Ғылыми зерттеудің компоненттері және зерттеу логикасы.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын анықтау.
Зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесі 0ырларының анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек.
Зерттеу нысаны – іздену аймағы. Мұндай нысандарға педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.
Зерттеу пәні – нысанды зерттеу қыры, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы.
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.
Зерттеу міндеттері: зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады.
Зерттеудің болжамы: педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеу болжамы егер..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады. Ғылыми зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, оң дұрыс ғылыми дәлелді нәтиже алынбайды.
Педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру.
Ең алдымен ол өзі ғылыми зерттеудің әдіснамасын меңгеруі және өзіндік зерттеу тәжірибесіне, сонымен қатар белігілі бір ғылыми беделге ие болуы;
Өз еркімен зерттеушілер ұжымын қалыптастыруы, оларды ғылыми зерттеуді жүргізу әдіснамасына үйрету;
Осы кезеңде қажетті ғылыми зерттеудің бүкіл кешенін жоспарлау. Ұжымның әрбір ғылыми қызметкерінің зерттеуін жоспарлауға, ұйымдастыруға көмектесу, барлық жоспарлардың орындалуына бақылауды қамтамасыздандыру, алынған нәтижені жинақтау.
Зерттеу тұжырымдарын жариялау жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, алынған нәтижелерді практикаға ендіру.
|