматураның кептеме құрылғылары. Бұрқақтық ұңғымалардың манифольдылығы.

Ұңғымаларды газлифттікпайдалануға арналған құрал – жабдықтардың құрамы.

Штангасыз сораптар және оларды қолдану алқабы. Білдектер-тербелмелер.

17 Тақырып. Кеніштерде мұнайды жинау және даярлау. Мұнайды жинау мен даярлау жүйелерінің қызметі және олардың элементтері. Ұңғыма өнімдерін есепке алу. Кеніштік құбырлар. Мұнайды ажырату. Кенорнында мұнайды даярлау. Мұнай қоймалары.

18 Тақырып. Газ және газ-конденсат кенорындарын әзірлеу. Табиғи газдың негізгі параметрлері. Газ ұңғымалары. Ұңғымаларды зерттеу және оларды пайдаланудың технологиялық режимін негіздеу. Газ және газ-конденсат кенорындарын жобалау және әзірленуін талдау. Кеніште газды жинау және даярлау.

19 Тақырып. Газды жер астында сақтау. Газды тұтынудың маусымдық және тәуліктік әртүрлілігі. Газды жер астында сақтаудың мақсаттары мен артықшылықтары. Газды іріктеудің және қоймаға айдаудың технологиялық сұлбасы. Газды сарқылған немесе жартылай сарқылған газ және газ-конденсат кенорындарында сақтау. Газды жер астындағы сулы құрылымдарда сақтау.

8.3 Практикалық сабақтардың мазмұны

1. Еңіс – бағытталған ұңғымалардың кескінін есептеу.

2. Қашау жұмысының көрсеткіштерін тау жыныстардың беріктігіне байланысты анықтау.

3. Бұрғылау қондырғысы циркуляциялық кешенінің құрал-жабдықтары. Шығарып тастауды болдырмайтын құрал-жабдық.

4. Бұрғылау кемелері. Теңіз тұрақты платформалары. Теңіз ұңғымаларының конструкциясы.

5. Бұрғылау ерітіндісінің берілген көлемін дайындау үшін материалдарға қажеттілікті есептеу.

6. Бұрғылау қондырғысының циркуляциялық жүйесі элементтерін зерттеу.

7. Бұрғылау режимінің параметрлерін есептеу.

8. Ұңғымалар конструкциясын таңдау.

9. Теңіз ұңғымалары ернеуініңі құрал-жабдықтары.

10. Қармағыш аспаптар және олармен жұмыс жасау. Апат кезіндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

11. Ұңғы параметрлерін бақылаудың телеметрикалық жүйелері.

12. Өзгермелі термодинамикалық жағдайдағы мұнай мен газдың физикалық қасиеттерін есептеу.

13. Өндіруші ұңғымадағы сораптық – компрессорлық құбырлар бағанындағы қысымның таралуын есептеу.

14. Ұңғыманың ұңғы аймағына әсері.

15. Ұңғымаларды газлифттік пайдалану.

16. Ұңғымаларды терең сораптық пайдалану.

17. Ұңғымаларды қышқылмен өңдеу техникасы мен технологиясы.

18. Ұңғымаларды ағымдық және жер астында жөндеу аспабы.

19. Газ және газ-конденсат ұңғымаларының дебитін (шығымын) анықтау.


8.4 СӨЖ мазмұны



СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Көлемі сағатпен

1

Дәріс сабақтарына дайындық




Сабаққа қатысу

20

2

Практикалық сабақтарға дайындық

Тәжірибелік жұмыстарды орындау әдістемелерін үйрену

ПЖ орындау

40

4

Семестрлік тапсырмаларды орындау

Реферат, доклад және т.б.

СЖ қорғау

40

5

Бақылау жұмыстарына дайындық




МБ 1, МБ 2, коллеквиум және т.б.

20

Барлығы

120


8.4.1 Студенттерге өз бетінше оқуға арнайы ұсынылатын тақырыптар

  1. Ұңғыманың конструкциясы

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(5-16 бет); 2 (5-20 бет); 6 (45-63 бет)]

  1. Еңіс-бағытталған ұңғымалардың кескінісі

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(16-28 бет); 2 (15-32 бет); 3 (55-58 бет)]

  1. Бұрғылау және тампондау ерітінділері

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(20-35 бет); 2 (21-40 бет); 4(20-32 бет)]

  1. Ұңғымаларды шаю

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(28-45 бет); 2 (41-62 бет); 5 (5-18 бет)]

  1. Бұрғылау режимдері

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(45-60 бет); 2 (52-70 бет); 6 (36-52 бет)]

  1. Қашаулардың тұрлері

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(60-86 бет); 2 (65-89 бет); 5 (20-35 бет)]

  1. Ұңғымалардың газлфтігін пайдалану

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(87-93 бет); 2 (90-112 бет); 3 (5-36 бет)]

  1. Мұнай-газ ұңғымаларын пайдалану тәсілдері

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(90-115 бет); 2 (112-123 бет); 4 (45-70 бет)]

  1. Апаттың түрлері, себептері және оларды болдырмау шаралары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(102-126 бет); 2 (115-130 бет); 5 (60-90 бет)]

  1. Таужыныстардың физикалық және жылулық қасиеттері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(127-136 бет); 2 (120-145 бет); 3 (60-85 бет)]

  1. Табиғи газ бен мұнайдың құрамы және физикалық қасиеттері

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(136-145 бет); 2 (146-160 бет); 6 (80-98 бет)]

  1. Ұңғымаларды пайдалану кезіндегі құрал-жабдықтар мен аспаптар

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(146-158 бет); 2 (162-175 бет); 5 (63-120 бет)]

  1. Ұңғыма өнімдерін есепке алу. Кеніштік құбырлар.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(150-167 бет); 2 (176-190 бет); 3 (80-125 бет)]

  1. Бұрқақтық арматура.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(167-182 бет); 2 (182-200 бет); 4 (80-120 бет)]

  1. Бұрқақтық ұңғымалардың манифольды.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(186-201 бет); 2 (200-236 бет); 6 (100-136 бет)]

  1. Газды жер астындағы сулы құрылымдарда сақтау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(200-225 бет); 2 (236-245 бет); 5 (121-160 бет)]

17. Мұнайды ажырату. Кенорнында мұнайды даярлау. Мұнай қоймалары.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(225-248 бет); 2 (245-270 бет); 4 (120-180 бет)]

18. Кенішті газды жинау және даярлау.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(248-270 бет); 3 (235-260 бет); 6 (140-180 бет)]


  1. Газды жер астындағы сулы құрылымдарда сақтау

Ұсынылатын әдебиеттер: [1(270-290 бет); 3 (260-312 бет); 4 (270-340 бет)]


9. Пәннің қысқаша мазмұны

Мұнай газ саласындағы технология мен техниканың бүгінгі сұранчқа сай жылдам дамуы мұнай өңдейтін орындардың көбеюіне әкелді. Эффективті, экономикалық тиімді, қол жетімді мұнай өнімдерін және газдарды алудың негізгі өнімдері табиғи өнімдерді өңдеу болып табылады. Мұнай мен газ өңдеу саласының тез дамуының негізгі факторлары отандық индустрияландырудың дамуы және оларды оңай өндіру әдістерін оптималды таңдай білуге келіп тіреледі. Ұңғымаларды бұрғылау әдістиерін дұрыс таңдай білудің және мұнай қорының қаншалықты бар екенін анықтай білудің нәтижесінде еліміз экономикасына айтарылқытай жетістіктер келеді. Сондықтар мұнай газ саласындағы технология мен техника пәнін оқып игеру арқылы студенттер мұнайды өңдеудің, ұңғымаларды бұрғылаудың түрлерін меңгеріп, оларды әртүрлі салаларда қолдануға, сақтау және тасымалдау жолдарын білуге жол таба алады.



10. Курстың саясаты

Курстын кейбір құрауыштарынан сіздің білімдеріңіздің деңгейі балдармен бағаланады. Айталық, бір сағаттық сабаққа қатысқаны, сабаққа дайындық, топтағы белсенді жұмыс үшін лекциялық сабақ бойынша 3,0 бал, практикалық сабақ бойынша 5,0 бал қойылады. Практикалық жұмыстарды дер кезінде жасағаны және қорғағаны үшін 10,0 бал қойылады.

Мен сізден оқу үдерісіне белсенді қатысуыңызды сұраймын. Оқу үдерісіне белсенді қатысу дегеніміз - сабақтарға қатысу, талқылауларда және топ жұмысында белсенді болу, курста бірге оқитындарға көмектесу. Топ жұмысына қатысу сапасы сандық көрсеткішке қарағанда маңыздырақ. Мен сізден сабақтарға кешікпеуіңізді сүраймын. Сабақтардағы кез келген тәртіп бұзушылық тіпті аудиториядан шығарып жібергенге дейін жазаланады. Сабақтарды жібергені үшін мен мынадай айыптау шараларын белгілеймін:


  • себепсіз бір лекцияға қатыспағаны үшін 3,0 бал алынып тасталады;

  • себепсіз бір сағаттық практикалық сабаққа қатсыпағаны үшін 5,0 бал алынып тасталады;

  • жіберген сабақтарды жұмыспен өтегені үшін практикалық сабаққа 1,0 бал қойылады.

Барлық аудиториялық уақыт лекцияларға, оқығанды талқылауға, өз

ойларын айтуға және практикалық жұмыстар, жаттығулар орындауға бөлінеді. Сіздің дайындығыңыз бақылау жұмыстарымен, тестілермен коллоквиумдар тапсырумен, ауызша, жазбаша, және түйдектеп сұраумен тексеріледі. Барлық тапсырмалар дер кезінде орындалуы керек. Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар 1,0 балға кем бағаланады. Емтихандарда немесе сұақтарға жауап бергенде, жазбаша бақылау жұмыстарын орындағанда, коллоквиумдар тапсырғанда көшіріп жазуға тиым салынады. Егер кейбір себептермен бақылау шараларын жүргізген кезде сіз оған қатыспаған болсаңыз, онда сізге келесі сабақ басталғанға дейін тапсыруға мүмкіншілік беріледі. Олай болмаған жағдайда сіз «0» бал аласыз.

Әрбір семестрде екі аралық бақылау белгіленген. Онда тақырыптар бойынша коллоквиумдар, жазбаша бақылау жұмыстарын немесе сәйкес бөлімдердің материалдары бойынша тестілеу өткізу көзделген. Қорытынды емтихан жазбаша түрде әрқайсысы үш сұрақтан тұратын билеттер бойынша өткізіледі.
Р1(2) = ЕҮ 1(2)*0,7 + МБ1(2)*0,3

ЕҮ – енбек үлгерімі

МБ – межелік бақылау
Студенттердің білімдерін бағалау шкаласы

Қорытын-ды баға, балл

(И)


Ұпайдың сандық эквиваленті (Ц)

Ұпайдың әріптік эквиваленті (Б)

Дәстүрлі баға (Т)

Емтихан, диф. Сынақ

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Есептелді

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағат

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

С-


55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

49

0

F

Қанағатсыз

есептелмеді



11. Әдебиеттер

Негізгі:

1. Попов А.Н., Спивак АН., Акбулатов Т.О. Технология бурения нефтяных и газовых скважин. - М.: Недра, 2004. -298 б.

2. Мищенко И.Т. Скважинная добыча нефти. Учебное пособие для вузов. - М.: ФГУП Изд-во «Нефть и газ» РГУ нефти и газа им. ИМ. Губкина, 2003. -278 б.

3. Ивановский В.Н. и др. Оборудование для добычи нефти и газа. - М.: РГУ нефти и газа им. И.М. Губкина, 2002. –162 б.

4. Вадецкий Ю.В. Бурение нефтяных и газовых скважин: Учебник. -М. Издательский центр "Академия", 2004. -352 б

Қосымша:

5. Молчанов Г.В., Молчанов А.Г. Машины. Буровое оборудование. 2Справочник в 2-х томах /Абубакиров В.Ф., Архангельский В.Л. және т.б./-М.: Недра, 2000. –346 б.



6. Басарыгин Ю.М., Булатов А.И., Проселков Ю.М. заканчивание скважин. Учебное пособие. - М.: Недра, 2000. -264 б.

Ағымдағы үлгерімдері бақылау іс-шараларының күнтізбелік кестесі

1 рейтинг (6 семестр)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Барл.

Апта ішіндегі үлкен балл

6

9

22

11

10

15

16

111

200

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі

ҮТ 1




ҮТ 2




ҮТ 3




ҮТ 4




16

Бақылау формасы

Қ




Қ




Қ




Қ




Макс.балл

4




4




4




4




Практикалық сабаққа қатысу және дайындау

СӨЖ түрі

ҮТ 1




ҮТ 1




ҮТ 2




ҮТ 2




30

Бақылау формасы

У




ВУ




У




ВУ




Макс.балл

5




10




5




10




Қосымша материалды талқылау

СӨЖ түрі




ҮТ 1

Р1




ҮТ 2

Р2

ҮТ 3




54

Бақылау формасы




КТ

РҚ




КТ

РҚ

КТ




Макс.балл




7

15




7

15

10




Межелік бақылау

СӨЖ түрі






















МБ

100

Бақылау формасы

























Макс.балл






















100

2 рейтинг (6 семестр)

Апталар

9

10

11

12

13

14

15




Барл.

Апта ішіндегі үлкен балл

10

15

16

22

10

15

112




200

Сабаққа қатысу және дәріске дайындалу

СӨЖ түрі

ҮТ 5




ҮТ 6




ҮТ 7




ҮТ 8




16

Бақылау формасы

Қ




Қ




Қ




Қ




Макс.балл

4




4




4




4




Практикалық сабаққа қатысу және дайындау

СӨЖ түрі

ҮТ 3




ҮТ 4




ҮТ 5




ҮТ 6




30

Бақылау формасы

У




ВУ




У




ВУ




Макс.балл

5




10




5




10




Қосымша материалды талқылау

СӨЖ түрі

ҮТ 1

Р3

ҮТ 2

Р4

ҮТ 3

Р5







54

Бақылау формасы

КТ

РҚ

КТ

РҚ

КТ

РҚ







Макс.балл

4

15

4

15

4

12







Межелік бақылау

СӨЖ түрі



















МБ




100

Бақылау формасы




























Макс.балл



















100




Шартты белгілеулер: ҮТ1 – үй тапсырмасы №1, Қ – қатысу, КТ- конспект тексеру, ТО – тапсырманы орындау, МБ – бақылау жұмыс, АТ – ауызша тапсырмалар, Р – реферат, РҚ – рефератты қорғау


Кафедра меңгерушісі ______ Мустафин А.Х.. 20__ж. «___» ________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет