Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы



Дата23.02.2016
өлшемі287.5 Kb.
#9034

Пәні бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/37




Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Тарих және құқық факультеті
Тарих, археология және этнология кафедрасы
«Қазақстаның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

050114-Тарих мамандығының студенттеріне арналған




ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Павлодар




Пәні бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы




Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/38








БЕКІТЕМІН

ТжҚ факультеттің деканы

___________ Ақышев А.А.

(қолы)


20__ж. «___»____________

Құрастырушы: ___________аға оқытушы Қасқабасова А.А.


Тарих, археология және этнология кафедрасы

«Қазақстаның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша

050114-Тарих мамандығының студенттеріне арналған



пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»____________кафедра отырысында ұсынылған №_____ хаттама.
Кафедра меңгерушісі______________ Мамытова С Н 201 ж. «____» ________
Факультет оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған _________ 20__ж. «_____»____________№____ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Батталов К.К. 20___ж. «_____»___________


1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Қасқабасова Алтынгуль Абаевна – тарих, археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, магистр. (Дәріс және тәжірибе сабақтары).


431 ауд. Байланыс тел. 673685: ішкі 1326


2 Пән туралы мәліметтер

Пән теориялық (дәрістік) және тәжірибелік (семинарлар) оқуларынан құралады. Теориялық курс негізгі принциптері: нақты-тарихи жағдайда тарихи ойлар дамуының негізгі бағыты мен тенденцияларын анықтайтын тарихи танымның әлеуметтік негізін көрсету, тәжірибелік сабақтар студенттердің тарихи ойлар дамуының негізгі бағыттары мен тенденцияларын анықтау бойынша жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Студенттердің өздік жұмыстарының негізінде дәрістік оқуларды игере отырып, тәжірибе оқуларына дайындалу жатыр.




3 Пәннің еңбек сыйымдылығы

Семестр

Кредиттар саны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша қарым-қатынас сағаттарының саны

Студенттің өздік жұмысының сағат саны

Бақылау нысаны

барлы-ғы

Дәріс

практи-ка

Зертха-налық

студия-лық

жеке

барлығы

СРСП

7

3

90

30

15

-

-

-

90

45

Емт.

Бар-лығы

3

90

30

15

-

-

-

90

45





Пәннің міндеттері:

  • Студенттерде тұжырымдамалық теориялық проблемаларды түсіну дағдыларын қалыптастыру. Қазақстанда тарихи процессте жалпы және жеке құбылыстарды анықтау, такрихи заңдылықтарды ажырата білу, себеп салды байланыстарды анықтау дағдыларын қалыптастыру;

  • Студенттерге хронологиялық тұрғыдан Қазақстанның қазіргі замаңғы тарихи білімнің соңғы жетістіктері негізінде кең фактологиялық мәліметтерді беру;

  • XX –XXI жүзжылдықтың бас кезіндегі құбылыстарды жаңа теориялық методологиялық проблемалар аясынан түсіндіру;

  • Қазақстанның қазіргі заман тарихи процесстерінің мазмұнын ашу

Курсты оқу барысында студент мынаны білуі керек

Пәнді оқу барысында студент білуі тиіс:



  • Қазақ халқының тарихи жолы, әлемдік және еуразиялық тарихи және мәдени интеграциялық процесстерде алатын орны жөнінде;

  • Өткен оқиғаларды бағалауда жаңа тұжырымдамалық тұрғыларды пайдалану, жаңңа ғылыми дискуссияларды жүргізу, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізе алу икемдері қолдана білу.

Курсты оқу барысында студент мынаны істей білуі керек сабақ барысында игерген теориялық мәліметтерді тәжірибеде қолдана білу дәрістерді конспектілеу, семинар сабақтарына дайындалуды білу; ғылыми жұмыстың алғашқы сатыларын жасау; тарихилық, ғылымилылық принциптерін игеру.

  • Материалды жұрыс баяндау, өз қорытындыларын дұрыс аргументтеу, тұжырымдау;

  • Ауызша материалды баяндай білу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу;

  • Өздік түрде сынми көзқараспен қолда бар болған ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу, семинарға осы материалды пайдалана білу;

  • Тарихи деректерді талдай білу;

  • Көрнекі құралдарды қолдана білу: карталар, кестелер, оларды оқу процессі барысында қолдана білу.

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерттеу үшін келесі пәндерді білуі тиіс:

Қазақстанның ежелгі тарихы; Қазақстанның ортағасырлар тарихы; Қазақстанның жаңа заман тарихы; Ежелгі дүние тарихы; Ортағасырлар тарихы; Азия және Африка, Европа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы; Философия,




Пәннің тақырыптық

жоспары





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/10






4 пәннің мазмұны
4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


№ п/п

Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша қарым-қатынастық сағаттар саны

дәріс-тер

практи-калық (сем)

Зертха-налық

студия-лық

жеке

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

7

8




7 семестр

1

Кіріспе .

1
















2

Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде.

1

1










6

3

1917ж. Ақпан буржуазиялық демократиялық революцияы Ресейде және Қазақстанда

2

2










6

4

20ғ бас кезінде Қазақстан мәдениеті.

2










6

5

1917ж. Қазаң төнкерісі және оның алғы шарттары

2

1










6

6

Азаматт соғысы– халық тағдыры (1918-1920жж.)

2

1










6

7

Қазақ кеңес мемлекеттілігінің қалыптасуы.

2

1










6

8

Қазақстандағы ЖЭС

2

1










6

9

Ұжымдастыру – шаруашылықтың тағдыры.

2

1










6

10

Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, көлемі және географиясы.

2

1










6

11

20-30-ы жж Қазақстанда мәдени құрылыс.

2

1










6

12

Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде

2

1










6

13

ҰОС Қазақстан мәдениеті.

2

1










6

14

1946-1970жж. Қазақстанның қоғамдық саяси және экономикалық жағдайы

2

1










6

15

70-80-і жж Қазақстан

2

1










6

16

Қазақстан егемендік жолында.




1










6

17

Қазақстан – егемен, тәуелсіз мемлекет.






















Барлығы

30

15










90



4.2 Пәннің тақырыптарының мазмұны

Кіріспе дәріс.

Пәннің мақсаты мен міндеттері. Қазақстанның қазіргі заман тарихы Қазақстан тарихының құрамдас бөлігі ретінде. Қазіргі заман тарихы бойынша деректер, оларды ерекшелігі. Пәннің тарихнамасы
Тақырып 2 Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде.

І Дүниежүзілік соғыстың басталуы. Алғышарттары. Австро-Венгрия, Гермен тұтқындарының Қазақстанға көшірілуі. XIX ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы капиталистік, сауда-ақша қатынастарының қалыптасуы. XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы. 1916 ж. көтеріліс.


Тақырып 3 1917ж. Ақпан буржуазиялық демократиялық революцияы Ресейде және Қазақстанда

1917 ж. Қазақстан. Ұлт-азаттық және ұлттық демократиялық қозғалыстар. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция, оның Қазақстанға жасаған ықпалының ерекшеліктері. В.И. Лениннің қоғамдық – саяси қызметі. Кеңес мүшелерінің құрылуы. 1917 ж. көктемі мен жазындағы саяси партиялар мен ағымдар. Большевиктер, кадеттер, эсерлер, «Алаш» қозғалысы және партиясы, «Үш жүз», «Шуро- и улемия» т.б.


Тақырып 4 20ғ бас кезінде Қазақстан мәдениеті.

ХХ ғ. басында Қазақстанда ұлттық-демократиялық, реформаторлық қозғалыстардың қайта көтерілуі. Қазақтың саяси, интеллектуалды, рухани элитасы. (Ә.Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, ағайынды Досмұхамедовтар, М. Тынышбаев, Ш. Құдайбердиев т.б.). Ұлттық өзіндік сананың қалыптасуындығы «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлі.


Тақырып 5 1917ж. Қазаң төнкерісі және оның алғы шарттары

Қоғамның түрлі әлеуметтік топтарының революцияға қатынасы. Қазан революциясының әлеуметтік базасы және қозғаушы күштері (Отарлық революция), «Қаланың революциясы» т.б. мәселелер бойынша туралы дисскусиялар.

Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі саяси-әлеуметтік жағдайы. Азаматтық қарсыласудың басталуы. ІІ жалпы қазақ съезі және оның ұлттық автономия құру туралы шешімі. «Алаш» партиясы – саяси күрес факторы. «Қоқан автономиясын» талқандау. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оның қоғамның қабылдауы.
Тақырып 6 Азаматт соғысы– халық тағдыры (1918-1920жж.)

Саяси ситуацияның ұшуға түсуі, азаматтық қарсыласудың одан әрі өршуі. Қазақстанның солтүстігі мен Солтүстік-шығысында Кеңес өкіметінің құлатылуы. Қазақстан соғыс қимылдары жылдарында. Өлкенің батысы мен оңтүстігіндегі оқиғалар. Жетісу, Орал, Ақтөбе, Түркістан майдандарының құрылуы. Халық баррикадалардың әр түрлі жақтарында: азамат соғысы кезінде қоғамның соғыс – саяси жағынан дифференциялануы. «Ақ» және «Қызыл» террор. Соғыс жылдарындағы саяси партиялар мен қозғалыстардың ролі мен орны. «Революциялық», «контрреволюциялық» өкіметтердің жүргізген идеологиясы, саясаты, ісі. Азамат соғысының әлеуметтік-экономикалық және саяси қорытындылары.


Тақырып 7 Қазақ кеңес мемлекеттілігінің қалыптасуы.

Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы. Ревкомдардан Кеңестерге көшу. РСФСР БОАК мен ХКК-ның Түркістан ісі жөніндегі Комиссиясының қызметі. Кеңес үкіметінің 1920 ж. 26 тамыздағы «Автономиялы Қырғыз (Қазақ) Социалистік Кеңестік республикасын құру туралы» Декреті. ҚАКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі. «Қазақ АКСР еңбекшілері құқықтарының Декларациясы» және оның мазмұны. Республиканың орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің құрылуы.


Тақырып 8 Қазақстандағы ЖЭС

ЖЭС-ке көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Орта және ұсақ өнеркәсіпорындарын денационализациялау. Тауар-ақша қатынастары қызметінің ұлғаюы (саудаға еркіндік беру, еңбекке заттай ақы төлеуді ақшамен ауыстыру, 1922 – 1924 жж. ақша реформасы). Азық-түлік диктатурасын жою (алым-салық салғыртын салық қатынастарымен ауыстыру).

Социалистік, капиталистікке дейінгі және стихиялық-рыноктың тенденцияларын күресі: «кім-кімді» мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымның қалыптасуы. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы және оның нәтижесі.

Өнеркәсіпті, транспортты және ауылшаруашылығын қалпына келтірудің басталуы. Кооператив қозғалысы. Сауданың дамуы. Тарихнамадағы ЖЭС-тің аяқталу кезеңі туралы мәселе.

ЖЭС-тің идеологиясынан шегінудің басталуы. 1921-1928 жж. ауылшаруышылық өнімдерін дайындауға дағдарыс. Ауыл шаруфшылық өнімдерін дайындауды күштеуге көшу. Салық режимінің күшеюі. Шаруаларға қарсы жаппай репрессияның өрістей бастауы
Тақырып 9 Ұжымдастыру – шаруашылықтың тағдыры.

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру – Қазақстан шаруаларының трагедиясы.

«Сталиндік аграрлық революция»: мақсаттары мен мәні. Экономиканың аграрлық секторын мемлекет қарамағына алу қорлану проблемасын және өнеркәсіпті модернизациялауды шешу проблемасының механизмі.Көшпелелер мен жартылай көшпелілерді отырықшылыққа көшірудің күштеу саясаты. «Отырықшыландыру» саясатының экологиялық, рационалдылық, экономикалық мақсаттылық және әлеуметтік тиімділік мәселелері туралы. Көшпелілерді отырықшыландыруға ауыстырудың экономикалық және саяси мақсаттары : «Таптық қыспақтың» өршуі. Кулактар мен байлардың шаруашылығын жоюға бағыт алу. «Кулактарды» жою. Қазақстанның дәстүрлі құралымын біржолата бұзу және оның трагедиялық салдары. 1932 – 1933 жж. аштық. Халықтың жаппай қоныс аударуы. Шаруалардың қарсылық қозғалыстары. Шаруалардың бас көтерулерін кеңестік режимінің басып жаншуы.
Тақырып 10 Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, көлемі және географиясы.

КСРО-ның халық шаруашылығын дамытудың бірінші бес жылдық жоспары және ондағы Қазақстанның орны.

Республиканың өнеркәсіп инфраструктурасының ұлғаюы. Өндіргіш күш құрылымы өндіруші сектор-доминант (шикізат өндіруге бағыт алу). Жұмысшы табы кадрлары қалыптасуының ерекшеліктері. Урбанизациялау процесі.
Тақырып 11 20-30-ы жж Қазақстанда мәдени құрылыс.

Халыққа білім беру. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Латындандырылған алфавитке көшу. 20-30 жж. Халық ағартудың ұлттық жүйесін жасауға интеллигенцияның қосқан үлесі. Жалпы білім беретін мектептің жетістіктері. Орта арнаулы оқу орындары. Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындары. Ғылымның және ғылыми мекемелердің қалыптасуы Қазақстан зерттеу қоғамы. КСРО-ҒА Қазақ филиалының қызметі (ҒА Қаз Ф). Қаз АССР Наркомпросы. А.Байтұрсынов пен басқа да мәдениет қайраткерлінің ұлттық шығармашылық интеллегенцияны топтастырудағы рөлі.

Қазақ кенес әдебиетінің қалыптасуы. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Б.Майлин, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов т.б. И.Анов, И.Шухов, Д.Снегин, Х.Алиев, Х.Хамраев т.б. жазушыралдың шығармашылығы.

Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы.Халық театрларының,клубтарының пайда болуы. Композиторлар А.В.Затаевичтің және Е.Г. Брусиловскийдің Қазақстанның музыка және опера өнерін дамытудағы орны мен рөлі А.Қашаубаев аса көрнекті қазақ әншісі. Қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері: К.Байсейітова,К.Жандарбеков, Ж.Шанин т.б. Ұлттық драмалық театрдың қалыптасуы.

1936 ж. қазақ өнерінің Мәскеудегі тұңғыш декадасы. Бейнелеу өнері (Н. Хлудов, Ә.Қастеев). Кітап басып шығару және баспасөз. Қазақстандағы мәдени құрылыстың тәжірибесі. Мәдени құрылыстың келеңсіз және жағымды жақтары. Ұлттық интеллигенцияның трагедиялық тағдыры.
Тақырып 12 Қазақстан Ұлы Отан соғысы кезінде

Фашистік Германияның СССР –ге шабуылы. Соғыстын басталуы,оның сипаты. Қазақстан фашистік Германияның жоспарларында. Қазақстандықтар майданда. Брест қамалы қорғаушыларының ерліктері. Алғашқы Қазақстандық батырлар, 28-панфиловшылар.

Қазақстан Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының барысындағы түбірлі өзгеріс кезеніңде (1942ж. қараша 1943ж.). Қазақстандықтардың неміс әскерлерін Сталинград түбіндегі талқандаудағы ерліктері. Неміс фашист әскерлерін Курскі доғасында талқандау және оған қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандықтардың Украинаны және басқа да туысқан республикалардың тарриторияларын босатуға қатысуы.

Қазақстанның адам және экономикалық ресурстарың жауға соққы беруге мобилизациялау. Әскери бөлімдердің қалыптасуы. Қазақстан – біртұтас соғыс лагерінің құрамдас бөлігі. Өлкенің экономикасын соғыс мұддесіне лайық қайта құру. Кеңес мемлекетінің Қазақстанда соғыс өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралары. Тылда да майдандағыдай. Жұмысшылар мен шаруалардың еңбектегі ерліктері. Қазақстанның халық шаруашылығындағы әйелдер мен жастардың рөлі. Қазақстанға эвакуациялау. Қоныс аударған кәсіпорындарды, халықты және мәдени құндылықтарды қабылдау, орналастыру. Кеңес ғылымы мен мәдениетінің Қазақстандағы қайраткерлері.

Майданға бүкілхалықтық көмек. Қорғаныс қорына қаржы жинау. Қазақстандықтардың танк колонналарың, авиация эскадрилияларын құруға қатысуы. Қазақстанның азат етілген аудандардың халық шаруашылығың қалпына келтіруге көмектесуі. Соғыс жылдарында репрессияға ұшыраған халықтардың Қазақстанға келуі және олардың орналасуы.

Оккупацияланған аудандардағы партизандық және Еуропадығы қарсыласу қозғалыстарына қазақстандықтардың қатысуы. Қазақстандық партизандардың Украинаның, Белоруссияның және РСФСР –дің солтүстік батыс облыстарын босатуға қосқан үлесі.

Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңінде (1944-1945 жж). Қазақстандықтардың Орталық және Оңтүстік шығыс Еуропа халықтарын фашистік оккупанттардан азат ету шайқастарына және Берлинге штурм жасауға қатысуы.
Тақырып 13 ҰОС Қазақстан мәдениеті.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстанда мәдениетің және ғылымның дамуы. Қазақстан ғалымдарының жауға қарсы қосқан үлесі


Тақырып 14 1946-1970жж. Қазақстанның қоғамдық саяси және экономикалық жағдайы

Республикадағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси ситуация. Экономиканы бейбіт өмірге лайық қайта құру. Қазақстан территориясында ядролық полигондардың салынуы. Саяси репрессияның жалғасуы. Е.Бекмаханов ісі. «Лагерлік экономика» (Карлаг, Степлаг т.б.).

Қазақстан «Xрущев декадасы» жылдарында (1953-1964жж.).

Ауыл шаруашылығын реформалауға бағыт алу (1953 ж. қыркүйек), КПСС Орталық Комитет пленумы және оның шешімдері (ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасының өсуі, ауыл шаруашылығы салықтарының кемуі). КПСС ХХ съезі – Сталиннің жеке басына табынуды айыптау, тікелей Сталинизмнен бастарту емес. Экономиканы басқаруды реформалау. Совнархоздар- халық шаруашылығын территориялық - өндірістік басқару принципі


Тақырып 15 70-80-і жж Қазақстан

«Қайта құру» саясатының негізгі кезендері және олардың сипаттамасы. Реформаларға көнбейтін әміршіл- әкімшіл жүйе: реформалардың сәтсіздікке ұшырауы және жүйелі дағдарыстың өршуі. 1986ж. Алматыдағы Желтоқсандағы демонстрация – Кеңес мемлекетінің этноцетристік саясатының дағдарысы. Мемлекеттік тоталитаризм жағдайында қоғамдық қатынастарды демократияландыру туралы иллюцияның күлі көкке ұшты.

Формальды емес бірлестіктер құру әрекеттері: Экологиялық және ұлттық- мәдени қозғалыстардан алғашқы қоғамдық- саяси бірлестіктерге дейін.

СССР-дің ыдырауы қарсаңындағы жүйелі дағдарыстың шиеленісуі.

Кеңестік экономика мен әлеуметтік – саяси моделді дамыту үмітінің ақталмауы.
Тақырып 16 Қазақстан егемендік жолында.

Қазақстан тәуелсіздік жолында. Отандық тарих пен мемлекеттік тіл- Қазақстан қоғамын тәуелсіздікке қарай жұмылдыратын әрі топтастыратын факторлар. Қазақтың ұлттық интелегенция өкілдерін: Ш.Құдайбердиевті, Ә.Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты т.б. ақтау (1988ж.). Тілдер заңы (1989) Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы деклорация (1990).

Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы.

СССР-ді реформалауға дайындық. 1991ж. 19 тамызда өкімет билігін Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік Комитеттің (ТЖМК) басып алуы. Новоогорев келісімінің сәтсіздікке ұшырауы. Қазақстан Компариясының кезектен тыс съезі және партияны тарату. Тұңғыш рет Қазақстан Президентінің бүкілхалықтық сайлауы. Қазақ ССР-ін Қазақстан Республикасы деп атау. «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң (1991ж.). Даму жолын анықтау. Н.Ә. Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру (ТМД).

Одақтық келісімнің күшін жою және ТМД құру туралы 1992ж. Белобеж келісімі. Орта Азия мен Қазақстан республикалары лидерлерінің Ашхабадта кездесуі. Кеңестен кейінгі тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Алматыда кездесіп, «ТМД құру туралы хаттамаға» қол қоюы, ТМД құру туралы Алматы декларациясы (1991ж.)


Тақырып 17 Қазақстан – егемен, тәуелсіз мемлекет.

Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.) Қ.Р. символдарын: Туын, елтаңбасын, әнұранын бекіту (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993 ж.) Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993 ж.) Қазақстан халықтарының келісімі мен бртұтастығы қоғамдық институтының Президент жанында консультативтік және келісімшілік орган Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.

Бүкіл халықтық референдум, ҚР қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Екі палаталы парламенттің сайлаулары. Президенттің Қазақстан халқына тұңғыш жолдауы. Ел Президентінің Жолдауы. «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл- аухатының жақсаруы», ҚР ұзақ мерзімге арналған маңызды мақсатты бағыттары (1997ж.). Астананы Алматыдан Астанаға көшіру, 1997 ж. 10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу.

«Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжіліске сөйлеген сөзі.

Экономикалық дамуы.

Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюуі. Оларды жою шаралары: экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік бағдарлы рынок құру, бағаны жекешелендіру және либерализациялау, инвестициялық саясат.

БҰҰ даму Бағдарламасы (ПРООН), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының интексі (ИЧР). Қазақстанда Адам дамуы туралы Есептің тұңғыш басылымы. ПРООН Қазақстанда ИЧР-дің өсуі туралы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және финанс-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі. Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттарын – экономиканы дамытудың – кластерлік принципі, индустриялы-инновациялық технология, инвестиция, салық, аграрлық – индустриялық саясат, инфраструктураны, әсіресе транспортпен байланысты дамыту. Қазақстанды ВТО-ға кіруге дайындау.

ҚР Тексако- Мобил, Би ЛИ Амоко, Шелл, Шеврон ,т.б. АҚШ-тың ТНК, Батыс Еуропаның, Оңтүстік Шығыс Азияның, Таяу Шығыстың бірқатар компанияларының сыртқы экономикалық ынтымақтастықтығы. ТРАСЕКА, Солтүстік- Оңтүстік, ТРАЕВОЛС, КТК т.б. халықаралық коммуникациялардың жаңа жүйесі.

Н.Ә. Назарбаев «Көтерілген тың-достық пен жасампаздық символы», Астанада 2004 ж. 6 ақпанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі. Президенттің елдің халқына Жолдауы (2004 ж. 19 наурыз): «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» (19 наурыз 2004 ж.).

Қоғамдық – саяси даму.

Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар.

Қазақстандағы демографиялық, миграциялық процестер, халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер . Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы (1999 ж.) және оның қорытындылары. Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі – ҚР тәуелсіздікті, демократияны нығайтудың кепілі.

Демократиялық процестердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйені енгізу, партиялық тізім бойынша өткен сайлаулардың нәтижелері.

Азаматтық қоғам институттарының дамуы – үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар. I Азаматық форум және оның маңызы. «Қазақстан халықтары ассамблеясының таяу кезеңге арналған стратегиясы». ҚР ақпараттық саясаты, СМИ-дің дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты жұмыс істейтін ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі.

Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша Комиссия және оның қызметі. ҚР адам құқықтары бойынша өкілдік институттарын (Омбудсмена) енгізу. Өлім жазасына моратория енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар; азаматтық және саяси құқықтары бойынша халықаралық фактілерді ратификациялуы.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономика, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында» Жолдауы (18 ақпан 2005ж.).

Рухани даму.

Білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. 1997ж. Ұлттық бірлік және жаппай саяси репрессиялар құрбандарын еске алу жыл. 1998ж. Ұлттық тарих жылы. 1999ж. Ұрпақтар сабақтастығы жылы. 2000ж. мәдениетті қолдау жылы.

Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидердерінің Астанада өткен (2003ж.) тұңғыш съезі. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі. «Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы». Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім аймақтарын дамыту; мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету, оны тиімді пайдалану.

Тарих, архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру; мәдени мұраны оқып- зерттейтін – фольклорды, дәстүрді , әдет- ғұрыптытұтас жүйе жасау.

ҚР сыртқы саясаты.

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы, оның БҰҰ-а қабылдануы. Президент Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеуі. Оның :«Әрбір елдің жүрек жардылығы- планетаның аман-саулығының кепілі» сөзі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.

ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.). СВМДА қатысушы мемлекеттер сыртқы саясат ведомостысы басшыларының тұңғыш саммиті, терроризмді аластау және өркениеттер арасындағы диалогке ықпал етудің Алматы актісі мен СМВДА Декларациясы (2002 ж.).

Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИЕСЕФ, ЭКОСОС т.б. халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ МБР, МВФ, ОБСЕ мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ОЭС, ЦАЭС, ОДКБ, ШОС сияқты ғаламдық және регионалдық масштабтағы интеграциялық процестерге қатысуы. Алматыдағы Бейбітшілік және келісім туралы тұңғыш халықаралық конференция, оған қатысушылар қабылданған «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа» Декларациясы (2003 ж.).

ҚР Президентінің Ресей Федерациясына тұңғыш ресми сапары, Ломоносов атындағы ММУ – де сөз сөйлеуі, евразиялық идеясы. АҚШ-та 2001ж. 11 қырқүйекте болған теракты, АҚШ-тың Ауғаныстанға антитеррорлық акциясы. Ирактағы соғыс. ҚР-ның бұл оқиғалар жөніндегі позициясы. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.

Қазақстанның өз территориясындағы ядролық қарудан бас тартуы. Қазақстан Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы (1991ж.) Н.Ә. Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегі.



СӨЖ мазмұны




СӨЖ түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат көлемі




7 семестр

1

Дәріс сабақтарына дайындық

Конспект

Сабаққа қатысу

18

2

Тәжірибе сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

Жұмыс дәптері

Тәжірибелік сабақтарға қатысу

36

3

Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

Конспект

Баяндама

37

4

Бақылау шараларына дайындық

Бақылау жұмысы

МБ 2


9




7 семестрде барлығы 90



Қосымша оқу үшін тақырыптар
Тақырып 11 20-30-ы жж Қазақстанда мәдени құрылыс.

1 Халыққа білім беру. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. Латындандырылған алфавитке көшу. 20-30 жж. Халық ағартудың ұлттық жүйесін жасауға интеллигенцияның қосқан үлесі. Жалпы білім беретін мектептің жетістіктері. Орта арнаулы оқу орындары. Қазақстанның алғашқы жоғары оқу орындары.

2 Ғылымның және ғылыми мекемелердің қалыптасуы Қазақстан зерттеу қоғамы. КСРО-ҒА Қазақ филиалының қызметі (ҒА Қаз Ф). Қаз АССР Наркомпросы.

3 А.Байтұрсынов пен басқа да мәдениет қайраткерлінің ұлттық шығармашылық интеллегенцияны топтастырудағы рөлі.

4 Қазақ кенес әдебиетінің қалыптасуы. Сейфуллин, І.Жансүгіров, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Б.Майлин, М.Әуезов, М.Жұмабаев, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов т.б. И.Анов, И.Шухов, Д.Снегин, Х.Алиев, Х.Хамраев т.б. жазушыралдың шығармашылығы.

5 Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы.Халық театрларының,клубтарының пайда болуы. Композиторлар А.В.Затаевичтің және Е.Г. Брусиловскийдің Қазақстанның музыка және опера өнерін дамытудағы орны мен рөлі А.Қашаубаев аса көрнекті қазақ әншісі. Қазақ өнерінің көрнекті қайраткерлері: К.Байсейітова,К.Жандарбеков, Ж.Шанин т.б. Ұлттық драмалық театрдың қалыптасуы.

6 1936 ж. қазақ өнерінің Мәскеудегі тұңғыш декадасы. Бейнелеу өнері (Н. Хлудов, Ә.Қастеев). Кітап басып шығару және баспасөз. Қазақстандағы мәдени құрылыстың тәжірибесі. Мәдени құрылыстың келеңсіз және жағымды жақтары. Ұлттық интеллигенцияның трагедиялық тағдыры.
Тақырып 17 Қазақстан – егемен, тәуелсіз мемлекет.

1 Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі стратегиясының қалыптасуы және дамуы» еңбегі (1992ж.) Қ.Р. символдарын: Туын, елтаңбасын, әнұранын бекіту (1992 ж.). Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы (1993 ж.) Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» жарлығы (1993 ж.) Қазақстан халықтарының келісімі мен бртұтастығы қоғамдық институтының Президент жанында консультативтік және келісімшілік орган Қазақстан халықтары Ассамблеясын (ҚХА) құру. ҚХА тұңғыш сессиясы, оның шешімдері.

2 Бүкіл халықтық референдум, ҚР қазір пайдаланып жүрген Конституциясын қабылдау (1995 ж.). Екі палаталы парламенттің сайлаулары. Президенттің Қазақстан халқына тұңғыш жолдауы. Ел Президентінің Жолдауы. «Қазақстан – 2030. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі, әл- аухатының жақсаруы», ҚР ұзақ мерзімге арналған маңызды мақсатты бағыттары (1997ж.). Астананы Алматыдан Астанаға көшіру, 1997 ж. 10 желтоқсандағы халыққа арналған Үндеу.

«Жүз жылға тең он жыл» - Н.Ә. Назарбаевтың 2001 ж. 16 желтоқсанда Астанада тәуелсіз Қазақстанның 10 жылдығына арналған салтанатты мәжіліске сөйлеген сөзі.

3 Экономикалық дамуы.

Егемендік жолындағы қиындықтар: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік қиындықтар, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюуі. Оларды жою шаралары: экономиканы қайта құрылымдау, әлеуметтік бағдарлы рынок құру, бағаны жекешелендіру және либерализациялау, инвестициялық саясат.

4 БҰҰ даму Бағдарламасы (ПРООН), адамның даму мәселесі туралы есептер, Адам дамуының интексі (ИЧР). Қазақстанда Адам дамуы туралы Есептің тұңғыш басылымы. ПРООН Қазақстанда ИЧР-дің өсуі туралы. Экономиканың өнеркәсіп, аграрлық және финанс-банк секторларын басымдықпен дамытудың келешегі.

5 Қазіргі кезеңде Қазақстан экономикасын реформалау бағыттарын – экономиканы дамытудың – кластерлік принципі, индустриялы-инновациялық технология, инвестиция, салық, аграрлық – индустриялық саясат, инфраструктураны, әсіресе транспортпен байланысты дамыту.

6 Қазақстанды ВТО-ға кіруге дайындау. ҚР Тексако- Мобил, Би ЛИ Амоко, Шелл, Шеврон ,т.б. АҚШ-тың ТНК, Батыс Еуропаның, Оңтүстік Шығыс Азияның, Таяу Шығыстың бірқатар компанияларының сыртқы экономикалық ынтымақтастықтығы. ТРАСЕКА, Солтүстік- Оңтүстік, ТРАЕВОЛС, КТК т.б. халықаралық коммуникациялардың жаңа жүйесі.

Н.Ә. Назарбаев «Көтерілген тың-достық пен жасампаздық символы», Астанада 2004 ж. 6 ақпанда тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзі. Президенттің елдің халқына Жолдауы (2004 ж. 19 наурыз): «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» (19 наурыз 2004 ж.).

7 Қоғамдық – саяси даму.

Қазақтардың дүниежүзілік тұңғыш құрылтайы. Қазақстан халықтарының форумы (1992 ж.). ҚР қоғамдық қозғалыстар және саяси партиялар.

Қазақстандағы демографиялық, миграциялық процестер, халықтың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер . Егемендік жағдайындағы тұңғыш халық санағы (1999 ж.) және оның қорытындылары. Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі – ҚР тәуелсіздікті, демократияны нығайтудың кепілі.

Демократиялық процестердің дамуы, Парламент сайлауларына пропорционалдық жүйені енгізу, партиялық тізім бойынша өткен сайлаулардың нәтижелері.

Азаматтық қоғам институттарының дамуы – үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақтар. I Азаматық форум және оның маңызы. «Қазақстан халықтары ассамблеясының таяу кезеңге арналған стратегиясы». ҚР ақпараттық саясаты, СМИ-дің дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту және демократияландыру жөнінде ұсыныстар дайындайтын Мәжілістің тұрақты жұмыс істейтін ұйымы. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі Ұлттық комиссияның қызметі.

8 Құқық қорғау және сот орындарының қызметін жетілдіру. Қазақстан Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша Комиссия және оның қызметі. ҚР адам құқықтары бойынша өкілдік институттарын (Омбудсмена) енгізу. Өлім жазасына моратория енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар; азаматтық және саяси құқықтары бойынша халықаралық фактілерді ратификациялуы.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстан экономика, әлеуметтік және саяси модернизациялау жолында» Жолдауы (18 ақпан 2005ж.).

9 Рухани даму.

Білім, ғылым жүйесіндегі реформалар. 1997ж. Ұлттық бірлік және жаппай саяси репрессиялар құрбандарын еске алу жыл. 1998ж. Ұлттық тарих жылы. 1999ж. Ұрпақтар сабақтастығы жылы. 2000ж. мәдениетті қолдау жылы.

Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидердерінің Астанада өткен (2003ж.) тұңғыш съезі. Н.Ә. Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегі. «Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы». Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім аймақтарын дамыту; мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету, оны тиімді пайдалану.

Тарих, архитектуралық ескерткіштерді қалпына келтіру; мәдени мұраны оқып- зерттейтін – фольклорды, дәстүрді , әдет- ғұрыптытұтас жүйе жасау.

10 ҚР сыртқы саясаты.

Егеменді Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың тануы, оның БҰҰ-а қабылдануы. Президент Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында сөйлеуі. Оның :«Әрбір елдің жүрек жардылығы- планетаның аман-саулығының кепілі» сөзі. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.

ҚР Азиядағы өзара қарым-қатынас және сенім шараларына арналған Кеңесті ұйымдастырудағы бастамасы (СВМДА) (1992 ж.). СВМДА қатысушы мемлекеттер сыртқы саясат ведомостысы басшыларының тұңғыш саммиті, терроризмді аластау және өркениеттер арасындағы диалогке ықпал етудің Алматы актісі мен СМВДА Декларациясы (2002 ж.).

Қазақстанның ЮНЕСКО, ЮНИЕСЕФ, ЭКОСОС т.б. халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ МБР, МВФ, ОБСЕ мен ынтымақтастығы. Қазақстанның ОЭС, ЦАЭС, ОДКБ, ШОС сияқты ғаламдық және регионалдық масштабтағы интеграциялық процестерге қатысуы. Алматыдағы Бейбітшілік және келісім туралы тұңғыш халықаралық конференция, оған қатысушылар қабылданған «Бейбітшілік пен тұрақтылыққа» Декларациясы (2003 ж.).

ҚР Президентінің Ресей Федерациясына тұңғыш ресми сапары, Ломоносов атындағы ММУ – де сөз сөйлеуі, евразиялық идеясы. АҚШ-та 2001ж. 11 қырқүйекте болған теракты, АҚШ-тың Ауғаныстанға антитеррорлық акциясы. Ирактағы соғыс. ҚР-ның бұл оқиғалар жөніндегі позициясы. Н.Ә.Назарбаевтың «Сындарлы он жыл» атты еңбегі.



Қазақстанның өз территориясындағы ядролық қарудан бас тартуы. Қазақстан Президентінің Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлығы (1991ж.) Н.Ә. Назарбаевтың «Әлемнің эпицентрі» атты еңбегі.


4 Ұсынылатын әдебиет тізімі
Негізігі әдебиеттер

  1. Бекмаханов, Е. Собрание сочинений: в 7 т./Е.Бекмаханов.-Павлодар: ЭКО. Т.4:История Казахстана (учебник и учебные пособия)=Қазақстан тарихы.-2005

  2. Бекмаханов, Е. Собрание сочинений: в 7 т./Е.Бекмаханов.-Павлодар:ЭКО. Т.2:Казахстан в 20-40 годы XIX века=XIX ∙ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан.-2005

  3. Бекмаханов, Е. Собрание сочинений: в 7 т./Е.Бекмаханов.-Павлодар: ЭКО. Т.3:Присоединение Казахстана к России=Қазақстанны Россияға қосылуы.-2005

  4. Бекмаханов, Е. Собрание сочинений: в 7 т./Е.Бекмаханов.-Павлодар:ЭКО. Т.6:Стенограмма.-2005

  5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы (көне дәуiрден 2003 жылдың басына дейiн):оқулық/Ч. Мусин.- Алматы,2005.-591 б.

  6. Қазақстанның жаңа және қазiргi заман тарихы:оқулық/ред.басқарған Қ. С. Қаражан.-Алматы:Қазақ ун-тi,2005.-302 б.

  7. Накупова Б. Қазақстан тарихын бiлесiз бе? (тест-сұрақтар жинағы):орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, жо∙ары сынып о•ушыларына,талапкерлер мен студ. арналған/ Накупова Б.-Павлодар:С.Торайғыров атындағы ПМУ,2005.-44 б.

  8. Тасмолинская культура древнего Казахстана/ М- во науки и образования РК; ПГУ им. С. Торайгырова; сост. Н. Е. Кузембаев.-Павлодар: Эко, 2006.- 212 с.-(Кочевники;т.1)

  9. Байпаков, К. Древние города Казахстана/К. Байпаков.-Алматы:Аруна Ltd, 2005.- 316 c.- (Древние города Казахстана) .-

  10. Артыкбаев, Ж. О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий/ Ж. О. Артыкбаев.-СПб.:Мажор,2005.-319 с.

  11. История Казахстана с древнейших времен до наших дней: (очерк).-Алматы:Д°уiр,2005.-416 с.

  12. Историко- культурное наследие кимаков и кипчаков/М-во науки и образования РК; ПГУ им. С. Торайгырова; сост. Н. Е.Кузембаев.- Павлодар: ЭКО, 2006.-204 с.-(Кочевники;т.2)

  13. Тынышпаев, Мухаметжан. История, этнография и археология казахского народа/М-во образования и науки РК; ПГУ им. С Торайгырова; Мухаметжан Тынышпаев; гл. ред. Е. М. Арын.-Павлодар:ЭКО,2006 - 315 с.- ( Библиотека казахской этнографии; т. 22)

  14. Артыкбаев, Ж. О. История Казахстана:учебник для студ. вузов/ МОН РК; КазНУ им. аль-Фараби; Ж. О. Артыкбаев.-Алматы:Қазақ университетi,2006.-312 с.:[3] л. карт.

  15. Артыкбаев, Ж. О. История Казахстана:(90 вопросов и ответов)/Ж. О. Артыкбаев.-Астана:[б. и.],2004.-159 с.

  16. Артыкбаев, Ж. О. 12 лекций по истории Казахстана:курс лекций Ж. О. Артыкбаев.-3-е изд., перераб. и доп.-Астана:Алтын кiтап,2005 -140 с.

  17. Артыкбаев, Ж. О. История Казахстана в легендах и преданиях/ЖО. Артыкбаев.-Астана:Алтын кiтап,2005.-94 с.

  18. Артыкбаев, Ж. О. Среднее Прииртышье в контексте проблем истории Евразийских степей / этноисторический и этноархеологический опыт исследования/Ж. О. Артыкбаев.-Павлодар:ЭКО. Т. 1.-2007.-267 с.

  19. Смағұлов, С. Қазақстан тарихы:ұлттық бiрыңғай тест тапсырушыларға арналған оқу-әдiстемелiк құрал/Сабырхан Смағұлов.-4-шi бас -Алматы:Ол-Жас,2006.-184 бет.-(Талапкер-2006)

  20. Алтаев, А. Ш. История Казахстана: хрестоматия/А. Ш. Алтаев, Б. О. Жангуттин.- Алматы: Бастау. Т. 1.-2008.-250 с.

  21. Алтаев, А. Ш. История Казахстана: хрестоматия/А. Ш. Алтаев, Б. О. Жангуттин.- Алматы: Бастау. Т. 2.-2008.-194 с.

  22. Артыкбаев, Ж. О. История Казахстана:учебник для сред. проф.образования/Ж. О. Артыкбаев, С. З. Раздыков.-Астана:Фолиант,2007.-342 с.-(Профессиональное образование)

  23. Иллюстрированная история Казахстана: с древнейших времен до наших дней: в 4 т./[авт.-сост. О. Жанайдаров].-Алматы:Қазақ энциклопедиясы. Т. 1:Казахстан от эпохи палеолита до монгольского нашествия.-2004.-311 с.

  24. Иллюстрированная история Казахстана: с древнейших времен до наших дней: в 4 т./[авт.-сост. О. Жанайдаров].-Алматы:Қазақ энциклопедиясы. Т. 2:Казахстан с эпохи Золотой орды до середины девятнадцатого столетия.-2005.-295 с.

  25. Муканов, К. Жумагали Тлеулин-деятель "Алаш-Орды":документальная биография/ К. Муканов.-Алматы:Жибек жолы,2005.-215 с.

  26. Итоги и уроки Великой Победы над фашистской Германией СГУ им. Шакарима.-Семей:СГУ им. Шакарима,2005.-372 с.

  27. Кадысова, Р.Ж. Советская модернизация Казахстана, (1917-1940
    : Историография проблемы/Кадысова Р.Ж.-Алматы:ёылым,2004.-287с.

Қосымша әдебиет тізімі:



  1. Ельмуратова, Б. Ж. Историография социально-политическихдвижений в Казахстане:учеб. пособие для ист. спец./Б. Ж. Ельмуратова.-Павлодар:Кереку,2008.-121 с.

  2. Историко- культурные взаимосвязи Ирана и Дашт-и Кипчака в 13-18 вв.:материалы Международного круглого стола/[ред.-сост.: М. Х. Абусеитова, С. Абдулло].-Алматы:Дайк-Пресс,2004.-372 с.

  3. Среднее Прииртышье в источниках и материалах. Сборник документов и материалов (18-начало 20 вв.)/[сост.: Т. Ю. Биль, К. Ж. Нурбаев ].-Павлодар:Кереку. Т. 1-2.-2008.-220 с. .-В рамках государственной программы " Культурное наследие".

  4. Среднее Прииртышье в источниках и материалах. Сборник документов и материалов (1917-1990 гг.)/[сост. Н. Е. Кузембаев].-Павлодар:Кереку. Т. 3.-2008.-248 с.

  5. Едилханова, С. А. Казахско-джунгарские взаимоотношения в 17-18 веках: (некоторые исторические аспекты проблемы)/С. А. Едилханова.-Алматы:Дайк-Пресс,2005.-162 с.

  6. Декабрь 1986: документальная хроника/[ред. Н. Мураткызы ].-Алматы:Ел ежiре,2008.-320 с.

  7. Михайлов, В. Великий джут: документальная повесть/Валерий Михайлов.-Алматы:Мектеп,2008.-360 с.

  8. Кан, Г. В. История Казахстана:учебник для вузов/Г. В. Кан.-Алматы: Алматыкiтап,2005.-224 с.

  9. Кан, Г. В. История Казахстана:учебник для вузов/Г. В. Кан.-[3- е изд., перераб. и доп.].-Алматы:Алматы кiтап,2007.-223 с.

  10. Кузембайулы, А. История Казахстана:учебник для вузов/А.Кузембайулы, Е. Абиль.-8-е изд., перераб. и доп.-Костанай,2006.-349 с.


Курс Саясаты
Әрбір студент сабақтың барлық түріне қатысуға міндетті, топтың тақырыпты таллқылауында белсенділік танытып, өз курстарыныңыздық қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Сабақта өзін-өзі устаудың алгиақтығына шара қолданылыды, типті аудиториядан қуылғанға шейін. Мен сіздерден мына талаптардың орындалуын талап етемін: сабақ барысында ұялы телефондар сөндірілсін, аудиторияға сырт киімен кірмеу, университеттің ішкі ережесін бұзбау.

Сабақтың жібергендерге мен мынадай айыптық санкция белгілеймін; белгісіз себептермен дәріс, тәжірибе сабақтарына қатысқапағандардан 1 балл алынып тасталынады.

Максималды балл курс сабақтарына нақты және уақытымен қатысып жоспарлаған тапсырмаларды орындау үшін және сабаққа 100% қатысқаны үшін қойылады
Айып салу шаралары

Сабақты босатуы, кешігуі, плагиат, жұмысты мерзімінде орындамауы кезінде студентке белгіленген ұпайлар қойылмайды.

Егер студент нақты себеппен сабақты босататын болса және растайтын құжаты болса (мед. анықтама, деканаттан жазбаша рұқсат), студент 2 жұма ішінде оқытушы белгіленген мерзімде босатқан күндерін қосымша жұмыс алып, өтеуге құқығы бар. Бұл жағдайда балл 0,5 коэффициентімен қойылады.
Межелік және қорытынды бақылауды жүргізу формасы

Межелік бақылау жазбаша өткізіледі. Межелік бақылау сұрақтарын студент 7 және 14 аптада алады.

Курсты аяқтаудың бағасы: жалпы үлгерім мен қорытынды бақылаудың максималды балдарын қосқан кезде шығарылады. Қорытынды нәтиже СО ПГУ 8.01.1-05 4 пункті “Студенттердің білімін балл-рейтингілік жүйе бойынша бақылау және бағалау ережелеріне” сәйкес шығарылады.
Аудитория мен емтиханда тәртіпті сақтау ережелері

Студент міндетті:



  1. Сабаққа кешікпеуге.

  2. Сабақ барысында сөйлеспеуі, газет, журнал т.с.с. оқылмауы тиіс .

  3. Ұялы телефондарын сөндіруге.

  4. Сағыз шайнамауы.

  5. Оқу үрдісіне белсенді араласуы.

  6. Сабаққа уақытында келу.

  7. Оқу бөлмелерінде темекі тартпау.

  8. Аудиторияларда қоқым шашпай, тазалық сақтауы.

  9. Сабаққа сыртқы киіммен кірмеуі.

  10. Жиһаз бен көрнекі оқу құралдарын сақтай білу.

Студенттің тәртібі мен этикасы университеттің ішкі тәртібіне сай келуі керек.

Белгіленген тәртіптерді бұзғаны үшін оқытушы студентті аудиториядан шығарып тастау және деканның рұқсатымен сабаққа кіргізу құқығына ие.



Студенттердің білімін бағалау





Қорытынды баға балдармен белгіленеді (Қ)


Балдардың сандық

эквиваленті (С)




Әріптік жүйемен бағалау


Дәстүрлі жүйемен бағалау


Емтихан, диф.сынақ

сынақ

95 -100


4


А


Өте жақсы


Сынақ


90-94


3,67


А-


85-89


3.33


В+


Жақсы


80-84


3,0


В


75 - 79


2,67


В-


70-74


2,33


С+


Қанағаттанарлық


65-69


2,0


С


60-64


1,67


С-


55-59


1,33


D+


50-54


1,0


D


0-49


0


F


Қанағатсыз


Сынақтан өтпеген

«Өте жақсы» бағасы негізгі және қосымша фактілерді толық білуде қойылады; олардан дұрыс қорытынды жасай алуда (заңдылықтарды анықтау); тарихнаманы, мәселенің теориясын игерген жағдайда қойылады. «Жақсы» деп негізгі, қосымша фактілерді білу; оларды түсіндіріп, қорытынды жасай білу; теориялар, тарихнаманың негізін білу кезінде қойлады. «Қанағаттандырарлық» бағасы негізгі фактілерді айтып, оларды дұрыс қорытындылау, тарихнама, теорияларды жалпы айтып өтіп, жалпы білімнің болмауы мен қосымша фактілерді келтірмеуінде бағаланады. «Қанағатсыз» білім мен негізгі фактілер, тарихнама, теориялық сұрақтарына жауап берілмеуі кезінде бағаланады.

Семинар кезіндегі қорытынды, бақылаудың барлық формаларын негізінде пән бойынша әр студенттің қорытынды рейтингісі анықталады. Бақылау түрлерінің үлестік коэффициенті (үлесі) осыны құрайды: өтпелі үлгерімнің бақылауы (ВДту) – 0,4; емтихан (ВДэ) – 0,6. Қорытынды рейтинг мына формул бойынша шығарылады:

И= (Р1+Р2) : 2 х ВДту + Э х Вдэ где Р1, Р2, Э – балдар, бірінші мен екінші рейтинг қорытындылары бойынша алынған, емтихан 100 балдық жүйемен; ВДту, ВДэ – өтпелі үлгерім мен емтихандарда алынған үлестер.



Мысалы: бірінші рейтингте студент 76 бал алған болсын, екіншісінде – 80, емтиханды «жақсы» тапсырды, әріптік жүйеде “В-“, бұл 79 балды құрайды. Онда қорытынды рейтинг : И= (76+80) : 2 х 0,4 + 79 х 0,6 = 78,6 болады.

Пән бойынша балдармен белгіленетін (И) қорытынды рейтинг 2 таблицаға сәйкес сандық эквивалентке, әріптік және дәстүрлі бағаға айналдырылады да “Студенттердің білімін бағалау” журналына және “Рейтингі ведомосіне” енгізіледі. Біздің мысалымызда бұл 2,67; В-; «жақсы» болады.

Пән бойынша уақытаралық аттестация ведомості мен сынақ кітапшасына қорытынды баға дәстүрлі формада қойылады.
Апелляция жайында

Емтихандық сессия кезінде объективті емес баға үшін туған жағдайларды шешу үшін сессия басталуына 10 күн бұрын апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссияның төрайымы болып оқу ісінің проректоры болады,ол апелляциялық комиссияның құрамын белгілейді.

Апелляция студенттің ұсынысымен келесі жағдайларда шақырылады:

- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтары дұрыс қойылмаған жағдайда;

- тесттік тапсырмалар бірнеше дұрыс жауапты қамтыса, дұрыс жауабы болмаса, бірдей жауаптарды қамтыған болса;

- тесттік тапсырмалар немесе емтихан сұрақтарының билеттері пәннің ӘОК белгілеген оқу бағдарламасына сәйкес келмесе.

Апелляцияға арыз апелляциялық комиссияның төрайымының атына емтиханнан соң келесі күннің 13 сағатына дейін арнайы бланкіде тапсырылары және деканмен қабылданады.

Апелляциялық комиссия арызды емтиханнан кейінгі келесі күні 17 сағатта жұмыс күні аяқталысымен қарастыра бастайды және апелляцияға арызды оқып жатқанның қатысуынсыз қарастыра алады. Апелляциялық комиссия апелляция қорытындыларын апелляця жөнінде арыз жасау бланкісіндегі апелляциялық комиссияның әр бір сұрақ бойынша шешімін қарастырады. Апелляцияның қорытындылары декан дайындаған апелляциялық ведомостке енгізіледі.



Апелляция барысында оқып жатқанның семестрлік (емтиханға дейін) рейтингтің ауысуы қабылданбайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет