ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Бейорганикалық химия-2» пәні



бет1/7
Дата15.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#136853
  1   2   3   4   5   6   7


КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-10.1.10/03-

2014


ПОӘК

«Бейорганикалық химия-2» пәнінің оқу-әдістемелік материалы



« 11.09 » 2014ж.

№ 2 басылым




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Бейорганикалық химия-2» пәні
5В072000 «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014


Мазмұны


  1. Дәрістер

  2. Зертханалық және практикалық сабақтар

  3. Білім алушының өздік жұмысы


МОДУЛЬ 1. ГАЛОГЕНДЕР. СУТЕГІ
ДӘРІСТЕР 1-3.

    1. Сутегі, cу, жалпы сипаттамасы, қасиеттері, қолданылуы.

    2. Фтор, хлор, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

    3. Бром топшасы, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

Сутек периодтық жүйенің бірінші элементі. Сутек атомы тек қана екі бөлшектен – протоннан және электроннан тұрады.

Сутек атомының электрондық қауызының құрылысының ерекшелігіне сай оны периодтық жүйеде I не IV топқа орналастырады.

Сутек пен металдар бейметалл элементтермен қуатты әрекеттесіп түзілетін қосылыстарда +1 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Сутек пен галогендердің атомдарында олардан кейін тұрған инертті газдардың электрондық конфигурациясына дейін бір-бір электроннан жетпейді. Осыған байланысты олар тотықтырғыштық қасиетке ие болады және -1 тотығу дәрежесін көрсетеді.

Жалпы сутек сілтілік металдарға қарағанда галогендерге ұқсастау. Сутек те, галогендер де бейметалл элементтерге жатады, иондану энергиялары жарқын. Молекулалары екі атомнан тұрады, қосылыстарында байланыс көбінесе коваленттік полюсті, жай заттар ретінде кез келген агрегаттық күйінде олар электр тогын өткізбейді. Осыған қарамастан сутек пен галогендерді толық ұқсастар деуге болмайды. Себебі, сутек пен галогендердің молекулалық орбитальдарының ешқандай ұқсастығы жоқ.



Табиғатта таралуы және алынуы
Сутек – күллі әлемді алсақ ең кқп тараған элемент. Жерде сутек негізінде қосылыс күйінде болады. Атмосфераны, гидросфераны, литосфераны қоса алғанда сутектің мөлшері 1,0 масс. үлес, %.

Табиғи сутек – үш изотоптың қоспасы: протий 1H, дейтерий 21H (немесе 21Д) және тритий 31H (немесе 31T). Протий мен дейтерийдің ядролары тұрақты. Тритий – β-радиоактивті изотоп, оның жартылай ыдырау периоды T1/2=12,26 жыл. Тритий космос сәулелерінің әсерінен атмосферада жүретін ядролық процестердің нәтижесінде түзіледі. Оны жасанды жолмен мына реакция бойынша алады: 63Li + 10n → 42He + 31H

Сутектің изотоптарының мөлшерлерінің сандық қатынастары – 1,0 : 1,46.10-5 : 4,0.10-15.

Сутекке, Н2 молекулаларында ядролық спиндердің әртүрлі бағытталуына байланысты аллотропияның ерекше бір түрі тән. Газ күйінде ол орто-сутектен (атомдарының ядроларының спиндері бір жаққа бағытталған) және пара-сутектен (спиндері қарама-карсы бағытталған) тұрады. Ауаның температурасында тепе-теңдік жағдайындағы қоспада ~75% орто- және ~25% пара-сутек болады.

Сутек молекуласының түзілу энтальпиясының мәні жоғары болғандықтан (435 кДж/моль), ол тек қана 2000-25000С аралығында ыдырай бастайды.

Өндірісте сутекті негізінде табиғи және қосалқы газдардан, көмірді газдандырған кезде шығатын өнімдерден және кокс газынан алады.

Сутекті алудың әдістерінің бірі – су буының метанмен (табиғи газдың негізгі компоненті) және көміртек (II) оксидімен (реакция өнімі) өршіткі қатысында өтетін әрекеттесуі (конверсия):

8000C

СН4 + Н2О ↔ CO + 3H2, ΔH0298 = 206,2 кДж;

(Ni)


5000C

СО + Н2О ↔ CO2 + H2, ΔH0298 = -41,2 кДж

(Fe2O3)

Түзілген көмірқышқыл газын қысыммен берілген сумен және сілтілердің ерітінділерімен сіңіріп алады.

Сутекті көмірсутектерін толық тотықтырмау жолымен де алады:

2СН4 + О2 ↔ 2СО + 4Н2, ΔH0298 = -71,3 кДж

Метан конверсиясының эндотермиялығының әсерін азайту үшін соңғы процестің экзотермиялығын пайдаланады. Ол үшін табиғи газды су буымен және оттекпен араластырып, реакцияны мынадай схема бойынша өткізеді:

8500C

3СН4 + О2 + Н2О ↔ 3СО + 7Н2

Көмірсутектердің қорының азаюына орай сутекті су буынан қызған көмірдің (кокстың) әсрінен алу әдісі үлкен маңызға ие болып отыр: C + H2O ↔ CO + H2, ΔH0298 = 131,3 кДж

Бұдан шыққан генеоатор газының құрамында басқа да газдар (СО2, СН4 т.б.) болады.

Сутекті алудың электрохимиялық тәсілі судың электролизі болып табылады. Таза су іс жүзінде электр тогын өткізбейтіндіктен оған элетролиттер қосады. Электролит ретінде КОН ~30%-ды ерітіндісін пайдаланады; темірден жасалған катод пен никельден жасалған анод асбесттен жасалған диафрагмамен бөлінеді. Электродтарда мынадай процестер өтеді:

катод: 4H2O + 4ē → 2H2↑ + 4OH-

анод: 4OH- - 4ē → O2 + 2H2O

Алынатын сутек өте таза болғандықтан оны майларды және басқа заттарды катализдік жолмен гидрогендеу үшін жұмсайды. Суды электролиз әдісімен ыдыратуға көп энергия жұмсалады.

Сутекті лабораторияда алудың бірнеше жолдары бар. Олардың ішінде ең жиі қолданылатыны мырыштың тұз немесе күкірт қышқылының сұйытылған ерітіндісімен әрекеттесуі: Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2



Жай заттар. Физикалық және химиялық қасиеттері

Бос күйінде сутек түссіз, иіссіз және дәмсіз газ. Сутек газдардың ішінде ең жеңілі. Ол тікелей тек қана фтормен және хлормен (жарықта) әрекеттеседі: H2(г) + Сl2(г) = 2HCl Жоғарырақ температурада сутек көптеген элементтермен әрекеттеседі: 2H2(г) + O2 (г) = 2H2O

Сутектің электртерістігінің мәні 2,1; реакцияларда ол тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады.

Сутектің бейметалдарға ұқсайтын тотықтырғыштық қасиетін өте активті металдармен әрекеттескенде көруге болады: 2Na + H2 = 2NaH

Сутектің тотықсыздандырғыштық қабілетін кейбір жай заттарды олардың оксидтерінен не галогенидтерінен бөліп алуға пайдаланады: CuO + H2 = Cu + H2O; VCl2 + H2 = V + 2HCl

Ол Cu, Pb, Ag сияқты металдарды тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығарады.



Сутектің тотығу дәрежесі -1 қосылыстары

Сутек реакцияларға тотықтырғыш ретінде қатысқанда гидридтер түзеді. Ковалентті гидридтер метан СН4, силан SiH4, AsH3, SbH3.

Ионды гидридтер LiH. Химиялық табиғаты жағынан иондық гидридтер – негіздік қосылыстар. Гидридтердің гидролизі: SiH4 + 3HOH = H2SiO3 + 4H2; KH + HOH = KOH + H2

Тұз тәрізді гидридтер ауадағы оттекпен тотығады: CaH2 + O2 = Ca(OH2)

Қышқылдық және негіздік гидридтер өзара әрекеттеседі: LiH + BH3 = Li[BH4]

Екідайлы гидридтің мысалы ретінде алюминий гидридін келтіруге болады:

AlH3 + 3BH3 = Al(BH4)3

KH + AlH3 = K[AlH4]



Сутектің тотығу дәрежесі +1 қосылыстары

Сутектің көптеген бейметалл элементтермен түзетін бинарлы қосылытарында тотығу дәрежесі +1-ге тең. Олардың полюстігі төмен, оңай ұшқыш, ковалентті заттар.

Сутектің бейметалл элементтермен түзетін қосылыстарының үлкен бір ерекшелігі – оларда сутектік байланыстың болуы. VA-VIIA топтардың элементтерінің сутектік қосылыстарының балқу және қайнау температураларын салыстыратын болсақ НҒ-тің, Н2О-ның және NH3-тің балқу және қайнау температуралары олардың ұқсастықтарына қарағанда оқшау (аномальды) түрде жоғары екені байқалады.

Олардың молекулалары сутектік байланыс арқылы ассоциаттар түзеді. Егер сұйық суда сутектік байланыс болмаса оның қайнау температурасы +1000С емес, -800С болар еді.



Су.

Су Н2О – ең маңызды және табиғатта ең көп тараған химиялық қосылыс. Жер бетінің 3/4-ін су (мұз) алады. Көп мөлшерде су атмосферада (су буы) және жер қыртысында әр түрлі минералдардың құрамында кездеседі. Кез келген тірі организмнің массасының 50%-дан 99%-ға дейін су болады. Тіпті адамның қанының 4/5 астамы да су. Құрамында сутек пен оттектің ауыр изотоптары болатын судың түрлерін ауыр су деп атайды. Бірақ негізінде ауыр су деп дейтерий суын Д2О16 айтады. Судың молекуласы бұрышты.

Таза су мөлдір және түссіз сұйық зат. Оның не иісі не дәмі болмайды.

Бейорганикалық қышқылдардың, негіздердің және тұздардың көбі суда ериді.

Химиялық реакцияларда судың Н2-тің түзілуімен тотықсыздануы және О2-тің түзілуімен тотығуы мүмкін.

Активті металдар (ІА және ІІА топтардың элементтері) және кейбір металдың тотығу дәрежесі төмен катиондар (мысалы, Cr2+, Mo2+, W2+, Ti2+, V2+) суды тотықсыздандырады:

3TiCl2 + 3Н2О = 2TiCl3 + H2TiO3 + 2H2

Ғ2, кейбір металдың тотығу дәрежесі жоғары катиондар (Со3+ және т.б.), элементтердің жоғары тотығу дәрежесіндегі түзетін күрделі аниондар суды тотықтырады:

4MnO + 2Н2О = 4MnO2 + 4OH- + 3 O2 ΔG = -220 кДж

Сутек пероксиді

Сутек пен оттек судан басқа тағы бір ковалентті қосылыс түзеді – бұл сутек пероксиді Н2О2. Пероксид – ион О22- оттек молекуласының 2 электронды қабылдау нәтижесінде түзіледі.

Өнеркәсіпте сутек пероксидін күкірт қышқылының ерітінділерін электролизі арқылы алады:

aнодта H2O H2O

HO – SO3- → HOSO3 → H2S2O8 → H2SO5 → H2SO4 + Н2О2

бисульфат- пероксодикүкірт пероксомонокүкірт

радикал қышқылы қышқылы

Алынатын сутек пероксидінің концентрациясы 30-35%. Судың молекулалары сияқты Н2О2-нің молекулалары да сутектік байланыс түзеді. Бірақ ол тұрақсыздау болғандықтан, әсіресе қоспа ретінде болатын көптеген заттардың, сәулеленудің немесе қыздырудың әсерінен ыдырап диспропорцияланатын болғандықтан, оны еріткіш ретінде аса көп пайдаланбайды:

2О2 = 2Н2О + О2

Судағы ерітінділерінде сутек пероксиді әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді: К= 1,4.10-12 (рК= 11,65).

Концентрлі Н2О2 гидроксидтермен әрекеттескен кезде металдардың пероксидтері түзіледі (Li2O2, MgO2)

Сутек пероксидінің тұрақсыз болуының себебі – О – О – байланысының әлсіздігі. Реакцияларда ол тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та бола алады, бірақ бірінші қасиеті басым: тотықтырғыш: H2O2 + 2ē + 2H+ = 2H2O, E0 = +1,776B

тотықсыздандырғыш: O2 + 2H+ + 2ē = H2O2, E0 = + 0,682В

Сутек пероксиді йодид-ионды дербес йодқа, нитрит-ионды нитрат-ионға, хромат-ионды пероксохроматқа дейін оңай тотықтырады: 2KJ + H2O + H2SO4 = J2 + K2SO4 + 2H2O

Ал тотықсыздандырғыштық қасиетін ол тек қана өте күшті тотықтырғыштармен әрекеттескенде көрсете алады: 5 H2O2 + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 5O2↑ + K2SO4 + 2MnSO4 + 8H2O
Кейбір реакцияларда пероксид-ион өзгеріссіз басқа қосылыстарға ауысады. Олардың ішінде мына реакцияны лабораториялық жағдайда сутек пероксидін алуға пайдаланады:

BaO2 + H2SO4 = BaSO4↓ + H2O2

Сутек пероксидінің туындылары – пероксоқосылыстар – пероксоқышқылдарға және пероксонегіздерге (гидропероксидтер) бөлінеді. Оларда міндетті түрде пероксидтік тізбек болады, мысалы К – О – О – Н.

Пероксоқосылыстардың бәріне тән екі қасиет болады: олар сутек пероксидінің түзілуімен гидролизденеді және оттектің түзілуімен ыдырайды әрі олардың біразының тотықтырғыштық қабілеті сутек пероксидінікінен жоғары.



Бақылау сұрақтары

1.Сутектің лабораторияларда және төндірісте алу жолдарына мысалдар келтіріп, химиялық реакция теңдеулерін жазып, жүру жағдайларын сипаттаңдар.

2.Гидридтердің ковалентті, тұз тәрізді, металтектес 3 типіне мысалдар келтіріп, химиялық қасиеттеріне сәйкес әрееттесулердің теңдеулерін жазып, мәнін түсіндіріңдер.

3.Судың түрөзгерістерінің физикалық сипаттамаларына сүйеніп, оқшау қасиеттерінің сырын түсіндіріңдер.

4.Сутек пероксидінің қышқылды ортада калий иодидімен, сілтілік ортада калий хромидімен әрекеттесу теңдеулерін жазып, ионды – электрондық баланс тәсілімен теңестіріңдер.

5.Химялық реакция теңдеулерін аяқтаңдар:

a) KNO3 + H2SO4 + H2O2

б) Hg(NO3)2 + NaOH + H2O2

в) K2Cr2O7 + H2SO4 + H2O2

г) MnO + H2O2


Осы дәріс материалымен танысқан соң, мына мағлұматтарды білу керек:

  1. Сутегінің периодтық жүйедегі орны;

  2. Сутегінің +1, -1 тотығу дәрежелеріне сәйкес қосылыстарының айырмашылықтары;

  3. Сутегі қосылыстарының химиялық қасиеттері.



Осы тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердің мына беттерін оқу керек:

1. Нұрахметов Н.Н., Ташенов Ә.К. Бейметалдар химиясы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 106-126 беттер.

2.Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М.,Абекова Р.С. Жалпы химия курсы бойынша есептер мен жаттығулар. – Семей,2012 – 72 бет.

3.Угай Я.А. Неорганическая химия. – М.: Высш.шк.,1988. – 96-111 беттер.

    1. Фтор, хлор, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

    2. Бром топшасы, жалпы сипаттамалары, қасиеттері, қолданылуы.

Галоген – «тұз тудырушы». Фтор мен хлор газдар, типтік элементтер. Бром топшасы элементтері өзара толық электрондық аналогтар. Тотығу дәрежелерге : -1, +1, +2, +3, +4, +5, +6, +7 сәйкес қосылыстары (фтордан басқасының) болады. Фтор қосылыстарында тек -1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Электрон қосылғыштық F…At ( фтордан астатқа дейін) азаяды, радиус артады, иондану энергиясы азаяды, бейметалдық қасиеті кемиді, тотықтырғыш қасиеттері азаяды. Фтор – бейметалдық қасиеттері ең мол элемент және оның иондану энергиясы өте үлкен шама.



Жер қыртысында кездесу: көбінесе галогенид ретінде кездеседі (%массалық үлесі): F - 6,5.10-2; Cl - 4,5.10-2; Br - 3.10-4; J - 1.10-5. Флюорит – CaF2 , криолит – AlF3 3NaF , фторапатит 3Ca3(PO4)2 CaF2 ; NaCl – галит, теңіз, мухит суларында, KCl MgCl2 6H2O - карналлит, KCl NaCl - сильвинит. Теңіз суында KBr, NaBr, MgBr2, KJ, J2 болады.

Алу, қасиеттері, қолданылуы

Өндірісте: F, Cl – электролиз арқылы алады: KF2HF балқыма → F2 , катодты болаттан, анодты графиттен не никельден жасайды. Сонымен бірге HF +KF эвтектикалық қоспасының электролизі арқылы да алады.

NaCl (конц.ерітіндісі) электролиз → Cl2 ;

Теңіз суынан NaJ (NaBr) + Cl2 → J2(Br2) + NaCl

Зертханада: 2NaBr + 2H2SO4 + MnO2 = Na2SO4 +MnSO4 + 2H2O + Br2 ; 16 HCl+2KMnO4 → 2MnCl2 + 5Cl2 + 2KCl + 8H2O

At: 1940 ж 209 83 Bi + 42He →21185At + 210n

«Астат» - «тұрақсыз» деген сөз.

Физикалық және химиялық қасиеттері. F2, Cl2 - газдар , Br2- сұйық, J2-қатты зат. Байланыс энергиялары ЕF-F = 151 кДж/моль. Е Cl-Cl = 238 кДж/моль; Бірақ басқа элементтермен қосылыстарында фтор берігірек (H, Cl, Si және басқа ), себебі фтор өлшемі кіші және ЭТ (электртерістігі) үлкен. F2 қыздырғанда инертті газдармен де әрекеттеседі: Хе +3F2→XeF6 ; Г2 металдармен әрекеттеседі: F2 + Au, Pt →AuF3, PtF4 ; Мына металдармен Fe, Cu, Ni, Al, Zn + F2 →жай температурада әрекеттеспейді, себебі беттерінде фторид қабаты пайда болады. Бейметалдармен әрекеттеседі: F2 + O2, N2, C → F2O ( NF3 , CF4); F2 +H2 → 2HF қопарылыспен әрекеттеседі. Фтор атмосферасында мынандай тұрақты қосылыстар да SiO2, H2O жанады: SiO2 + 2 F2  SiF4 + O2 2H2 O + 2 F2  4 HF + O2 . Хлор да мына бейметалдармен әрекеттеседі:

Cl2 + O2, N2, C → CI2 O ( CI3N, CCI4) ;

Cl2+H2 →hυ түзбекті реакция. Г – Н арасындағы байланыс энергиясы үлкен болғандықтан, фтор, хлор көптеген сутекті қосылыстардан сутегін алады:

3F2 + 2NH3 → 3НF + NF3; B2H6, SiH4 т.б.

C10H16 - скипидар хлормен әрекеттескенде жанады :

C10H16 + 8Cl2→16HCl + 10C ;

F2 → J2 тотықтырғыштық қасиеттері кемиді, ал F- → J- тотықсыздандырғыштық қасиеттері артады.

2KBr + Cl2 → 2KCl + Br2 активтігі жоғары галоген НГ, МеГ қосылыстарынан активтігі төмен галогенді ығыстырады, ал керісінше активтігі төменірек галоген активтігі жоғарырақ галогенді оттекті қосылысынан ығыстырады: Br2+2KClO3→2KBrO3+Cl2 ;

J2+2HClO4=4HJO4+Cl2 .

F2 сумен әрекеттескенде, оны ыдыратады. 2F2+2H2O=4HF+O2 ↑, сонымен бірге O3, OF2, H2O2 түзіледі .

Cl2, Br2, J2 суда аз ериді , аздап реакцияға түседі .

Cl2, (Br2, J2) +H2O ↔ НГО+HГ (1). HClO- хлорлылау қышқылы, күшті тотықтырғыш, (1) - реакцияны Н.А. Яковкин 1899 ж ашқан. HClO→HCl+O, хлордың ағартушылық қасиетін түсіндіреді. J2 судан гөрі KJ ерітіндісінде жақсы ериді J2+KJ→K[J3] комплексі түзіледі.

Br2, J2 органикалық еріткіштерде ( CS2, этанол, хлороформ, бензол т.б.) ериді. F2 олармен әрекеттеседі. ( Жараны емдеуге йодтың сулы – спиртті 5% және спиртті 10% ерітіндісі қолданылады ).

Қосылыстары, алу, қасиеттері, қолданылуы

Сутек пен хлор қараңғыда өте баяу әрекеттеседі , ал олардың қоспасына күн сәулесі түссе, процесс қопарылыспен тармақталған тізбекті реакциялар механизмі бойынша жүреді: H2 + Г2 → 2НГ.



Өнеркәсіпте фторсутекті кальций фторидіне күкірт қышқылымен әсер ету арқылы алады: CaF2 + H2SO4 конц. → CaSO4 + H2F2 (2 НF).

Хлорсутекті өнеркәсіпте де, зертханада да мына әдіспен алады:

2NaCl +H2SO4 конц.→ Na2SO4 + 2 НСІ ;

НF → HJ тотықсыздандырғыштық қасиеті артады, қышқылдық қасиеті де артады. HJ +O2 →2H2O+2J2 тотықсыздандырады. HBr+O2 → 2H2O+2Br2 өте ақырын жүреді. HCl+O2 → жүрмейді.

Ас қорытуға асқазандағы HCl - асқазан сөлі, рН~1-3. ~0,3 % НСІ болады. (HF)n Бөлме температурасында (HF)2 ; Температура төмен болған сайын “n” мәні көбірек. HBr, HJ бұл реакциялар арқылы алынбайды, себебі олар күшті тотықсыздандырғыштар, соңдықтан Br2, J2- ге айналды. Оларды(HBr,HJ) РГ3 гидролизі арқылы алады:

РГ 3 + 3H2O=H3PO3+3HГ ; HJ-ты мына реакция арқылы да алады: J2 + H2S=2HJ+S↓ Судағы ерітінділері HГ қышқылдар. HF, F2 сияқты шынымен (кварцпен) әрекеттеседі 4HF + SiO2 → 2H2O + SiF4↑; SiF4 + 2HF =H2[SiF6] – кремний фторсутек қышқылы. HF – қышқылының шынымен әрекеттесу қасиетін шыны бетіне сурет салуға қолданады. HF – балқытқыш қышқылы ~38%- ті болады.

HF ↔ H+ + F- ; КD = 7.10-4 , әлсіз қышқыл, молекулалары арасында сутектік байланыс бар. Тұздары фторидтер - улы. HCl - тұз қышқылы ~37%, ρ=1,19 г/мл ; HCl, HBr, HJ –күшті қышқылдар, тұздары да суда жақсы ериді, тек BiJ3, AgГ,PbГ2 суда ерімейді.

Сулы ортада иондық хлоридтер – негіздік (активті металдардың хлоридтері), коваленттілік хлоридтер – қышқылдық (бейметалдар хлоридтері) қасиетке ие болады.



Оттекті қосылыстары
Галогендер тікелей оттекпен әрекеттеспейді, тек F2 + O2 → F2O - газ,

улы , тек осы қосылыста оттегінің тотығу дәрежесі +2 болады. Фтор сілтімен әрекеттескенде де фтордың оксиді түзіледі.

2F2 + 2NaOH → 2NaF+ OF2+ H2O, бұл реакция нәтижесінде тағы мына заттар түзіледі: О2 , О3 , Н2О2 .

F2O – ға сәйкес қышқылы жоқ. F2O- күшті тотықтырғыш :

2H2 + OF2 = 2HF + H2O; SiO2 + OF2 →SiF4 +O20

Хлор (І) оксидінің түзілу процесінің Гиббс энергиясы оң мәнге тең болғандықтан элементтердің тікелей әрекеттесуінен түзілмейді, тек жанама жолмен алады: 2Cl20 +2 HgO = HgCl2 . HgO + Cl2O↑; Cl2O – газ, улы, суда жақсы ериді.

Cl2O + H2O = 2HClO - хлорлылау қышқылы, әлсіз қышқыл. ClO2 - қоңыр, өткір иісті, улы газ, тез жарылады, сол кезде Cl2 және O2 түзіледі. Өнеркәсіпте: 2NaClO3 (хлорат)+ SO2 + H2SO4 = 2ClO2+2NaHSO4

Хлор (ІV) оксиді қалыпты жағдайда хлор және оттегі түзіп, айрылады. Суда баяу, сілтілер ерітінділерінде оңай диспропорцияланады:

2ClO2 + H2O ↔ HClO2 + HClO3 HClO2 – хлорлы қышқылы 2ClO2 +2NaOH=NaClO2(хлорит)+NaClO3 (хлорат) + H2O;

HClO3хлорлау қышқылы, диспропорциялану реакциясы.

Хлорлы қышқыл дербес күйінде белгісіз, тұрақсыз, ыдырайды. HClO2 , тұзы хлорит: 4HClO2 = HCl + HClO3 + 2ClO2 +H2O;

Хлорлау қышқылының ангидридін (ClO3 ) былай алады: 2ClO2 + O20 = 2ClO3

ClO3 - қоныр, сұйық зат.2ClO3 + H2O→HClO3 + HClO4

Бұл қышқылдардың тұздарын хлораттар КClO3 және перхлораттарды КClO4, оксидті калий гидроксидінде ерітіп, алады.

HClO4 – хлор қышқылы, күшті қышқыл, оксиді Сl2O7 – май тәріздес сұйық зат. 2 HClO4 + P2O5→2HPO3+Cl2O7 ; Cl2O7 +H2O→2 HClO4 . Бром мен иод тұрақсыз оксидтер түзеді: Br2O, BrO2, BrO3, Br2O7 , JO2, J2O5, бірақ аз зерттелген, себебі олар тұрақсыз. Бұл оксидтерге сәйкес қышқылдары мен тұздары бар. НОСl – хлорлылау, НОBr – бромлылау, НОJ –иодтылау қышқылдары. HOCl→HOBr→HOJ қышқыл күші, тұрақтылығы азаяды. Тұздары гипохлорит, гипобромит, гипойодит деп аталады. Қышқылдары да, тұздары да тотықтырғыштар. Мына қатар бойынша HOCl→ HOJ, KOCl→KOJ тотықтырғыштық қасиеттері төмендейді.

Cl2 +2NaOH →NaOCl + NaCl + H2O – жавель суы деп аталады.

Cl2 + Сa(OH)2→Ca OCl+ Cl- + H2O ағартқыш , хлор ізбесі - CaOCl2 . Дезинфекцияға, матаны ағарту үшін қолданады. Хлор ізбесінің сапасы

«актив хлордың» пайыздық мөлшерімен анықталады ( «актив хлор» деген ізбестің хлор эквивалентіне шағылған тотықтырғыштық қабілеті). HCl+3O2, хлорлы қышқыл, тұзы хлорит. 2ClO2+ 2NaOH = NaClO3 + NaClO2 +H2O; 4HClO2 = HCl + HClO3 + 2ClO2 +H2O; HClO3 хлорлау, HBrO3 бромдау, HJO3 иодтау қышқылдары. Тұздары хлораттар, броматтар, иодаттар. HClO3 - HBrO3 - HJO3 тұрақтылығы артады, күші қышқыл ретінде кемиді. Г2O5 - оксидтері белгісіз; Br2+5Cl2+6H2O ↔ 2HBrO3 + 10HCl ; 3J2+10HNO3конц. ↔ 6HJO3+10NO+2H2O.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет