Мемлекет тарапынан монополияны реттеу
Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді пайдаланады. Мысалы, «жоғары деңгейдегі баға» белгілеу, салықтар және т.б.
Монополиялық фирмалар нарықта билік, үстемлдің жүргізу арқылы тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық билігін тежеу үшін арнайы заңдар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны шектеу, реттеу және салық салу.
Енді осы айтылған тәсілдер монополиялық фирмаға қалай әсер ететінін көрейік.
1. Бағаны реттеу. Фирманың монополиялық билігін жоғары деңгейдегі баға қою арқылы реттеуді көрелік. Бұл баға монополистің MR=MC тепе-теңлік бағасынан төмен болу керек. Енді бұны график түрінде көрсетейік. Рm , Qm – монополистік тауарының бағасы мен өнім көлемі.
Енді мемлекет тарапынан реттеу болып, тауарға Р1 бағасы қойылды дейік. Соның нәтижесінде тауардың бағасы монополия бағасынан гөрі төмендеп, ал өнім көлемі Q1 – ге дейін көбейеді. Бағаны реттеу механизмі бұл жағдайда нарыққа оң әсерін тигізіп тұр, бірақ бұл әдістің шектеу болады. Бағаны реттеудің ең төменгі деңгейі бәсеке нарығының бағасына келіп тіреледі, одан әрі баға төмендесе, өнім көлеміне азаюына әкеліп соқтырады, яғни монополистің іс-әрекетіне теріс әсерін тигізеді. Монополияға бағаны Рm –нан жоғары белгілесе, онда жағдайда да баға монополиялық фирманың жұмысына теріс әсер етеді. Сондықтан бағаны реттегенде Рr бәсеке бағасынан жоғары, ал монополия бағасынан төмен болуы керек: Рк < Рr < Рm .
2. Салық салудың монополияға тигізетін әсері. Фирманың шекті шығындары тұрақты деп ұйғарайық. Мемлекет тарапынан монополиялық өндірушіге қосымша салық салынды дейік.
LMRC – шекті шығын;
Т – салық;
Р1 және Q1 – монополистік салық салынғанға дейінгі жағдайы, ал Р2, Q2 –салық салынғаннан кейінгі баға мен өнім көлемі.
Шекті шығын қисығы LMRC салық көлеміне тең шамаға жоғары қарай жылжиды, себебі салық мөлшерін өндіруші өз шығындарына қосады: LMRC+Т. Сондықтан салық салынғаннан кейінгі тауардың бағасы да жоғарылайды; бірақ баға түгел салық көлеміне көбеймейді, ол салық шамасынан аз болады Р2 - Р1 < Т. Жетілген бәсеке кезінде МС тұрақты болған уақытта қосымша салық салынса, баға салық мөлшеріне өсетіні белгілі. Ал монополия кезінде баға салық мөлшерінен аз шамаға көбейіп тұр, сондықтан монополистердің іс-әрекеттерін салық механизмі арқылы реттеу оң нәтиже береді деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |