Пәнінен syllabus


Оқушылардың ойлауын дамыту



Pdf көрінісі
бет13/91
Дата20.05.2022
өлшемі2.12 Mb.
#458428
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91
SYLLABUS ФОТ

Оқушылардың ойлауын дамыту 
Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық 
және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді.
Физика – табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты – заттар мен денелердің, 
құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат құбылыстарының 
заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық 
ойлауын дамтыуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, 
салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстаркция және жинақтап 
қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы 
осылай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін 
ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен 
мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшеліктер сипаттарын 
білуді қажет етеді. 
Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларды логикалық ойлаудың негізінен 
мынадай түрлеріне үйретуіміз керек: 
физикалық ойлау; 
ғылыми-техникалық ойлау; 
диалектикалық ойлау; 
индуктивтік ойлау; 
дедуктивтік ойлау; 
абстракты ойлау. 
Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны 
оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс. 
1.Физикалық ойлау деп оқушылардың: 
а) физикалық құбылыстарды бақылау, 
ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу, 
б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау, 
в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық 
байланыстарды тағайындау, 
г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу, 
д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу іскерліктерін дамытуды түсінеміз. 
Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекеттерінен көруге болады: а) ой 
еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білу, ә) физикалық формулалардың 
дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, 
в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін текресе білуі, г) физикалық заңдылықтардың 
өмірде қолданылуын түсіндіре білуі т.т. 
2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы физика мен математиканың 
арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін 
алдын-ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен 
модель кестеларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. 


3. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын 
анықтай білуге үйрету – оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы 
әдістемеік тәсіл. 
4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға 
көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады. 
5.Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың 
дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. 
6.Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды 
оңайлату мақсатында қолданылады. 
Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудің 
нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу 
процесіндегі белсенділігі жоғарылайды.
Өзін өзі бақылау сұрақтары: 
1. Физикалық ойлау дегенді қалай түсінісіңдер. 
2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы дегенді қалай түсінесіңдер. 
3. Оқушылардың ойлауын дамыту қалай жүзеге асады? 
4. Политехникалық оқыту және кәсіптік бағыт беру қалай жүзеге асады? 
5. Физиканы оқытудың негізгі міндеттерін көрсетіңдер. 
6. Физиканы оқыту әдістемесін түсіндіріңдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   91




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет