ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені " Қазіргі кезеңдегі әлем тарихының іргелі мәселелері " пәні бойынша «6М020300»- тарих мамандығына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/4
Дата25.06.2016
өлшемі0.6 Mb.
#157174
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті




3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК


042-14-5-02.01.20.1/01-2009


Магистрантарға арналған

"Қазіргі кезеңдегі әлем тарихының іргелі мәселелері"

пәнінің оқу- әдістемелік материалдары

№1 басылым 18.09.08. орнына №2 басылым 30.09.2009




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

" Қазіргі кезеңдегі әлем тарихының іргелі мәселелері "

пәні бойынша

«6М020300»- Тарих мамандығына арналған



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

СЕМЕЙ


2014
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық сабақтар

4 Курстық жұмыс және дипломдық жоба



5 Магистранттың өздік жұмысы

Глоссарий

Абсолютизм – жоғары үкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың бір түрі.

Автономия – бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлтық құрылым.

Авторитаризм – жеке адамның билігіне негізделген, басқаруда күшке сүйенетін мемлекеттік-саяси тәртіп. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент болғанымен ол кеңесші органға айналады. Тоталитарлық тәртіппен салыстырғанда мұнда көпшілік партия, бірыңғай идеология болмайды және экономика бақылауға алынбайды. Тоталитарлық тәртіптің басқа белгілері негізінен сақталады. Ол көбіне саяси жағдайға белсене араласатын әскер күшіне сүйенеді. Мемлекеттің сайлау органдары шектеледі.

Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.

Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси-қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (қоғамдық, кәсіби, шығармашылық ұйымдар, ассоциациялар және т.б.) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, әдет-ғұрыптары, салттары кіреді. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына шек қойылады. Онда адамның халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары сақталады.

Альянс – ортақ мақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

Анархия – 1) Мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті, жөнсіздікті, заңсыздықты, басшылықтың жоқтығын білдіреді.

Аннексия – басқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күшпен жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.

Антагонизм – мүдделері қарама-қарсы күштердің, қастасқан таптар, топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиелініскен түрі.

Антисемитизм – еврейлерге қарсы бағытталған, оларды қудалауға арналған саясат пен идеологияның түрі.

Апартеид – нәсілдік жағынан бөлу, қорлау саясаты. Ол сайлау құқығынан айыру, бірдей еңбекке төмен ақы төлеу, көшіп-қонуды шектеу және т.с.с. көрініс береді.

Апатридтер – ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.Олар қай елде тұрса,сол елдің заңына бағынады, бірақ саяси құқықтары болмайды.

Аристократия – 1) пұрсатты, бай, ерекше құқықтар мен жеңілдіктерге ие ақсүйектер тобы; 2) ақсүйектер әулеті, билік жүргізетін мемлекеттік басқарудың түрі. Мысалы, мұндай мемлекеттік билік Ежелгі Гректерде болды.

Ассамблея – халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы.

Ассимиляция – бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

Билік – 1) адамдардың  іс-әрекетіне,  қызметіне, тағдырына  белгілі  бір  адамдардың  (бедел, жігер, құқық, зорлықтың) көмегімен  әсер  ету  мүмкіншілігі;  2) адамдарға  саяси  билік  жүргізу;  3) мемлекеттік  органдардың  жүйесі;   4) мемлекеттік  және  әкімшілік  өкілеттілігі  бар  қызмет  адамдары, органдары.

 Бипатридтер – бір  мезгілде  екі  немесе  одан  да  көп  мемлекеттердің  азаматы  болып  есептелуі.



Бихевиоризм – жеке  адамдар  мен  топтардың  іс-әрекетін  талдауға  негізделген  әдістемелік  бағыт.  ХХ ғасырдың  20-30 жылдарында  пайда  болған. Бұл  әдісті  жақтаушылар  саяси  қызметтің  барлық  түрлерін  адамдардың  іс-әрекеттерін  талдау  арқылы  түсініп  білуге  болады  дейді.

Буржуазиялық-демократиялық  партиялар – ХIХ  ғасырда  Еуропа мен  Солтүстік  Америкада  бір  кезде  пайда  болды.  Мынадай  принциптерді  басшылыққа  алады: қоғамда  билік  үшін  әрқашан  ашық  күрес  жүруі  керек, өкіметке  жалпыға  бірдей  сайлау  арқылы  жету, парламентте  көпшілік дауыс  алған  партия  немесе  партиялық  бірлестік  өкіметті  билейді, басқарушы  партияға  қарсы  үздіксіз  ашық  оппозиция  жұмыс  істеуі  керек. Заң  алдында  бәрінің  де  тең  болғанын, сөз, баспасөз, жиналыстар  бостандығын  қалайды. Мысалы, Германияның  еркін  демократиялық  партиясы, Ұлыбританияның  социал-либералдық  партиясы  және  т.с.с.

Бүлік – бір  топ  адамның  мемлекеттік  төңкеріс  жасау  мақсатымен  жасаған  іс-әрекет.

Бюрократ – 1) азаматтардың  мүддесіне  нұқсан  келтіріп, өз  міндеттерін  формальды  түрде  атқаратын  қызмет  адамы;  2) басқарудың  бюрократиялық  жүйесіне  жататын  ресми  қызметтегі  адам.

Демократиялық  партиялар – басқаларға  төзімділікпен, түсіністікпен  қарайтын, пікір  алалығын  жақтайтын  партиялар. Олар  идеологиялық  факторға  онша  мән  бермейді.

Деполитизация – белгілі  бір  ұйым, органдардың  және  т.б. жұмысын  саясаттың  ықпалынан  шығаруға  тырысушылық..

Депортация – жеке  адамдарды, халықтарды  еріксіз, күшпен  жер  аудару.

Деспотизм – 1) өкіметтің  толық  бассыздығына, қол  астындағы  азаматтардың  еріксіздігіне  негізделген  мемлекеттік  құрылыстың  жүйесі;  2) жеке адамның  бостандығын  мейірімсіз, қатал  басып-жаншу  тәсілі.

Деспотия – шексіз  және  дара  билеудің  бір  түрі.

Децентрализация – орталық  басқару  жүйесінің  жергілікті  жерге  өз  билігінің  бөлігін  беруі.

Диктатор – заңмен  санаспай, күштеу  мен  қудалауға  сүйенетін  шексіз  билеп  төстеуші.

Диктатура – қарулы  күшке  сүйенетін, заңмен  шектелмеген  шексіз  мемлекеттік  билік. Ол  көбінесе  әлеуметтік-экономикалық  күйзеліс, саяси  күрестің  шиелініскен  шағында, өтпелі  кезеңдерде, өкімет  басына  күшпен  келгенде  және т.с.с. пайда  болады.

Дискриминация – нәсіліне, ұлтына, дініне  немесе  саяси  көзқарастарына  және  т.т. байланысты  адамдарды  құқығынан  айыру  я  шектеу.

Диссидент – үстемдік  етуші, билеуші  идеологиямен  келіспеген  адам.

Идеология – белгілі  бір  әлеуметтік  топтар, таптар, партиялар  және  т.б.  мақсаттары  мен  мүдделерін  бейнелейтін, үстемдік  етіп  отырған  қоғамдық  қатынастарды  орнықтыруға  немесе  оларды  өзгертуге  қызмет  ететін  тұжырымдамалардың, пікірлердің, идеялардың  жүйесі.

Иерархия – төменгі  органдардың, шенділердің  жоғарғы  органдарға, шенділерге  бағыну  тәртібі.

Импичмент – жоғарғы  лауазымды  адамдарды (президентке  шейін) конституцияны бұзғаны  үшін  немесе  басқа  қылмысы  үшін  жауапкершілікке  тартуға  және  ісін  сотта  қарауға  мүмкіндік  беретін  ерекше  тәртіптің  түрі.

Институализация – саяси  қозғалыс  немесе  құбылыстың  тәртіпке  келтірілген, ұйымдасқан  мекемеге  айналуы.

Интеграция – мемлекетаралық  саяси, экономикалық, әскери  және  т.б. одақтардың  құрылуы. Оның  негізінде  ортақ  мүдде, саяси  қатынастардың  жақындасу, бірлесуге  тырысу  үрдісі  жатыр. Бұл  салада  Еуропалық  Одақ  зор  жетістіктерге  жетті.

-К-

               Келісім – мәжіліске  қатысушылардың  немесе  саясаттың  басқа  субъектілердің  келісімі  негізінде  қабылданатын  шешім.



Коалиция – 1) ортақ  жауға  қарсы  екі  немесе  одан  көп  елдердің  жасаған  одағы;  2) мемлекеттік  билікті  жүзеге  асыру  үшін  немесе  бірлесіп  іс-әрекет  жасау  мақсатымен  партиялардың  я  қоғам  қайраткерлерінің  бірігуі, келісімі.

Консерватизм – 1) тарихи  қалыптасқан  саяси  және  қоғамдық  өмірді  өзгеріссіз  сақтауға  тырысқан  әлеуметтік-саяси  көзқарастар, теориялар  жүйесі;  2) консервативтік  партиялардың  ұстаған  бағдарламалық  бағыты.

Конституция – мемлекеттік  және  қоғамдық  құрылыстың  негізгі  қағидаларын, принциптерін  білдіретін  негізгі  заң.

Конфедерация - өздерінің  кейбір  амал-әрекеттерін  үйлестіріп, белгілі бір  мақсаттарды (әскери, сыртқы  саясаттағы  және т.с.с.) жүзеге  асыру  үшін  бірлескен  егеменді  елдер  одағы. Онда  жалпыодақтық  азаматтық  немесе  ол  одаққа  кірген  мүшелердің  бәріне  міндетті  заң  шығарушы  билік  болмайды. Оның  алғаш  шешімдері  оған  енген  елдердің  бекітуінен  өтуі  керек.  Ол  өмірде  сирек  кездеседі. Мысалы, ол  1848 жылға  дейін  Швейцарияда, 1778-1787 жылдары  Солтүстік  Америка  штаттарында  болды. Қазір  соған  ұқсас  құрылымды  Еурополық  Одақ  құрмақ  ойы  бар.

Конфликт (жанжал) – қарама-қарсы  күштердің, партиялардың, көзқарастардың, мақсат-мүдделердің  бір-біріне  қайшы  келуі.  Ол  өрістеген  кезде  арты  шешілмес  қатты  дау-жанжалға, ал  саяси  шиеленіс  саяси  дағдарысқа  әкеліп  соқтыруы  мүмкін.

Конфликтология - әлеуметтік  дау-жанжал, шиеліністердің  мәнін, табиғатын, зардаптарын  зерттеуге, оларды  алдын  ала  болжауға  арналған  ілім.

Коррупция – 1) мемлекеттік  және  саяси  қайраткерлерді, министрлерді, парламент  мүшелерін, шенеуніктерді  және  т.б. параға  сатып  алу;   2) лауазымды  адамдардың  жеке  басын  байыту  мақсатында  өз  қызметін  қылмыстық  жолмен  пайдалануы, парақорлығы, сатылғыштығы.

Көппартиялылық – мемлекеттік  билік  үшін  күрес  барысында  бірнеше  саяси  партиялардың  әр  түрлі  мүдделері  мен  пікір  алалығын  пайдалана  отырып  басқару  түрі.

Легитимдік – халықтың  үстемдік  етіп  отырған  саяси  билікті  мойындауы, оның  заңдылығы  мен  шешімдерін  растауы.

Либерализм – 1) жеке  адамның  саяси  және  экономикалық  құқықтарын  мақұлдап, мемлекеттің  экономикаға  араласуын  шектеуге  тырысатын  ілім, саяси  бағыт;  2) бірқатар  елдерде  орта  топтың  мүддесін  қорғайтын  либералдық  партиялар.

Лобби – белгілі  бір  заң  жобаларына, қабылданатын  шешімдерге  ықпал  ету  мақсатында  әрекет  ететін  ерекше  саяси  ұйым. Ол  қысымшы  топтың  бір  түріне  жатады. Саяси, қоғам  қайраткерлерімен  жақсы  қатынастар  орнатып, солар  арқылы  үкіметтің  табысты  тапсырмаларын  алуға, заң  жобаларына  өздеріне  керекті  өзгерістер  жасауға  және  т.с.с. күш  салады. Бұл  мақсатта  неше  түрлі  әдіс-тәсілді  пайдаланады.

Люмпен – қоғамның  азғындалған  бөлігінің  жалпылама  аты. Оған  қаңғыбастар, қайыршылар, жезөкшелер, қылмыскерлер  және  т.с.с.  жатады.

Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат.Саясаттанудың обьектісіне  саясат әлемі жатады.

Оккупация-бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.

Олигархия-саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.

Оппозиция -  1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге қарсылық ету ,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы,

Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып , ойран салған ,демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

     Өркениеттілік-1)қоғамның , адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2)мәдениеттің синонимі; 3) Л.Морган, Ф.Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуында варварлықтан кейінгі сатысы.

      Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі ,бейнесі.

Пацифизм-соғыстың қандай түріне болмасын(мақсатына,сипатына қарамастан)қарсы тұрып ,бейбітшілікті жақтайтын ағым,қозғалыс.

Плебисцит-ерекше маңызды мәселе туралы  барлық халықтың пікірін сұрау,анықтау.

Плутократия-1)мемлекеттік билік байларға(плутократтарға )бағынышты болған саяси құрылыс;2)байлардың билігі ,ақшаның үстемдігі.

Полис –ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекет.

Прагматизм –алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.

Социал–демократиялық партиялар-қазіргі капиталистік қоғамда еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап,өзгертіп отыруға тырысқан партиялар.Олардың басты құндылықтары:бостандық,әділеттілік,ынтымақтастық,теңдік.

         Социум - адамдардың өмір сүру жағдайы және мәдениеттің бірлігіне байланысты құрылған әлеуметтік қауымдастық.Оныңең жоғарғы түріне әлеуметтік жүйе ретінде тұтас қарастырылған қоғам жатады. Одан басқа оған отбасы,туыстық,рулық,әлеуметтік-топтық,ұлттық,аумақтық қауымдастықтар кіреді.

         Статус - белгілі бір кезде болған немесе қазір өмір сүріп отырған жағдайды сақтау.

         Страта - қоғамдағы әлеуметтік жағдайына байланысты адамдардың әр түрлі топтарға бөлінуі. Оларды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады:меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б.



Субмәдениет - Қоғамда үстемдік ететін мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси бағдар. Ол қоғамдық топтардың экономикалық, әлеуметтік жағдайларына, этникалық, діни, нәсілдік, білімдік, жыныстық, жас ерекшеліктеріне және т.с.с. белгілеріне байланысты болады.

         Субъективтік - табиғат пен қоғамның объективтік даму заңдылықтарын теріске шығаруға тырысатын көзқарас. Оны жақтаушылардың ойынша, саяси өмір саясатты жасаушы субъекттердің ерік-жігеріне, ынта-ықыласына, мақсат-мүддесіне байланысты дамиды.



Теократия - діни билік те, азаматтар билігі де бір адамның қолында болатын мемлекеттік басқарудың түрі.

         Терроризм - саяси себептермен  жеке адамдарды,көпшілікті қорқыту,жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет.

         Технократия - 1)инженерлерге,менеджерлерге,техника ғылымдарына иек артатын саяси тәртіп; 2)басқарушы элитаға кіретін техникалық мамандардың жоғарғы  жігі және соларды дәріптейтін тұғырнама.Технократиялық теорияларды жақтаушылар техникаға, технологияның рөліне шексіз басымдық береді.

Тиран -1) Ежелгі Грецияда, Ежелгі Италияда өкіметті күшпен басып алған адам; 2) жендет, рақымсыз, қатал, мейірімсіз билеуші; 3)қысымшы, езуші адам.

Толеранттық – басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету, саясатта алуан пікірлікті, оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне мүмкіндік беруді, олардың ой-пікірлеріне түсіністікпен қарауды білдіреді.

         Фашизм-реакциялық ,грессивтік күштердің террорлық диктатурасы.Ол 1919 жылы Италияда,содан кейін Германияда пайда болды.Оның ерекшеліктеріне жататындар:бір нәсілді екіншіден жоғары қою,мемлекетке барлық басшылықты беру,демократиялық құқықтар мен бостандықтарды басып –жаншуда шектен тыс күштеу әдіс-тәсілдерін пайдалану,қоғамдық және жеке өмірді жаппай бақылауға алу және т.с.с.



Федерация-белгілі бір тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп,одақтық жаңа мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі.Әрбір субъектінің өзінің жоғары билеу(заң шығарушы,атқарушы,сот)органдары болады.Бірақ олар орталық  институттарға бағынады.

Феминизм-қоғам өмірінің барлық салаларында еркектер мен әйелдердің теңдігі үшін күресетін қозғалыс.

Фракция-парламентте немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және т.б.өз партиясының саясатын ұйымшылдықпен өткізу үшін біріккен кейбір саяси партиялардың мүшелері ;партияның жалпы бағытымен келіспегендіктен өз алдына бөлек оқшауланған,өзіндік бағыты,құрылымы,тәртібі бар ,бірақ сол партияның қатарынан шықпаған саяси партия мүшелерінің бөлігі.

Фундаментализм-мұсылман елдеріндегі қоғамдық ойдың ислам діні негіздерін берік сақтау әрекеттері.

Шовинизм-ұлттық ерекшеліктерді дәріптейтін,бір ұлттың мүддесін басқа халықтардың мақсатына қарсы қоятын,ұлтаралық өшпенділікті қоздыратын ,ұлтшылдықтың шектен шыққан түрі.

Эволюция - қоғамдық-саяси өмірде біртіндеп, баяу даму. Бұл теорияның негізін салған ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин болатын.

Экспопрация - бір тапты жеке меншігінен, өндіргіш, құралдарынан күшпен, ықтиярсыз айыру.

Экстремизм - 1)саяси және басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді; 2)шектен шыққан көзқарастарға және шараларға бет бұрушылық.

Электорат - халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.

Элита - саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, ікерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы.

Эмансипация - адамның немесе әлеуметтік топтың тәуелділік, кіріптарлық езгіден құтылып, теңдік алуы.Мысалы, ұлттық езгіден құтылу, әйелдердің ерлермен тең құқық алуы және т.с.с.

         Этатизм - елдің экономикалық және саяси өміріне, қоғамның барлық саласына мемлекеттің белсенді араласуын қалайтын тұжырымдама.



         Этнос - тілінде, мәдениетінде, мінез-құлқында ортақ ерекшеліктері бар, белгілі бір аумақта (территорияда) тарихи қалыптасқан, өз қауымдастығының бірлігін сезінетін адамдар жиынтығы.

Дәріс сабақтары
1 дәріс сабағы

Ежелгі дүние және ортағасырлар тарихының іргелі мәселелері.
Ежелгі дүние – тарих ғылымында адамзат қоғамы дамуының Рим империясы құлағанға дейінгі (біздің заманымыздың 5 ғасыры) кезеңін сипаттау үшін қолданылатын термин. Алғашқы адамдар туыстық байланыстар бойынша (ру мен тайпа) бірлесіп өмір сүрген. Бірте-бірте рулар мен тайпалар арасындағы өзара соғыстар нәтижесінде қоғам мүшелері арасынан ақсүйектер мен құлдар келіп шықты. Біздің заманымыздан бұрынғы 4 – 3-мыңжылдықта Тигр мен Евфрат өзендері аралығында шумер мәдениеті пайда болды. Шумерлердің Орталық Азиядан бұл өлкеге қалай, қашан көшіп келгені ғылымда әлі анықталған жоқ. Кейіннен Месопотамияда шумерлердің орнына Вавилон мемлекеті (оңтүстікте) мен Ассирия мемлекеті (солтүстікте) құрылды. Шумерлермен қатар Ніл өзені жағалауында ежелгі Мысыр мемлекеті (шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 3000 жыл) дүниеге келді. Б.з.б. 2000 ж. Қытайда да алғашқы мемлекет құрылып, Ся әулеті билік құрды. Шамамен осы мезгілде Крит мәдениеті мен Хетт патшалығы өмір сүрді. Тайпалардың шығыстан батыс пен оңтүстікке жаппай қоныс аударуы нәтижесінде Кіші Азия, Сирия, Палестина, Мысыр халықтары толығымен жаңарып, адамзат тарихында темір дәуірі басталды. Таяу Шығыста шығу тегі белгісіз «теңіз халықтары» пайда болып, Жерорта теңізі жағалауларына өз бақылауын орнатты. Біздің заманымыздан бұрынғы 2500 ж. шамасында Инд өзені бойында үнді мәдениетінің негізі қаланды. Көп ұзамай Үндістанға Орталық Азиядан арий тайпалары басып кіріп, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1500 ж. бүкіл Солтүстік Үндістанды басып алды. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Инд өзенінен Қара және Каспий теңіздеріне, сондай-ақ, Мысыр мен Грекияға дейін созылып жатқан парсы патшалығы (Ахемен әулеті мемлекеті) құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 336 – 321 ж. онан да алып Александр Македонский империясы құрылып, грек-македон және шығыс мәдениеттері араласа бастады. Шамамен осы кезеңде Орталық Азияны мекендеген ғұн тайпалары бірлесіп алып мемлекет құрды. Олар шығыста Қытайды Ұлы қытай қорғанын тұрғызуға мәжбүр етті. Біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырда Рим күшейіп, Италиядағы латын мемлекеттерін өзіне бағындыра бастады. Императорлар Цезарь мен Августин тұсында Рим Жерорта теңізі жағалауларына толық өз үстемдігін орнатқан әлемдік державаға айналды. Біздің заманымыздың 3 ғасырынан бастап империя әлсіреп, 395 ж. Батыс және Шығыс Рим империяларына бөлінді. 3 ғасырдан бастап Орталық Азияны мекендеген көшпелі ғұн тайпалары жаппай батысқа жылжып, Балтық және Қара теңіздердің аралығын мекендеген герман тайпаларын әрі қарай ығыстырды. Ғұндардан ығысқан германдықтар Батыс және Шығыс Рим империяларына басып кірді. Кейбір герман тайпаларымен одақтасқан ғұн тайпалары да Аттиланың (Еділдің) басшылығымен Батыс Рим империясына басып кіріп, 452 ж. Рим қаласын қоршауға алды, бірақ төлем алғаннан кейін қаланы қиратпай, кері шегініп кетті. Көп ұзамай Батыс Рим империясы біржолата (476) жойылды. Осы империяның жойылуымен ежелгі дәуір тарихы да аяқталды.

Орта ғасырлар тарихында Еуропа елдері үшін V-X ғасырлар, ал Азия елдері үшін ІІ-ХІ ғасырлар ерте орта ғасырлар дәуірі деп аталады. Бұл деуірде адамзат баласы тарихының дамуында көптеген тайпалар құлдық қоғамды аяқтап, жаңа қоғамдық қатынас - феодализмге енді. Ерте орта ғасырларда ірі жер иеліктері дамыды. Феодалдық қоғамның негізгі байлығы жер болды. Ерте ортағасырлық мемлекеттер өмірге келді. Солардың ішінде Франктер империясы мен Византия империясы құрылды. Азияда Араб халифаты дүниеге келді. Ислам дінітаралып, Азия елдерінде мұсылмандық кең етек алды. Ислам дінін уағыздаушы Мұхаммед пайғамбар ислам дүниесіне зор әсер етті. Шығыс Еуропа елдерінде ерте ортағасырлық деуірде славян тайпалары бірікті. Батыс, Оңтүстік және Шығыс славян тайпалары ІХ-Х ғасырлар аралығында өз мемлекеттерін құрды. Шығыс славян тайпаларының жерінде Киев Русі мемлекеті, Батыс славян тайпаларының жерінде Морав, Чех мемлекеттері, Оңтүстік славян тайпалары жерінде - Балқан түбегінде Бірінші Болгар патшалығы құрылды. Бұл славян мемлекеттері дүние жүзі халықтары тарихында ай-тарлықтай із қалдырды.

Ерте орта ғасырлар кезеңіндегі мемлекеттердің саяси құрылымы ерте феодалдық монархия болды. Ірі жер иелері мен дін басшылары феодалдардың мүддесін қорғап, үстемдік жасап отырды. Мемлекеттік аппаратта король, герцог, барон, кінәз бен боярлар феодалдық сатыны құрады. Ірі жер иеліктері феодалдық поместьелер болды. Ерте орта ғасырлар кезеңінің бір ерекшелігі - монархиялық империялар қандай күшті болғанымен, феодалдық қоғамның заңды дамуы - бытыраңқылықты бастан кешірді. Оның себебі, біріншіден, барлық феодалдық мемлекеттер байлық үшін, билік үшін әр уақытта бақталас- тықта болды. Екіншіден, феодалдық қоғамда тұйық табиғи шаруашылық дамыды. Мемлекеттер елді басқару мен шаруашылықты ұйымдастыру ісін өз мәнінде жүргізе алмады. Бұл тарихи процесс Франктер, Византия, Киев Русі мемлекеттерінің әлсіреуіне жене құлауына әкелді. V-X ғасырлар аралығында шаруалардың жіктелуі күшейді. Яғни шаруалар кедейленіп, жерін ірі феодалдар тартып алған, жерсіз шаруалар көбейіп, олар феодалдарға еріксіз кіріптарлыққа түсті. Еріксіз шаруалар Еуропа және Азия елдерінде ірі феодалдарға қарсы күреске шығып отырды. Феодалдық қоғамның дамуы өндірістік күштердің дамуына, өндірістік қатынастың күшеюіне әкелді. Еуропа елдерінде жерге жеке меншік үстем болды. Азия елдерінде жерге иелік негізінен мемлекеттік меншік арқылы дамыды. Ерте орта ғасырлар кезеңінде феодализм дамып, феодалдық қоғам өз дамуының жоғарғы сатысына өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет