Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің тізімдемесі



бет38/85
Дата11.10.2023
өлшемі2.35 Mb.
#480347
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Сараптаушы жүйелер

Тапсырмалар



  1. Пролог-Д тілінде өзіңнің жанұя құрамын немесе басқа сөздермен өзіңнің жанұяңа қатысты көптеген адамдарды жазу.

  2. Көптеген Европа елдерін сипаттайтын білім базасын құрыңыз.

  3. Теориялық бөлімдегі білім қорын бірнеше сөйлемдермен толықтырыңыз.

  4. Толықтырылған білім қоры үшін қандай орысша және ағылшынша сөздері бар екендігін тексеріңіз. Білім қорына «музыка» текстін беріңіз. Онда ешқандай синтаксистік қате болмайтындығын тексеріңіз.



Практикалық сабақ №4


Тақырыбы: «Хайуанаттар» сараптама жүйесi.

Бiз бұл жаттығу жұмысында " Хайуанаттар" оқу сарапшылық жүйесiмен жұмыс iстеуге талаптанамыз. Бұл бізге белгiлі бір нышандар негiзiнде ол (сүтқоректi, құс, және тағы басқалар) жануардың түрiн анықтауға мүмкiндiк бередi.


Есіңізде болса, бiз жаттығу жұмысының орындау процесінде №6 жұмыстың көмегiмен сүтқоректiлер, құс және тағы басқалар ұғымын анықтауды ережелердiң Пролог-Д тiлiнде жазумен шұғылдандық.
Ережелердiң біршамасы дискте жазылып алынған, оны Пролог-Д жүйесi арқылы анықтаңыз жане де бұл файлдарды жүйеге сұрақтар қойып, тапсырмаға жауап беретіндей етіп iстеп көрiңiз. Ол үшiн сізге таныс жануарлардың белгiлi біреуінің атауын енгiзiңiз.


Тапсырмалар.
1. сарапшылық жүйенің көмегiмен сiздерге белгiлi барлық сүтқоректiлердің тiзiмiн анықтаңыз.
2. Жүйеге сұрақты сипаттап құрап берiңiз. Зебра қандай турге жатады?


Практикалық сабақ №5
Тақырыбы: "Монах" орындаушы

Бұл жұмыс, өмірінің ақырына дейiн ханойдың мұнараларын немесе дискілерден тұратын мұнараларды қайта орналастыратын буддалық монах туралы классикалық жұмбаққа негiзделген. Монах орындаушы әртүрлi өлшемдегі үш сырықпен және сырыққа кигізілетiн бiрнеше дискілермен жұмыс iстейдi. Сонымен, ол кез келген сырықтан жоғарғы дискіні шешіп алып оны басқа сырыққа кигізеді, бірақ үлкен дискіні кiшiсiнің үстіне салуға болмайды. Монахтың мақсаты - (қосалқы сырықты қолдана отырып) барлық дискілерді (аңызға сәйкес - 64) бiр сырықтан басқасына қайта орнықтыру - сонда мiндеттi түрде бiрдеңе болады – ақырзаман ба, алде басқа ма…


Дискілер нөмiрлерін 1, 2, 3 деп белгілейміз. Сонда бiздiң орындаушымыз XY деген команданы X-шы сырықтан дискіні алып және оны Y сырығына көшiру деп түсiнедi. Ал 0-шi команда, монахтың шаршағанын бiлдiредi.
Сонымен, монах 1 сырықтан 2 сырыққа, 2 дискіні орын ауыстыруы үшiн келесi командаларды орындауы керек:
13, 12, 32
Тапсырмалар
1. Монах неше түрлi командаларды түсiнедi?
2. 3, 4, 5 дисктердi қайта орнықтырып көрiңiз. Бұл жерде қандай да бір заңдылықтар бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет