Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар.
Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру т.б. ұғымдары бір - бірімен тығыз байланыста болады.
«Тұлға» ұғымы қазіргі заманауи педагогика мен психологияда кеңінен қолданылады. Адамның ішкі болмысына терең бойлап ену үшін бұл ұғымның үлкен маңыздылығы бар екені даусыз нәрсе. Дегенмен, ғылыми-технологиялық әдебиеттердегі адам тұлғасы мәселенің зерделенуі оның, яғни тұлғаны түсінудің ғылыми қауымдастықта мақұлданған түсініктемесі әзірге жоқ екенін дәлелдеді. Бұл, әрине, адам тұлғасының ғылыми зерделеу пәні ретінде өте күрделі екендігінің айғағы.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
Дамудегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Үдеріс - жүйенің күй-жайының ауысуы, демек, білім беру үдерісі – әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс – екеуі бір нәрсе емес.
Педагогикалық ғылымдар жүйесі
Педагогика немесе педагогика ғылымы (екеуі де бір мағынада) туралы тұтас айтқанда өзара байланысты бөліктердің немесе салалардың қайсыбір жиынтығы ойластырылады. «Педагогика - ғылым» терминімен сипатталатын мазмұндық бірліктегі педагогикалық пәндер жүйесін немесе қосындысын қарастырады. Бұл пәндердің барлығына ортақ объектісі – білім беру болып табылады. Бұлардың әрқайсысы өз пәндерін бөліп алып, білім берудің түрлі жақтарын.
Педагогиканың философия, психология, әлеуметтану, физиология және басқа ғылымдармен байланысының түрлері.
Белгілі бір мағынада педагогика жеке пән бола тұра, ол зерттеу жұмысының логикасына байланысты басқа ғылымдарға да, сондай-ақ ғылыми танымның жалпы күйіне бағынышты. Педагогиканың басқа ғылыми пәндермен байланысының тетігін тек дайын педагогикалық білімдерді іргелес ғылымдардағы сол сияқты білімдермен жай салыстыру арқылы ғана ашуға болмайды. Бұны тәрбие теориясынан, дидактикадан, әдістемеден, мектептанудан және т.б. зерттеу үдерісінің түрлі типіндегі ғылымдар нәтижелерін алудың мақсаттары мен тәсілдерін талдау негізінде ғана жасауға болады. Бұндай байланыс төрт түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |