ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физико-химиялық анализ әдістері» пәні 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандықтары үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдар



бет3/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#125118
1   2   3   4

Тәжірибе нәтижесін графикке түсіреді.

Qқышқыл = (NnaOH * VnaOH * mә қышқыл * Vk) / (1000*Va)

№ 5 Зертханалық жұмыс



МЫСТЫ АМПЕРОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ

Мыс (11) анықтау оның иодид- ионымен тотықсыздануына және мыс мөлшеріне эквивалент бөлінген I2 тиосульфат ерітіндісімен титрлеуге негізделеген

2Cu2+ + 4I- = Cu2I2 + I2

I2 + 2S2O32- = 2I-+ S4O62-

Бұл әдіс арқылы мыстың өте аз мөлшерін (10-3 мг) анықтауға болады. Реостатқа +0,53 В потенциал мәнін қойып, платина және хлоркүміс электродтарын ерітіндіге салады. Платина электродында иод тотықсызданады.

Жұмысты орындау.

Амперометриялық құралда барлық бөліктері дұрыс қосылып тұрғанын тексереді.

Титрлеу стаканына 10 мл мыс (11) ерітіндісін құйып, 25 мл күкірт қышқылын қосады, электродтарды салып, тізбекті қосады. Сол кезде катодта мыстың тотығуы жүреді. Гальванометр стрелкасы бір жаққа қарай бұрылады.

0,3-0,5 г калий иодидін салып, магнит араластырғышты қосады. Бұл кезде диффузиялық тоқ бірден азайып, гальванометр нольді көрсетеді. Бұл жағдай мыс ионының толық иодидпен Cu2I2 қосылысын бергенін көрсетеді. Бұдан соң бос иодтың бөлінуі байқалады, тоқ күші өсе бастайды, тоқ күші максимумға келгенде ерітіндіде иод толық бөлініп бітеді. Тағы да 2-5 минут реакция аяқталғынын тосып, титрлеуді бастайды.

Тиосульфат ерітіндісінен 1 мл қосып, ерітіндіні араластырып отырып, тоқ күшін жазып отырады. Титрлеу соңында тоқ күші өзгеріссіз қалады.



V, мл





I, мА



q = V * N * mэCu mэCu = 63.64 г/ моль

Титрлеуді екі рет жүргізеді.
Фотометриялық әдіс бойынша лабораториялық жұмыстар.

Жалпы нұсқаулар.



  1. жұмысқа байланысты єдістемелік нұсқаулармен жақсылып танысу қажет.

  2. ерітінділерді дайындауда тек єдістемеге сүйену керек.

  3. анықталатын элемент ерітіндісінің концентрациясы әр түрлі сериясын дайындау үшін стандартты ерітіндіні тек пипеткамен алу қажет.

  4. жұмыста қолданылатын кюветаларды алдымен концентрлі тұз қышқылымен жуып, сумен жақсылап жуып, дистилденген сумен шайқап, сыртын фильтр қағазымен сүртіп, құрғатады. Егер кюветаларға сумен араласпайтын органикалық ерітінділер құйылатын болса, оларды құрғату қажет. Анықталатын зат ерітіндімен кюветаны жұмыс алдында шайқап жіберу керек.

  5. кюветаға ерітіндіні белгісінен төмен құюға болмайды, себебі жарық шоғы тек ерітінді арқылы ғана өту керек. Кюветалар әр уақытта белгілі орында тұру керек.

  6. фотоколориметрді жұмыс алдында 15-20 минут бұрын токқа қосып қыздырады.

  7. жұмыс аяқталған соң фотоколориметрді өшіріп, кюветаларды жуып, лаборантқа өткізіп, жұмыс орнын тазалап қою керек.

№6 зертханалық жұмыс



ЖАЛЫНДЫҚ ФОТОМЕТРИЯ ӘДІСІМЕН НАТРИЙ ЖӘНЕ КАЛИЙ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ
Жалындық фотометрді токқа қосып, 30 минут қыздырады. Компрессорын қосып, ауа қысымын 60-80 кПа орнатады. Сонан соң жанар газды (пропан) жағып, ауа қысымын көкшіл-жасыл жалынның ішкі конусының биіктігі арқылы реттейді.

Натрий және калий иондарының концентрациясы 100 мг/л (немесе 100 мкг/мл) стандартты ерітінділерін дайындайды. Сол ерітінділерден натрий ионы үшін және калий ионы үшін 2 стандартты серия дайындайды: оларда иондар мөлшері 20,40,60,80,100 мкг/мл болуы керек.

Натрий және калий иондарының мөлшері белгісіз зерттелетін ерітіндіні мұғалімнен алу керек.

Натрийді анықтау үшін қажетті 589 нм жарық фильтрін орнатып, натрий мөлшері максимальды стандартты ерітіндіні стаканға құйып алып, жалынға енгізеді; “сезімталдық” бұрандасымен –өлшегіш аспаптың стрелкасын 100 көрсеткішіне келтіреді. Басқа ерітінділерді өлшегенде кіші концентрациядан бастап, концентрация арту ретімен өлшейді. Өлшеулерді 3 рет қайталау керек, үш өлшеудің орташасын есептейді. Стандартты ерітінділерден соң зерттелетін ерітіндіні өлшейді. Әрбір өлшеуден соң шашыратқышты дистильденген сумен мұқият шаю керек.

Калийді анықтау үшін жарық фильтрін 768 нм ауыстырып, анализді жоғарыдай жүргізеді.

Барлық өлшенген мәндерді кестеге жинақтап, натрий және калий иондары үшін жеке-жеке 2 градуировкалық график сызады. Графиктерден зерттелетін ерітіндідегі натрий және калий концентрацияларын табады.


№7 зертханалық жұмыс

Молярлық қасиет Әдісімен калий перманганатының концентрациясын фотометриялық анықтау

Калий перманганаты ерітіндісі қызғылт-күлгін түсті, түс интенсивтілігі ерітінді концентрациясына пропорционал.

Молярлы қасиет әдісінде эксперимент жүзінде сіңірудің молярлы коэффициентінің шамасын анықтайды. Сіңірудің молярлы коэфициенті заттың табиғаты мен толқын ұзындығына тәуелді. Сіңіру максималды болатын жарық-фильтрін таңдап алғаннан кейін үш стандартты ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшейді. Содан кейін, қабаттың қалыңдығын анықтаған соң сіңірудің молярлық коэфициентінің орташа шамасн есептейді. Осы жағдайларда зерттелетін ерітіндінің оптикалық тығыздығын өлшеп зат мөлшерін анықтайды, сіңірудің молярлы коэфициент константасының шамасын пайдаланып:


С(х)=Д(х)/Е*l




Ерітінділерді дайындау:

Көлемі 50 мл 4 өлшегіш колба дайындау керек. Осы колбалардың үшеуіне концентрациясы 0,02 моль/л калий перманганатының стандартты ерітіндісінен сәйкесінше 1,5; 2,0; 2,5 мл енгізу керек. Төртінші колбаға құрамында белгсіз КMnO4 мөлшері бар ерітіндіден алу керек. Барлық колбаларды белгісіне дейін дистильденген сумен жеткізіп содан кейні араластыру керек.



Аналитикалық сигналды өлшеу.

Үш стандартты ерітіндіден бояуының интенсивтілігі жоғары болатынын таңдап кюветаға белгісіне дейін құйыңыз. Келесі кюветаға ерітіндісі сапасын анықтау және салыстыру үшін дистильденген судан белгісіне дейін құйыңыз. Әртүрлі жарық-фильтрлерінде оптикалық тығыздығын өлшеңіз. Мәліметтерді келесі кестеге жазыңыз:



Жарық-фильтрлері

Көк

460 нм


Жасыл

540 нм


Қызыл

600 нм


Оптикалық тығыздық










Максимал сіңіретін жарық-фильтрін таңдаңыз. Қалған ерітінділердің оптикалық тығыздығын өлшеңіз. Мәліметтерді төмендегі кестеге енгізіңіз:

КMnO4 ерітіндісінің көлемі

1,5

2,0

2,5

Х

КMnO4 концентрациясы, моль/л













Оптикалық тығыздық













  • Эксперимент мәліметтерін рәсімдеу.

Толқын ұзындығына тәуелді график тұрғызу және жарық-фильтрін таңдау себебін негіздеу.

Формула бойынша стандартты ерітінді концентрациясын есептеу:


С(сг)=Val* Cисх (KMnO4)/ Vкколб

Әр стандартты ерітіндінің сіңірудің молярлы коэффициентін есептеп орташа мәнін табыңыз. Кюветаның қалыңдығын сызғышпен өлшеңіз. Құрамында белгсіз КMnO4 мөлшері бар ерітіндінің концентрациясын есептеңіз.

№ 8 зертханалық жұмыс


МЫСТЫ (ІІ) АММИАКАТ ТҮРІНДЕ ФОТОМЕТРИЯЛЫҚ АНЫҚТАУ

Мыс қышқыл сулы ерітіндіде көгілдір түсті аквакомплекс [Cu(H2O)6]2+ түзеді. рН 7 мыс (ІІ) гидроксидін Cu(ОН)2 тұнбасы түзіледі. Аммиак ерітіндісімен мыс (ІІ) көк түсті аммиакат түзеді.

Cu2+ + 4NH4OH ↔ [Cu(NH3)4]2+ + 4H2O

Әдіс сезімталдығы 0,2 мг/50 мл, комплекстің максимумы жарық жұтуы 550-570 нм маңында. Мысты (ІІ) анықтауға Ni2+, Co2+ және аммиакатта ерімейтін ауыр металдар иондары кедергі жасайды. Ерітінді қышқылдығы артық болса, NH3 пен Н+ қосылып NH4+ түзіледі де мыс (ІІ) аммиакаты бұзылады, ерітінді көгілдір түске көшеді, яғни [Cu(H2O)6]2+ .

Реагенттер.

1.Концентрлі NH4ОН ерітіндісі, 25%.

2.Мыс (ІІ) тұзының стандартты ерітіндісі, ТCu3+ = 2 мг/мл 7,8540 г мыс (ІІ) сульфатын CuSO4 * 5H2O дистильденген суда ерітіп, 10 мл концентрлі H2SO4 (Э=1,84 г/мл) қосып, литрге дейін сұйылтады.

Жұмысты орындау.

Градуирлік график құру үшін бес мл өлшегіш колбаға стандартты мыс (ІІ) ерітіндісінен 1; 2,5; 4; 5,5; 7,0 мл құйып, алтыншы колбаларға 5 мл концентрлі аммиак қосып, колбаларға белгісіне дейін дистильденген су құйып, колбадағы ерітінділерді жақсылап шайқап, фотометрлейді. Светофильтр мен кюветаны алдын ала таңдап алу керек. Салыстыратын ерітндіге су алуға болады. Градуирлік график сызу үшін ординатаға аптикалық тығыздық (А) мәндерін, абциссаға мыс (ІІ) мөлшерін көрсетеді.
№ 9 зертханалық жұмыс
АУЫЗ СУЫНДАҒЫ ТЕМІРДІ (ІІІ) РОДАНИДТІ КОМПЛЕКС ТҮРІНДЕ АНЫҚТАУ
Темір (111) қызыл түсті роданидті комплекс түзуі үшін 0,05-5,0 г/ л роданид-ионы және 0,05-0,2 М қышқылдық орта керек. Бұд әдістің сезімталдығы жоғары 2,5 мкг/50 мл темір анықтауға болады. Комплекс қосылысының жарық жұтуының максимумі 480-483 нм келеді, молярлық сіњіру коэффициентті 7*103. Бұл әдісте кмплекс түзу сатылап жүреді, сондықтан әр уақытта темірді анықтау үшін бірдей жағдай саќтау керек. Анализге кедергі келтіретін жағдайлар: роданид-иондармен комплекс түзетін заттар, темірді тотықсыздандыратын заттар, роданид- комплексін бұзатын күшті тотықтырғыш заттар болмауы керек.

Түсті роданид комплексі түссіз хлорид комплексіне ауысады. Роданид- ионның артық мөлшерін құйса, хлорид- комплексі түзілмеуі мүмкін.

Темірді анықтауға фторид, фосфат, арсенат, тартрат иондары да кедергі жасайды, яғни роданид комплексінің т‰сін єлсіретеді. Азот қышқылының әсірінен роданид темірсіз де түсті қосылыс береді.

Темір тұзының гидролизін болдырмау үшін әлсіз азот қышқылымен ерітіндінің ортасын қышқылдау керек.

Темір роданидінің ерітінділерін бірден фотометрлеу қажет, себебі ерітінділер тұрып қалса түссіздіне бастайды.

Реактивтер.



  1. темір (111) тұзының стандартты ерітіндісі, Т- 0,1 мг/мл. Темір – аммоний ашутасын суда ерітіп 5 мл азот ќышќылын ќосып, өлшегіш 1 л колбада дистилденген сумен сұйылтады.

  2. 10% - калий не аммоний роданидінің ерітіндісі.

  3. азот қышқылы (1:1)

Жұмысты орындау.

Градуирлік график сызу. Бес көлемі 50 мл өлшегіш колбаларға 0.5; 1.0;1.5;2.0;2.5 мл темір тұзының стандартты ерітіндісің құяды да 1 мл азот ќышќыл ерітіндісін (1:1), 5 мл 10% аммоний роданидінің ерітіндісін қосып, колба белгісіне дейін сумен сұйылтып, фотометрлейді. Жарыќ фильтрі мен кювета алдын ала таңдалады. Салыстармалы ерітінді ретінде дистильденген су алады. Алынған нәтижелерді мына кестеге жазады.




Ерітінділер

Темірдің 50мл көлемдегі мөлшер, мг

Оптикалық тығыздық D

1

2

3



4

5

анализденетін су









Анализденетін суға жоғарыда көрсетілген ерітінділерді қосып, кола белгісіне дейін су құйып, градуирлік графиктен «D» мәніне сәйкес концентрацияны табады.
№ 10 зертханалық жұмыс
ЕРІТІНДІДЕГІ KCl КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН ИОН АЛМАСУ ХРОМАТОГРАФИЯСЫ ӘДІСІМЕН АНЫҚТАУ

Жұмыс мақсаты: КУ-2 катионитін пайдаланып ерітіндідегі тұз концентрациясын сандық анықтау.

Жұмыс барысы: Н+ формасындағы КУ-2 катиониті бар колонкаға концентрациясы белгісіз KCl ерітіндісінің 10-20 мл енгізеді. Колонка астына көлемі 250мл таза колбаны қояды да, ерітіндіні минутына 2-3 мл жылдамдықпен өткізеді. Тұзды өткізіп біткеннен кейін колонка арқылы 10-20 мл дистильденген су өткізеді. Колонкадан шыққан ерітіндіні де, суды да бір колбаға жинап отырады. Колбадағы ерітіндіге 3 тамшы метилоранж қосып, бюреткадағы 0,1 н NaOH ерітіндісімен қызғылт түс сарыға ауысқанша титрлейді. Жұмсалған титрант көлемін жазып алады. Колонкадағы катионитті қайта Н+ формаға келтіреді. Ол үшін катионит арқылы 50 мл 0,1 н HCl ерітіндісін минутына 2-3 мл жылдамдықпен өткізеді. Сонан соң жұмысты тағы 1 рет қайталап жасайды. Титранттың орташа көлемі бойынша ерітіндідегі HCl концентрациясын есептейді. Ион алмасу эквивалентті мөлшерде жүретін болғандықтан, KCl концентрациясы да HCl концентрациясына тең болады.
№ 11 зертханалық жұмыс

ТҰНБАЛЫҚ ХРОМАТОГРАФИЯ ӘДІСІМЕН НИКЕЛЬ ИОНДАРЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ
Жұмыс мақсаты: Тұнбалық хроматография әдісі арқылы никель иондарының концентрациясын анықтап үйрену. Колонкалар диаметрі бойынша бірдей болуы керек.

Жұмыс барысы: Он бір хроматографиялық колонкалар дайындайды. Ол үшін колонканың төменгі бөлігіне шыны таяқшамен мақта тампонын тығыздайды да, биіктігі 2/3 болатын сорбентпен нығыздайды (алюминий оксиді + диметилглиоксим).

1М никель нитратының ерітіндісіне дистиьденген суды қосу жолымен никель тұзының ерітінділерін дайындау.

Ерітіндіні сұйылту техникасы:

Он пробирка алып, әрқайсысына 1мл берілген ерітінді концентрациясын енгізеді. Мысалы, 1М ерітіндіден, сонан соң әрбір пробиркаға таблицада көрсетілген белгілі бір су мөлшерін енгізеді.




Пробирка №

Кеткен ерітінді көлемі, мл

Қосылған ерітінді көлемі, мл

Сұйылту концентрациясы, М

Зона биіктігі, мм

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

0

1

2



3

4

5



6

7

8



9






Дайындалған сорбенті бар колонкаларға берілген концентрациялы ерітінді бар пробиркадан 0,2 мл енгізеді. Ерітінді толық сіңіп, 3 минут өткеннен кейін, никель диметилглиоксиматының алқызыл зонасының биіктігін өлшейді. Калибровкалық графикті ордината осі бойынша зона биіктігі (мм), абцисса осі бойынша – никель иондарының концентрациясы (М) координатасында құрады.

Никель иондарын анықтау үшін дайындалған хроматографиялық колонкадағы белгісіз концентрациясы бар ерітіндіден 0,2 мл құю керек. 3 минут өткеннен кейін хроматограммадағы зона биіктігін өлшейді. Құрылған калибровкалық график арқылы және зона биіктігін біле отырып, экстраполяция әдісімен белгісіз ерітіндідегі никель концентрациясын анықтайды. Хроматографиялық колонкаларды оқытушыға көрсетіп, лаборантқа өткізу керек.
3. ХИМИЯЛЫҚ ЛАБОРАТОРИЯДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
Химиялық лабораторияда жұмыс істеу ережелерін дұрыс орындау қажет.

Жұмыс орындау алдында студент сол жұмыстың әдістемелік нұсқауларыды дұрыс оқып, қажетті оқулықтармен танысып, осы жұмысқа байланысты барлық сұрақтарына дұрыс жауап беру керек.

Тәжірибеге қатысты ыдыстарды, лабораториялық құралдарды лаборанттан алады, жұмыс аяқталған соң қайта лаборантқа өткізеді.

Жұмыстың есебін әр студент мына көрсетілген нұсқа бойынша өткізеді.

Күні «____» _____________ 20 _ ж. Жұмыс № ______________

Жұмыстың атауы: _______________________________________

_______________________________________________________

Жұмыс мақсаты: ________________________________________

_______________________________________________________

Тапсырма_______________________________________________

Негізгі құралдар (аты, типі, суреті, кестесі, негізгі құралдардың қысқаша түсініктемесі) ___________________________________

_______________________________________________________

________________________________________________

________________________________________________

Физико-химиялық процесс (әдіс, қандай физико-химиялық процеске негізделген, химиялық реакциялар теңдеуі т.б.)

Есептеулер (таблицалар, формулалар, графиктер т.б.) _______

________________________________________________

Қорытынды

Оқулық

Студент (фамилиясы, аты, тобы)



Оқытушы
4. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

4.1. Студенттердің өздікжұмысын ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар:

Оқу үрдісінде өздік жұмыс үлесі артып келеді. Тақырыпты терең игеру үшін оқулықтармен, оқу құралдарымен қосымша жұмыс істеу қажет. Сонымен қоса, есептер, үй тапсырмасы да өздік жұмысқа жатады. Студенттің өздік жұмысын оқытушы тексереді, ол үшін жазбаша жұмыстар тексеріледі, ауызша сабақ сұралады, бақылау жұмыстары, тестер, коллоквиумдар қабылданады.

Әдебиетпен дұрыс жұмыс істеуді үйрену керек. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі беріледі. Әрбір тақырыпқа арнайы әдебиет тізімі, әдістемелік құралдар мен нұсқаулар ұсынылады. Оқытушы тапсырма бергеннен кейін материалды оқулықтар, оқу құралдарынан, монографиялардан оқу керек. Сұрақ негізін анықтап, заңдар, ережелерді, түсініктерді, формулаларды жаттау керек. Еске жақсы сақтау үшін қысқаша конспект жазып, немесе дәріс конспектісін толықтыра жазу керек. Сұрақты егжей-тегжейлі білу үшін қосымша әдебиет оқу керек. Теориялық курс жаттығулар орындау, есеп шығарумен қоса оқытылады. Теориялық материалды игергеннен кейін лабораториялық сабаққа дайындалу керек. Оқулықтар, оқу құралдары, есеп жинағымен қатар лабораториялық жұмыстар практикумы қажет болады. Әдетте практикумдарда жұмыс мазмұны алдында қысқаша теориялық материал беріледі, онымен міндетті түрде танысу қажет. Лабораториялық жұмысты орындау жолы лабораториялық журналға конспектіленеді. Түсініксіз сұрақтарды дәптерге белгілеп, сабақта оқытушыдан сұрауға болады.


4.2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
ОӨЖ №1 Электрохимиялық анализ әдістері – 4-апта

Вариант 1. Электродтық потенциал: стандартты, формальды, электродты потенциалды өлшеу

Вариант 2. Хронокондуктометрия. Жоғары жиілікті кондуктометриялық титрлеу.

Вариант 3. Электрогравиметрия, мәні, артықшылықтары мен кемшіліктері

Вариант 4. Қазіргі полярографиялық әдістер

ОӨЖ №2 Спектроскопиялық анализ әдістері – 6-апта

Вариант 1. Спектроскопиялық сигналдарды алу, тіркеу әдістері

Вариант 2. Рентгендік спектроскопия, мәні, әдістері, қолданылуы.

Вариант 3. Тербелмел спектроскопия, мәні, әдістері, қолданылуы мәні, әдістері, мәні, әдістері, анализде қолданылуы.

Вариант 4. Рефрактометрия, мәні, әдістері, анализде қолданылуы.

ОӨЖ №3 Хроматографиялық анализ әдістері – 11 апта

Вариант 1. Хроматография әдістерінің әр түрлі жіктелуі

Вариант 2. Қағаздық хроматография, сапалық және сандық анализде қолданылуы.

Вариант 3. Иондық хроматография, мәні мен ерекшеліктері.

Вариант 4. Газдық хроматография, мәні, әдістері мен артықшылықтары.

ОӨЖ №4 Эссе жазу – 14 апта

Вариант 1. Электрохимиялық әдістердің салыстырмалы сипаттамасы

Вариант 2. Спектроскопиялық әдістердің салыстырмалы сипаттамасы

Вариант 3. Хроматографиялық әдістердің салыстырмалы сипаттамасы

Вариант 4. Физико-химиялық әдістердің салыстырмалы сипаттамасы
4.3. Өздік жұмысқа арналған сұрақтар мен есептер


  1. Потенциометриялық анализ әдісі неге негізделген?

  2. Нернст теңдеуі қандай тәуелдікті көрсетеді? Оған кірген бірліктердің мәндерін түсіндіріндер.

  3. І-және ІІ-текті электродтар түрлері. Мысал келтіріңдер.

  4. Индикаторлық және салыстырмалы электродтардың атқаратын функциялары қандай және оларға талаптар қойылады?

  5. рН анықтау үшін қандай индикаторлық электродтар қолданылады?

  6. Шыны электрод құрылысын, оның артыќшылыќтары мен кемшіліктері туралы айтыңдар.

  7. Егер 10,00 мл сірке қышқылын 0,1м КОН титрлегенде мынадай нәтижелер алынған болса,

I вариант: V(KOH), мл 15,00 18,00 19,00 20,00 20,00 21,00

РН 5,22 5,71 6,04 8,79 11,22 11,56

I вариант: V(KOH), мл 10,00 13,00 14,00 15,00 15,00 16,00

РН 5,05 5,56 5,88 8,82 11,29 11,58

РН-V және ΔрН/ΔV- V координаталарында потенциометриялық титрлеу қисықтарын сызып, сірке қышқылының концентрациясын анықтандар.

(жауабы: 1) 12,01г/л 2) 9,01 г/л



  1. Калий тұзынын стандартты ерітіндісіндегі калий концентрациясына тәуелді электродтың потенциалын хлоркүміс электродына қатысты өлшегенде мыңадай мәндер алынған:

С(К+ ), моль/л 1,0*10-1 1,0*10-2 1,0*10-3 1,0*10-4

Е,мв 100 46 7,00 60,0

Осы мәндерін пайдаланып Е-С(К+ ) координатасында градуирлік график құрылған.

Массасы 0,2000 г калий бар үлгіні суда ерітіп, көлемін V мл жеткізген соң Ех өлшенеді.

Вариант 1 2 3 4

V, мл 100,0 250,0 500,0 1000

Ех, мВ 60,0 34,0 10,0 30,0

Жауабы: 1) 34,80% 2) 27.47% 3) 19.55% 4) 6.94%



  1. Анализдейтін ерітіндіні өлшегіш колбасында 100,0 мл сұйылтып, 20,00 мл аликвотын 0,1н NaOH-пен титрлегенде алынған мәндер

вариант 1

V(NaOH) 1,50 1,80 1,90 1,95 2,00 2,05 2,10

pH 2,04 2,05 2,26 2,64 6,98 10,53 10,65

вариант 2

V(NaOH) 1,30 1,50 1,60 1,65 1,70 1,74 1,80

pH 1,78 3,03 3,34 3,64 6,98 10,36 10,65

жауабы: 1) 36.5мг 2) 31.0мг


  1. Е- V және ΔЕ/ΔV- V координаталарында потенциометриялық титрлеу қисықтарын сызып, MgBr – концентрациясын (г/л) анықтаңдар, егер оның 20,00 мл аликвотын 0,1Н (MgNO3)2 тирлегенде, мына мәндер алынса:

V (MgNO3)2 ,мл 10,00 15,00 18,00 19,00 20,00 20,50

Е,Мв 501 526 552 570 704 757

Жауабы: 9,21г/л


  1. 5мл натрий гидроксидін потенциометриялық титрлегенде эквиваленттік нүктеде 0,1Н HCl 10,5мл жұмсалған. Анализденетін ерітіндіде (г/л) қанша NaOH бар?

  2. 0,2Н сірке қышқылын (К= 1,85:10-5) рН-ын анықтандар.

  3. Егер 20,00мл күміс нитратын потенциометрлік тирлеуге 21,64мл 0,05н натрий хлориды жұмсалса, 1л ерітіндіде қанша грамм күміс бар.

  4. Комплекс түзуші ионының ерітіндіде болуы электрод потенциалына қалай әсер етеді?

  5. Егер 15 мл анқталатын заттар ерітіндісіне бірінші эквиваленттік нүктеде 6,8 мл, ал екінші эвиваленттік нүктеде 9,4 мл 0,1н күмыс нитраты жұмсалса, ерітіндіде неше грамм хлор, неше грамм иод бар?

  6. Техникалық натрий гидроксидінің 0,3251г үлгісін 100мл өлшегіш колбада ерітікен, оның 25,00 мл потенциометрлік тирлеуге 18,80 мл 0,1HCl жұмсалса, үлгідегі натрий гидроксидінің проценттік мөлшері қанша?

  7. 0,5950г үлгіні ерітіп, темірді екі валентті күйіне дейін тотықсыздандырып, көлемін 100мл жеткізген. Оның 10,00 мл потенциометриялық титрлеуге титрі 0,002857 калий бихроматының 12,65 мл жұмсалған. үлгідегі темірдің проценттік мөлшерін анықтандар.

  8. Вольтамперметрлік қисықтан Е1/2 қалай анықталады? Кадмий үшін Е1/2 мына орталарда 1м KCl және 1м NH3 бірдей ме? Егер CdSO4 концентрациясын азайтса, диффузиялық тоқ қалай өзгереді?

  9. Вольтамперометрияда неге тоқ күші шекті мәнге жетеді? Оның мәні қандай факторларға тәуелді?

  10. Висмут (111) ЭДТА ерітіндісімен титрлегенде, Е= - 0,2 В тек катодта висмут (111) тотықсызданады, амперометрлік титрлеу қисығын сызыңдар.

  11. Магнийді оксихинолинмен титрлегенде алынатын амперометрлік титрлеу қисығын сызыңдар, егер тек титрант катодта тотықсызданатын болса.

  12. Ќорғасынды (11) дихроматпен титрлегенде, Е= - 0,8 В катодта қорғасын да, тирант та тотықсызданады. Амперометрлік титрлеу қисығын сызыңдар.

  13. Градуирлік график сызу үшін мыстың төрт стандартыныњ полярограммасын жазған да, толқын биіктігін өлшеген:

C Cu* 103,г/мл 0,50 1,00 1,50 2,00

h,мм 9,0 17,5 16,2 35,0

Массасы m жез үлгісін ерітіп 50,00мл өлшегіш колбаларда сұйытқан. Егер үлгілірдегі мыс полярогрммада толқын биіктерді мына мәндерге тең болса, оның массалық үлесі қанша екенін есептеңдер.

Вариант 1 2 3

M, г 0,0690 0,1000 0,1200

h,мм 11,0 18,0 23,0

Жауабы:1) 44.93% 2) 52.00% 3) 55.00%


  1. Амперометриялық тирлеу ќондырѓысыныњ схемасын көрсетіңдер.

  2. Неге амперометрлік титрлеу индифферентті электролит-фон қатысында жүреді?

  3. Ерітінді кедергісін, электр өткізгішітігін есептейтін формулаларды жазыңдар.

  4. Меншікті электр өткізгішітің, электр өткізгішітің концентрацияға тәуелдігінің қисықтарын сызыңдар.

  5. Тұз қышқылын натрий гидроксидімен кондуктометрлік тирлегенде қандай қисық алынады?

  6. Барий хлоридің натрий сульфатымен; күміс нитратын барий хлоридімен; сірке қышқылы мен тұз қышқылын қоспасын натрий гидроксидімен тирлегенде алынатын кондуктометрлік қисықтарын сызыңдар.

  7. Кондуктометрлік тирлегенде қолданылатын схеманы көрсетіңдер.

  8. Кондуктометрлік анализ әдісің негізгі неде? Ерітіндідегі иондардың ќозѓалѓыштыѓы қандай факторларға байланысты?

  9. Кондуктометрлік титрлеу әдісі қандай тәуелділікке а)тоқ күші- титрант көлемі, б) эквиваленттік электр өткізгіштік - анықталатын зат концентрациясы; в)меншікті өткізгіштік - титрант көлемі; г) анықталатын ион жылғыштығы оның концентрациясы негізделген?

  10. а)қышқыл-негізді әрекеттесу; б) тұнбаға түсу; в) комплекс түзу реакцияларын қолданѓандағы кондуктометрлік титрлеу қисықтыры қандай?

  11. Ќай ерітіндіні а) HCl+H2SO4; б)HCl+CH3COOH; в) H2SO4+CuSO4; г)H2SO4+Na2SO4 натрий гидроксидімен кондуктометрлік титрлеп, екі компонентті де анықтауға болады?

  12. 50,00мл NaOH пен NH3 қоспасын 0.01 М HCl титрлегенде, мынадай мәндер алынған

V (HCl), мл 0 1,00 2,00 3,00 4,00 5,00 7,00 10,00

*, N 1 ерітінді 6,30 5,41 4,52 3,62 3.71 4.79 6.93 15.13

*, N 2 ерітінді 5.68 4.46 3.20 - 3.00 3.84 5.50 14.55

*, N 3 ерітінді 6.60 5.98 5.30 4.68 4.05 - 5.70 16.20

Титрлеу қисықтырын сызып, NaOH пен NH3 концентрацияларын анықтандар. Жауабы: 1)0.02800 NaOH; 0.01363 г/л 2) 0,02400г/л NaOH; 0,01669 г/л; 3) 0,0400г/л NaOH; 0,008852г/л


  1. Бугер-Ламберт-Бер зањын қандай теңдеу арқылы көрсетуге болады? Осы заңға сәйкес график қалай сызылады?

  2. Фотоколориметрде жарыќ фильтрлері не үшін қолданылады? Оларды қалай таңдайды?

  3. Дифференциалды фотометрияның артықшылығы неде?

  4. Ќандай жағдайда фотоэффект байқалады? Фотоэффектердің жалпы сезімталдығы қалай анықталады?

  5. Спектрдің қай бөлігі көрінетін аймаќќа жатады.

  6. Фотоколориметр әдісінде сезімталдығының жоғарылығын қай шамаға сүйеніп анықтайды?

  7. Спектрофотометрия мен фотоколориметрияның айырмашылығы?

  8. Егер [Со(SCN)4]2- (e620=103 ) не [Co(H2O)6]2+530=10) болса, Со (II) аз мөлшерін ( моль/л анықтау үшін қай қосылысты таңдау керек?

47. мыс (11) дитизонатында CCl4 ортада 550нм молярлық сіњіру коэффицентті Е=4,52*104. егер 1,00г мыс балқымасын ерітіп, 25,00мл дитизонатты 1=5,0см кювета өлшегенде D=0,02 оптикалық тығыздық болса, мыстың массалық үлесін есепте.

Жауабы:1,4*10-5%




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет