ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік нұСҚаулық



Дата04.07.2016
өлшемі52.75 Kb.
#177581
Әдістемелік нұсқаулық Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі




С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті




Математика кафедрасы




ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Экономика- математикалық моделдеу пәні бойынша

5В050900 "Қаржы",

мамандығының студенттеріне арналған.


Павлодар
Әдістемелік нұсқаулықты Нысан

бекіту парағы ПМУ ҰС Н 7.18.1/05


БЕКІТЕМІН

ФМжАТФ-нің деканы

__________ Н.А.Испулов

20__ж «___»_____

Құрастырушы: аға оқытушы _______Т.М.Бергузинова


Математика кафедрасы



ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Экономика- математикалық моделдеу пәні бойынша

5В050900 "Қаржы" мамандығының студенттеріне арналған.
Кафедра отырысында ұсынылған

20___ ж. «___»_____________, №____ Хаттама.


Кафедра меңгерушісі________________________ М.Е.Исин

Физика,математика және ақпараттық технологиялар факультетінің әдістемелік кеңесінде құпталған


20___ ж. «___»_____________, №____ Хаттама.

ӘК төрағасы __________________ А.Б.Искакова




Дәріс сабақтарына дайындалуға арналған әдістемелік нұсқаулық.

1 тақырып. Сызықтық программалауға келтірілетін экономикалық есептердің математикалық моделі мен әдістері. Ресурстарды үлестіру есебі. Тиімді құрам жасау есебі. Тиімді киім пішу есебі. СП есебінің түрлері. интерпретациясы. Қосалқы есептер. Қосалқы есептерді құрудың алгоритмі. Тасымалдау есебінің қойылымы және экономикалық математикалық моделі. Тасымалдау есебін шешу теоремасы. Негізгі анықтамалар. СП есебінің геометриялық интерпретациясы. СП негізгі теоремалары. СП есебін графиктік әдіспен шешу. Симплекстік әдіс. Жасанды базис есебі. Тиімділік белгісі. Жоспарды біртіндеп жақсарту әдісінің алгоритмі және геометриялық мағнасы.

Әдебиет.1.Т.Сабыров., Ш.Қасенұлы.,... «Экономиканың математикалық әдістері мен моделдеріне арналған есептер мен жаттығулар жинағы»

5б-79 б.

2.Ә.Ж.Сапарбаев.,Қ.А.Ахметов.,... «Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер» 52б-194 бет.



Теориялық сұрақтар

1 Сызықтық программалаудың анықтамасы.

2 Экономикалық есептің математикалық моделі деп нені айтады және ол қалай құрылады?

3 СП- да шектеулердің қандай түрлері кездеседі?

4 СП есебінің стандартты түрінен канондық түріне көшу.

5 Қандай айнымалылар қосымша айнымалылар деп аталады және СП есебінің мақсат функциясында олардың коэффициенттері қандай?

6 СП есебі жалпы түрде қалай жазылады?

7 СП жалпы есебін векторлық, матрицалық және қосындылар түрінде жазыңдар.

8 Тірек және тиімді жоспарлардың анықтамасы.

9 Қандай жиын дөңес деп аталады? Дөңес жиынға мысалдар келтіріңіз.

10 Дөңес жиынның қандай нүктесі бұрыштық деп аталады?

11 Дөңес жиынның қасиеттері.

12 Шешімдер көпбұрышы деп нені атайды?

13 СП есебінің геометриялық интерпретациясы.

14 Шешімдер жиынының қай нүктесінде СПЕ тиімді шешім қабылдайды?

15 Шешімдер жиынының бұрыштық нүктесі қандай жоспарға сәйкес?

16 СП есебінің тиімді шешімін табу үшін қандай жоспарды зерттеу қажет?

17 Қандай СПЕ графиктік әдіспен шешуге болады?

18 СПЕ тірек жоспары қалай құрылады?

19.Симплекстік түрлендіру ережелері.

20.Симплекстік әдістің геометриялық интерпретациясы.

21 СПЕ тірек жоспары тиімді болу шарттары.

22 Егер алғашқы жоспар тиімді болмаса, оған кіргізетін айнымалы қалай анықталады?

23 Шешімдер жиынында қандай жағдайда сызықтық функция шектелмеген.

24 Базистен шығарылатын айнымалы қалай анықталады, шешуші элемент деген не?

25 Жасанды базис әдісі.

26 Жасанды айнымалы деп нені атайды және сызықтық функцияның жасанды айнымалыға сәйкес коэффициенті қандай?

27 Шектеулер жүйесіне бірлік базис неге қажет?

28 . Кеңейтілген СП есебінің тиімді шешімі туралы теорема

29 Кенейтілген есепті шешу арқылы бастапқы есеп үйлесімсіз екенін қалай анықтауға болады?

30 Жасанды базис әдісін қолдануда базиске кіруге тиіс вектор қалай анықталады?

31 Әр жағдайда базиске кіретін жасанды векторды жоюға болады, ол қалай орындалады?

32 Қай жағдайда СПЕ аралас шектеулермен беріледі?

33 Аралас шектеулермен берілген СПЕ- де жасанды векторларды қалай жоюға болады?

34 Циклдану деп нені атайды, СП қандай есептерінде кездеседі?

35 Симплекс әдісінің геометриялық интерпритациясы?

36 СП қосалқы есептердің мәні?

37 Қосалқы есептер туралы теорема?

38 Бастапқы(қосалқы) есептің шешімі бойынша қосалқы (бастапқы) есептің шешімін табу.

39 Қосалқы симплекс әдістің мағнасы?

40 Тасымалдау есебінің қойылымы

41 Тасымалдау есебінің тірек жоспарының тиімділік критерийі

42 Тасымалдау есебінің математикалық моделін жаз.

43 Тасымалдау есебінің алғашқы тірек жоспарын құру әдістері.

44 Тасымалдау есебінің шешімі туралы теорема.

45 Есептеу циклі және оны құру

46 Ерекше емес тірек жоспар неше оң тасымалдаудан тұрады?

2 тақырып. Бүтін мәнді программалау есептері. Қойылымы және экономико-математикалық моделдері мен әдістері. Гомори әдісі.

Әдебиет.1.Т.Сабыров., Ш.Қасенұлы.,... «Экономиканың математикалық әдістері мен моделдеріне арналған есептер мен жаттығулар жинағы»

80б-89 б.

2.Ә.Ж.Сапарбаев.,Қ.А.Ахметов.,... «Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер» 209б-218 бет.



Теориялық сұрақтар

47. Бүтін мәнді СП есебінің қойылымы

48 Бүтін мәнді СП есебі. Гомори әдісі

3 тақырып. Бөлшек-сызықтық программалауға келтірілетін экономикалық мазмұнды есептер. Бөлшек сызықтық программалау есебінің қойылымы және шешу әдістері. Тиімділік критерийі. Геометриялық мағнасы және графиктік әдіспен шешу.

Әдебиет.1.Т.Сабыров., Ш.Қасенұлы.,... «Экономиканың математикалық әдістері мен моделдеріне арналған есептер мен жаттығулар жинағы»

90б-100 б.

2.Ә.Ж.Сапарбаев.,Қ.А.Ахметов.,... «Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер» 283б-322 бет.



Теориялық сұрақтар

49 Жалпы бөлшек- сызықтық программалау есебі.

50 Бөлшек-сызықтық программалау есебін графиктік әдіспен шешу.

51 Бөлшек-сызықтық программалау есебін СП есебіне келтіру.



4 тақырып. Сызықтық емес программалаудың жалпы есебі. .Есепті графиктік әдіспен шешу.Мақсат функциясы сызықты емес және шектеулер жүйесі сызықты сызықты емес программалау есебі.Мақсат функциясы сызықты емес және шектеулер жүйесінде теңсіздіктер де сызықты емес СЕП есебі.Лагранж көбейткіштер әдісі.

Ә.Ж.Сапарбаев.,Қ.А.Ахметов.,... «Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер» 228б-246 бет.



Теориялық сұрақтар

52.Сызықты емес программалау есебінің жалпы қойылуы.

53.СЕП есебін қалай графиктік әдіспен шешуге болады?

54.Лагранж көбейткіштер әдісі дегеніміз не?



55.Қалай Лагранж функциясы құрылады?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет