Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет35/41
Дата22.11.2023
өлшемі167.79 Kb.
#484054
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Философия лекции 2023

Өзін-өзі бақылау сауалдары:


1.Уақыттың антикалық түсінігі және тарихтың айналымы ол?
2.Тарих философиясының нені зерттейді?
3.Өркениеттер қақтығысы деген не?


ТАҚЫРЫП 14. Дін философиясы


Дәрістің мақсаты: Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. Сұрақтарын қарастыру, талдау

Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер. "Дүниежүзілік діндер" феномені. Діннің алғашқы формалары. Алғашқы діни формалардың мәселелері: эволюционизм (У. Тейлор), структурализм (Леви-Брюль, Леви-Строс), марксизм (С. Токарев). Буддизм және оның негізгі бағыттары. Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары. Ислам. Исламныңқалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары. Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи). Неміс романтизм өкілдерініңдінифилософиялықконцепциясы (Ф.Шлейермахер). С.Кьеркегордің діни философиясы


Жоспар:
1.Дін анықтамалары
2. Буддизм және оның негізгі бағыттары
3.Суфизм (Аль-Газали, Ходжа АхметЯссауи)


Дін анықтамалары
Діннің әлемдік деңгейдегі адамзатқа тән ойлау жүйесінен шет қалмайтындығын қазіргі заман болмысы айқын аңғартып отыр, себебі дінсіз қоғам болмайды. Қоғамда діни сана үнемі болып келді. Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын феномендер. Өркениетті деп саналатын батыс елдерінде де, бізде де дін мемлекеттен бөлінген, бірақ, ол қоғамнан ажыратылмайды. Дін қоғамдық құбылыс, ал қоғам мемлекеттің субстанциясы. Әлемнің діни жетекшілері 2006 жылы жиылып, діндерге ортақ, адамзатқа ортақ, жалпы өркениетті қоғамға ортақ қандай мәселелр бар және де діндердегі қандай мәселелер өркениеттік жолмен қоғамдарды, елдерді, мемлекеттерді бір-біріне жақындастырады деген өзекті тақырыптар төңірегінде сөз қозғады. Адамзат баласына ортақ дүниелер көп. Біздің ойлау жүйемізде, діни жүйеде не ортақ екен? Ол ортақтық өркениетке, адамзаттың болашағына қалай қызмет етеді екен? Осы мәселелер ізгілік жолындағы адамзат баласын толғандырып отыр. Өйткені, осы кезге дейін біз бүкіл дүние жүзінің халықтарын дін-дінге бөліп, бөлектеп-бөлшектеп келдік. Тіпті өткен тарихтарға көз жүгіртсек, дін үшін қырғын соғыстардан миллиондаған адамдар опат болды, қасірет кешті. Осындай қасіретті азайтуда, не мүлдем жоюда діндер бір ортақ келісімге келе ала ма? Ортақ келісімге келудің уақыты туды. Бүгінгі таңда әркім өзінің діни сеніміне берік бола отырып, ортақ адамзаттық келісімге келу өркениеттік сананы қажет етпек. Өркениеттік сана дегеніміз әрбір адамның өз болмысымен, дінімен, елдік санасымен бірге адамзатқа ортақ мәселелер туралы келелі сөздер айта білуі. Халықтар, елдер арасында, діндер арасында ұрыс-керіс, жанжал емес, бүгінгі бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрған XXI ғасырда мәдени сұхбат қажет. Исламды саясаттандыру төңірегіндегі әрекеттер исламның қазіргі қоғамдағы орнын даулы проблемаға айландыруға себепші болып отыр. Негізінде дін мен саясат екі бөлек феномендер. Дін адамның ұятында, арында, яғни оның иманында. Саясат болса, ол адамдардың қауымдасып, ұлт, халық болып, мемлекет құрып өмір сүрудегі тәсілі. Дін саясатқа жанасып кетсе-ақ, өз қадірін жоғалта бастайды. Сондықтан асылы Дін мен Саясат бөлек-бөлек болғаны абзал.
Діндердің барлығы «әділдік пен махаббат» жолына үндейтінідігі ақиқат. Бірақ, сол әділдік пен махаббатқа білімсіз жету мүмкін емес. Діни білім туралы мұсылман дінтанушысы Абу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед Әл-Ғазали (1059-1111) былай деген: «Пайдалы біліммен шұғылдану бүкіл басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ақыреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ақыреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, күншілдік, екіжүзділік, өзін-өзі сүюшілік, атаққұмарлық пен мансапқұмарлық, дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім».
Рухани бірлік пен келісім аясында өмір сүру мақсатына жету үшін өркениеттілігіміз бен азаматтық қоғам ретіндегі мәдени дамуымыздың жоғарғы деңгейі болып табылатын толеранттылық (өзгеге төзімділік, қамқоршылық, жұмсақтылық, кішіпейілділік, мейрімділік таныту) қасиетімізді сақтай білуіміз керек. Қоғамның толеранттылығы өздігінен пайда болатын нәрсе емес. Ол – тәрбие арқылы қалыптасатын қоғамдық мінез. Ал мінездің негізі дінде. Дін білім арқылы келеді.
Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.
Дінде дүниеге көзқарастық тұстар басым. Дін адамның табиғатпен және қоғаммен байланысын әдіс тауып, шебер айқындап бере алады, осы байланыстардың күрделі бейнесін түзе алды. Бұл суреттемеде адам мен әлем қатынастары мәселесінің мәңгі сұрақтары шешу тапты. Діннің қоғамнан алатын күрделі орынын түсіну үшін оны шындық дүниенің бір бөлігі ретінде қарап, жердегі негіздерін жалпы методологиялық принципке сүйене отырып айқындау керек. Дін – бұл дүниені рухани игеру процесіндегі тарихи қалыптасқан компонент, қоғамның әлеуметтік ой-санасының, жәдігерінің бір бөлігі.
Азиялық діндер: конфуцийшілдік, синтоизм, зороастризм және басқалар ақиқатты іздеушілерден рухтың соңынан еру және онымен шектелмеуді талап етсе, ислам ақиқатты Құраннан іздеуді ұсынады. Ислам интеллектуалды пайымдауды жетілдіруді жалғастырып, адамның өзін-өзі мейлінше жетілдірумен айналысуын ұсынады. Иудей – христиан дәстүрі адамға өмірдің мәнін іздеп, ақиқатты, Құдайды іздеп, кәдімгі күресудің орнына: “Құдай өзі адамды табады” деген ақиқатты ұран етіп тастады. Әлемдік өркениеттегі “Қасиетті жазулар” діндеріне үңілсек , екі парадигманы байқаймыз: “Мұса парадигмасы” (Батыс) және “Вьяса парадигмасы” (Шығыс). Мұса – Құранның да, Библияның да, Танах (Моше) кітабының кейіпкері. Вьяса – Махаббхарата текстін құдайларға жеткізген данышпан. О.Шпенглердің топтастыруы бойынша , “Мұса парадигмасы” Византия, араб, батыс Еуропа және жартылай грек-рим, вавилон мәдениеттерінің негізін қалаған. “Вьяса парадигмасы” буддалық-брахмандық дәстүрлер негізін қалаған. Буддизм әдебиеті “Трипитаканың” көмегімен монғол, жапон, корей және де басқа Азия аймақтарына әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет