Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Николаевка орта
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Ищанова Эльмира Абайқызы
Қазақ әдебиеті
( 6 «б» сынып )
Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров
«Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдерін оқыту
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Оқушыларға ақпараттық білім көзі арқылы Ілияс Жансүгіровтің
өмірі мен шығармашылығы жайында түсінік беру.
2. Дамытушылық:
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын қалып-
тастыру. Әдеби тероиялық білімдерін шыңдау.Өз ойларын, пікір-
лерін еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік:
Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерін оқыта отырып өз ана тілін бағалай білуге, қазақтың қара домбырасының қасиетін ұғындыра отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдіс-тәсілдері: интерактивті тақтамен жұмыс, түсіндіру, салыстыру, дәлелдеу, сұрақ-жауап әдісі, ойландыру әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Ілияс Жансүгіровтің портреті, электрондық оқулық, интерактивті тақта, домбыра, жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет оқулығы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу
ә) Кезекшілермен жұмыс
б) Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
1) Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы
жайында сұрақтар қою
2) «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесінің
мазмұнын сұрау
3) Дайрабай образына қатысты жазып келген сөйлемдерін
тексеру
3. Жаңа сабақ
- Балалар, сендер Ілияс Жансүгіров жайында не білесіңдер?
( Оқушылардың ойын тыңдау )
- Өте жақсы. Олай болса тақтаға назар аударайық
I Электрондық оқулық арқылы «Ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығы» модулінен Ілияс Жансүгіровтің өмірімен таныстыру. (Оқу, талдау, негізгі түйінін бөліп алу. Оқушылардан түсінгендерін сұрау )
Оқушыларға қосымша мәлімет беру
Жылдар
|
Болған оқиғалар
|
Шығармалары
|
1894 ж.
14 мамыр
|
Бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( Қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданында) туған
|
|
1909 ж.
|
Петербургте шыққан Абайдың жинағы қолына түседі.
|
|
1928 ж.
|
|
«Сағанақ» тұңғыш кітабы жарық көреді
|
1929 ж.
|
|
«Күй» поэмасы
|
1930 ж.
|
|
«Дала» поэмасы
|
1934 ж.
|
|
«Күйші» поэмасы
|
1936 ж.
|
|
«Құлагер» поэмасы
|
1938 ж.
|
Қайтыс болды
|
|
ақын
домбырашы журналист
драматург жазушы
әнші
II «Анам тілі» өлеңі
- Балалар,өлеңмен таныспас бұрын «Анам тілі» не жайында деп ойлайсыңдар?
( Оқушы ойын тыңдау )
Электрондық оқулықта берілген «Анам тілі» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлеңнен түсініксіз сөздерді оқушыларға тергізіп алу. Мағынасын ашу
Бағасы алтын анам тілі – қымбат
Бағаланған балаң түрі - есейген
Маңымды танығанмын – білдім
Тәттілік – қадірлілік
Апкәусар – жұмақтағы зәмзәм суы, мөлдір де дәмді су деген мағынада
- «Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?» сұрағының төңірегінде ой қозғау.
Алибекова Мадина жазып келген «Анам тілі» атты шығармасын оқиды. (Шығарманы талдап кету)
III Келесі өлеңнің тақырыбын айтпас бұрын , әр түрлі аспаптарда орындалған күйлерді тыңдатамын. Содан соң оқушыларға домбырада ойналған күйді анықтатамын. ( Қалай анықтағандықтарын сұрау)
-
Өте жақсы балалар, олай болса тақтаға назар аударсақ.
Электрондық оқулықта берілген «Домбыра» өлеңін ашып қоямын.
Домбыра жайында қысқаша айта кету. ( Оқушылар пікірін де біле кету абзал)
Домбыра – қазақ халқының ең кең тараған ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Негізінен, екі ішекті немесе кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау» т.б.
Домбыраның құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Домбыра тұтас ағаштан ойып жасалады.
«Домбыра» өлеңін оқып, мазмұнын ұғындыру.
Сабақты әңгіме әдісімен әрі қарай жалғастыру. Өлеңде не туралы әңгіме айтылады?
-
Домбыра үні
-
Әуез
-
Қарқын
-
Күй суреті
Осы жоспар бойынша талдау
IV Интерактивті тақтаға назар аударту. Электрондық оқулық бойынша «Әдеби теориялық ұғымдар» модулінен градация туралы мәліметті тыңдау, дәптерге жазу, қайталап тыңдау. ( Не түсінгендерін сұрау, талдау)
Градация, дамыту- алдыңғы сөзден соңғы сөзі, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақ-
тата түсу.
Түйдектету Баяулату
«Домбыра» өлеңінде осы екі түрі де бар.
(Оқушыларға тапқызып, талдату, салыстыру)
Домбыра, сенде мін бар ма?
Мінсіз болсаң тіл бар ма?
Тіл жоқ деуге бола ма?
Тілден анық үн барда.
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда?
( Түйдектеу бағытында жазылған )
Келді жақын сең қағысқан,
Үн шыққандай жолбарыстан
Тұншыққандай
Өлді арыстан
Ат шапқандай
Жер қайысқан.
( Баяулату сарынымен жазылған )
Теңеу, эпитетті тапқызу
Теңеу: жолбарыстай, тұншыққандай, ат шапқандай, қамыстай, дабыстай,
жарыстай, дайыстай, барыстай.
Эпитет: қоңыр жел, адақтаған күй, ыңыранған домбыра.
V «Күйге» өлеңі
- Ең алдымен домбырамен күй орындалады, соны оқушыларға тыңдату
-Балалар, осы күйден қандай әсер алдыңдар?
-Қазақ халқының қандай күйлерін білесіңдер?
Өлеңді оқулықтан мәнерлеп оқыту.
Өлең жолдарындағы сөздердің мағыналарын тапқызу.
«Тәтті көрем» - сағынамын
«Жаным күйіп» - елжіреймін
«Өмірдің сыры» - құпия
«Жандырған күйік» - ыза
«Тамылжиық» - тыңдайық, рақаттанайық
( Оқушылар ойын тыңдау )
Электрондық оқулықтан интерактивті тапсырмалардың №5 (2) 4 сұрақ, №5 (4) орындау. ( Тексеру, талдау, дәлелдеу)
Сабақты қорыту
«Мен – саған, сен-маған» ойыны арқылы сабақты қорыту.
Үйге тапсырма
-
І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын оқу
-
«Анам тілі» өлеңіне балама жазу
-
«Домбыра-қазақ халқының ұлттық аспабы» № 5 эссе ( ойтолғау) жазып келу
Достарыңызбен бөлісу: |