ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Геоморфология» 5В011600 – «География» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет3/8
Дата13.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#133860
1   2   3   4   5   6   7   8

Рельеф және климат. Климат - рельеф құратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен рельефтің өзара байланыеы әр түрлі. Мысалы, үгілу процестерінін, каркындылығы климатқатікелей байланысты, ол белгілі мөлшерде мүжілу құбылысының сипатын анықтайды, өйткені климатпен экзогендік күштердің каркындылык дәрежесі байлаиыстьғ Әр түрлі климат жағдайларында өздеріне тән рельефтін, ерекше пішіндері пайда болады. Климат рельеф құратын процестерге каншама тікелей эсер етсе, соншама табиғат ортасының баска компоненттері, мысалы гидросфера, топырақ-өсімдік жамылғысы арқылы, жанама да әсерін тигізеді. Мысалы, Оңтүстік Батые Африка жағалауындағы Намиб шөлінің және Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлінің пайда болуы жағалау бойымен өткен суық теңіз ағыстарына байланысты. Бүл жерде климат осындай рельефтің пайда болуына гидросфера аркылы әсерін тигізеді.

Климаттың функциясы болып табылатын өсімдік жамылғысының өзі рельеф күратын процестерге ыкпал етеді, мысалы, жер бетінде өсімдік жамылғысы түтас болып кеткен жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, мүлде токтап калуы мүмкін. Ал есімдіктер сирек болған жағдайда, немесе түгел жалаңаштанып

калган аймактарда физикалык және механикалык үгілуге және эрозиялык процестердің дамуьгна экеп соғады. Пайда болған борпылдак. түйіршіктер мен шаң-тозаң шөлді жерлерде желдін. эрекетіне ілесіп эр түрлі эолдык пішіндерді калыптастырады.

Климат пен рельеф арасындағы тура жэне жанама түрдегі байланыс экзогендік рельефтің белгілі дәрежеде климаттык белдемділіккс тәуелділігінің салдары. Мак осымеи экзогендік рельеф климаттық белдемдіккс бағынады. ()л мүнымсн байланыссыз калыгғгаскан эндогендік рельеф нішіндерінсн ерекшеленеді. Сондыктан эндогендік рельефті әдетте "белдемсіз", яки "азональды" рельеф түрлеріне жаткызады.

XX ғасырдыы. бас кезінде неміс ғалымы А.Пенк климатты рельеф оның құратыи роліне байланысты жіктеуге эрекет жасалъғ Ол климатты негізгі үіп түрге бөлді: нивальдык (лат. nivalis -карлы), гумидтық (лат. liumidis - ылгалды) жэне аридтык (лат. aridus - күрғак). Кейіннен 6үл жіктеле толықтырылды.

Төменде климаттыи. рельеф құрылуындағы роліне сәйкес олардын. жіктемесін келтіреміз.



Нивальдык климат. Жылдың барлык мезгілдерінде жауын-шагпыны көп мөлшерде және катгы (кар, бүршақ) түрде түсіп, жылдың жылы мезгілінде кары еріп, суы буланып үлгермейтін климат. Жауатын кар, еритін кар мен онын. буланатын мөлшерінен басым болады. Мұндай аймактардың кары жинала келе мәңгі карға айналады да, мүздыктарға бастама береді. Нивальдык, климат жағдайларында негізгі рельеф күратын фактор - жылжымалы мүздыктар. Қар мен мүз жамылғысы болмаған, ашык жерлерде физикалык үгілу процесі (негізінен аязды процесс) қарқынды түрде дамиды. Ал, аязды процесс немесе нивация (кардыц тау жыныстарын жеміру процесі) - температураның ауыткып, кардын, катуы мен еруінің алма-кезек ауысуы нәтижесінде, онымеп беггесксн тау жынысгарынып. аяздық үгілуге үшырап бүзылуы. Рельеф күрылуына мәңгі тоң процесі де елеулі эсер етеді. Нивальдык климат биік ендік (Антрактида, Гренландия, Солтүстік мүхит аралдары) және кар шекарасынан жоғары көтерілген заңғар гаулардың биік бөліктеріне тән.

Полярлык немесе көп жылдык тоң топырактың таралу аймқтарының климаты. Қысы катал әрі үзақ поляр аймағының кли­маты. Күн радиациясы аз, жазы кыск.а эрі суык. Жаздын, ең жылы айдағы орташа температура 0°-тан темен болады.

Қыста ауа.райы ашық, жазда - түманды, әрі бүлггы. Жауын-шашыны аз - жылына 200-300 мм-ден аспайды. Осындай климат бүрын калыптасқан мәңгі тон. топырақтың ерімей сақталуына және солифлюкциялык процестердің дамуына колайлы жағдай туғызады. Бұл суға әбден каныккан топырактын. және жүқа дисперсиялық жыныстардын. аяздан қатқан беттің үстімен төмен карай баяу сырғъіп ағуы. Полярлық климат Евразия және Солтүстік Американың тундра белдеуіне және Шығыс Сібірдің көп бөлігіне тән.



Гумидтік климат - аса ылғалды климат. Мүнда жыл бойы түсетін жауын-іііаіпын топыраққа сіңетін және буланып кететін судың мөлшерінен едәуір басым болады. Атмосфералық судын. артығы беткейлер бойымен сорғалап ағып, алаңдық шаюды коздырады, немесе тұракты және уақытша ақкдн судың нәтижесінде рельефтің әр түрлі эрозиялык. пішіндерін (аңғарларды, жыраларды) калыптастырады. Сондыктан эрозиялык пішіндер торы гумидты климат жағдайында жиі калыптасады. Ылғалды және жылудың көп мөлшерде болу себебінен гумидты климатты аймактарда химиялык үгілу процесі мейлінше каркынды жүреді. Бүған коса карст процестері де дамиды.

Жер шарында гумидтік климат үш белдемге бөлінеді: оның екеуі коңыржай белдеулердің Солтүстік жәие Оңтүстік жартышар бөлігінде дамыса, үшіншісі экваторлык белдеуге бейімделген. Климаттын. 6үл түріне, яғни оның рельеф қуратын ролінің сипатына сәйкес субтропиктердің және кон,ыржай белдеулердің муссондык. аймакгары (Евразия және Солтүстік Американың шығыс және оңтүстік-шығыс аймактары) жатады.



Аридтык климат - куаңшылык немесе аңызак климат. Ауа температурасы жоғары, атмосфералык жауътн-шашыны аз, шөл мен шәлейттерге тән күрғақ климат. Жылдык жауын-шашын мөлшері 150-200 мм-лен аспайды. Бүл жағдайда булану карқындылығы жауын-шашын мөлшерінен әлдеқайда артык, өсімдік жамылғысы өте сирек, немесе мүлде болмайды, физикалык Үгілу, әсіресе температуралык Үгілу басым.

Аридтык климатта эрозиялық әрекеттер әлсірейді, негізгі рельеф күратын агент - жел әрекеті. Үгілген заттардыц күрғакгығынан тек кана ашык беттерден ғана емес, сондай-ақ тау жыныстарының жарыкшақтарынан үсак түйіршіктердің

желмен тез үшыгі кетуіне мүмкіндіктуғызады. Қорьгга келгенде, катты берік жыныстар кашалынады, сонын. квтижесінде аридтык климатта геологиялык. қүрылым анык байкалады.

Аридтык климат аймактарының басым бөлігі оңтүстік және солтүстік ендіктердің 20° және 30° аралығындағы материктерде дамыған. Аридтык климат осы айтылған ендіктерден тыс баска жерлерде де байкалады, мүндай жағдайда олардың күрылуы материкгердін. көлеміне және орографиялык ерекшеліктерінс байланысты. Мысалы, Солтүстік жарты шардағы Шығыс Азиянын, аридтык белдемі солтүстік ендіктін. 50°-на дейін тарап жатыр.

Осында айта кететін бір мәселе, климаттын. бір морфологиялык түрінен екіншісіне баяу ауысып отыруы. Сол себептен солармен байланысты экзогендік рельеф күратын процестерде климаттын. ауысуына сәйкес біртіндеп өзгеріп түрады.

Бір катар аймактарда экзогендік процестерден калыптасқан рельеф пішіндерінің казіргі климатты к. жағдайларға сәйкес еместігін байқауға болады. Мысалы, Еуропаның Солтүстік жартысында казіргі кезде ешқандай мұздыктар жоқ болғанымен және 6үл аймак. коңыржай белдеудегі іумидтік климагга орналасканы-меи, мүздык әрекетінен пайда болған рельеф түрлері таралған. Бүл ертеректе, мүз басу кезеңінде Солтүстік Еуропанын. Көп бөлігін жамылғы мүз жамылғысы басқанын және соның ңәтижесінде нивальдық климат белдеуінде орналаскандығымен түсіидіріледі. Бүл жерде осы уакыткд дейін казіргі климаттын жағдайларына тән емес мүздықтар әрекетінен күрылған және сақталған рельеф пішіндері бар. Мүндай түрлерін реликті (лат. relictus - калдык) деп атайды. Осындай пішіндерді зерттеудің зор ғылыми мәні бар. Рельефтін. калдык пішіндері, шөккен тау жыныстарымен бірге, жеке аймактардың палеоклиматы туралы көп мәліметалуға мүмкіндіктуғызады. Бірақ рельеф климаттын, әсіресе топырак жамылғысынын, өзгеруімен салыстырғанда өзінің түрін баяу езгертеді.

Демек, экзогендік рельефтің бейнесі біркатар аймактарда тек казіргі климаттық ерекшеліктерге ғана емес, сонымен катар өткен геологиялык кезеңдерге де байланысты дегсп қорытынды шығаруға болады

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:


  1. Рельеф және тау жыныстар.

  2. Рельеф және геологиялық құрылымдар.

  3. Рельеф және климат.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
4 дәріс Эндогендік процестер мен рельеф. Жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың рельеф құрудағы ролі.

Мақсаты: Эндогендік процестер және жер қыртысындағы тектоникалық қозғалыстардың рельеф құрудағы ролімен танысу.

Жоспар:

  1. Қатпарлы (иілмелі) деформациялар және олардың жер бетіндегі көрінісі.

  2. Айырылып-ажырау дислокациялары және олардың жер бетіндегі көрінісі.

4 дәрістің қысқаша конспектісі

Қатпарлы (иілмелі) деформациялар және олардың жер бетіндегі көрінісі. Тау жыныстарының бастапқы жазық бағыттағы астасу жағдайының бүзылуы дислокация (лат. dislokatio - ауьгсуы) деп аталады. Тектоникалык дислокациялар көбіне екі түрге бөлінеді - қатпарлы, яғни пликативті (лат. plicatio - бүктеу) және айырылып-ажырау, яғни (лат. disjunctio - ажырату) дислокациялар. Қатпарлы дислокация ray жынысы кабаттарының иілуі барысында өз түтастығын сақтау нәтижесінде калыптасқан.

Қатпарлы деформациялардын. жай түрлері антиклиналь және синклиналь екені белгілі. Бұлар қабаттардың толқьгн тәрізді иілуі. Антиклиналь деп иіні жоғары караған қанаттары карсы жакка көлбеген оң мағыналы, (дөцес) иілімді атайды. Синклиналь -иіні төменге караған, канаттары бір-біріне карай ецкіш келген, теріс мағыналы (ойыс), иілім.

Қатпарлар өздерінің астасу пішініне байланысты сызықты және үзілмелі болып екі түрге бөлінеді. Созылмалы қатпарлардың үзындығы көлденеңнен әлдекайда артык, сондықтан олар көпке дейін бір-біріне параллель бағытта үзаққа созылып, геосинклиналь аймактарда түтасып жатады. Үзілмелі, кыска пішінді катпарлар немесе брахиантиклинальдар мен брахисинклинальдар және күмбез тәріздес геологиялык күрылымдар платформа аймактарына тән. Әдеттс антиклинальдар мсн сшіклннальдар көп жағдайда жер бстінде корініс берсді, бірак көбінесе катпарлы күрылымдар мен рельефтің өзара байланысы өте күрделі (14-сурет).



14-сурст. Оңтүстік Британиялык Колумбия таулар жүислсрішң пыжәнскимя коріпісі. (Edward J.Tasbuck, Frederick R.Lutgcns, 1990).

Катпарлы аймақтардың рельефі тек кана қатпарлардың түрлеріне және олардын. кескініндегі және пландагы сыртқы бейнесіне ғана емес, сонымен катар жыпыстардыц қүрамы меп сырткы күштер әрекетінің каркындылығыиа және тектоникалык жағдайларға тәуелді. Кішігірім және карапайым катпарлы күрылымдар жер бетінде биік емес аласа жоталар түрінде байкалады. Әр түрлі иілімдерден қүралған, көтеріде даму нәтижесінде түзілген, ішкі күрылысы өте күрделі, ауқымы біршама ірі (жүздеген километрге созылатын) жалпы пішіні антиклинальды болып келетін күрылымды антиклинорий дейді. Жер бетінде антиклинорий кең аукымды жоталарды құрады (15-сурет).





15-сурст. Литиклинорий жәнс синклинорий күрылымдарыпан к уралғап тау жоталарынын нобайы (В. О. Милъничук , М. С.Арабаджа,

1979).

Бұлардың мысалдары - Кавказдағы Басты және Шеткі жоталар, Маңғыстаудағы Қаратау және Ақтау, Орталык Қазақстандағы Үлытау және Шыңғыстау, Шығыс Қазакстандағы Тарбағатай таулары. Бірнеше антиклинорий мел синклинорийдан қурылатын бұлардан да ірі тектоникалық кетерулерді мегантиклинорий лсп атайды. Олар рельефтің бірнеше жоталардан және жоталарды бөлетін ойыстардан түратын зор аукымды тау алқаптарын күрайды (мегантиклинкрийғатиісті атты Үлкенжәне Кіші Кавказдыңтау алкаптары жатады). Катпар қүру процестері жер кыртысының қозғалмалы белдемдерінде - геосинклинальды аймақтарда кеңінен дамыған. Мүндағы катпар күрылу қүбылыстары айырыльш-ажырау процестерімен, интрузивті және эффузивті магматизммен косарласа жүреді Күмбез (купол) тәріздес нсмесе диапирлік клрылымдардин өзегінде (ядросында) әдетте тұз, саздар сскілді созылмалы жыныстар ормаласады. Вастапк.ы кезде олардың меншікті салмағы, көмкерме жыныстармен салыстырғанда аз болады. Соның нәтижесінде олар жоғары көтеріліп, көмкерме кабаттың гүтасгьпып жарып втсді, сейтіп жсрдіңбстінде аныкбаіікдлагын күмбездерді немесе төбешіктерді кұрады (16-сурет). Осындаи





16-сурет. Түз күмбездсрінің калыптасуы (Edward J.Tabruck, Frederick. K.Lutdens, 1990).

диапирлы күрылымдардмң си. айкын мысалы Каспий мацы ойпатының көптеген түз күмбездері және Шу-Сарысу алабыіи Көктөбе, Бөріойнак, Рахметнүра, Үшарал, Кемпіртөбе.Тантай Кентарал және т.о. күмбездер. Түзды күмбездер және б рах и антиклиналь қүрылымдары әдетте мүмай және газ шоғырларының түтқыштары болъш саналады.



Айырылып-ажырау дислокациялары және олардың жер бетінде көрініс беруі. Айырылып-ажырау (дизъюнктивті) дислокациясы омырылмалы деформацияға жататын тау жыныстарының ез түтастығынан айрылуы. Бөлінген геологиялықденелер (блоктар) жарылым бойымен орын ауыстырып жылжуы. Блоктардың бір-бірімен үйкслене отырып жылжыған жазыктыкты әдетте жыртылу жазықтығы немесе жыртылу жігі дейді, 6үл жазықтық енкіш болса оның үстіңгі жағында орналаскан тау жыныстарының жеке блоктарын аспалы каптал (висячее крыло), ал астыңғы жағыңдағы блоктарын - жатаған каптал, (лежачее крыло) дел атайды. Жыртылу жігі бойымен алшақтап кету қашықтығы ажырау амплитудасы деп аталады.

Жыртылу жігі бойымен қозғалу бағытына байланысты айырылып-ажырау қүрылымдары бірнеше түрге бөлінеді (лыксу, лықсыма - сброс, шапшыма - взброс, каусырма - надвиг, жылжыма - сдвиг, тектоникалық бүркеме - шарьяж т.с.с). Егер жыртылу жігінің бойымен аспалы канат темен қарай ығысып ауысса, ондай жарылуды лыксу немесе лыксымды деп атайды; (19 (а) - сурет) ал кейде керісінше, аспалы канат жатаған канатпен салыстырі анда жоғары карай ығыса көтерілсе ондай дислокацияны шапшыма дейді (19 (б)-сурет). Осындай, бірак жыртылу жазыктығынын. енкіштігі 45°-тан кем болған жағдайда каусырма қүрылым қалыптасады (19 (в)-сурет).

Тау жыныстарынын. жеке блоктары тек тік бағьггга ғана емес, сонымен катар жыртылу жігінің бойымен жазык бағытта да орын ауыстырады. Мүндай козғалыстарды жылжыма деп атайды (19 (г)-сурет).






19-сурет. Айырылып-ажырау дислокациялары (В.С.Мильничук , М.С.Арабаджи, 1979).

а - лыксу; б - шапшыма; в - каусырма; г - жылжыма.

Дизъюнктивті күрылымдар катарыида терең кабаттык тектоникалық жармлымдардыңалатын орны ерекше. Үзак уакыт бойы дамып жетілген жүздегем, гнггі мыңдаған километргс созылаты н осы те кто никал ы жарылым дар сол аймақты геологиялық түрғысын ерекшелейді. Олардың терендігі кем жерлерде жер кыргысын түгел жара отырып жоғары мантияға дейін жететінге үксайды. Ендеше мүндай те кто н икал ық жарылымдар жер беті мен оның қойнауларын жалғайтын "кұбырлар". Бүл "күбырлар" магмалардың жоғары жылжуына, әр түрлі қазба байлық түрлерімен байыған ерітінділердің жер бетіне жакындай тұсуіпе мүмкіллік жасайды.

Тектонмкалык. жарылымдарды жер бетінде ашылып жататын жарыктар деп ойлап калмау керек. Бүл жарылымдарды үзынынан-үзакка созылып жаткан енді және енсіз болын келетін тау жыныстарынын, мейлінше майдаланған белдемдері дел түсінген ләзім.




Қатпарлы деформациялар сиякты айырылып-ажырау дислокациялары жер бетінде тікелей және жанама түрде көрініс бсреді. Мысалы, лықсу деформациялары дамыған белдемде біршама тік қүлайтын кертпештер байкалады. Олар айырылып көтерілген блоктың қыр бөлігінде жыртылу жігінің созылу (сағалану) бойымен параллель қалыптасады. Кейін тілімделу процесіне ұшырап тік кертпештер алғашкы морфологиялык көрсеткіштерін жоғалтып денудацияланған - тектоникалық кертпештерге ауысады (20-сурет).

20-сурет. Денудациялайған тектоникалык кертпештердің даму кезендсрі. А - алғашкы кезсңі; Б - тілімделген кертпештер етеһнде ысырынды конустардың калыптасу ксзеці; с - кертпештің әбден денудациялаиған кезеңі (геологиялык сөздік, Пекин, 1983).




Кертпештердің биіктігі белгілі дәрежеде блоктардың тік бағыттағы жылжу мөлшерін сипаттайды. Егер блоктар бір бағытта жылжып ауысқан болса, онда лықсу жүйесінде сатылы рельеф пішіндері пайда болуы мүмкін, ал блоктар бір-біріне қарама-қарсы ауысқан жағдайда жақпарлы - тектоникалық (глыбово-тектонические) немесе лыксу - тектоникалык (сбросово -тектонические) таулы өлкелер күралады (21-сурет).

Ауыскан блоктардың қүрылымына карай - төрткіл-жақпарлы (столово-глыбовые) және қатпарлы-жакпарлы (складчато-глыбовые) таулар деп айырады. Төрткіл-жақпарлы таулар жаншылмаған, жазык бағытта созылған кабаттардан күралған жеке жондардан түрады. Бүларға, мысалы, Европадағы Юра таулары, Африкада кеңтараған төрткіл-жақпарлы таулар жатады. Ал, катпарлы-жакпарлы таулар әдетте ежелгі катпарлы қүрылымдардың орнында пайда болады (22-сурет). Олардың катарында Алтай, Тянъ-Шань, Саян және т.б. таулар бар.





22-сурет. Катпарлы-жакпарлы таулы рельеф (геологиялык сөздік, Пекин, 1983).

немесе "литосфералык тақталар тектоникасы" дегі аталатын жаңа концепциялар жиынтығында толық сипаттама берілген.

Кейбір зерттеушілер жер қыртысының жазык бағыттағы козғалысын мойындай түрса да, они асыра бағалауға болмайды леи гұжырымдайды. Демек, тіпті шапшыма және қаусырма тектоникалык процестерде де жазык бағыттағы козғалыс элемеыттері бар дсйді. Жоғарыда айтылып кеткендей, егер тектоникалык жарылым бойымен жылжу тек кана жазык бағытта болса, ондай козғалыстарды жылжьма (сдвиг) дел атайды. Біркатар зерттеушілер жер кыртысынын кабаттары жайпақтау келген жыртылу жазыктығы бетімен жазык бағытта ондаған тіпті жүздеген кмлометрге жылжитын өте ірі жазык, бағыттағы пликативті дислокация болуы мүмкііі дсп ссептейді. Бүл жағдайда жас тау жыныстары жазык бағытта жылжыған ежелгі дәуірдегі катпарлы сериялы жыныстардын. астында көміліп калуы мүмкін. Осындай өте ірі каусырма катпарларды тектоникалык бүркеме немесе шарьяж дейді.

Шарьяждык, дислокацияларда орпынан жылжымай қалғап астыңғы жатаған жыныстарды "автохтон" (грекше avto- өзім, chton - жер) дейді де, оны көмкерген аспалы жамылғы канатын "аллохтон" (грекше alios - бөтен, chton - жер) дейді. Альпі тауларынын. Құрылымын зерттеуші ғалымдар олардын. Құрылымында шарьяждыи. маңызы орасан зор деп түжырымдайды. Жер қыртысыныц жазық бағыттағы козғалыстары горсттар (оркаштаулар) және грабендер (опырык таулар) түзілген кезеңінде де пайда болады. Мысалы, ірі грабен - рифт болып саналатын Қызыл тен.із ойпаты казіргі кезде кеңейе түсуде, омыгі. екі жағы рифттің орталық сызығынан қарама-карсы бағытта жылына бірнеше миллиметрге жылжиды. Жер кыртысыпыи.жазыкбағьгпаіы ірі козғалыстары мүхиттүбінде, орта мүхиттык жоталардағы трансформалык жарылымдар деп аталатын терец тектоникалык жарылымдардык киылыскан жерінде байкалады. Осы трансформалык жарылымдар бойындағы жазық бағыттағы жылжу бірнеше жүздеген километрге дейін жегеді.

Канаданын. ғалымы Дж.Т.Уилсон бүкіл Орта-мүхиттық жоталар жүйесін келденең тіліп өтетін трансформалык жарылымдар туралы барлык мәліметтерді мүқият талдап, 1965 жылы 6үл жарылымдардың континенттер өңіріндегі жылжымалардан (сдвиги) айтарлыктай айырмашылығы бар екенін дәлелдеген. Континенттер әңіріндегі тектоникалык жылжымалар жер бетінде жиі кездеседі. Мысалы, Оңтүстік Қазакстанда Қаратаулы диагональ бағытта түгел кесіп өткен тектоникалык жарылымды Қаратаудын. Басты жарылымы (Главный Каратауский разлом) деп атайды. Мүнда екі блогы бір-бірінен 500-700 км жазык бағьпта алшақ ысырылған.

Дизьюнктивтік дислокациялардың геологиялық және геоморфологиялық белгілері. Дизьюнктивтік дислокапиялардын. жер бетіндегі көріністері әр түрлі. Оларды геологиялык. Және гоморфологиялык белгілеріне карай жіктеуге болады. Дизьюнктивтік дислокациялардьщ геологиялык белгілері:


  1. үзыннан-үзакка созылған тау жыныстарынын мейлінше майдаланған және икемделген белдемдері;

  2. сырғанау айнасы (зеркало скольжения); жер кыртысы жарылып айырылған кезде блоктардыц бір-біріне үйкелеуінің нәтижесінде жарык беттері айнадай жаркырал гүрады да, оларды сырғанау айнасы деп атайды. Айна бетінде блоктардың жылжу бағытына карай түзелген айғыздар калады, соларды алаканмен сипап, жарык канаттарыиың кай жакка карай жылжыіанып аныктауға болады. Сырғанау айнасы блоктардың шамалы ғана ауыскан кезінде пайда болады;

  3. тектоникалык женттастар (тектоническая брекчия). Б л о к т а р о н д а ғ а н, немесе жүздеген метрге жылжьн ан кезде, сырғанау айнасынап баска жылжу беттерінің бойындағы кедір, бүдырлары жойылып, жыныстар жаншыла уатылып, те кто ни калы к женттаска айналады (24-сурет).

Женттастардың қалыңдығы біркелкі емес, кейде бірнеше метрден оншақты метрге дейін жетеді. Тектоникалык женттастарға әдетте гидротермалдык ерітінділер шоғырланып рудалы минералдар түзеді. Кейде мүндай майдаланған және жаншылған белдемдер жерасты суымен мейлінше толады. Түйіртпектердін, мөлшеріне карай әр түрлі жснттастарды ажыратады. Уатыла үнтақтау біршама жоғары болған жағдайда үндай майда женттастар - милонит (грекше "милон" - диірмен) иайда болады. Егер женітастар сазды үгінділердің коспасынан к.үралса, оны тектоникалык меланж (французша "мелонис" -косна) дейді;

4) фациялардың кеңістікте кенет өзгеруі. Бүл тау жыныстарынын. литологиялық қүрамы, астасу жағдайы және кдлындығыныц кеңістікте бірден өзгеруі. Мүндай қүбылысты кейбір орыс қүжаітарында "сближение фации" деп атайды;



  1. иілім құрылымдарыныи. сырткы морфологиясының бүзылуы (нарушение морфологии складчатой структуры);

  2. желі денелерінің және өзгерген, ақшыл тау жыныстарының жыртылу жігі бойымен үзыинан-үзақка созылып жатуы;

7) кен шоғырларының және минералданған тау
жыныстарынын, тектоникалык. жік бойынан орын тебуі.

Дизьюнктивтік дислокациялардың гсоморфологиялык белгілері:

I) жер бетіндегі ашылып калған жарыктар (26-сурет).



2) денудацияланған тектоникалық кертпештер. Бұлар айырылып
көтерілген блоктың кыр бөлігінде тұзелген тік кертпештер
жарықтың жылжытушы бетінің созылу бойымен параллельді
қалыптасады.

3) сатылы рельефтің түзілуі. Егер блоктар тектоникалык


жарылымдар бойымен бір бағытта жылжыған болса, онда лықсу
жүйесінде сатылы рельеф пішіндері пайда болуы мүмкін.

  1. жарылу белдемдері жер кыртысының көп майдаланған және икемделген белдемі ретінде әр түрлі рельеф пішіндерінің орын тепкен жері болып табылады. Кейде тектоникалык жарылым бойымен қүралған рельеф пішіндері солардың бағытына қарай, планда немесе әуебейне суреттерінде тік бүрышты (ортогональдық) сипат алады: аңғарлардын түзу бағъпта созылған үлескілері тік және сүйір бүрыиіты иілістермен алмасып отьграды;

  2. түмалар, қайнар бүлақтар және термальдык бүлақтардын. тізбегі майдаланған тектоникалык жік бойымен жер бетіне шығады. Кейде бүкіл жарықтык белдемдер жер беті және жерасты суларымен канығът, олардың бойында көк шөптер өседі;

  3. тектоникалык. жарылым жүйелері көл мен теңіз және кдрлықтар жағалауының тура сызықты бейнесін белгілейді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

  1. Қатпарлы (иілмелі) деформациялар және олардың жер бетіндегі көрінісі.

  2. Айырылып-ажырау дислокациялары және олардың жер бетіндегі көрінісі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 4,5,6
5 дәріс Магматизм және рельеф пішіндерінің құрылуы.

Мақсаты: Магматизм және рельеф пішіндерінің құрылуымен танысу.

Жоспар:

  1. Интрузиялық магматизм және рельеф.

  2. Эффузиялық магматизм және рельеф.

5 дәрістің қысқаша конспектісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет