№34 мектеп-гимназия
Мұғалім:Ахболатова Майра Берековна
Сыныбы: 10ә
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.
Мақсаты:
-
Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихымен таныстыра отырып,
шаруашылық пен сауданы дамытушы ғана емес, халықаралық
мәдениет пен қарым-қатынастарды таратушы жол ретіндегі
білімін кеңейту;
-
Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау мен талдай білуге, еркін сөйлеуге дағдыландыру, тарихи ойлау білу қабілетін шыңдау;
-
Сабақ барысында оқушыларды елжандылыққа, ұлттық рухқа тәрбиелеу; мәдени мұраларды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Түрі: Дағды мен іскерікті қалыптастыру.
Әдісі: Интерактивті, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Слайд – суреттер, интерактивті тақта (флипчарт сабақ)
Пәнаралақ байланыс: география, дүниежүзі тарихы
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Логикалық сұрақ
1.1499ж. Ташкентте туған, шыққан тегі дулат тайпасы. 1551ж қарақшылар қолынан қаза тапқан ғұлама? Мұхаммед Хайдар Дулати
2.М.Х.Дулатидің 1544-1546жылдары Кашмирде билік құрып тұрған кезінде жазылған шығармасы: «Тарихи Рашиди»
3. 1555-1607ж. аралығында өмір сүрген , ғұлама тарихшы, мемлекет қайраткері жалайыр тайпасынан шыққан? Қадырғали Жалайри
4. 1599ж. орыс патша сарайында тұрған, Борис Годуновқа шығармасын арнаған ғұлама тарихшы кім? Қадырғали Жалайри
5. Ильбарс ханның сарайында (Хиуа ханы) көшіруші қызметін атқарған Өтемісқажының еңбегін ата? Шыңғыснама
6. Шыңғысханнан бастап оның ұрпақтарының XIVғ. соңына дейінгі көміскі болып жүрген тарихи оқиғалар туралы жазылған еңбекті ата?
Өтемісқажының «Шыңғыснамасы»
7.Үш өнерді, атап айтқанда әскери өнер, ақындық өнер, тарихшы Әбілқазының еңбектерін ата? «Түрік шежіресі», «Түрікмен шежіресі»
8.Той үстінде айтылатын ән, қыздар жағы бір топ, жігіттер жағы тобы болып айтылатын ән : Жар-жар
9.Үйленуге байланысты әдет-ғұрып жырларын ата? Беташар, сыңсу, қоштасу, тойбастар, жар-жар
10.Кісі өліміне байланысты әдет-ғұрып жырларын ата?
Естірту, көңіл айту, жоқтау
11. Ш.Уәлиханов кімді қазақ-ноғай халқының философы деп атады?
Асан қайғы
12.Есімханның әскербасы, кеңесшісі, жырау: Жиембет
13. «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты 7 мың жолдық тарихи жыр жолдарын шығарған жырау: Марғасқа
14. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді»-деген жолдардың авторы Потанин
15. Үрмелі аспаптарды ата? Сазсырнай, сыбызғы, сыбызғы керней, ұран
16. соқпалы аспаптарды ата? Даңғыра, дауылпаз, дабыл, асатаяқ
17. Ертеден бізге жеткен халық күйлерін ата? «Бозінген», «Ақсақ құлан»,
«Сағыныш», «Аңшының зары»
18. Абылай ханның ақылшы кеңесшісі: Бұқар жырау
19. Эпостық жырларды ата? «Ертарғын», «Қобыланды», «Ер Қосай», «Алпамыс», «Қамбар батыр»
ІІІ. Жаңа сабақ
Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы.
Жоспар:
1. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы және оның тармақтары.
2.Ұлы Жібек жолындағы сауданың, шаруашылықтың дамуына
тигізген әсері.
3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің дамуына тигізген әсері.
4. Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы.
І қатар «Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы»
Слайд-флипчарт бойынша түсіндіру
(электронды оқулықтан үзінді)
Ұлы Жібек жолы тармақтары
Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалр туралы мәлімет беріледі
Толықтыратын оқушы бар ма?
Құпия ұяшық (жауабын жазужәне тексеру)
Ұлы Жібек жолының шаруашылыққа тигізген әсері:
Шаруашылықтың дамуы
(электронды оқулықтан шаруашылық дамуы туралы мәлімет беріледі)
Толықтыратын оқушы бар ма?
Бекіту тапсырмасы, оқушылар интерактивті тақтада орындайды.
Ұлы Жібек жолының мәдениетке әсері
Ұлы Жібек жолы бойымен заттар,
мәдени үлгілер мен қолданбалы өнер,
сәулет өнері, қабырға суреті, Батыс пен
Шығыс елдері арасында саз және би
өнері, түрлі ойын–сауық түрлері
елшілік алмасу таралды
Жібек бойы жолындағы ескерткіштерді қазған кезде әр жерден халықтар арасында музыка және театр мәдениеті саласының байланыса дамуы және бірін-бірі байыту әрекеттері болғандығын айғақтайтын көптеген деректер табылды.
Бұл Таң әулеті кезінде жасалған, биші жігіттер мен
қыздар, маска киген әртістер, музыкалық ансамбльдер бейнеленген, күйдірген саз ыдыстар жинақтамасы
толықтыратын оқушы бар ма?
Ұлы Жібек жолының пайдалы жақтары. (оқушылар жекелей жазу керек)
Шаруашылық мәдениет халықаралық қатынас
Бекіту. Тарихи домино
Жаңа тақырыпты бекіту сұрағы «иә», «жоқ»
1.Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан. Жоқ. Жібек саудасы
2.Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. Иә
3. Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. Жоқ. Б.з.б. 2750
4. Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б.з.б. V-II ғасыр аралығы Иә
5. VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. Жоқ. VІ ғасыр
6. Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа Жоқ. Шығысқа шығатын қақпа
7.Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. Иә
8. Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. Иә
9. Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала Иә
10.Батыс елдеріне алғаш керуендер б.з.б. ІІғ. Ортасында жолға шықты
Жоқ. Б.з.б. І ғ. ортасы
11. Жібек өндіру б.з. алғашқы кездерінде Византия, соғды елдеріне шығарыла бастады Иә
12. Жібек өндірумен бәсекеге түскен ел -Жапония. Жоқ. Қытай
13.Жібек жолының Жапониядағы соңғы нүктесі- Токио қаласы Жоқ. Нарга
14.Соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы ел- Ресей. Жоқ Жапония
15. Кердер қаласын қазған кезде биші қыздың мүсіні мен піл сүйегі табылды. Жоқ. Биші қыздың мүсіні
16.Жібек жолының жандана бастаған уақыты б.з.б. ІІ ғ. ортасы Иә.
17. Қазақстанның сауда байланысы оңтүстікте Қытаймен жүзеге асырылды Иә.
18.Х VІІғ. Теңіз жолдарының ашыла бастауы Ұлы Жібек жолының маңызын азайта түсті. Иә
19. Сауда кезіндегі қарым-қатынас, экономикалық байланыс, шаруашылық түрлерінің дамуы түркі тілдес тайпалардың отырықшылыққа көшуіне ықпал етті. Иә.
Матрицамен бағалау
Үйге тапсырма.
§ 28. Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен оның тарихи маңызы.
Сәйкестендіру тест- 5
§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы жағдайындағы саяси жағдай
Презентация жасау
Достарыңызбен бөлісу: |