СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы – Аймақтану ECTS 5 Курс, семестр – 3/5 Оқу жылы – 2024-2025 Шифры - 6В05203 -Геогрфия Білім бағдарламасының атауы - 6В05203 -Геогрфия Факультет - Жаратылыстану және география Кафедра – География және экология Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, ғылыми атағы, қызметі – Усенов Нурбол Ергешович, аға оқытушы, PhD Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) 87021115227, nurik_88_kaznpu@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша түріндегі емтихан)*
Бағалау критериялары: Үй тапсырмаларының немесе БӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
5. БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс
Бақылау формасы (жазбаша, ауызша немесе тест түрінде емтихан, топтық немесе жеке жоба, оқу-шығармашылық жұмыстарды ұсыну және т. б.) Бағалау шкаласы *Қосмшада Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4 3. Курстың академиялық презентациясы Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: Дүниежүзі аймақтарының қалыптасып дамуының табиғи- географиялық алғышарттары негізінде аймақтардың қазіргі экономикалық-әлеуметтік, саяси және тарихи-мәдени ерекшеліктерін зерттеу.
Пәннің негізгі міндеті:«Аймақтану» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
- аймақтық даму теориясына талдау жасау;
- «аймақтық география» ұғымының мәнін географиялық ілім әдістері ретінде ашу;
- қазіргі дүниенің алуан түрлігін, оны құраушы ірі бөліктерінің ерекшеліктерін аймақтық көзқарас тұрғысынан қарастыру;
- қазіргі дүниені аймақтарға бөлудің біртұтас ұстанымдарына талдау жасау;
- аймақтық географияның аймақтық экономика және аймақтық саясатпен байланысын зерделеу;
- пәнаралық ғылыми бағыттағы теориялық білімді практикада қолдана алу;