Пәні бойынша оқу бағдарламасы (силлабус) Орал 20 ж


Табыс және алмастыру әсері



бет20/80
Дата22.06.2023
өлшемі3.26 Mb.
#475304
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80
микроэк умкд Казиева А.Е.

Табыс және алмастыру әсері
Е гер Х тауарының бағасы Рх арзандап, ал табыс пен Ү тауарының бағалары өзгермесе, онда бұл жағдай тұтынушының талғамына екі түрлі әсер етеді. Біріншіден, оның табысы өзгермесе де сатып алу қабілеті өседі. Екіншіден, ол арзандаған затты көбірек алып, бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтады. Тұтынушының сұранысын арттыратын бірінші жағдайды табыс әсері, ал екіншісін – алмастыру әсері деп атайды. Бұл өзгерістер бір мезгілде болатындықтан, оларды ажыратып зерттеген орынды. Келесі суретте осы екі түрлі әсерлерді зерттеу жолдары келтірілген.
І және ІІ бюджет сызықтарында баға бірдей. Ал С нүктесінде Х тауарына деген сұраныс А нүктесімен салыстырғанда жоғары. Бұл тек қана заттың арзандауының арқасында болып отырған өзгеріс. Сондықтан SS2 алмастыру әсерін көрсетеді. Жалпы сұраныстың өзгеруі SS1 –ге тең, ал оның ішінде SS2 алмастыру әсерін көрсетеді. Демек S2S1 нақты табыстың өзгеруі нәтижесінде өскен сұранысты бейнелейді. Сондықтан бұл табыс әсері деп аталады.

№2 тақырып «Тұтынушы талғамы теориясы» дәрісіне


тестік тапсырмалар

1. Талғамсыздық қисықтарына қандай қасиеттер тән болады:


А) Мына айтылғандардың бәрi
Б) Талғамсыздық қисықтарының көлбеуi терiс сан болады
В) Талғамсыздық қисықтары ешқашан қилыспайды
Г) Талғамсыздық қисықтары координаттар өсiне қатысты ойыс болады
Д) Басқа қисықтан гөрi жоғары және оңға орналасқан қисық көбiнесе қалаулы болады.

2. Тұтынушы қаражатының шектеулi болуын түсiндiру үшiн төмендегiлердiң қайсысын пайдаланамыз:


А) Бюджет сызығы
Б) Изокванта
В) Изокоста
Г) Талғамсыздық қисығы
Д) Ауыстырудың шектi нормасы

3. Кофе және темекiге Асқар бiр жетiде 1000 теңге жұмсай алады. Егер темекiнiң бiр пачкасы РХ=70 теңге, ал кофенiң бiр шыныаяғы РУ=50 теңге болса, онда Асқардың бюджетiнiң шектеуi қандай болады? Х – темекi, У – кофе.


А) 70Х+50У=1000
Б) 70Х-50У=1000
В) 70Х-50У>1000
Г) 70Х+50У>1000
Д) 120(Х+У)=1000

4. Егер тұтынушының таңбасы өсетiн болса, онда:


А) Бюджет сызығы оңға паралельдi түрде жылжиды
Б) Бюджет сызығының көлбеуi азаяды
В) Бюджет сызығының көлбеуi жоғарлайды
Г) Бюджет сызығы солға паралельдi түрде жылжиды
Д) Бюджет сызығы өзгермейдi

5. Егер бiр игiлiктiң бағасы жоғарлайтын болса, онда:


А) Бюджет сызығының көлбеуi өзгередi
Б) Бюджет сызығы оңға паралельдi түрде жылжиды
В) Бюджет сызығы солға паралельдi түрде жылжиды
Г) Бюджет сызығы өзгермейдi
Д) Қолма-қол табыс көбеедi

6. Тұтынушы оңтайлы жағдайға төмендегi шарттардың қайсысы орындалғанда жетедi


А) Талғамсыздық қисығы мен бюджеттiк шектеу сызығының жанама нүктесiнде
Б) Талғамсыздық қисығы мен бюджеттiк шектеу сызығының қиылысу нүктесiнде
В) Бюджеттiк шектеудiң бойында орналасқан барлық нүктелерде
Г) Талғамсыздық қисығының барлық нүктелерде
Д) Бюджеттiк шектеудiң координаттар өсiн қиып өтетiн нүктелерiнде

7. Аяна өзiнiң табысын тек қана Х және У тауарларын сатып алуға жұмсайды. Х тауарының бағасы РХ=1 теңге; У тауарының бағасы: Ру=4 теңге. Осы тауарларды тұтынғандағы пайдалылықты ең жоғарғы деңгейге жеткiзу үшiн Аяна ненi ескеруi керек:


А) Ауыстырудың шектi нормасы (MRS) 1/4-ке тең болуы керек
Б) Осы тауардан бiрдей шамада алуы керек
В) Барлық табысын тек қана Х тауарын сатып алуға жұмсауы керек
Г) Барлық табысын тек қана У тауарын сатып алуға жұмсауы керек
Д) Аянаға кеңес беруге ақпараттар жеткiлiксiз

8. Аяна өзiнiң табысын тек қана Х және У тауарларын сатып алуға жұмсайды. Х тауарының бағасы РХ=1 теңге; У тауарының бағасы: Ру=4 теңге. Осы тауарларды тұтынғандағы пайдалылықты ең жоғарғы деңгейге жеткiзу үшiн Аяна ненi ескеруi керек:


А) Ауыстырудың шектi нормасы (MRS) 1/4-ке тең болуы керек
Б) Осы тауардан бiрдей шамада алуы керек
В) Барлық табысын тек қана Х тауарын сатып алуға жұмсауы керек
Г) Аянаға кеңес беруге ақпараттар жеткiлiксiз
Д) Барлық табысын тек қана У тауарын сатып алуға жұмсауы керек

9. Жалпы пайдалылық функциясы мына айтылғандардың қайсысы орындалғанда ең жоғарғы деңгейге жетедi:


А) Шектi пайдалылық өзгермейдi
Б) Шектi пайдалылық төмендейдi
В) Шектi пайдалылық өседi
Г) Шектi пайдалылық ең жоғарғы шамаға тең
Д) Шектi пайдалылық нөлге тең

10. Талғамсыздық қисықтарының қасиеттерiн анықтаңыз:


А) Дұрыс жауабы жоқ
Б) Талғамсыздық қисықтарының көлбеуi оң болады
В) әр нүктесiнде әртүрлi деңгейдегi қанағаттануды сипаттайды
Г) Талғамсыздық қисықтары координаттар өсiне қатысты ойыс болады
Д) Талғамсыздық қисықтары қиылысады

3 тақырып. Сұраныс пен ұсынысты талдаудың негіздері





    1. Сұраныс. Сұраныс функциясы. Сұраныс көлемі. Сұраныс қисығы.

    2. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Қсыныс қисығы. Ұсыныс өзгеруі.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет