Пәннің мақсаты мен міндеттері: Мақсаты: Оқупәні – «сase құралдары көмегімен ақпараттық модельдеу»


Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос)



бет51/117
Дата01.04.2024
өлшемі5.25 Mb.
#497142
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117
case docx (1)

Айқасқан сұраныс (Перекрестный запрос) режимімәліметтерді жинақы түрде электрондық кесте форматында көрсету үшін айқасқан сұраныстар құратын Шеберді іске қосады. Шебердің 1-терезесінде – айқасқан сұраныс құруға негіз болаптын сұраныс немесе кесте көрсетіледі. 2-терезеде – жолдар тақырыбы ретінде қолданылатын өрістерді, ал үшіншісінде – бағаналардың тақырыбы ретінде қолданылатын өрістерді көрсету керек. 4-терезеде есептеулер жүргізілетін өрістер мен есептеу түрі беріледі. Алдын ала келісім бойынша мәліметтердің орташа мәнін есептеу тағайындалған, алайда басқа да есептеу түрлерін де беруге болады (Топтық операция – Групповая операция қатары арқылы). Соңғы терезеде сұраныстың аты енгізіледі. Бұл режим екі немесе одан да көп өрістерде берілген ақпараттарды талдауға арналған.
Айқасқан сұраныс құру мысалын қарастырайық. 91-суретте сұраныс құруға қажетті кестені сұрайтын («Авто» кестесі) сұхбаттасудың бірінші қадамы келтірілген. Екінші қадамда жолдардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – олМаркасы өрісі (92 сурет). Үшінші қадамда бағаналардың тақырыбы ретінде алынатын өріс таңдалады – ол Түсі өрісі (93 сурет). Сұхбаттасудың төртінші қадамында есептеулер жүргізілетін өріс (Бағасы өрісі)және есептеу функциясы (қосындысын шығару) көрсетіледі (94 сурет). Сұхбаттасудың соңғы қадамында сұраныстың аты енгізіледі (95 сурет). 96-суретте «Авто» кестесінен айқасқан сұраныс негізінде алынған мәліметтер көрсетілген. «Авто» кестесінің бастапқы түрі 88-суретте келтірілген.

91 сурет– Айқасқан сұраныста кесте таңдау





92 сурет– Жолдар тақырыбы ретінде қолданылатын өрісті таңдау





93 сурет– Бағаналар тақырыбы ретінде қолданылатын өрісті таңдау





94 сурет– Есептелінетін өрісті таңдау





95 сурет– Айқасқан сұранысқа ат беру



96 сурет– Айқасқан сұраныстан алынған мәліметтер


5.Қайталанатын жазбалар


режимінде жұмыс істеу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет