ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет7/7
Дата09.06.2016
өлшемі465.5 Kb.
#123922
1   2   3   4   5   6   7

Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МСЖ қызметтерді сертификаттауды жүргізу тәртібінің тізбектілігі қандай?

2 Өтінім беру және оны қарай ережелерін атаңыз?

3 Қандай ережелер бойынша қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу орындалады?

4 Сертификаттау мақсатымен қызметтерді сынау қалай жүргізіледі және оларды кім жүргізеді?

5 Сәйкестік сертификатын беру қалай жүргізіледі?

6 Сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылауды қалай жүргізеді?
№ 12 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: КҰЖЖ жіктеуіші

Сабақтың мақсаты: ҚР МЖ 02-99 жіктеуіштермен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Кәсіпорындардың және ұйымдардың жалпы жіктеуішін оқып меңгеру

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша бір саладағы кәсіпорындардың сәйкестендіру кодтарын анықтау

Әдістемелік ұсыныстар:

Ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы жіктеуіштері заңды тұлғаларды және ҚР аймағында тіркелген олардың филиалдары мен әкімшіліктерін кодтауға арналған. КҰЖЖ жіктеуіші ҚР аймағында тіркелген, әрбір бірлік үшін ерекше кодты қолдану негізінде бірдей ақпараттық кеңістіктің құрылуын қамтамасыз етеді.



Бақылау сұрақтары:

1 ҚР МЖ 02-99 жіктеуішінің нысаны болып не табылады?

2 ҚР МЖ 02-99 жіктеуішінің құрылымы қандай?

3 Жіктеуіштің құрылымына қандай блоктар кіреді?

4 Сәйкестендіру коды неше белгіден тұрады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР СТ 5.0-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелері

2 ҚР СТ 5.1-2005 Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпаратты жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесі. Технико-экономикалық және әлеуметтік ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштерді жасау тәртібі

3 ҚР МЖ 02-99 Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуіші


№ 13 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Техникалық регламент. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты (МЖМБС)
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандарты техникалық регламентімен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:

1 Оқытушының тапсырмасы бойынша мемлекеттік жалпығаміндетті білім стандартының мазмұнын оқып меңгеру

2 Бітірушілердің білімділік деңгейіне қойылатын талаптарды оқып меңгеру

Әдістемелік ұсыныстар:

ҚР МЖМБС 5.03.001 «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер» негізінде мамандық бойынша стандарт жасалады және бұл стандарт 050732 – «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау деңгейі мен білім алуына талаптар орнатады.



Бақылау сұрақтары:

1 МЖМБС қандай құрылымдық элементтерден тұрады?

2 Берілген мамандықты бітірушілердің қызмет шегін атаңыз?

3 Бітірушінің кәсіптік қызмет аймағы дегенді қалай түсінесіз?

4 Ұйымдастырушылық-басқару қызметі дегенді қалай түсінесіз?

5 Өндірістік-технологиялық қызмет дегенді қалай түсінесіз?

6 Есептік-жобалық қызмет дегенді қалай түсінесіз?

7 Тәжірибелік-зерттеу қызметі дегенді қалай түсінесіз?

8 Инспекциялық қызмет дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 ҚР МЖМБС 3.08.107-2004 Жоғары кәсіптік қызмет

№ 14 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: ҚР мемлекеттік стандарттары

Сабақтың мақсаты: ҚР мемлекеттік стандарттармен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларға ие болу.

Мазмұны:

1 Өнімге, процестерге, бақылау әдістерге жасалатын ҚР мемлекеттік стандарттардың құрылымы мен мазмұнымен танысу

2 ҚР СТ 1.2 және 1.5 негізге алынатын стандарттарды оқып меңгеру

Әдістемелік ұсыныстар:

Мемлекеттік стандарттарды жасау, келісу, қабылдау, есептеу, өзгерістерді енгізу және оларды жоюды уәкілетті орган орнатады.

Мемлекеттік стандарттар міндетті болып есептеледі, егер оларға ҚР заңдарында және техникалық регламенттерде сілтемелер жасалса.

Мемлекеттік стандарттарда мыналар орнатылады:



  • техникалық регламенттермен орнатылған талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін өнімнің, процестердің қауіпсіздігіне қойылатын қажетті талаптар;

  • өнімді, қызметтерді жіктеуге қойылатын талаптар;

  • өнімнің бірыңғайландыру, өзара ауыстырымдылық көрсеткіштері;

  • терминдер мен анықтамалар;

  • өнімнің, қызметтің тұтынушылық қасиеттері мен сипаттамаларын қосқандағы функционалдық белгілену көрсеткіштері;

  • қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, жою ережелері;

  • сапаны сынау жәе қауіпсіздік әдістері;

  • барлық ресурстарды тиімді қолдану және сақтауға қойылатын талаптар;

  • менеджмент жүйелерін енгізуді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыруға қойылатын талаптар;

  • белгілі қызмет саласына байланысты ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ережелер.

Бақылау сұрақтары:

1 Мемлекеттік стандарттар деп қандай стандарттарды айтады?

2 Мемлекеттік стандарттардың нысандары болып не табылады?

3 Қандай органдар мемлекеттік стандарттарды жасайды?

4 Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі қандай?

5 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган бекітеді?

6 Мемлекеттік стандарттардың жобалары қандай органдармен келісіледі?

7 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган басып шығарады?

8 Тұтынушы жаңадан бекітілген стандарттар жөнінде ақпаратты қайдан алады?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.

2 ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі

3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

№ 15 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар

Сабақтың мақсаты: Мәтіндік өндірістік құжаттарды дайындауда тәжірибелік дағдыларға ие болу

Мазмұны:


1 ҚР СТ 1081 стандартымен танысу

2 Оқытушының тапсырмасы бойынша нысанға рецептура таңдау

3 Оқытушының тапсырмасы бойынша нақты нысанға патенттік-лицензиялық зерттеулер жүргізу

4 Жетілдірілген тағам өніміне рецептура жасау

5 Нысанның дәстүрлі өндіріс технологиясын оқып меңгеру

6 Жетілдірілген тағам өнімінің өндіріс технологиясын дайындау

7 Нормативтік құжаттың талаптарына сай мәтіндік құжатты ресімдеу

Әдістемелік ұсыныстар:

Егер қоғамдық тағамтану кәсіпорындарында белгіленген стандарттар болмаса, онда технологиялық нұсқаулар, рецептуралар өз бетінше құжат ретінде қоғамдық орындарында тағамтану кәсіпорындар өнімдеріне арнайы жасалады. Керек болған жағдайда мұндай құжаттарға өнімнің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері көрсететін немесе құжаттарға белгіленген сілтемелер енуі мүмкін. Рецептурада бекітілген сипаттамалар мен көрсеткіштер нақты тағам өнімінің сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек. Технологиялық нұсқауда тамақ өнімінің дайындалуының технологиялық процестері шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап, оны өндіруден бастап дайын өнімнің шығарылу жолына дейін іс-әрекет кезекпен сипатталады.

Технологиялық нұсқау мен рецептураның талаптары мен ережелерін сақтау міндетті болып саналады.

Бақылау сұрақтары:

1 Қандай мәтіндік құжаттар өндірістік құжаттарға жатады?

2 Қандай нормативтік құжатта мәтіндік өндірістік құжаттарды жасау тәртібі жазылған?

3 Қандай өндірістік құжаттар бойынша тағам өнімдері жасалады?

4 Мәтіндік өндірістік құжаттарды ресімдеу кезінде қандай мемлекеттік стандарттарға негізделу керек?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.

2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар

3 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау тәртібі
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
3.1 Студенттердің өзіндік жұмысың ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Өзіндік жұмысын орындау кезінде студент нақты тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді, зерделеген материалдың қысқаша мазмұнын дәптерге түсіреді. СОӨЖ сабағында студент жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды.

3.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі немесе студенттердің білімін бақылау үшін арналған бақылау сұрақтары және т.б.

Рефераттар тақырыптары.

1 Стандарттаудың заңнамалық базасы

2 Халықаралық стандарттау

3 Нормативтік құжат-тарды қолдану және олардың талаптары-ның сипаттары

4 Стандарттау әдістері. Унификациялау және агрегаттау

5 Қазақстан Республика-сындағы стандарттау-дың қазіргі жағдайы

6 Стандарттаудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері

7 Сертификаттаудың заңнамалық базасы

8 Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері. Физикалық шамалар шкалалары



9 Өлшеу нәтижелерін бағалау

10 Өлшеу қателіктерінің түрлері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет