ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «5В030400»- кеден мамандықтарына арналған ОҚУ-Әдістемелік материалдар семей



бет4/5
Дата12.06.2016
өлшемі429.5 Kb.
1   2   3   4   5

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Республикалық бюджеттін мазмұны.

  2. Бюджет процедурасының талқылау және бекіту кезені.

  3. Жергілікті бюджетті құрастыру.

  4. Республикалық бюджетті орындау.

Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 8. Қаржы құқықтық категориясы ретінде салық.

1.Салықтық ұғымы.

2.Салықтық материалдық, экономикалық және заң белгілері.

3.Мемлекеттік алымдардың,мемлекеттік баж салығының және бюджетке арналған төлемдердің өзгешешілік белгілері, салық элементтері,салық субьектісі, салық обьектісі, салық төлеу реттігі, салық жэеңілдіктері, қағидалары



1.Әрбір мемлекет өзінің аппаратын қамтамасыз ету үшін, және өзінің қызметін жүзеге асыру процесінде туындайтын шығындарды жабу үшін, каражаты бар кезде ғана өмір сүре алады. «Салық» дегеніміз күрделі кұбылыс, ол бір мезгілде материалдық, экономикалық және заңды категория бола алады.Материалдық мағынада салық дегеніміз - салық төлеушімен мемлекетке, белгіленген мерзімде, тәртіпте берілуге жататын ақшаның белгілі бір сомасы. Экономикалық категория ретінде салық дегеніміз - белгіленген тәртіпте, мерзімде және мөлшерде салық төлеушіден мемлекетке құңның бір жақты қозғалысын реттейтін ақшалай мүмліктік қатынастар.Құқықтық мағынада салық дегеніміз - белгіленген мөлшерде, мерзімде және ұйғарымдалған тәртіпте ақшалай сомасын мемлекетке беру бойынша тұлғаның міндеттемесін туғызатын мемлекетің ұйғарымы.Салықтың материалдық белгілері болып, келесілер табылады:

  1. ақшаның белгілі бір сомасын білдіреді

  2. заттың белгілі бір санын анықтайды.

Салықтың экономикалық белгілері:

  1. Салық мемлекеттің пайдасына жиындалған қоғамдық өнімнің үлестіруін білдіреді;

  2. салық ақшалай нысанда болады, бірақта салық натуралдың нысанда болуы мүмкін;

  3. қайтарымсыз төленуі;

  4. эквивалентсіздігі;

  5. салықты төлеген кезде меншіктің нысаны ауысады.

Заңды белгілеріне келесілер жатады:

  1. Салық тек қана мемлекетпен белгіленеді. Бұл жағдайда мемлекетті құқықталған мемлекетік органдар білдіреді (Қаржы министірлігі, Салық комитеті және т.б.);

  2. салық тек қана құқықтық нысанда болады;

  3. салық мемлекеттің бір жақты ұйғарымы болып табылады;

  4. салықты белгілеу салық төлеуші үшін қаржылық міндеттемесін туғызады. Оның орындалуы мемлекетің мәжбүр ету күшімен және заңды жауапкершіліктің шаралары арқылы қамтамасыз етіледі;

  5. салық мәжбүрлі мінездемеге ие;

  6. салықтың төлеуін өндіртіп алу, құқықты болып табылады.

Салық салу дегеніміз - ол салықтарды белгілеу мен өндіртіп алу үшін жүргізілетін мемлекеттің қызметі.

Мемлекеттің салық қызметі дегеніміз - ол салық салуды уйымдастыру бойынша және оның жүзеге асыруын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің қызметі.

Салықтың құрамы келесі элементерден тұрады:


  1. салықтың субъектісі - ол салықты төлеуді міндетті тұлға

  2. салықтың объектісі - олардың болуымен салық төлеушіде салық міндеттемесі туындайды (мүлік, табыс және әректер)

  3. салық базасы - ол салық салу объектісінің құндық, физикалық және басқа да мінездемесі, осының негізінде салықтың сомасы белгіленеді

  4. салық ставкасы - ол салық базасының өлшем бірлігіне салықтық есептеулердің мөлшері

  5. салық периоды - ол уақыттың периоды, оның өтуінен салық базасы белгіленеді және төлеуге жататын салықтың сомасы есептеледі

  6. салықты есептеу тәртібі - ол төлеуге жататын салықтын сомасын белгілеу бойынша қатысты тұлғаның әрекеттерінің жиынтығы.

  7. салықты төлеу тәртібі - ол салық заңымен белгіленген ережелер. Оларға сәйкес салық төлеушіден мемлекетке салық төлемінің затының көшірілуі жүргізілуі керек.

  8. салықтық женілдіктер - ол салық төлеушіні салық ауыртпалығынан босату немесе оның ауыртпалығын азайту.

2. Салық құрылымы дегеніміз - ол салық құқықығының жалпы бөлімінің институты. Ол мемлекеттің салық жүйесінің құрамын белгілейді. Салықтарды бюджеттің жеке түрі араларында бөледі және де салық салу принціптерін заң жүзінде белгілейді.

Салық жүйесі дегеніміз - мемлекеттің территориясында белгіленген және алынатын салықтың жиынтығы.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтың келесі тұрлерінен тұрады:


  1. Корпоративті табыс салығы

  2. Жеке табыс салығы

  3. Қосымша құн салығы

  4. Акциздер

  5. Жер салығы

  6. Мүлік салығы

  7. Көлік құралдарына салынатын салық

  8. Әлеуметік салық

  9. Жер қойнауын пайдаланушының арнайы төлемдері мен салықтары

Салықтың түрлерінің аз болуының жағымды жақатары:

  1. Салық төлеушіге өз салық міндеттемелерінде ориентир жасау жеңіл;

  2. мемлекетке салық бақылауын жүргізуге жеңіл;

  3. оларды жинау үшін қызметкерлер аз керек

Салықтың классификациясы: (жіктелуі)

1.Салық ауыртпалығын иесіне қатысты салықтар:

А) тұра

В) жанама болып бөлінеді.

Тұра салықтар нақты және жеке салықтар болып бөлінеді.

Нақты салық - мүліктен алынытын, ал жеке салықтың объектісі - табыс

2.Салықтың нысанына байланысты:

А) натуралдық

В) ақшалай

3.Салықтың субъектіне байланысты:

А) заңды тұлғандан алынатын салық

В) жеке тұлғандан алынатын салық

4. Территориялық деңгейге байланысты:

А) жалпы мемлекеттік

В) жергілікті салықтар

5. Бюджетік реттеу әдісі ретінде қолуынуына байланысты:

А) бектілген

В) реттеуші салықтар

6. Пайдалану мінездемесіне байланысты:

А) жалпы бағытты (абстрактік)

В) бағытты

7. Есептеу әдісі бойынша:

А) окладтық

В) окладтың емес.

Окладтық салықты салық комитеті өзі есептейді (жер салығы, мүлік салығы, көлік салығы), ал окладтық емес салықты салық төлеушінің өзі есептейді (Жеке табыс салығы, ҚҚС)

3. Республикалыққ бюджеттің кірісіне салықтың келесі түрлері кіреді:


  1. Корпоративтік табыс салығы 100 % мөлшерінде

  2. Косымша құн салығы, толық көлемде

  3. Акциздер, кейбіреуі толық, кейбірі - спирттік сусындар мен сыра -50%

  4. Әлеуметтік салық – салық төлеушінің кейбіреуінен басқа толық көлемде

  5. Рояти, бонус, аса алынған пайдаға салық (сверх прибыль), сонымен қатар республикалық бюджетке түсетін бөлігі бойынша контрактарды жасасу бойынша, Қазақсатн Республикасының өнімнін бөлігі.

Жергілікті бюджетке түсетін салықтар:

1. Акциздер, кейбіреуі толық, кейбірі - спирттік сусындар мен сыра -50%

2.жеке табыс салығы - толық

3. әлеуметік салықтын бөлігі

4. жеке және заңды тұлғалардың мүлігіне салынатын салық - 100%

5. жер салығы - 100%

6. көлік салағы - 100%

7. жергілікті бюджетке түсетін бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының котрактілер бойынша үлесі.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірлік, салықтық орталықтандыру және салықтың тізімінің шекті көлемі принциптеріне негізделген.Бірлік принципі салық кодексінің 8-бабында тура көрсетілген. Бұл принцип келесі қағиданы көрсеткен: Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының территориясында барлық салық төлеушіге қатысты болып табылады.Салық орталықтандыру принципы Қазақстан Республикасының салық жүйесі салық көдексі негізінде қалыптасқан. Ал салық кодексі Қазақстан Республикасының жоғары өкілді органымен бекітілген акт.Салықтың тізімінің шектелу принципы Қазақстан Республикасының территорияда салық кодексінде көрсетілген салықтардан басқа салықтарды қолдануға тыйым салынады.Сонымен қатар салық кодесінде салық салудың бірнеше принциптері көрсетілген:


  1. Салық салу міндеттілігінің принципі

  2. Салық салудың нақтылық принципі

  3. Салық салудың әділеттілігінің принципі

  4. Жариялық принципі


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Салық салу ұғымы.

  2. Мемлекеттін салықтық қызметінің ұғымы.

  3. Салықтық қызметтің әдістері.

  4. Салықтық қызметтің құқықтық нысандары.

  5. Салықтын субъектісі, объектісі және заты.

Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 9. Мемлекеттік несиенің құқықтық негіздері.

  1. Мемлекеттік несиенің, мемлекеттік шеттен алып пайдаланудың, мемлекеттік борыштың мемлекеттік несиелеудің ұғымы.

  2. Қарыз кепілдігі.

Мемлекетің қаржы қызметі тек қана құқықтық нысанда жүргізіледі.Қаржы құқығы дегеніміз - ол құқық қатынастарды реттейтін құқық номаларының жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз нормативтік регламентталған жағдайға түскен, мемлекетің күштеуімен қамтамасыз етілген, барлық тұлғаларға бағытталған көп реттік пайдалануға есептелген, нормативтік құқықтық актілерімен қалыптастырылған, барлығына міндетті тәртіптердің ережесі.

Қаржы құқықтық норма дегеніміз - ол мемлекеттің қаржы қызметінің процесінде пайда болатын қатынастардың қатысушыларының тәртібінің ережелерін белгілейтін құқықтық норма.

Қаржы құқықтық норма басқа құқық нормалары сияқты төмендегі белгілерімен мінезделінеді: 1.Мемлекеттік-биліктік ұйғарымды білдіреді;

2.Мемлекетпен құқықталған органмен қабылданады;

3.Барлығына міндетті тәртіптің ережелерінен тұрады, көп реттік қолдануға есептелген және субъектілердің белгіленбеген санына арналған.

4.Қаржы құқықтық нормалар актының белгілі бір заңды нысанымен белгіленеді.

5.Қаржы құқық нормаларының орындалуы күштеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Қаржы құқығының нормаларының спецификасы келесілерден тұрады: оны қабылдайтын субъект - мемлекет, сол уақытта қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады. Сонымен қатар, қаржы құқық нормаларының ерекшеліктеріне келесі белгілер кіреді:


  1. Мазмуны бойынша - олар қаржы қатынастарының қатысушыларының тәртібін реттейді.

  2. Ұйғарымның мінездемесі бойынша - көбінесе императивтік түрде болады.

  3. Жауапкершілік шаралары бойынша - мемлекет бұл нормаларды мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Сондықтан, оларды бұзған үшін, заңды жауапкершіліктерді белгілейді.

  4. Мемлекеттің құқықтарын қорғау әдістері бойынша - нормалар көбінесе қаржы қатынастарының бір субъектісін, атап айтқанда мемлекетті немесе онымен құқықталған мемлекетті білдіретін органды соттан тыс тәртіпте, өз қызығушылықтарын бір жақты қорғауға құқықталған.

  5. Рәсімдеу әдісі бойынша - қаржы құқық нормалар жағдайды нақтылап белгілеу, диспозицияны толық көрсету, қаржы-шаруашылық операциялардың көп варианттарын жинақтау арқылы мінезделеді.

Қаржы құқықтық нормалар: реттейтін және қорғайтын нормаларға бөлінеді.

Реттейтін нормаларға қаржы құқықтық қатынастарға белгілі бір міндеттерді белгілеуді немесе оларға белгілі бір құқықтарды беретін нормалар жатады.Қорғайтын нормалар қаржы құқықтық қатынастардың субъектілерімен қағидаларды дұрыс орындалуының қамтамасыз ету құралы болып қызмет етеді.Реттейтін нормалар келесілерге бөлінеді:



  1. міндеттейтін

  2. тыйым салатын

  3. құқық беретін

Құқықтық реттеу әдістері бойынша, қаржы құқықтық нормалар императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.Қаржы құқықтық нормасының мазмұнына байланысты, олар материалдық және ұйымдастырушы деп бөлінеді.

  1. Материалдық нормалар - ақшаның материалдық объектісі ретінде қозғалысын реттейтін қаржылық қатынастарды реттейді.

  2. Ұйымдастырушы нормалар - олар мемлекеттің қаржы қызметінің нысанымен процедураларын белгілейді және қаржы құрылымын белгілейді.

Ұйымдастырушы нормаларының ішінде көп орынды компетенциялық нормалар алады. Атап айтқанда, мемлекеттің қаржы органдарының құқық мәртебесін және құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Өзінің логикалық құрылымы бойынша, қаржы құқықтық норма 3 элементтен тұрады:

  1. Қаржы құқықтық норманың гипотезасы - ол нормаларының қандай жағдайда қолдану немесе екенін суреттейді

  1. Қаржы құқықтық норманың диспозициясы - ол тәртіптің ережелерінің өзінен тұрады. Қаржы қатынастарының қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын білдіреді.

  2. Қаржы құқықтық нормаларының санкциясы қаржы құқықтық норманың ұйғарымдарын орындалмауының немесе дұрыс орындалмауның салдарын белгілейді.

Қаржы құқық нормаларың санкциясының құқықтың басқа салаларының санкцияларынан айырмашылығының ерекшілектері:

  1. Ақшалай түрде болады.

  2. Әр уақытта мемлекет алдында жауапкершілікті білдіреді.

  3. Көптеген қаржы құқық нормалар үшін санкцияның бір жақты бағытталғанымен мінезделінеді.

  4. Көптеген қаржы құқықтық номалар мемлекеті білдіретін субъектіге санкцияны өз еркімен қолдану құқығымен жүктейді.

  5. Қаржы құқықтық норма өзінде ескертетін, қалпына келтіретін және жазалаушы шаралардан тұрады

Мемлекет өзінің шығарған қаржы құқықтық нормаларының ұйғарымын дұрыс және мүлкетпей орындауында қызығушылық білдіреді. Олардың уақытында және сапалы орындалуы келесі шаралармен қамтамасыз етіледі:

  1. Қаржы заңың бұзғаны үшін, кінәлі лауазымды және жеке тұлғаларды әкімшілік, қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тарту.

  2. Бір жақты тәртіптте мемлекетік қаржы органдарымен арнайы қаржы құқық санкциялары қолдану.

  3. Қаржылық міндеттемелерді мүлкетпей орындау.

2. Қаржы құқықтық қатынастар дегеніміз - қаржы құқықтық нормалармен реттелетін мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастар.Барлық қаржы құқықтық қатынастарға тән белгілер:

  1. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржы қызметі процесінде туындайды.

  2. Міндетті субъектісі болып мемлекет табылады.

  3. Бұл қатынастар билікпен және бағынумен мінезделеді.

  4. Матералдық қаржы құқықтық қатынастар ақша құрамдарының қозғалысын реттейді. Олар қозғалысың кімге, немесе кімнен қаражаттардың өтуіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Материалдық қаржы құқықтық қатынастарға келесі спецификалық белгілер жатады:

  1. Мемлекеттік ақша қорын қалыптастыру немесе үлестірумен байланысты процестерді реттейді.

  2. Объектісі болып ақша немесе ақщалай міндеттемелер болып табылады.

  3. Мазмұны болып экономикалық қаржы қатынастар табылады.

Ұйымдастырушы қаржы құқық қатынастар мемлекеттің ақша жүйесін қалыптастыру, оның қаржы құрылымының қаржы саласындағы басқару органдар жүйесін қалыптастыру мемлекетік ақша қорларын қалыптастыру және үлестіру процестерін жоспарлауды ұйымдастыру, оларды пайдалануды ұйымдастыру, бақылауды реттейді.Ұйымдастырушы қаржы құқықтық қатынастар материалдық қаржы құқықтық қатынастардың дұрыс қызмет етуінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.Материалдық қаржы құқықтық қатынастарының объектісі болып ақша табылады. Ал, ұйымдастырушылықтың объектісі болып, мемлекетің қаржы қызметін жүргізу тәртібі болып табылады.Қаржы құқықтық қатынастар өзінің қаржы құқығынын қай институтына жататынына байланысты келесілерге бөлінеді:

  1. Бюджетік

  2. Бюджеттен тыс бағытталған қорларды қалыптастыру және үлестіру бойынша.

  3. Қаржы - шаруашылық

  4. Қаржы - банктік

  5. Қаржы - сақтандырушылық

Қаржы құқықтық қатынастар құқықтық реттеу әдісі бойынша біржақты билік және келісілді қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді.Құқықтық норманың қаржылық қатынастарында реттеу мінездемесі бойынша, регулятивтік және қоргайтын қаржы құқықтық қатынастарға бөлінеді

Мемлекеттің қаржы қызметінің әдісіне байланысты бұл қатынастар салықтық, қаржы несиелік және қаржыландыру қатынастарына бөлінеді. қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болып нақты құқық қатынастарының, нақты қатысушысы табылады. Субъектері болып келесілер табылады:



  1. Мемлекет біртұтастай.

  2. Ұлттық территориалдық және әкімшілік территориалдық құрылымдар.

  3. Мемлекеттік биліктің өкілдік және атқарушы органдары.

  4. Заңды тұлғалар

  5. Жеке тұлгалар

Қаржы құқықтық қатынастарында міндетті субъекті ретінде көрсетілген субъектілердің барлығы болуы мүмкін. Құқықталған субъекті ретінде мемлекеттен басқа мемлекетің территориалдық құрылымдар өзінің органдары арқылы сонымен қатар басқа да мемлекетік органдар. Қаржы құқықтық қатынастарында азаматтар қатынасушы болып салық төлеуші ретінде болуы мүмкін, содан басқа олар мемлекетік займ қатынастарының субъектілері болуы мүмкін.Қаржы құқықтық қатынастарының субъектісі болған кезде мемлекет өзінің мемлекеттік органдарына оның заңды өкіл ретінде, оның атынан әрекеттер жасауға, оның қызығушылықтарын білдіруге және оның ұйғарымдарын орындауға қызметін бағыттаған.Қаржы құқықтық қатынастарының пайда болуын, Ұзгеруін және тоқтатылуын белгіленген заңды фактілерінің болуымен байланысты. Заңды фактілерге оқиға және әрекет жатады.Әрекет дегеніміз - адамның саналы қызметінің өнімі болып табылады. Ол олардың адамның ерік білдіруі. Әрекеттер заңды және заңсыз болады. Оқиға дегеніміз - адамның еркінен тыс пайда болатын заңды маңызды фактілер немесе адамның қызметімен байланысты, бірақта олардың пайда болуы себептерімен тәулсіз болатын заңды маңызды фактілер.Мемлекеттік қаржы құқық қатынастарының пайда болу негізі болып табылатын заңды фактілерің аса көп кездесетін келесі әрекетер болып табылады:

  1. Белгілі бір қаржы органымен жеке қаржы актіні шығару.

  2. Тұлғамен салық салуға жататын объектіні өз иелігіне алу немесе әрекет етуші қаржы заңының күшіне байланысты тұлға салық төлеуші мәртебесін алады, немесе басқа да әрекеттерді жасау негізінде.

  3. Қаржылық келесім-шарт жасаған кезде.

Қаржы құқықтық қатынастарының өзгеруін ескерту кезінде негіздері ретінде келесі заңды фактілер жатады:

  1. салық төлеушінің құқықтық мәртебесі өзгерген жағдайда.

  2. салық салу объекттісін өзгерткен жағдайда.

  3. алдында жасалған қаржы келісім-шартты белгіленген тәртіпте өзгерткен жағдайда.

  4. салықтық міндеттеменің негізінде жататын қаржы, жоспарлық актіні өзгерткенде (бюджетке өзгеріс еңгізген жағдайда).

Қаржы құқықтық қатынастарының өзгерту негізіне жататын оқиғалар болып, келесілер саналады:

  1. Салық төлеушінің отбасының жағдайы өзгерген кезде.

  2. Салық төлеушімен заңмен байланыстырған салық төлеу жағдайларын өзгерткен кезде, белгілі бір жасқа толу кезінде.

  3. Субъектінің әлеуметік жағдайы өзгерген кезде.

Қаржы құқықтық қатынасткарының тоқтатылуы негізіне жататын әрекеттер:

- қаржылық міндеттемесін орындау;

- қаржылық құқықтық келісім-шартты бұзу;

- мемелекетпен бір жақты тәртіптен өз қаржы міндеттерін орындаудан бас тартқан кезде немесе контрагентті міндеттемелерді орындаудан босатқан жағдайда;

- салық төлеушімен салық төлеу объектісі болған мүлікті сату немесе сыйға тарту кезінде немесе ол мүмліктің жойылуы кезінде.

Қаржы құқықтық қатынастарының тоқтатылуы негізіндегі оқиғалар:



  1. Жеке тұлғаның мерт болуы немесе заңды тұлғаны таратқан кезде.

  2. Салық төлеу объектісі болған мүлікті жоғалтқанды.

  3. Азаматтың әлеуметтік және отбасының жағдайы өзгерген кезде.

Қортындыда заңды фактілер туралы келесілерді айтуға болады: осындай факті ретінде нормаивтік құқықтық акт болуы мүмкін және оларды қабылдау, өзгерту немесе тоқтату қаржы құқықтық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соғады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Мемлекеттік несиенің ұғымы

  2. Мемлекеттің шеттен несие алу тәртібі

Ұсынылатын әдебиет

1.Худяков, А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть :Учебник.-Алматы:Норма-К,2002

2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002

3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995

4.Финансове право РК. - А., 2000

5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997

6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996

7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 10. Банк қызметі және сақтандырудың ұйымдасқан құқықтық негіздері.

1. Қазақстан Республикасының банк жүйесі.

2. Банк қызметін мемлекеттік реттеу.

3. ҚР ның Ұлттық Банксінің құқықтық ахуалы.

4. Банк қорлары. Екінші деңгейлі банктердің құқықтық ахуалы.

5. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеу.

1. Экономикалық категория ретінде ақша айырбас қатынастарының дамауының өнімі бола тұра мемлекеттің пайда болуынан әлде қайда ерте пайда болды. Басында ақша тауардың түрі ретінде пайда болды. Ол басқа тауарлардан эквиваленті болу қабілеттілігінен бөлініп шыққан, атап айтканда тауардың ақша нысанында болды. Арықарай даму кезінде ақшалар өзгертіліп, тауар қасиетін жоғалта бастады және ол тауардың құнына айналды. Сонымен бірге ақшалар айналым құралының қызметін орындай бастады. Тауарды айырбас кезінде делдал болып қызмет ете бастады. Ақшалар сонымен қатар төлем құралынын қызметін атқарады. Мемлекеттік қаржылармен реттелетін ақшалар айналым құралының қызметін де, төлем құралы қызметін де атқармайды. Алдында көрсетілгендей ақша мемлекеттің пайда болуынан ерте пайда болды және мемлекет өз қызметінің процесінде оның алдында жүрген ақшалармен пайдаланылған, бірақ ол содан кейін өзінің ақшаларын шығара бастады. Бірақта көп уақыт эммитент ретінде басқа да тұлғалар болған. Негізінде олар банкілер болған. Сондықтан ақшаның қағаз түрлерін банктік билеттер деп атайды. Ал, егер де ақшаларды мемлекет шығара бастағанда, қазыналық билет деп атайды.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіреу кезеңінде халыкпен қәсіпкерлерік құндылығын жоғалтқан қағаз ақшаларды қабылдудан бас тартқан кезде, экономика оған есеп айырысудың демонетизациясы мен тезоврациясы, сонымен қатар есеп айырысуда шетел ақша белгілерімен қолданумен әрекет етеді. Сонымен олардан басқа нарықта ақша белгілерінің «суррогатың пайда болады.Мемлекет ақша жүйесін қалыптастыру кезінде 2 басты міндетті шешеді:


  1. Елдің ақша шарттарын реттеу және қалыптастыру,

  2. Өзінің қаржы жүйесін сұрақтандыруын және оның тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету.

Қортындылап айтқанда қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, біріншіден мемлекетің монополиясы болып табылады, екіншіден оның қаржы қызметінің элементі болып табылады.

2. Ақша жүйесі дегеніміз - тарихи қалыптасқан және ұлттық заңмен белгіленген елдегі ақшанық қызмет етуінің ұйымдастыру нысандары. Ақша жүйесі келесі элементерден тұрады:

1. Ресми ақша бірлігі;

2. Ақша белгілерінің түрлері;

3. Ақша эмиссиясының тәртібі;

4. Валюта айналымының режимы.

5.Ақша айналымын ұйымдастыру. Олардан басқа мемлекетпен ақша жүйесін ұйымдастыру әдістеріне байланысты ақша жүйесі тағы 2 элементтен тұруы мүмкін:

6.Валютаның ресми курсы (валюталық парит)

7.Бағаның масштабы

- Ақша бірлігі дегеніміз - ол мемлекетпен белгіленген ақша белгісі. Ұлттық валютаның атауын белгілейді. Ақша бірлігінің өзінің ішкі құрылымы бар: 1 тенге - 100 тиын.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет