Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
4 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-18-31.1.67/03-2014
|
«Конфликтология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдар
|
11.09.2014 жылғы
№2 басылым
№1 басылым
05.09.2013 ж. орнына
|
ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Конфликтология пәні 6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының 1 курс магистранттарына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей 2014
Мазмұны
-
Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Курстық жұмыстар
5 Магистранттың өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ
Анимизм-(латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар екеніне мәлім, дін элементі.
Антропология-адамның шығу тегі мен эволюциясы туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
Ассоцианизм-екі немесе одан да көп психикалық құрылымдарда туындаған психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша деп бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.
Ассоциация –бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына әкелетін психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.
Биогенетикалық заң – баланың құрсақта даму кезеңдерінің және биологиялық даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын сипаттайтын заң. Негізін Ф.Мюллер мен Э.Геккел ашқан.
Буддизм-жанды жоққа шығарды.
Буддистер-белгілі бір қабылдау-ол интелектінің ықпалымен бұзылғандықтан бұл қабылдау емес.
Волюторизм (латынша-ерік) терминді 1883 жылы Ф.Тенис енгізген философиядағы еріктік тұрмыстың жоғары принциптерінде қарастыратын философиялық бағыт.
Гилозоизм (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды деп қарастыратын философиялық ілім. Термин ХVIІ ғасыр енді. Гилозоизм ерте ғасыр философиясына тән.
Гомеостаз (грек тілінде-қозғалыссыз, күй)-организмнің негізгі физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің динамикалық тұрақтылығы.
Генезис- қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу- даму үрдісінде психикалық процесті немесе
Гуманизм- Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.
Гетерохронды- психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Детерменизм- психикалық құбылыстардың себер-салдарлық байланысын түсіндіру.
Даосизм-қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.
Джайнизм-тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.
Жетекші әрекет- онтогенездің берілген кезеңінде маңызды психикалық жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Жақын арадағы даму аймағы-ақыл ой дамуы мен актуальді даму аймағының арасындағы айырмашылық.
Жүйелілік принципі- психикалық құбылыстарды талдаудағы методологиялық негіз.
Интроспекция (өзін-өзі бақылау)- адамның өзінің ішкі жан дүниесінің психикасын бақылау.
Интроспективті психология (ішке қараймын, қадағалаймын) –субьектінің өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.
Идентификация -өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.
Интериоризация – сыртқы тәжірибені меңгеру арқылы психиканың ішкі әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.
Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі кездері. /сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады/
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Методология ( грек сөзі)- теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.
Монизм- (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.
Мәдени-тарихи теория-20-30 жылдары Ресей пситхологы Л.С.Выготский мен оның оқушылары; А.Н.Леонтьев және А.Р.Лурия құрастырған концепция.
Меңгеру-индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.
Мнемикалық функциялар-есте сақтау функциялары.
Нейролингвистикалық бағдарламалау- психологияның жаңа прогрессивті бағыты.
Онтогенез- балалық шақ кезеңінде индивид психикасының негізгі құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Пән- адам іс-әрекетінің танымдық үрдісін бейнелейтін категория.Практика- адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Психотерапия-адам санасында психосоматикалық, жүйкелік, психикалық т.б. ауруларға байланысты емдеудің комплексті әсер ету арқылы емдеу.
Психиканың дамуы- психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға бағынып өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық жаңа құрылымдарда бейнеленетін өзгерістер.
Рекапитуляция теориясы- балалардың психикалық дамуы мен биогенетикалық заңның әсерін қарастырған С.Холл теориясы. Бұл теория бойынша онтогенез дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.
Сана психологиясы- психологиялық білім жүйесі, психика сананың негізгі критерийі.
Стратегия- басқаруды жоспарлау қабілеті.
Сана- психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест- анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және объективті өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.
Теория- ғылыми принциптер жүйесі.
Тәртіп психологиясы(бихевиоризм)- 20ғ. америкада пайда болған ағым.
Теория-ғылыми принциптер жүйесі.
Логос-ертедегі-грек философиясының негізгі түсінік терінің бірі. Бір мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.
Іс-әрекет теориясы- психикалық бейнелеуде индивидтің құрылысын анықтайтын теория.
Фактілер- шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы дәлелденген білім.
Феномен- құбылыс дегенді білдіреді.
Фрустрация- мақсатқа жету үрдісінде қиыншылықтардан туындаған адамның психикалық жағдайы.
Этология- жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары мен жалпы биологиялық негіздері жайлы ғылым.
2 Дәрістер
МОДУЛЬ 1. Конфликтология ғылымы туралы түсінік
1-дәріс. Қарым-қатынас психологиясының мақсат-міндеттері, зерттеу пәні және қалыптасуы мен дамуы.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан. Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психология ғылымында психологиялық ұжымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
Адами өркениет тарихы шиеленістердің көптүрлерімен бірге даму процесінде қалыптасқан. Ежелгі заманнан-ақ адам қоғамы пайда болған шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдерді іздестіріп, шиеленіссіз қоғамда өмір сіруді армандайды. Ежелгі құлпы тастарда, Қорқыт ата еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген пікірлерін білдіріледі. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында қарым-қатынас болмаса ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой білдіреді. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де адамдардың арасындаға жақсы қасиеттерге көңіл бөлген. Шиеленістану ғылымы – бұл басқа ғылымдарға қарағанда жаңа ғылыми пән. Бұл ғылым шиеленістің табиғаты мен оның шешу әдістерін қарастыра отырып, бірнеше ғылымның зерттеу объектісі болып табылады. Олар: социология, психология, әлеуметтік психология, саяси экономика, политология, криминалистика, педагогика және бірнеше математикалық ғылымдар. Оның бағасын анықтау өте қиын. Шиеленіс – бұл қоғамдық ортаны анықтаудың басты элементі, қоғамның әлеуметтік динамикасы мен дамуын қарастырушы. Шиеленіс проблемасы адамзат ойының басты элементі болып табылады. Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді.
2-дәріс. Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері.
Конфликттердің мәселесі - әлеуметтік психологиялық мәселе. Адам мен қоғам конфликтінің байланысы ежелгі әлеуметтік философиядан бастау алады. Сонымен, Конфуций - ежелгі Қытайдың әйгілі данасы - б.з.д. VI ғасырда былай деген: «Трудно бедняку злобы не пишь и легко богашому не быгпь заносчивым»
Конфуциймен бірге конфликт табиғатын ежелгі философ-диалектик Гераклитп ойластырған. Гераклит бойынша, элемнің ішіндегінің бәрі өшпенділіктен туындайды. Оның ойынша, конфликттер - бұл қоғам өмірінің маңызды шарты деп түсінеді
Гераклиттің конфликт жэне күресу бойынша ойларын, негіз ретінде басқа да ежелгі философ-материалистері қарастырған.
Мұнымен қоса, конфликтке Платон мен Аристотель б.э.д. У-ІУ ғасырда көңіл бөлген. Олардьщ ойынша, адам табиғаты бойынша, қоғамдық ағза; бөлек адам тек барлық қоғамның - бір бөлігі ғана; адамда негізделген қоғамдық бастау оған басқа адамдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастық қасиеттерін береді.
Аристотель өз «Политика» трактатында конфликттің қайнар көздеріне көңіл бөлген. Яғни, адамдардың мүлікті игерудегі, қорқыныштағы мінездердің келісуіндегі теңсіздік жөнінде қарастырған.
Конфликттің ғылым ретінде ену бойынша қарастырсақ, оның негізгі фундаментін қалаған: Огюст Конт, Гербарт Спенсер, Карл Марксты жатқызады. Олардың еңбектері конфликтологияның жалпы теориялық база ретінде қаланады. Ал екінші жағынан, әлеуметтік конфликттегі анализінің, бағасының методологиялық өндірілудегі тәжірибесі.
О.Конт мынадай заңдылықтарды бөліп қарастырған: Әлеуметтік жэне профессионалдық топтардың білімі; Көпшілік адамдардың қолындағы байлық концентрациясы;
жайлы айтқан неміс әлеуметтенушісі Г.Зиммель, австралиялық Л.Гумпловичі жэне американдық Л.Смолл мен У.Самнерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде ең атақтысы Георг Зиммель (1858-1918) болған.
«Әлеуметтік конфликтология» терминін неміс философы, социологы Георг Зиммел еңгізген (1858-1918) . Оның айтуы бойынша, әлеуметтік құбылыстар әр түрлі. Мысалыға: бәсекелестік, конфликт, келісім шарт тағы сол сияқты. Ілімнің негізі ретінде конфликт, «әлеуметтенудің» формасы тұрғысынан, алынды. Осы фактордың нәтижесінде адамдар бір-біріне жақындайды әрі бірігеді. „Конфликттің өзі цайшылыцтардың арасындагы цысымды жою, шешу амалы "9 - деп жазады. Аяғында адамдарда өздерінің ерекше көзқарастарының идентификациясы мен қайшы көзқарасты сезіну процессі өтеді.
Австриялық ғалым Людвиг Гумплович (1838-1910) туыстық пен қанның түрлі болуы, психикада нақты бір көрінісі бар екендігін табады. Жағымды сезімдер мен эмоциялар топтық бірлікке, ал жағымсыз топаралық антогонизм тудырып, конфликтке әкеледі деген.
Бұл зерттеушілер өз еңбектерімен конфликт мәселесіне назар аударған. Оның кейбір формаларын бейнеледі. Көбісі нәсілдік және ұлтаралық конфликттерге баса назар аударып, басқаларын соларға жалғады. Осыған орай «қақтығыс» деген түсініктің өзін анықтауға жағдай туып тұр. Оның адамдар арасындағы түрлерін белгілеп, конфликтке әкеліп соғатын қақтығыстарды ерекшелеп алу шарт. Мақсаттардың,бағдарлардың,көзқарастардың,қажеттіліктердің,қызығушылықтардың әрі құндылықтардың бір-бірне қайщы бола алатындығы рас. Мысалыға, атақты Я.Щепанский деген элеуметтенуші былай деп жазған: "Конфликт - бұл бағыт-бағдардың, мақсаттың және нақты бір затқа немесе жағдайға қаттысты әрекеттердің бір-біріне қарама-қайшы болуы, қақтығысуы" А.А.Ершов бойынша "тұлғааралық конфликт тұлғалардың қажеттіліктері, мотивтері, мақсаттары, көзқарастары, мінез-құлықтары қарым-қатынас барысында бір-біріне қайшы болып, Қақтығыс туғызуы"
Қақтығыстар, айырмашылықтар конфликттің тууына холық негіз бола алмайды. Олар нақты адамдар, топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар мен мемлекеттер, яғни қақтығыстарды иемденген күштер іске қосылғанда ғана жұмыс істей бастайды. Осыған байланысты жантануда конфликттің үш түрі қалыптасқан: әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық.
Ч.Макклинтон көптеген эксперименттерге сүйене отырып, эксперименттік ойындар жағдайлардағы элеуметтік мотивтерді жіктеді (кооперация, индивидуализм, бәсекелестік, альтруизм, агрессия, тепе-теңдік).
Отандық психологтар әлеуметтік-психологиялық конфликтті адамның элеуметтік тәні мен адамдардың әлеуметтік тэні мен адамдардың өзара-әрекеттестік табиғатын түсіну негізінде қарастырады.
Я.Л.Коломинский үшін қатынас заттық-ақпараттық эрекеттестік, оның негізінде тұлғааралық қатынастар қалыптасады, жүзеге асады, көрінісін табады. Бүл қатынастар жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен қүқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. Әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктер мүдцеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.
Көрнекті әлеуметтанушы П.А. Сорокин кез келген әлеуметтік төнкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап көрсеткен.
Әлеуметтік конфликтер сол сияқты қоғам адамдарының түрлі мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құндылық бағыттарының көреғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.
Конфликті жағдай еңбекке, жанұяға, өнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құңдылықтарының қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани салаларда орын алады.
Адамдар арасында алауыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологияның қарама-қарсылығы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикоммунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес шеңберде орын алған идеологиялық күрес, идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді. Сонымен авторлар конфликттің динамикасын қарастырғанда, субъективті жэне объективті факторлардың арақатынасына көңіл бөледі. Ең бастысы-ол субъективті факторы, яғни конфликтті жағдайды бір жақтың сезінуі. Әлеуметтік құбылыстар мен процестер болжауға, алдын алуға, басқаруға келетін жәйіт. Еріксіз түрде конфликттің мүшесі болған тұлға оған өзінің үлесін қосуы мүмкін. Конфликт - күрделі динамикалық құрылым. Оның өзіндік шегі, мазмұны, кезеңі мен формасы бар.
3-дәріс. Қарым-қатынас және шиеленіс бойынша жалпы теориялар. Шиеленіс жағдайларының туындауы. Себептері. Құрылымдары. Функциялары. Динамикасы.
Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің обьектісі болмаса да,оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады. Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған. Гераклит (530-470ж.б.з.д.).дүниеде барлық заттар мен, ұғымдар соғыстың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін «соғыс – барлық нәрсенің патшасы». Гераклиттің ойымен бөліскен Эпикур (341-270ж.б.з.д), онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған Аристотель (384-322ж.б.д). Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайының жоғары немесе төмендігінен туындайды. Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол соғыссыз өткен кезеңдерді «Алтын ғасыр» деп атады. Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді. Осы та қырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274). Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский (1469-1536) өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі. Қақтығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды еліктіреді. Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айтты. Ал Фрэнсис Бэкон (1561-1626) – қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап,оларды қалайда жеңу жолдарын қарастырды. Ең басты қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы.
Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) -оның ойы бойынша адамдар бірдей және тәуелсіз деп санады. Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар жіберіп алды. Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен ауызбіршілікке қайта оралды Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар Томас Мальтус (1766-1834)–ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді. Герберт Спенсер (1820-1903) – қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе бейімделген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді. Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып табылады. Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады. Карл Маркс (1818-1883) – автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп, социологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өмірінде өшпейтін құбылыс. Капиталистік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтындығынан тұрады. Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі - әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарама-қайшылықта өседі.Конфликтіге (латын тілінде conflictus – қақтығыс) қазақ тілінде нақты бір атаумен айдар тағуға келе бермейді. Қазақ тілінде «дау»: егес, керіс, жанжал деген мағынаны берсе, «шиеленіс» сөзі талас-тартыс, айтыс-тартыс дегенге саяды. Ал «қақтығыс» бірінші мағынасында айқас, шайқас деген мағынаны берсе, екінші мағынасы осы конфликтіге жақын: қағысып, керісіп қалу, пікір таласы деген түсінікті береді. Әрине, қазақ тілінің синонимдік қатары бай: сондықтан, мәтіннің мазмұнына орай, шиеленіске түрлі атаулар берілетіндігі заңды деп білеміз. Тұлғааралық шиеленіс мәселесі шетелдік, отандық зерттеушілердің: С.И.Ожеговтың Н.И.Кондаковтың А.Н.Леонтьев, В.С.Мерлин, А.И.Анциферова, Жан Пиаже, А.В.Петровский, Л.Козер, А.Я.Анцупов, В.Конюх-Синица, Э.Шкиль, Т.Полозова, А.И.Шипилов, Е.Бабосов, Л.Ахметова, С.Сүлейменова, Ұ.Абуталипова т.б. еңбектерінде қарастырылған.
МОДУЛЬ 2. Қарым-қатынас және шиеленіс (конфликт) түрлері
4-дәріс. Тұлғаішілік шиеленістер. Түрлері.
Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті –мақсатталмаған Қақтығыс жағдайлары мен инцидент парам етрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады. Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.
Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу. Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және т.б.
Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі:
а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.
б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.
Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады. Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы: ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.
Психолог К. Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:
а) «Жақындасу-жақындасу» - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.
б) «Жақындасу- жою» - ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.
в) «Жойылу-жойылу» - жағымсыз субъективті қойылым. Қақтығысты жеке тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндік пікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар. Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлық көрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгерту әлдеқайда қиын. Қақтығысты жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары.
Қақтығыс түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Қақтығысты жағдайды шешудің конструктивті жүесі және өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс типтері: жазық және көлденең. Қақтығыс түрлері:
- іскерлік өндірістік;
- топаралық;
- тұлғаралық;
- рольдік;
- тұлға ішіндегі;
- энтоұлттық;
- саяси;
- монокаузальды;
Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі. Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |