ФОСФОР ҚОСЫЛЫСТАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
Үш пробиркаға 5-6 тамшы лакмус ерітіндісін құйыңдар. Бір пробирканы салыстыруға қойыңдар. Екінші пробиркаға 3-4 натрий фосфатының кристалын, үшінші пробиркаға сонша натрий дигидрофосфатын салыңдар да жақсылап араластырыңдар. Тұздарды ерітіңдер. Лакмустың түрлерін салыстырыңдар. Натрий фосфатының гидролизінің І сатысының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.
Кдисс НРО42- =4,5*10-12 КН3 РО4 =7,9*10-3
МЕТАЛДАРДЫҢ ОРТОФОСФАТТАРЫ
а)Кальцийдің гидрофосфатын алу.
Пробиркаға 4-5 тамшыдан кальций хлориді мен натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін тамызыңдар. Қандай түсті тұнба түзілді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
б)Темір (ІІІ) мен алюминийдің фосфаттарын натрий ацетаты қатысуымен тұнбаға түсіру.
Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші пробиркаға- темір (ІІІ) хлоридін, екінші пробиркаға алюминий хлоридін не сульфатын. Әр пробиркаға 2-3 тамшы натрий ацетатын және натрий гидрофосфатының (Na2HPO4) ерітінділерін құйыңдар. Тұнбалар түсі қандай?
Натрий ацетаты буферлік орта жасайды, сондықтан бұл металдардың ортофосфаттары тұнбаға түседі. Бұл тұнбалар сірке қышқылында ерімейді.
Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.Сұйық аммиактың өздігінен ионизациялануының теңдеуін жазыңдар.
2.а)азотқа; б)аммоний тұзына; в)азот қышқылына; г)алюминий нитридіне қандай затпен әрекеттестіріп, аммиак алуға болады? Осы реакциялардың теңдеулерін жазыңдар.
Аммиак молекуласында, аммоний ионында неше байланыс бар және олар қандай типке (ковалентті ме, ионды ма, донорлы-акцепторлы ма) жатады? Аммиак пен хлорлы сутектен аммоний хлоридінің түзілуін түсіндіріңдер.
3.а)Концентрлі азот қышқылының күміспен, фосформен әрекеттесу реакциясының; б)сұйытылған азот қышқылының мыспен, магниймен әрекеттесу реакцияларының теңдеулерін жазыңдар.
-
кг гидразин жанғанда қанша жылу бөлінетін есептеңдер.
5.Азот пен фосфордың тыңайтқыш ретінде қолданылатын қосылыстарын атаңдар.
6.1,5 г фосфор тотыққанда 3,43 г оксид түзілсе, фосфор оксидінің формуласы қандай болады? Фосфор оксидінің буының сутегі бойынша тығыздығы 142,1. Жауабы: Р4О10
7.К2НРО4 ерітіндісінің гидролиздену дәрежесін есептеңдер. С=0,06 моль/л.
8.К2НРО4 гидролизі реакциясының теңдеуін жазыңдар. Ерітінді ортасын көрсетіңдер.
9.Табиғи кальций фосфатынан фосфорды алғанда жүретін реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
10.Мына қышқылдардың эмпириялық және графикалық формулаларын жазыңдар: а)фосфор қышқылы; б)дифосфор қышқылының. Фосфордың тотығу дәрежесін анықтаңдар.
МОДУЛЬ 4
ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ІV А ТОПШАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Сабақтың мақсаты: ІVА топша элементтерінің қасиеттерін оқу.
Тірі ағзада 6 элемент (көміртегі, сутегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт) ағза массасының 97,4% алады. Оларды органогендер деп атайды. Органоген №1 көміртегі. Себебі көміртегі майдың, көмірсулардың, витаминдердің, органикалық қышқылдардың құрамына кіреді. Бірақ бос көміртегі және оның монооксиді адам үшін өте улы. Натрий гидрокарбонаты, ағзада өтте майдың гидролизіне әсер етеді.
МАТЕРИАЛ БОЙЫНША СҰРАҚТАР
1.Көміртегінің электрондық конфигурациясын келтіріңдер?
2.Көміртегіде неге көп аллотропиялық түр өзгерістер бар?
3.Көміртегі қосылысының тек тотықтырғыш не тек тотықсыздандырғыш болатын қосылыстарын атаңдар.
4.Көміртегі (ІІ) оксидінің ағзаға тигізетін физиологиялық әсерін түсіндіріңдер.
5.Сілтілік-жер металдарының, қорғасынның карботнаттары суды көмір қышқыл газымен қанықтырса, суда жақсы ериді. Неге? Бұл жағдайдың табиғатқа қандай мәні бар?
6.Көміртегі (ІІ) оксидін алу жолының реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
МЕТАЛДАРДЫҢ ГИДРОКСОКАРБОНАТТАРЫНЫҢ ТҮЗІЛУІ
Магний, кобальт және кадмий тұздарына (2-3 мл) 2-3 мл-ден натрий карбонатын құйыңдар. Тәжірибені үш пробиркада жасау керек. Бұл металдардың гидроксокарбонаттарының тұнбасы түзіледі, газ бөлінеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Реакциялар теңдеулерін молекулалық, иондық түрде жазыңдар. Реакция теңдеуінде суды көрсету керек.
НАТРИЙ КАРБОНАТЫНЫҢ ЖӘНЕ ГИДРОКАРБОНАТЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
Екі пробиркаға 3-4 тамшыдан лакмус ерітіндісін құйыңдар. Біреуіне 1-2 тамшы натрий карбонатын, екінші пробиркаға 1-2 тамшы натрий гидрокарбонатын тамызыңдар. Лакмус түсі неге әртүрлі өзгереді?
Осы екі тұздың да гидролиз реакциясының теңдеулерін жазыңдар.
СО32- ИОНЫНЫҢ КЕЙ ТҰЗДАРДЫҢ ГИДРОЛИЗІНЕ ӘСЕРІ
Темір (ІІІ) және қалайы (ІІ) тұздарының ерітінділеріне (3-4 тамшыдан) 3-5 тамшы натрий карбонатын тамызыңдар.
Газдың бөлінгенін және темір мен қалайының гидроксидтерінің тұнбаға түскенін көріңдер. СО32- қосылғанда гидролиз неге аяғына дейін жүреді. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
ЕРІТІНДІДЕГІ БОЙЯҒЫШ ЗАТТАРДЫ СОРУ
Пробиркаға 4-5 тамшы лакмус ерітіндісін құйып, оған активтелген көмір салыңдар. Пробирканы саусақпен жауып 2-3 минут жақсылап шайқаңдар. Ерітіндіні біраз уақытқа қойыңдар, аздан соң ерітіндінің түсі түссізденеді.
ҚАЛАЙЫНЫҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?
Қалайы сұйытылған азот қышқылымен әрекеттескенде NO газы бөлінді, ал қалайы Sn2+ ионына айналады. Қалайы сұйытылған тұз қышқылымен, күкірт қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Қалайы концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде Sn4+ ионына дейін тотығады, ал күкірт қышқылы SO2 газға дейін тотықсызданады. Қалайы концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде ақ тұнба β-қалайы қышқылын түзеді /хSnO2yH2O/, ал азот қышқылы NO2 газына дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
ҚАЛАЙЫ МЕН ҚОРҒАСЫННЫҢ ГИДРОСКИДТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ
Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.
ҚАЛАЙЫНЫҢ (ІІ) ТОТЫҚСЫЗДАНДЫРҒЫШ ҚАСИЕТТЕРІ
Екі пробиркаға 2-3 см3 2н тұз қышқылының және 3-4 см3 қалайы тұзы ерітіндісін құйыңдар. Бір пробиркаға тамшылатып калий дихроматы ерітіндісін, екінші пробиркаға калий перманганаты ерітіндісін құйыңдар. Нені байқадыңдар. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
ҚОРҒАСЫН (ІІ)ТҰЗДАРЫНЫҢ ГИДРОЛИЗІ
Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар.
Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3*Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.СО молекуласындағы үш байланыстың түзілуін МО және ВБ әдістері арқылы түсіндіріңдер.
2.Көміртегі диоксидінің судағы ерітіндісінде қандай заттар молекула күйінде, қандай заттар ион күйінде болады? Бұл тепе-теңдіктің схемасын жазыңдар. Ерітіндіге сілті құйғанда диоксидтің концентрациясы қалай өзгереді?
3.Метан молекуласының геометриялық формуласын көрсетіңдер.
4.Қорғасынның және қалайының тотықтырғыштық қасиеттерін көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.
5.Электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?
6.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.
7.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.
8.Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.
9.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді?
МОДУЛЬ 5
ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ІІІ А ТОПШАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Сабақтың мақсаты: ІІІА топша элементтерінің қасиеттерін оқу.
Периодтық жүйенің ІІІА топының р-элементтері ( бор,алюминий,галлий,индий, таллий). Тамақ өнеркәсібінде Al элементтерден консервілік банкалар жасайды. Алюминийден фольга, қақпақтар жасайды.
МАТЕРИАЛ БОЙЫНША СҰРАҚТАР
1.Алюминийдің, қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?
2.Алюминий, қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.
3.Алюминийді оксидінен тотықсыздандыру арқылы алу өндірісте тиімді ме? Оны өндірісте қалай алады?
4.Неге алюминий судан сутегін ығыстырып шығармайды? Алюминий а)концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен; б)сұйытылған азот және күкірт қышқылдарымен; в)натрий гидроксидінің судағы ерітіндісімен қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңда.
5.Алюминий гидроксидінің амфотерлі қасиетін қалай дәлелдеуге болады? Реакциялар теңдеуін жазыңдар.
6.Бордың бор қышқылынан алыну реакциясының теңдеуін жазу керек.
7.Бордың концентрлі азот және күкірт қышқылдарымен әрекеттескенде бор қышқылының түзілу реакцияларының теңдеулерін жазу керек.
ОРТОБОР (БОР) ҚЫШҚЫЛЫН АЛУ
Пробиркаға 5-6 тамшы ыстық қаныққан бура ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызу керек. Сонда өте тез арада бор қышқылының тұнбасы пайда болады. Жүрген реакция теңдеуін жазып, натрий тетраборатының қай қышқылдың тұз екендігін айту керек.
НАТРИЙ ТЕТРАБОРАТЫНЫҢ ГИДРЛИЗІ
Пробиркаға 5-6 тамшы лакмус ерітіндісін құйып, натрий тетрабораты ерітіндісінен 3-5 тамшы тамызып, лакмус түсінің өзгергенін байқаңдар. Натрий тетраборатының сатылап жүрген гидролиз процесінің теңдеулерін жазыңдар: гидролиздің І сатысында ортобор қышқылы мен натрий метабораты түзіледі, ІІ сатыда – ортобор қышқылы мен натрий гидроксиді түзіледі.
АЗ ЕРИТІН БОРАТТАР АЛУ
Үш пробиркаға 3-5 тамшыдан натрий тетраборатының қанық ерітіндісін құйып, бірнеше тамшыдан мына тұздар ерітінділерінен тамызыңдар: І – күміс нитратын; ІІ – мыс сульфатын; ІІІ – алюминий сульфатын. Түзілген тұнба түстерін жазыңдар. Барлық реакцияларда су қатысатынын есте ұстаңдар, үш жағдайда да бор қышқылы түзіледі және күмістің метабораты, мыстың гидроксометабораты, алюминий гидроксиді түзіледі. Реакциялар теңдеулерін жазып, неге осындай заттардың түзілгенін түсіндіріңдер.
АЛЮМИНИЙДІҢ ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУІ
Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылының, күкірт және азот қышқылдарының ерітінділерін және үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылының ерітінділерін құйыңдар. Әр пробиркаға алюминий фольгасын салыңдар. Суық күйінде барлық пробиркада да реакция жүре ме? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Нені байқадыңдар? Реакциялар теңдеуін жазыңдар. Сұйытылған азот қышқылымен алюминий әрекеттескенде қандай газ бөлінеді? Сұйытылған күкірт, тұз қышқылымен әрекеттескенде ше? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қыздырған кезде концентрлі азот қышқылы азот диоксидіне дейін, концентрлі күкірт қышқылы бос күкіртке дейін (қыздырғанда) суық күйінде күкіртті газға дейін тотықсызданады. Тұз қышқылының концентрациясы оның алюминиймен әрекеттесуіне әсері бар ма?
АЛЮМИНИЙДІҢ СУЛЫ ЕРІТІНДІДЕ ЕРУІ
Алюминий фольгасын пробиркаға салып, үстіне 3-4 см3 су құйыңдар. Пробирканы су моншасында қыздырыңдар. Сутегі бөліне ме? Пробиркаға 4-5 см3 2 н натрий гидроксидін құйыңдар: Сутегі жақсы бөлінеді. Реакция мына кесте бойынша жүреді: Al2O3+NaOH + H2O → Na3[Al(OH)6]
Al + H2O → Al(OH)3 + H2
Al(OH)3 + NaOH → Na3[Al(OH)6]
Бұл реакциялардағы коэффициенттерді қойыңдар.
АЛЮМИНИЙ ГИДРОКСИДІ, ОНЫ АЛУ, ҚАСИЕТТЕРІ
Екі пробиркаға 2-3 см3 алюминий тұзының ерітіндісін құйып, оған 2-3 см3 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тұнба түскенге дейін құйыңдар. Бір пробиркадағы тұнбаға 3-4 см3 2 н тұз қышқылы ерітіндісін құйыңдар, екіншісіне сонша 2н натрий гидроксидін құйыңдар.
Екі пробиркадан да нені байқадыңдар? Алюминий гидроксидінің қасиеті туралы қорытынды жасаңдар. Алюминий гидроксидін алу реакциясының және оның тұз қышқылы мен натрий гидроксидімен әрекетесу реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Al(OH)6]3- комплекс анионы түзіледі. Алюминий гидроксидінің диссоциациясының тепе-теңдігінің кестесін жазыңдар. Al3+ және [Al(OH)6]3- иондарының концентрациясы қышқыл құйғаннан, сілті құйғаннан қалай өзгереді?
АЛЮМИНИЙ СУЛЬФИДІНІҢ ГИДРОЛИЗІ
Пробиркаға бірнеше алюминий сульфидінің кристалдарын салып, 5-8 см3 су құйыңдар. Газ шыққанын байқаңдар. Газды иісі арқылы ол қандай газ екенін анықтаңдар. Алюминийдің қандай қосылысы пайда болады? Алюминийдің сульфидінің сумен әрекеттескендегі реакциясының молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар. Гидролиз неге аяғына дейін жүргенін түсіндіріңдер.
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1.60 г магний оксидін алюминий оксидімен балқытқанда Mg(AlO2)2 шпинелі түзілген. Реакцияға түскен алюминий оксидінің массасын есептеңдер. Жауабы: 153 г.
2.Калий карбонатын алюминий оксидімен балқытқанда 39,8% К, 32,65% О2, 27,55% Al тұратын тұз түзілген. Алынған қосылыстың формуласын табыңдар. Жауабы: КAlО2.
3.4 г алюминий 8,3 г калий гидроксиді мен 13,3 г сумен әрекеттескенде түзілген тұз массасы мен бөлінген сутегі көлемін есептеңдер. Жауабы: 25,19 г; 5 л.
4.Алюминий тұздарының гидролизі дәрежесіне аниондар табиғаты қалай әсер етеді? Алмасу реакциясы арқылы Al2(CO3)3 тұзы түзілуі мүмкін бе?
5.Натрий тетраборатының сұйытылған сулы ерітіндісінде қандай иондар болады?
6.Ортобор қышқылын біртіндеп қақтағанда қандай заттар түзіледі? Жүрген реакциялар теңдеулерін жазып, алынған заттарды атау керек.
7.Мына заттардың а. боридтердің; б. борандардың; в. бораттардың химиялық құрылысы бойынша қай кластарға жататынын анықтап, формулаларын жазу керек.
Практикалық сабақта және студенттердің оқытушы басшылығымен орындайтын (СӨЖО) есептер мен жаттығулар әр тақырыптарға мына оқу құралында берілген:
Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар - Семей, 2012 - 72-86 беттер.
Осы оқу құралы практикалық сабақтарда студенттердің қолдарында болуы керек!
Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар (әр студент үшін) Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар, Семей,2012 оқу құралының 95-125 беттерінде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |