Кванттық механика микробөлшектердің қозғалысын және күшін
сипаттайтын,
микроэлементтің өзіне тән қасиеттерін және заңдылықтарын қарастыратын физикалық
теория. Кванттық механиканың әдістері кванттық электроникада, қатты денелер
физикасында және қазіргі кездегі химияда кең қолданыс тапқан. Сонымен, қатар оны атом
ң құрылысын және элементар бөлшектердің қасиеттерін қарастыратын жоғарғы энергия
физикасында кеңінен оқып үйренеді. Қатты дeнeлepдiң
кванттық теориясынын
жетістіктері негізінде алдын ала қасиеттері белгілі материалдардың (магнитик, шала
өткізгіштік, асқын өткізгіштік, лазерлер, ядролық реакторлардың ) жасалуын еске
түсірудің өзі жеткілікті.
Кванттық физика классикалық физикаға қарағанда танып білудің жоғарғы денгейі
болып табылады. Ол көптеген классикалық
көзқарастарға шектеу қойды, сондықтан да
XXI ғасырда Meктептегi физика бөлімінде кванттық физиканың элементтepi оқытылуы
керек. Әйтпесе мектеп оқушыларыньң физикадан аған білмдері XIX-XX ғасырдағы
денгейде қалып кояды. Оқушылардың айналамыздағы әлемдегі заттардың құрылысы мен
қасиеттеpi жайлы бiлiмi толық емес және қазіргi кезден түсінікке сәйкес келмейді.
Жалпы орта білім беретін мектептің жаңа бағдарламасында
кванттық физика
материалдарына назар аударылды. Онда екi такырыптың мазмұны жаңартылып
“Кванттық физика” жеке бөлім болды. Атомның құрылысы және квант туралы түсінік
сапалық деңгейде болса да, негізгі мектептің физика бөліміне енгізілді.
Фотоэффект кванттық теорияның, соның ішінде жарықтың кванттық теориясын
жасауға негіз болған құбылыс. Сондықтан да кванттық
физиканы оқытудың басында
фотоэффект құбылысына көп көңіл бөлгенде негізгi мектепте “жылулық сәулеленеу” және
фотоэффект заңдылықтарын қарастыра отырып жарық кванттары туралы ұғым енгізіледі.
Фотоэффект құбылысы және оның заңдары кванттық теорияның пайда болуынан
бұрын эксперимент жүзгігенде тағайындалған.
Фотоэффект, оның заңдылықтары физиканың даму тарихында алатын орны
ерекше. Фотоэффект құбылысын алғаш рет 1887 жылы неміс физигі Г.Герц (1857-1894
ж.ж.) кернеу көзіне қосылған электродтарға ультракүлгін сәулесін түсірсе, ол төменгі
кернеуде де разрядталатынын байқлады, бірақ оны түсіндіре алмады.
Москва университетінің профессоры А.Г. Столетов (1839-1896 жж.) осы
құбылысты тереңірек зерттеп, 1888 жылы заттың бетіне түсірген жарық көздерінен теpic
зарядталған бөлшектердің ұшып шығуымен түсіндірді.
Фотоэффект құбылысын зерттеу жарықтың кванттық қасиеттерін ашып қойған
жоқ, жалпы кванттық теорияны жасауға жол ашты.
Достарыңызбен бөлісу: