Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Оқу құралы, анықтамалар.
Радиациялық тепе-теңдiк дегенiмiз жер бетiне түсетiн және жер бетiнен шығын болатын (қайтарылатын) радиациялар. Радиациялық тепе-теңдіктің негiзгi элементтерiне мыналар жатады:
а) Тура радиация, S1;
ә) Шашыранды радиация, D;
б) Шағылысқан радиация, R;
в) Тиiмдi радиация, Ет.
Осы келтiрiлген мәлiметтерге сүйене отырып радиациялық тепе-теңдiктiң формуласын келтiруге болады:
В= S1+ D – R – Ет, немесе
B=Q – R – Ет, кал/ см2/мин.
Тура күн радиациясы (S) – бұл жер бетiне тiк сәулелердiң параллелдiк түрiнде келiп түсетiн күн энергиясының бiр бөлiгi. Тура күн радиациясы мына формуламен анықталады:
S = S0 ∙ Рm, кал/ см2/мин,
бұл жерде:
S0 – күн сәулесiнiң тұрақты коэффициентi, оның мәнi 2,0 кал/см2/мин;
Р – атмосфераның тұнықтылығы, мәнi 0,6-0,7;
m – атмосфераның салмағы, мәнi күннiң биiктiгiне байланысты.
Көлбеу бетке (S1) түсетін тура күн радиациясының қарқындылығы төмендегi формуламен есептелiнедi:
S1 = S·sin h0, кал/ см2/мин
S – перпендикуляр орналасқан бетке түскен тура күн радиациясының қарқындылығы;
h0 – көкжиек үстiндегi күннiң биiктiгi.
Күн радиациясының атмосферамен және оның құрамындағы майда бөлшектерден, бұлттардан шашырап жер бетiне түскен бөлiгiн шашыраған радиация деп атайды (D).
Тура және шашыраған радиациялардың байланыстылығы:
1. Көкжиектен күннiң биiктiгiне – көкжиектен күннiң биiктiк бұрышы азайған сайын шашыраған радиация көбейедi де тiк радиация азаяды, өйткенi күн сәулесiнiң атмосфераның төменгi қабатынан (әр түрлi элементтер көп қабат) өтетiн қашықтығы көбейедi, сондықтан көп шашырайды.
2. Атмосфераның тұнықтылығына – атмосферада әртүрлi элементтер (бұлттар) аз болған сайын тiк радиация көп, шашыраған радиация аз болады.
3. Атмосфераның бұлттылығына – бұлт көбейген сайын шашыраған радиация көбейедi де, тiк радиация азаяды.
4. Жер бетiнiң түсіне – неғұрлым ақшыл болса жер бетiнен шағылысқан радиация көбейедi, соғұрлым шашыраған радиация көбейедi.
Тiк және шашыраған радиациялардың бiр-бiрiнен сапалық айырмашы-лықтары бар. Тiк радиация құрамында қызыл, сары, қызғылт, қызғылтсары жылулық әсер ететiн ұзын толқынды сәулелер көп, ал шашыраған радиация құрамында көк, күлгiн, ультрокүлгiн қысқа толқынды сәулелер көп.
Жиынтық радиация (Q) деп, көлбеу жазықтыққа түскен тура және шашыраған күн радиациясының қосындысын айтады.
Q=S1+D, кал/ см2/мин;
Шағылысқан радиация (R) деп, жер бетiнен шағылысып шыққан жиынтық радиацияның бiр бөлiгiн айтады.
Альбедо дегенiмiз – шағылысқан радиацияның қарқындылығының жиынтық радиацияға қатынасы, бұл %-бен өлшенедi. Ол көрсеткiштер мына формуламен анықталады:
А=%, R=%
бұл жерде:
А – альбедо, %;
R – шағылысқан радиация;
Q – жиынтық радиация.
Жер бетi мен атмосфера күн радиациясынан энергия қуатын алып, оны жылыға айналдырып, қайта өзiнен жылу шығарады. Бұл жылу барлық жаққа таралады, соның iшiнде жер бетiне қарай да таралады.
Жоғарыда келтiрiлген тиiмдi шағылысу (Ет) және шағылысқан радиация, радиациялық тепе-теңдігінің шығыс бөлiмiн құрайды. Радиациялық тепе-теңдiк кiрiс және шығыс радиация шамаларының айырмасына тең болады.
Жер бетiнiң радиацияны шағылыстыру мүмкiншiлiгi әртүрлi болады, ол көрсеткiш мына жағдайларға байланысты:
1. Жер бетiнiң түсіне (цвет) – қара түстi (қаратопырақ, торф) жерге келген радиацияның 10%, ақ түстi (сортаң жер, құм) – 15-25%, ал жаңадан түскен қар – 85-95% шағылыстырады;
2. Жер бетiнiң ылғалдылығына – ылғал топырақтың альбедосы құрғақ топыраққа қарағанда төмен;
3. Күннiң биiктiгiне – күн биiктеген сайын альбедо төмендейдi.
Жер бетiне келiп түскен күн радиацияларының (тура және шашыраған) шағылыспағаны топыраққа сiңедi, солардың әсерiнен топырақтың жылулығы артады.
Күн сәулесi арқылы атмосфера және жер бетi жылулығы жоғарылайды. Әрбiр жылы зат өзiнен жылу бөлiп шығаратыны бiзге мәлiм. Осы заңдылыққа байланысты атмосфера және жер бетi, жылынған зат ретiнде, өздерiнен жылу бөлiп, бұл жылу жан жаққа, сонымен қатар жер бетiне қарай тарайды. Нәтижесiнде атмосферада ұзын толқынды екi инфроқызыл радиация пайда болады:
-
Жер бетiнен жоғары қарай жылжитын (Еж);
-
Атмосферадан жерге қарай жылжитын (Еа).
Бұл екi радиацияның (жылудың) айырмашылығы тиiмдi жылулық деп аталынады (Ет).
Ет = Еж – Еа;
Тиiмдi жылулықтың көп немесе аз бөлiнуi жер бетiнiң температурасына, атмосфера ылғалдылығына және бұлттарға байланысты. Неғұрлым температура жоғары болған сайын (Ет) көп болады, ал атмосфера ылғалдылығы және бұлттар мөлшерi артқан сайын (Ет) азаяды.
Жер бетiнен шағылысқан (R) және тиiмдi жылулық (Ет) радиациялық тепе-теңдіктің шығын бөлiмiн құрайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
2. Тура және шашыранды радиациялар
3. Шағылысқан және жиынтық радиациялар. Альбедо
№ 2-тәжірибелік сабақ
Тақырып: Ауа температурасы
Сабақтың мақсаты – ауа температурасының ауылшаруашылық дақылдарға әсерін дұрыс анықтау
Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары
Агроклиматтық анықтамалар
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
1. Оқу құралы, анықтамалар.
Ауылшаруашылық дақылдары өнiп-өсу үшiн физиологиялық үрдiстер (фотосинтез, суды сiңiру және қоректiк заттар пайдалану) жүру қажет. Бұл үрдiстер тек бiр оптималды температурада ғана жүредi. Әртүрлi дақылдардың оптималды, минималды, максималды температуралары болады және әрбiр өсу фазасында ол температуралар әртүрлi болады. Өсiмдiк өсе бастағанда температура неғұрлым жылдам көтерiлсе, солғұрлым өсу фазаларыда жылдам өтедi. Ал көктемде салқын күндер көп болған сайын өсу фазалары кешiгедi. Мысалы, тыныс алу үрдiсi 00С температурада басталады да температура өсе берген сайын күшейе түседi, ал температура 35-400С жеткенде нашарлайды да, температура 500С – тоқтайды.
Температура жоғарылаған сайын суды, қоректiк заттарды пайдалану нашарлайды, өйткенi ауа ылғалдылығы төмендейдi. Ауа ылғалдылығы төмендеген сайын құрғақшылық артады. Өсiмдiктiң тозаңдануы жоғары температуралар нашарлатады.
Ауылшаруашылық өндiрiсiнде вегетациялық және аязсыз (суықсыз) кезеңдердiң мағынасы үлкен.
Вегетациялық кезеңге тұқымның өнiп-өсе бастауынан (көпжылдық дақылдар вегетациясының жаңалануы) жаңа тұқымдардың пiсiп-жетiлуi (көп жылдық дақылдар вегетациясының тоқтауы) арасындағы кезең жатады. Көпжылдық дақылдарда ол келесi жылдары жалғасады. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығына аяз қатты әсер етедi. Аязсыз кезең болып көктемнiң соңғы үсiк болған күнi мен күзгi алғашқы үсiкке дейiнгi аралық саналады. Осы кезеңдi дақылдарды аудандастыру кезiнде ескеру қажет. Егер вегетациялық кезең аязсыз (суықсыз) кезеңнен қысқа болса, онда аталған дақылдар пiспей үсiкке шалдығады.
Вегетациялық кезеңдегi орташа температура мен оның жиынтығы осы дақылдың вегетациясының басталу уақыты мен аяқталуына дейiнгi орташа тәулiктiк температураларды жинақтау арқылы шығарылады.
Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық дақылдарын әртүрлi аймақтарда өсiредi. Қандай аймақта қай дақылды аудандастыру үшiн сол дақылдың биологиялық ерекшелiгiн, әсiресе вегетациялық кезеңiн бiлу сонымен қатар аймақтың аязсыз (суықсыз) кезеңiн анықтауымыз қажет. Өйткенi дақылдың вегетациялық кезеңi аязсыз (суықсыз) кезеңнен артық болу керек.
Сондықтан, бiр дақылды белгiлi аймақта өсiру үшiн сол аймақтың мынандай температуралық көрсеткiштерiн анықтау керек:
1. Орташа температуралар (тәулiк, онкүндiк, айлық, вегетациялық кезең);
2. Биологиялық 0, минималды, оптималды, максималды температуралар;
3. Белсендi, тиiмдi температуралар;
4. Вегетациялық кезеңнiң ұзақтығы, температураның 0, 5, 10, 15 градустардан жоғарылайтын (көктемде) және төмендейтiн (күзде) мерзiмдерi;
5. Аязсыз (суықсыз) кезеңнiң ұзақтығы.
Вегетациялық кезеңдегi жылдық қорына (ресурсына) баға беру:
Ауылшаруашылық дақылдарын жылылықпен қамтамасыз ету жөнiнде бүткiл ТМД территориясы төрт аймаққа бөлiнедi.
1 аймақ – бұл аймақта вегетация кезеңiнде белсенді температураның жиынтығы 1000-14000С аспайды. Ақшыл топырақта, бұл жерлерде ерте пісетін картоптың және астықтың кейбiр ерте пiсетiн сорттарын егуге болады.
2 аймақ – солтүстiк астық дақылы деп аталады. Бұл жерде белсенді температураның жиынтығы 1400-22000С дейiн болады. Бұл аймақта жақсы агротехникалық шаралармен астық еккенде ең жоғары өнiм алуға болады.
3 аймақ – жүгерi, майлы дақылдар және қант қызылшасы егiледi. Ал бұл аймақтың оңтүстiк жағында бақша дақылдары, күрiш, жүзiм және бұршақ егiледi. Бұл жерде температураның жиынтығы 2200-35000С жетедi.
4 аймақ – бұл аймақ мақта, темекi, кендір және сондай вегетациялық кезеңi ұзаққа созылатын дақылдар егiлетiн аймақ деп аталады. Бұл жерде белсенді температура 35000С-тан көп болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ауаның төменгi қабатының температуралық режимi, көрсеткiштерi.
2. Ауа температурасының ауылшаруашылығына әсерi.
3. Вегетациялық және аязсыз кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |