Пән: География сынып аты-жөні күні Тақырып: «Дүниежүзі халқының миграциясы». Тақырыпты игеруге арналған мәтін мен тапсырмалар



бет1/3
Дата08.02.2023
өлшемі0.75 Mb.
#469308
түріҚұрамы
  1   2   3
ҚБ тапсырмалары мен мәтін


Пән: География сынып ............. аты-жөні ......................................................................... күні.............
Тақырып: «Дүниежүзі халқының миграциясы».
Тақырыпты игеруге арналған мәтін мен тапсырмалар.
Оқу мақсаты: дүниежүзі халқы миграцияларының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіреді
Халықтың көші-қоны оның орналасуы мен санына,құрамына үлкен ықпал жасайды. Халықтың көші-қоны бірқатар арнайы көрсеткіштер арқылы сипатталады. Көші-қон сипаты ең алдымен оның ауқымына қарап анықталады. Ауқымына қарай ішкі (ел аумағында) және сыртқы (халықаралық) көші-қон болып ажыратылады. Ішкі көші-қон ел ішіндегі әртүрлі деңгейдегі әкімшілік біпліктерді қамтуы мүмкін. Қазіргі кезде Қытай, Бразилия, Индонезия сияқты елдерде халық тығыздығы жоғары аудандардан аз қоныстанған аумақтарға қоныс аудару басым.Жекелеген аймақтың немесе елдің халықаралық көші-қон ауқымын анықтау үшін иммиграция (елге басқа мемлекет азаматтарының көшіп келуі) және эмиграция (елден адамдардың көшіп кетуі) түсініктері пайдаланылады.Халықтың көшіп-қонуы ежелгі заманнан бері бар. Көші-қон алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісімен (бақташылар тайпасының бөлініп шығуымен), егіншіліктің дамуымен, егіншіліктен қолөнердің бөлінуімен, халықтардың ұлы қоныс аударуымен, ұлы географиялық ашылымдармен, индустрияның дамуымен (19 ғасырдың басында) байланысты болды. 20 ғасырда көші-қонға соғыстар зор әсерін тигізді. Көші-қон адамзаттың дамуында, аумақтардың халықтар арасында қайта бөліске түсуінде зор рөл атқарды. Көші-қон тұрғылықты халықтың да, көшіп кетушілердің де тұрмыс деңгейіне, халықтың демографиялық және әлеуметтік құрылымына, қоныстануына, этнографиялық құрамының өзгеруіне елеулі ықпал етеді.
Тапсырма 1. 1.Көші-қонның әр түріне мысал келтіру арқылы,бір-бірінен айырмашылықтарын анықтаңыз?........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
2.Күнделікті өмірде көші-қонның қандай түрлерін байқайсыздар?.........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет