Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:
1.Металдарды алу;
2.Металдардың химиялық қасиеттерін;
3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.
4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Биометалдардың ролі
2.d – металдарына неге көп тотығу дәрежелері сәйкес келеді?
3. d – металдары гидроксидтерінің қышқыл-негіздік қасиеттерін көрсетіңдер
4. d – металдарына сәйкес комплекс қосылыстарды көрсетіңдер, олардың ағзадағы ролі
ДӘРІС 8 I B топша элементтері.
1.Жа лпы сипаттамасы, электрондық формулалары.
2.Тотығу дәрежелеріне байланысты қосылыстары.
3.Комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері
Cu, Ag, Au элементтерінің химиялық активтігінің төмендегі 2 себебпен: I: (n-1) d-қабатқа бір s-электронның өтуі, (Au(n-2)f қабаты бар): Cu IV период 3d94s2 болуы керек, 3d104s1 Ag V период 4d95s2 болуы керек, 4d105s1Au VI период 5d96s2 болуы керек, 5d106s1 II: I A топ элементтеріне қарағанда радиустары өте аз. (0,236) rk >rCu(0,128 нм); (0,248)rRb>rAg(0,144 нм); (0,267)rCs>rAu(0,144 нм) IB топ элементтері +1,+2, +3 т.д. көрсетеді ; Cu+1,+2; Ag+1; Au+1,+3. ; Бұл элементтер комплекс қосылыс түзуге өте бейімді. Ag -ақ сұр түсті , жылтыр. Cu-қызыл, Au –сары. Кездесу, алу. 3.10-3 % - Cu; 6.10-6 % Ag; 4.10-7 % Au . Cu2S, CuFeS2 –мыс колчеданы ; Cu2O - куприт; (CuOH)2CO3 – малахит. Ag2S -аргентин ; Ag-полиметалл кендерінде; AuTe2-кавалерит, самородный. Алу: Cu2S+2O2→2CuO+SO2 2|2Cu+-2e-→2Cu2+
Пирометаллургия : O2+4e-→2O2-
2SO2+O2↔2SO3 ; Өндірістен шыққан күкіртті газды күкірт қышқылына айналдырады. SO3+H2O→H2SO4 , пирометаллургия нәтижесінде түзілген мыс оксиді күкірт қышқылымен әрекеттесіп, мыс сульфатын түзеді: CuO+H2SO4→CuSO4+H2O , бұл тұз ерітіндісінен гидрометаллургия (сулы тұз ерітіндісінің электролизі) арқылы мыс алынады. 2CuSO4(ерітінді)→ эл-з Cu0+O2+H2SO4 Қалдықсыз технология. Қалған қалдықтарды (шлам) Ag, Au, Te, Se, т.б. алады. Ag, Au. Ag, Au + NaCN→ауаNa[Ag(CN)2] , Na[Au(CN)2]; 2Na[Au(CN)2]+Zn→Na2[Zn(CN)4]+2Au –цементация деп аталады, алтынды мырышпен ығыстыру. II алу. Металдар Hg ериді –амальгама, Ag|Hg→ t0 Hg +Ag
Қасиеттері: Cu Ag Au
Е0Э1/Э, в: 0,521 0, 799 1, 691
Е0Э2+/Э, в: 0, 337 - -
Е0Э3+/Э, в: - - 1, 50
E плюс мәні көп болған сайын тотықтырғыш ретінде күштірек. Тб ~1000 0С Электр өткізгіштіктері өте жоғары. Ауада: Cu ,Ag түсі өзгереді Ag2S қара , СuS, яғни ауадан күкіртпен қосылып. Қосылыстары: Э2O: Cu2O; Ag2O; Au2O
2Cu+O2→ t0 Cu2O; не күміс пен алтынды: 2 ЭOH → t0 Ag2O, Au2O + H2O AgOH болады→негіздік қасиет көрсетеді , CuOH, AuOH болмайды : Ag2O; Au2O + H2O; CuO, Au2O3 тұрақты 2Cu+O2→2CuO; 2Au(OH)3→ t0 Au2O3+3H2O CuCl2+2NaOH→Cu(OH)2↓+2NaCl AuCl3+3NaOH→Au(OH)3↓+3NaCl арқылы алып, гидроксидтерді айырады. Cu(OH)2 және Au(OH)3 амфотерлі Cu(OH)2 ↓+NaOH→ Na2[Cu(OH)4] Au(OH)3↓+NaOH=Na[Au(OH)4] Тұрақсыз Cu2O3 алу үшін 2CuSO4+2NaOH+H2O2→Cu2O3(гранатовокрасн.)+Na2SO4+H2SO4+H2O
2|Cu2+-1e-→Cu3+ 1|O22-+2e-→2O2-
Cu2O3 – күшті тотықтырғыш. Cu2O3 →120С Сu2O+O2 |Cu3++4e-→2Cu+
2O2--4e-→O02 Cu2O3 +6HCl→Cl2+2CuCl2+3H2O
2Cu3++2e-→2Cu2+
2Cl- -2e-→Cl2 , тотығу дәрежесі +1 тұрақты тек Ag+ Ag Г↓ белгілі AgCl ЕК=10-10; AgBr ЕК =10-13; AgI ЕК =10-16 ; +2 т.д. тұрақты тек Cu2+ бірақ CuI2 жоқ , +3 т.д. тұрақты Au3+ барлық галогенидтері бар, бірақ қыздырғанда AuГ3→ t0 AuГ+Г2 айрылады ; Э+S→Cu2S(CuS) бұл қосылыстар табиғатта да бар. Ag2S, Ag2Se, Ag2Te түзеді, ал 2Au+3S→Au2S3 Комплекс қосылыстар: [Ag(CN)2]- pK=21,1 [Ag(CN)2]-↔Ag++2CN- ; Kтз = [Ag+][CN-]2/[Ag(CN)2]- = 9×10-22 [H+]=10-11 моль/л ;
рН = -lg[H+] = -lg10-11 = 11; pK = -lgK = - lg9×10-22 = 22- lg9 = 21,1; [Cu(CN)2]- pK=16,0 [Ag(CN)2]- pK=21,1 [Au+(CN)2]- pK=38,3 [Au3+(CN)4]- pK=56,0 →тұрақтылық артады. [Ag(S2O3)2]3- күміс комплекстерінің ішіндегі маңыздысы (керектісі), фотоматериалдарды бекіту үшін. AgBr+2Na2S2O3=Na3[Ag(S2O3)2]+NaBr Аммиакаттар тұрақты:
[Ag(NH3)] + pK=3,2 ; [Ag(NH3)2]+ pK=7,0 лиганда саны артқан сайын , тұрақтылығы артады. Ал тек «патша арағында» ериді. Au+HNO3+4HCl=H[AuCl4]+NO+H2O Қолдану: 50%-тен астамы мыс сымы ретінде; балқымасы- жез(латунь) Cu+Zn,бронза (Cu+Al, не Cu+Be, Cu+Sn); мельхиор Cu+Ni (20%); константан Cu+40% Ni
Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:
1.Металдарды алу;
2.Металдардың химиялық қасиеттерін;
3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.
4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Табиғатта кездесетін қосылыстары, алу
2. Оксидтері, гидроксидтері, алу, қасиеттері, ерекшеліктері
3. Комплекс қосылыстары, қасиеттері, алу, қолданылуы
4. Элементтердің және қосылыстарының қолданылуы
Дәріс 9 VB топша элементтері
1.Ванадий тобы элементтері , алу, қасиеттері, қолданылуы.
2.VB топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері
Ванадий тобына в а н а д и й, н и о б и й және т а н т а л кіреді; бұлардың жалпы сипаттамасы таблицада көрсетілді.
Скандий және титан тобы сияқты ванадий тобындағы металдар үлкен периодтардың жұп қатарларының элементтері.
Бұл қосымша (V В) топтағы металдардың негізгі топтағы элементтермен ұқсастығы жоғарғы валентті қосылыстарында, бұлардың сыртқы қабатындағы электрон саны аз болғандықтан (1-2) металдық қасиеттері басым. Бұлардың төмен валентті қосылыстары негіздік қасиетті болады да,
жоғары валентті қосылыстары, мысалы, тотықтары ангидрид, оларға сәйкес қышқылдар және тұздар бар. Топ бойымен жоғарыдан төмен қарай, қышқылдықтан амфотерліге қарай өзгереді, демек металдық қасиет күшейеді.
Бұл үш металдың үшеуі де өте маңызды металл болғандықтан алу технологиясы қиын болғанымен, оларды бос жеке күйде алуға тырысады. Үшеуін де таза түрде алюминотермия жолымен алуға болады׃
3Э2O5 + 10Al = 5Al2O3 + 6Э.
Алюминийдің орнына кальций я магний алса тотықсыздану процесі жақсырақ өтеді.
Ванадий,ниобий жане тантал жылтыраған сұр түсті металдар. Кесек түрінде түрлі химиалық әрекеттерге берік, әсіресе ниобий мен тантал қышқылдарда да (HF,НNO3) және олардың қоспаларында да ерімейді.
Бұл металдардың атомдық және иондық радиустарына қарасақ ниобий мен танталдікі бірдей, ол әрине лантаноидтық жиырылудың салдары. Бұл металдардың физико-химиалық қасиеттері олардың таза болуына өте тәуелді. Айталық H2 O, N я С араласа , олардың беріктігін , иілгіштігін төмендетеді, қаттылығын өсіреді.
Ванадий, ниобий және тантал – оттек, галогендер, азот, көміртек, сутек және басқалармен реакцияласады. Бірақ бұлардың актитвігі – жоғары температурада ғана білінеді, өйткені мұндай жағдайда, бұларды пассивтендіріп тұрған, сыртын қаптаушы тотық қабыршағы бұзылады. Оттекпен қыздырғанда реакциаласып тотық (Me2O5) түзеді, кіші валентті тотықтары да (Me2O4, Me2O3, Me2O2) белгілі.
Г а л о г е н д е р м е н де қыздырғанда реакцияласып VF5 - түссіз кристалдық зат түзеді, Nb мен Та ұшқыш галогенидтер түзеді. Галогенидтері гидролизденгіш׃
NbCl5 + 4H2O → H3NbO4 + 5HCl
Ванадий тобы маталдарымен сутек тікелей реакцияласпай, металдардың бойына көп мөлшерде сіңіп кетеді. Бірақ сутек осы сіңіп еруде көп жылу бһліп шығарады, демек ол химиялық қосылыс түзілушіліктің белгісі. Азотпен 1000 – 1100о С жоғары құрамы МеN типтес нитридтер түзіледі. Таза нитридті термиялық диссоциацияланған аммиак буында алуға болады׃
V2O2 + 3H2 + N2 → 2VN + 2H2O + H2
2NH3
Бұл нитридтер, қатты, балқуы қиын тұрақты қосылыстар Nb2N, NbN патша сұйығында» да айрылмайды.
Ванадий, ниобий және тантал балқыған күйде көмірсутекпен тікелей әрекеттесуінен карбидтер түзіледі׃ V5C, V2C, V4C3 және VC; Nb2C; NbC; Ta2C, TC. Карбидтер электр өткізгіш заттар, өздері басқа металдарда ериді.
К р е м н и й м е н де балқыған күйде реакцияласып, силидтер MeSi2 түзеді. Бұлар қатты, балқуы қиын, отқа берік заттар өндірісінде үлкен роль атқарады. Химиялық өте тұрақты заттар.
Борид, сульфид, фосфид қосылыстары да бар.
Сумен бұл металдар, қорғауыш қабыршағы болғандықтан реакцияласпайды.
Қ ы ш қ ы л д а р ғ а қатынасына келсек, азот қышқылында ванадий тотығады.
3V + 5HNO3 → 3HVO3 + 5NO + H2O
Түзілген ванадийдің метақышқылы ерімейтін гидратқа (V2O5 * χ H2O) айналады.
Nb мен Та патша сұйығында я HF араласқан HNO3 ериді׃
3Nb + 5HNO3 (HF) → 3HNbO3 + 5NO + H2O
Осымен қабат:
3Nb + 5HNO3 + 21HF → 3H2[NbF7] + 10H2O.
Сілті ерітінділерімен V, Nb, Ta реакцияласпайды. Балқыған сілтілерде, бетіндегі тотық қабыршақтары реакцияласу есебінен, металдар біртіндеп күйрейді׃
Me2O5 + 2KOH = 2KMeO3 + H2O.
Оттек қатынасында былай реакцияласады:
4Me + 5O2 + 12KOH = 4K3[ЭO4] + 6H2O.
Ванадий. Ванадий жаратылыста шашыраңқы, батыраңқы элемент; 0,1% ванадий бар кенді жақсы кен деп есепдейді. Ванадий көбінесе темір және полиметалды кендер құрамында болады. Қаратауда түйе мойнит – CaO * 2VO3 * V2O5 * 4H2O деген минерал құрамында бар.
Ванадий көбіне болатқа қосылатын болғандықтан, оны көбіне темірмен аралас құйма – ф е р р о в а н а д и й (20 – 25%) түрінде өндіреді. 0,1 – 0,25% ванадий қосылса ондай болат берік, серпімді, үзілмейтін, қажалмайтын болады; ол көбіне автомашиналар өндірісіне мотор, цилиндр, рессор, ось жасауға жұмсалады. Алюминий құймаларына араластырса олардың қатылығы, өңдеуге икемділігі, теңіз суына щыдымдылығы (гидросамолет, глиссер қайық) артады.
Ванадийлі болат өте берік болғандықтан одан жасаған конструкциялардың салмағын 30% кемітуге болады. Мысалы, темір жол вагонын алсақ, оның салмағың 2,5 – 3 тоннаға кемітуге болады, сонда жылына әр вагоннан 5 – 6 жүз сом, оны миллиондап шағарылатын вагон санына көбейтсек миллиардтаған сом үнем болады.
Тез кесетін аспаптар жасайтын болатқа да ванадий қосылады, ол металл өндеуді тездетеді, құралдың қызмет істейтің мерзімн ұзартады.
Ванадийде төрт тотық бар׃ VO, V2O3, - негіздік қасиетті; VO2 – қос тотығы, амфотерлі, V2O5 ванадий ангидриді айқыне қышқылдық қасиетті. Маңыздығы ванадий ангидриді V2O5 – қызыл сары түсті, суда, сілтілерде жақсы еритін қатты зат; өған сәйкес.
V2O5 + H2O → 2HVO3 ванадий мета қышқылы
V2O5 + 2H2O → H47V2O7 екі ванадий қышқылы
V2O5 + 3H2O → 2H3VO4 ванадийдің ортоқышқылы бұлардың тұздарын ванадат деп атайды, мысалы NH4VO3 аммоний метаванадаты. Ванадий қос тотығы VO2 сілтілермен реакцияласып төрт ванадий қышқылының тұзың түзеді
4VO2 + 2NaOH → Na2V4O9 + H2O
Сол қос тотық қышқылдармен реакцияласып оксотұздар (VO2+) түзеді, оның ішіндегі бар атом оттек ванадиймен ковалентті байланысқан׃
VO2 + H2SO4 → VOSO4 + H2O
Үш оттекті ванадий тотоғы қышқылдармен реакцияласып тұз түзеді
V2O3 + 3H2SO4 → V2 (SO4)3 + 3H2O
әсіресе қос тұздары тұрақты KV (SO4)2 • 12H2O.
Бір оттекті ванадий VO – негіздік тотық, тұрақты тұздары, қос тұздар Me2SO4 • VSO4 • 6H2O.
Бес валеннті ванадий қосылыстары күкірт қышқылын өндіруде қымбат платинаның орнына катализатор ретінде жұмсалады. Ванадийдің басқа қосылыстары – резина, шыны, керамика, бояу, фото материалдар өнеркасіптерінде және медицинада қолданылады.
Ванадийдің қосылыстары у.
Ниобий және тантал. Ниобий мен тантал к о л у м б и т Fe(NbO3)2 және т а н т а л и т Fe(TaO3)2 минералды түрінде Кола түбегінде, Уралда кездеседі.
Бұларды жеке күйде алу өте қиын, мысалы ниобий 1844 жылы ашылғанмен, оны алудың әдісі тек 1970 жылы табылды.
Ниобий мен тантал коррозияға ерекше тұрақты, тіпті ол жағынан платинадан да артық. Өздері платинадан көп арзан балғандықтан химиялық ыдыс, химиялық аппаратардың негізгі бөлімдерін жасауда платинаны ығыстырып шығарып келе жатыр.
Бұл металдардың бtо өте жоғары болғанымен, қыздырылмаған күйде оларды механикалық өндеу, жаю (прокат), созу, соғу оңай. Ниобий мен танталдың карбидтері, аса қатты зат ретінде, кесуші – тілуші қуралдардың өткір ұшын жасауға таптырмайтын заттар. Ұзақ қыздыруға, үлкен қысымға шыдамды, сондықтан турбинаға, реактивті самолетке керекті құймаларға 1 - 4% риобий болуы міндет.
Тантал хирургияда сынған сүйектерді біріктіруге жұмсалатын болды.
Тотықтары Nb2O5, Та2О5 қатты заттар, гидрототықтары Э2О5 • Н2О коллоидты тұнба, қасиеттері амфотерлі.
Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:
1.Металдарды алу;
2.Металдардың химиялық қасиеттерін;
3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.
4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. V, Nb, Ta өндірісте алғанда жүретін процестер
2. V, Nb, Ta металл еместермен қосылысы 3.Оксидтері,гидроксидтері, қасиеттері, тұздары, қасиеттері, қолданылуы
ДӘРІС 10 ІVB топша элементтері
1.Титан тобы элементтері , алу, қасиеттері, қолданылуы.
2.ІVB топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері
Титан тобына т и т а н, ц и р к о н и й, г а ф н и й және к у р ч а т о в и й элементтері жатады; олардың жалпы сипаттамасы 54 – таблицада келтірілді.
Бұл металдар көптен – ақ белгілі, жер қыртысындағы мөлшері, айталық иод я сурьмадан көбірек, ал титан көміртектен көп, бірақ олардай игеріліп, іс жүзінде қолданылуы кем, өйткені бұлар бытыраңқы кездеседі және алу тәсілдері қиын.
Бұлардың сыртындағы s2 электрондары мен ішкі d2 электрондары валенттік байланыс түзуге қатынасады, сондықтан бұлар оң төрт валенттік көрсетеді; теріс валентті болмайды. Ең сыртқы қабатта 2 ғана электрон болғандықтан, бұлар германий топшасындағы металдарға қарағанда, негіздік(металдық) қасиеті күштірек, әрі топ бойында жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі, мысалы Ti (OH)4 амфотерлі , ал Tf (OH)4 негіздздік қасиеті әлде қайда басым.
Мұның үшеуі де болатқа ұқсас сұр металл, механикалық өңдеуге икемді, балқу температуралары жоғары.
Үшеуі де ауада суда өзгермейді. Бұл элементтерде металдық, яғни тотықсыздандырғыш қасиеттері болады. Кәдімгі жағдайда тұрақты, ең агрессивті ортаның өзінде коррозияға ұшырмайды. Балқу температураларына жеткізе қатты қыздырғанда химиялық активтігі бірден өседі. Бұл жағдайда галогендермен әрекеттесіп, т е т р а г а л и д т е р түзеді׃
Ti + 2Cl2 = TiCl4
Оттекпен титан 1200о – 1300о С, цирконий 600о – 700о С қосылады׃
2Zr + O2 = ZrO2
Тотықтарының амфотерлі қасиеті бар. Титан тобының элементері температура әсерінен күкіртпен, азотпен және көміртекпен әрекеттесіп сульфид, нитрид (MeN) және карбид (МеС) түзеді. Сонғы екеуі өте қатты (TiN – қаттылығы алмаздай) және қиын балқитын қосылыстар (> 3000о С).
Титан тобының металдары салқын суға әсер етпейді, қайнап тұрған судан сутекті ығыстырып шығарады.
Me + 4H2O = Me (OH)4 + 2H2 ↑
Түзілген гидрототық металдың бетін қаптап реакцияның ары қарай жүруіне кедергі жасайды.
Әдетте, бұл топқа жататын элементтердің гидрототықтырын тұздарының ерітінділерін сілтімен әрекеттестіріп алады. Гидрототықтары – кілегейленген коллоид ерітінділер. Жалпы формуласы Ме (ОН)4 болғанымен құрылысы түрліше болып келеді. Мысалы, титанның ортоқышқылы – H4 TiO4 және метақышқылы – H2 TiO3 бар. Гидрототықтары сілтілерде ерімейді, күшті қышқылдармен ғана әрекеттеседі, яғни негіздік қасиеті басым. Бұл қасиет топ ішінде жоғарыдан төмен қарай күшейе түседі.
Титан тобы металдарының бетінде қорғаныш қабығы болатындықтан оттекті қышқылдар әсер етпейді, тек олары бүлінсе ғана тотығу реакциясы жүреді׃
3Ti + 4HNO3 + H2O = 3H2TiO3 + 4NO
Ti + 4H2SO4 = Ti (SO4)2 + 2SO2 + 4H2O
Титан металдары «патша» сұйығында оңай ериді׃
3Zr + 4HNO3 + 12HCl = 3ZrCl4 + 4NO + 8H2O
Титан. Жаратылыста титан мынадай минералдар құрамында кездеседі׃ р у т и л TiO2, и л ь м е н и т FeTiO3, т и т а н о м а г н е т и т FeTiO3 * n Fe3O4.
Титан қазіргі техникада маңызды орын алды, оның маңызы мыс, цинк, қорғасындарлан кем емес. Титанды көбіне металлургияда арнаулы болат, құйма жасау үшін қолданады, мысалы, 0,1% Ti қосылса ондай болат өте қатты, серпімді болады, онан рельс, вагондардың осін, дөңгелегін жасайды. Титан араласқан металдар өте маңызды конструктивтік материал болды. Титанды құймалар өте жоғары тнмператураға ұзақ уақыт шыдамды келеді. Титан карбидінің қаттылығы алмаздай.
Титанды алу үшін мына реакцияны пайдаланады׃
TiCl4 +4Na = 4NaCl + Ti
Титан алюминийден сәл ауыр, бірақ одан үш есе берік. Титанның адам баласына келтіретін пайдасының келешегі мол.
Титанның қосылыстарынан, оның қос тотығы TiO2 ақ бояу ретінде (титан әгі), отқа берік лабораториялық ыдыс жасауға қолданылады.
Цирконий. Цирконий жаратылыста ц и р к о н ZrSiO4 және б а д д а л е и т ZrО2 деген минералдар түрінде кездеседі.
Қазіргі кезде цирконий да кең қолданылатын болды. Оның коррозияға төзімділігі және нейтрондарды сіңірмейтіндігі оны атомдық реакциялар (сүңгір қайықтарда) жасауға таптырмайтың материал етті. Цирконий құймаларға араластыруға да өте керекті бағалы зат болды, мысалы мыс, магний, алюминийге аздап та болса цирконий араластырса, олардың беріктігі, төзімділігі бірнеше есе өсумен қабат негізгі қасиеттері – электр өткізгіштігі (Cu мен Al), жеңілдігі (Mg мен Al) кемімейді. Англияда 1947 жылы барлық құймаларға 0,5% ғана Zr араластырса, 1953 жылы 56,5% араластырған.
Цирконийдің қосылыстарынан маңыздылары – ц и р к о н и й д і ң қ о с т о т ы ғ ы ZrО2 отқа берік (бto = 2700о), химиялық әрекетке төзімді, сондықтан отқа берік бұйымдар, мысалы тигель, балқуы қиын шыны, глазурь, эмаль жасауға қолданылады.
Цирконий карбиды ZrС титанның карбиды сияқты, алмаз орнына ұсталады.
Гафний. Гафнийдің жер қыртысындағы мөлшері күмістен 25 есе, алтыннан 1000 есе артық, бірақ өте батыраңқы, бір жерде көп болып кездеспей, циркониймен аралас кездеседі.
Гафнийдің химиялық қасиеттері цирконий қасиетіндей, физикалық қасиеттерінде айырым бар (54-таблица).
Гафний тотығын цирконийдің тотығы қолданатын жерге қолданады, оның үстіне электрон лампаларына керекті құйма жасау үшін пайдаланады.
Дәріс материалын оқығаннан соң студент білуі керек:
1.Металдарды алу;
2.Металдардың химиялық қасиеттерін;
3.Қосылыстарының химиялық қасиеттерін және қолданылуын.
4.Элеменнтердің комплекс қосылыстары, алу, қасиеттері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Титан тобы элементтерін өндірісте алғанда жүретін процестер
2. Титан тобы элементтерінің металл еместермен қосылысы 3.Оксидтері,гидроксидтері, қасиеттері, тұздары, қасиеттері, қолданылуы
ДӘРІС 11 Скандий тобындағы металдары
1.Скандий тобы элементтері , алу, қасиеттері, қолданылуы.
2.ІІІB топша элементтерінің физикалық және химиялық қасиеттері.
3.Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері
Үшінші қосымша (III B) топтардағы металдарға – с к а н д и й, иттрий және лантаноидтар топтарындагы металдар жатады.
Қосымша (В) топтардың элементтерінің құрылыс жағынан ерекшелігі, олардың d – қатпарында электрон болуына байланысты. Үлкен периодтардағы элементтердің электрондарын орналастырғанда, әрбір үлкен периодтың үшінші элементіне келгенде, оның сонғы электроны, сыртқы қабатқа емес, сырттан санағанда екінші ішкі қабаттағы d – қатпарға орналасатынды міне, сол үлкен периодтардың үшінші элементтері – енді танысатың скандий тобындағы металдар. Демек, скандий тобының металдарының d – қатпарында бір электрон, титан торбының металдарында – екі электрон, ванадий тобының металдарында – үш электрон болады. Бұл электрондар валенттік байланыс түзуге қатынасатын электрондар.
Осыған байланысты бұл металдар үлкен периодтардың бірінші бөлімінде болғандықтан, барлығы жұп қатарлардың элементтері болып табылады.
Бұл металдардың қосылыстары жиналыңқы түрде сирек кездеседі. Бұлардың өздері де, қосылыстары да әзір қолданыла қойған жок. Жеке алынып (LaCl3 электролизі арқылы) зерттелгені лантан; ол ақ түсті, қалайыдан гөрі қаттырақ, химиялық активтігі күшті металл. Скандий мен иттрийдің де белгілі қасиеттері осы лантанға ұқсас. Барлығы да үш валентті. Қатар тұрған галий топшасымен салыстырғанда бұлардың металдық қасиеті басым – суды қалыпты температурада – ақ айырады, қышқылдарда оңай ериді, кейбіреулері сутекпен гидрид түзеді (LaH3).
Скандий, итрий және лантанның тотықтары ақ түсті, балқуы қиын ұнтақтар, суда ерімейді, бірақ жақсы қосылысып гидрототық түзеді (Э (OH3)). Гидрототықтары суда ерімейтін заттар,- барлығының да негіздік қасиеттері бар, әрі ол қасиет топ бойымен төмен қарай күшейеді, демек La(OH3) күшті негіз. Sc…, Ү..., La... иондары түссіз. Хлоридтері, нитраттары және ацетаттары оңай ериді, Sc → La бағытында негіздік қасиет күшейетіндіктен гидролизденуі де сол бағытта кемиді.
Скандий тобының металдары қосымша топта болғанымен, галлий топшпсына қарағанда типтік элементтерге (B. Al), әсіресе үш валентті қосылыстарында, ұқсасырақ.
Достарыңызбен бөлісу: |