Лекция 11. Сертификациялық сынақ негіздері
Өлшеу, сынау және бақылау сертификаттау кезінде сәйкестікті бағалаудың негізгі әдістері болып табылады. Оларды қолдану ерекшеліктері сынақ зертханаларында өнімді сертификаттау кезінде шеетін міндеттермен байланысты (таблица).
Таблица. «Өлшеу», «сынау», «бақылау» ұғымдардың өзара қатынастары
Термин
|
Мақсаты
|
Сапасын бағалау
|
Дәлдәк көрсеткіштері
|
Өлшеу
|
Шаманың (параметрдың) мәнін анықтау
|
Өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау
|
Өлшеу қателігі
Δизм
|
Сынау
|
Шаманың (параметр-дың) мәнін берілген сынақ режимдерде және шаманың (параметрдың) мәнін белгілеуші фактор-лардың әсер етуі режимінде анықтау
|
Берілген сынақ режимдерде және әртүрлі факторлардың әсер етуінде өлшеу нәтижесінің шынайы мәнге жуықтық дәрежесін бағалау
|
Δи = Δp +Δф + Δизм
мұндағы
Δp – режим қателігі
Δф - фактор қателігі
|
Бақылау
|
Шаманың (параметр-дың) берілген сынақ режимдерде және факторлардың әсер етуінде берілген шек ішінде болу фактін айқындау
|
Параметрдің жіберілетін шек ішінде болу дұрыстығының дәрежесін бағалау
|
I және II текті қателіктердің
Δи ескерілген түрдегі ықтималдығы
|
Сынақ жүргізудің мақсаты - өнімнің сандық және сапалық сипаттамалара баға беру, яғни берілген жағдайларда талап етілген функцияларды атқара алу қабілетін бағалау. Бұл мақсаттың шешімі сынақ зертханаларында табылады. Шешімі болып сынақ хаттамасы табылады. Сынақ хаттамасында өнімнің параметрлерінің мәндері көрсетіп жазылады.
Бақылаудың мақсаты - өнімнің сипаттамаларының нормативтік құжаттарда қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау, оның ішінде сынақ нәтижелері бойынша да. Бұл мақсатты сәйкестікті растау жөніндегі органның сарапшылары шешеді. Сондықтан бақылау мақсатын сарапшылық бағалау мақсаты деп айтуға болады.
Өнімнің сәйкестігін бағалау кезінде бұл екі операция параметрлерді қлшеумен байланысты жүргізіледі. Сапа жүйелерінің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жүйелері сәйкестәкті өлшегіш техниканы қолданбай, көзбен немесе органолептикалық әдістердің (аудиттер, тексерулер, сурау жүргізу, және т.с.) көмегімен бағалауды қарастырады. Персоналдың сәйкестігін растау кезінде бекітілген ережелер бойынша сәйкестікті растау емтиханы өткізіледі.
Суретте сәйкестікті растау кезінде қолданылатын бақылау түрлерін жіктеу схемасы келтірілген.
Сәйкестікті растау кезінде қолданылатын бақылау түрлері
Лекция 12. Сынақ жабдықтары
-
Сынақ стендтері
Сынақ стендтерінің номенклатурасы кең, ал түрлері алуан болып табылады. Өндіріліп шығарылған әр бұйым санаулы данада, сериялап немесе жаппай шығарылатына қарамастан стендтік бақылаудан өтеді деуге болады. Стендтік бақылау әсіресе жекеленген, тәжірибелік немесе аз серия түрінде шығарылатын бұйымдар үшін өте маңызды болып табылады.
Әдетте, сынақ циклы үш кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең – сынақты әзірдеу, яғни оның мақсатын анықтау; қажетті сынақ жабдықтарын таңдау немесе жобалау және оларды жасап шығару; өлшеу құралдарын таңдау; бұйымды оған өлшеу құралдарын бекіту үшін қажетті жерлерді дайындау; техникалық құжаттамларды әзірлеу.
Екінші кезең – сынақтың өзі.
Үшінші кезең – эксперитенттер мәліметтерін өңдеу және сынақ нәтижелерін көрсету.
Күрделі бұйымдарды немесе жүйелерді сынқтан өткізу кезінде көптеген параметрлер жөнінде көп санды (көлемді) ақпарат алу және өңдеу қажет болады (өлшенетін параметрлердің жалпы саны бірнеше мыңға дейін жетеді). Сынаққа көп адам (ғылыми-техникалық қызметкерлер) қатысады. Сондықтан қазіргі заманның талабы – автоматтандырылған ақпараттық-өлшегіш жүйелердің қалданылуы болып табылады.
Сонымен бірге, сынақ жүргізу кезінде бұйым жетілдіре түседі (яғни оның параметрлері реттеледі), ал бұл үшін сынақ режимдерін басқару қажет болып табылады. Бұл операцияларды орындау үшін сынақ стендтері сынақ процесін автоматты түрде басқару жүйелерімен (АСУ ТП) жабдықталады.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторылқ жұмыстар жүргізілгенде модельдік-стедтік сынақтар өте маңызды орын алады. Бұндай сынақтар бұйымды жобалау процесінің қымбатқа түсуіне апарып соғады және оның жүру мезгілін ұзартады. Бірақ, екінші жағынан, бұндай сынақ инженерлік шешімдердің оңтайлығының, сенімділік жоғары дәрежеде болуының кепілдігі болып табылады. Бұндай сынақтардың негізінде бұйымның конструкциясы және оны қолдану жағдайлары бойынша негізделген шешімдер қабылданады.
Автоматика жүйелерінің, есептегіш техниканың, радиотехникалық құрылғылардың, машина жасау бұйымдарының сенімділігіне, жұмыс істеуінің ұзақтылығына, сапалы жұмыс істеуіне қойылатын талаптардың қатаңдауы әртүрлі сынақтарды пайдалану жағдайладрына жуық жағдайларда өткізуді талап етеді. Бұл мақсатта ғылыми-зерттеу институттарыгда және тәжірибелік өндірістерде арналуы, сыртқы әсерлерді қайталаушы сынақ стендтері зерттеп дпйындалады.
Климаттық сынақтарды жүргізу үшін мынадай сынақ стендтері қолданылады:
-
термостат камералары – төменгі және жоғарғы температураның әсерінің нәтижесін айқындау үшін;
-
ылғылдылық камералары;
-
барокамералар (төменгі және жоғарғы қысымдардың әсерінің нәтижесін анықтау үшін;
-
термо-ылғал камералары (температураның және қысымның бірлескен әсерінің нәтижесін анықтау үшін;
-
күн садиациясын, шаңның, тұманның әсерінің камералары;
-
бактериялар және микроорганизмдердің әсерінің нәтижесін анықтау үшін камералар.
Механикалық сынақтар үшін стендтер. Бұйымның механикалық жүктеуге қарсы тұра алуына қойылатын талаптар соңғы кезде едәуір қатаңдап кетті. Бұл жағдай бұйым оларда тасымалданатын немесе жұмыс істейтін қозғалмалы объекттердің қозғалу жылдамдылығының және үдеуінің жоғарылауымен байланысты. Осыған орай, іс мәніндегі қолдану жағдайларында бұйым тоқтаусыз жұмыс істеін қамтамасыз ету үшін конструкторлар бұйымға әсер етуші механикалық жүктеулердің әс жүзіндегі мәндерін дәл анықтау керек.
Механикалық жүктеулер жеке бөлшектер мен элементтердің тозу, деформациялану және қирауының, бұйымның технологиялық сипаттамаларының төмендеуінің себебі болып табылады. Бұл жерде әсіресе дірілдерді, соққыларды атап айту керек. Бұлардың әсері өнімді тасымалдау, тиеу-түсіру, монтаждау операцияларында тиетін (көрінетін) болады.
Бұл жерде, әдетте, өнімге жеке жүктеудің ғана емес, олардың комбинацияларының әсері тиетінің айта кету керек. Мысалы, тұрақты бағыттағы үдеу, діріл, соұұы және т.б. жүктеулер, немесе гармониялық дірілді тербелістермен қатар кездейсоқ факторлардың әсері тиеді.
Механикалық сынақтар үшін құлданылатын стендтер:
- діріл стендтері – жасанды діріл;
- соққы стендері – жеке импульс (соққы) түріндегі периодтық діріл;
- корплер - жеке соққылар;
- центрифугалар – біркелкі немесе әртүрлі жиілікпен тербелу (дірілдеу); тербелу жиілігі тұрақты болған жағдайда жазықтық шеңберлік діріл пайда болады;
- тасымелдау кезіндегі сілку әсерін білдіруші стендтер;
- акустикалық камералар.
Автоматтандырылған жүйелерді сынақтан өткізеге
арналған кешенді технологиялық стендтер
Автоматтандырылған басқару жүйелерін реттеу және іске қосу мерзімін қысқарту мақсатында өндірістік объектте кешенді технологиялық стендтер зерттеп дайындалады. Бұндай стенд әр нақты жүйе үшін жеке зерттеп дайындалады және жүйені реттеу іске қосу кезінде орын алуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, жобалау кезінде орын алған қателіктерді түзетуге мүмкіншілік береді.
Электронды есептегіш машина мен объектті бақылау және басқару үшін қолданылатын техникалық құралдардың дұрыс қосылмауысынақ нәтижесі қате шығуына апарып соғуы мүмкін. Бұндай қателіктерді табу және жою көп мөлшерде еңбек және уақыт жұмсалуын қажет етеді. Сондықтан құрылғыларды объект жұмыс істейтін жағдайларға максимум жақын жағдайларда сынақтан өткізеді. Электронды есептегіш машинаның сезгіш элементтермен, орындаушы механизмдермен және ақпаратты көрсету құрылғыларымен; аұпаратты енгізу, өңдеу және шығару құрылғыларымен дұрыс қосылыста болуын; жүйе ішінде іске асырылатын алгоритмдердің бағдармалармен үйлесімді болуын тексереді.
Стендте сынақ жүргізу бағдарламасында сигналдарды беру каналдарының кедергіге қарсы тұрақтылығын тексеруге ерекше көңіл аударылады. Кедергілердің әсері ескеріледі, жүйенің кедергілер орын алу жағдайында сенімді жұмысістеу облыстары және сигналдарды беру каналдарында оларды (кедергілерді) басу (төмендету) коэффициенттері анықталады. Байланыс жүйелерін экрандаудың тиімділігі анықталады; экрандар мен беру каналдарының тізбектерін жермен қасудың ең жақсы қосылысы таңдалады.
Кешенді технологиялық стенд электронды есептегіш машина орнатылған бөлмеде электрік және магниттік өрістің болуынан пайда болған кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.
Кешенді технологиялық стендтің құрамына, әдетте, электронды есептегіш машинаның толық кешені, ақпарат көздері (сезгіш элементтер, басқару пункті және т.б.), басқару сигналдарын қабылдағыштар, ақпаратты көрсету құрылғылары және технологиялық процестердің имитаторлары кіреді. Бұларға бақылау-өлшеу аспаптары және қосымша сигналдар мен кедергілердің имитаторлары қосылуы мүмкін. Имитатор сигналды беру каналдардың жұмыс істеу жағдайларын олардың іс жүзіндегі мәндеріне максимум жуық түрінде ұдайы қайталайды, ал ьұл олардың кедергілерге қарсы тұра алуын тексеруге мүмкіншілік тудырады.
Ғылыми-зерттеу сынақ орталықтары. Күрделі бұйымдарды (мысалы, авиациялық электр қозғалтқыштарын және ғарыштық аппараттарды) жобалау және зерттеп дайындау үшін зерртегіш сынақ орталықтары құрылады, өйткені бұл жағдайда ұзақ уақыт жүргізілетін әртүрлі эксперименттік бақылау орындалуы керек. Бұндай орталықтарда бұйымдар пайдалаеу жағдайларына максимум жуық жағдайларда алуан түрлі бақылау және реттеуден өткізіледі.
Лекция 13. Өлшегіш–ақпараттық жүйелер
Ғылым және өндірістің даму қарқынын қолдағы өлшеу, ақпаратты жинау және өңдеу құралдардан тікелей тәуелді болып табылады. Зерттеулер, эксперименттер және және сынақ жүргізу кезінде өлшеулер әсіресе маңызды роль атқарады. Сынақ стендтерінде қолданыладтын өлшегіш техникаға қойылатын талаптар үнемі жоғарылап отырады, тіркелетін параметрлердің саны да көбейеді.
Өлшегіш-ақпараттық жүйе қолдану үшін ыңғайлы болуы, сенімділігі жоғары, параметрлерді өлшеу және тіркеу дәлдігі талаптарын қанағаттандыруы керек, сынақты орындауға жеткілікті жұмыс істеу жылдамдығы болуы керек. Осы талаптардың барлығын әртүрлі аппараттар жиынтығы негізінде орындауға болады. Қолдану үшін ең ыңғайлы болып құрамына электронды есептегіш машина кіретін ақпаратты бір жерден жинау және өңдеу жүйелері табылады. Электронды есептегіш машинаның болуы ең күрделі ақпарат өңдеу әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.
Өлшегіш-ақпараттық жүйенің дұрыс таңдау үшін әрбір жеке жағдайда мыналырдың белгілі болуы керек:
1 Жүйе олар үшін қызмет көрсететін сынақ стентерінің саны және олардың орындалуы;
2 Бұйымды сынақтан өткізу кезінде әр стендте бақыланатын параметрлердің тізімі; параметрді өлшеу диапазоны; қажетті өлшеу дәлдігі; өлшеу құралдарнының жұмыстық ережелері;
3 Мәліметтерді өңдеудің математикалық алгоритмдері, есептердің және графиктерді салудың дәлдігіне қойылатын талаптар;
4 Өлшеу нәтижелерін көтсету формасы;
5 Жүйенің сенімділігіне қойылатын талаптар.
Стендтердің саны және олардың орналасуы жөнінде бастапқы мәліметтер жүйенің модульдері орналастырылатын орындарды анықтау үшін, ақпаратты алыс жерге беру үшін қажетті арнаулы құрылғалардың қажеттілігін анықтау үшін, электронды есептегіш машинамен байланыста болу үшін қажетті пульттердің санын анықтау үшін қажет болып табылады.
Жүйені зерртеп дайындау кезінде оны жетілдіруге, оның функцияларың кеңейтуге мүмкіндің болуын қарастыру керек. Мемлекеттік өнеркәсіптік аспаптар жүйесіне енгізілген, сериялап шығарылатын есептегіш техника, аспаптар және құралдарды қолдану дұрыс болып табылады.
Лекция 14. Автоматтандырылған стендтік сынақтарды
басқару жүйелері
Соңғы 15-20 жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістерді барлықдеңгейлерде басқаруды жетілдіру процесі нығая түсуде. Бұл процестің ерекшелігі болып басқару үшін заманға сай математикалық әдістерді және автоматтандырудың ең жаңа құралдарын, оның ішінде есептегіш техниканы қолдану табылады. Нәтижесінде көптеген кәсіпорындарда автоматтандырылған әртүрлі объектілерді басқару жүйелері (АСУ) пайда болды. Автоматтандырылған басқару жүйелері әсіресе төменгі деңгейдегі, объектілерді (қандырғы, агрегат, учаске) басқару үшін кеңінен қолданылады. Бұндай объектілерде автоматтандырылған басқару жүйелері технологиялық жабдықтарды және олардың ішінде өтетін процестерді тікелей басқарады. Бұндай автоматтандырылған басқару жүйелері автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелері (АСУ ТП) деп аталатын болды.
Әртүрлі салаларда қолданылатын алгоритмдері және технологиялық құралдардың құрамы бойынша ажырасатын әртүрлі автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелері қолданылады. Бірақ, жалпылап айтқанда, автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелері – технологиялық процесті берілген техника-экономикалық критерийлер бойынша басқаратын жүйе болып табылады. Автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелері оңтайлы басқару әдістерінің, басқару құралдарының және басқаруды жүзеге асыратын персоналдың жиынтығы болып табылады.
Автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелерді сынақ стендтерінде қолдану қазіргі заманның міндетті талабы ьолып табылады. Автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелерді қолдану басқару сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Оны өнімді сериялап жығаратын және тәжірибелік өндірістердегі сынақ стендтерінде қолдану өндірістің тиімділігін шығарылатын бұйымдардың сапасын едәуір жоғарылатады.
Автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелерді қолданған жағдайда:
1 Көзбен өлшеу және қолмен басқарудың болмауы сынақтың объективтік деңгейін көтереді;
2 Өлшеулердің және бақаланатын параметрлердің саны көбейгеніне қарамастан мәліметтердің шынайылығы жоғарылайды;
3 Бұйымдардың сенімділігі мен жұмыс істеу уақыты (ресурсы) жоғарылайды. Себебі - өлшей қателігі төмендейді, бұйымды реттеу процесі оңдайланады, сынақ жүргізу кезінде бұйымның ресурсы көп азаймайды;
4 Реттеуге, өлшеуге, мәліметтерді өңдеуге жұмсалатын уақыт мөлшері азаяды;
5 Сынақтарды оңтайлау ақпараттық модельдер негізінде, бұйымның сипаттамаларын заманға сай математикалық әдістердің көмегімен бағалау арқылы жүзеге асырылады;
6 Сынаққа жұмсалған еңбек көлемі және энергия шығыны азаяды;
7 Адамдар қауіпті немесе зиянды жағдайларда жұмыс істемейді;
8 Еңбек өнімділігі жоғарылайды;
9 Процесті басқару кезінде өндірістік жоспардың динамикасы ескеріледі (технологиялық жабдықтардың режимдерін өз уақытында өзгерту, бір типтегі жабдықтарда орындалатын жұмыстарды реттеу және т.б. шаралар жүргізу арқылы)
10 Күрделі құрылысқа жұмсалатын шығындар азаяды, өйткені жоғарыда аталғандардың арқасында шығарылатын бұйымдардың саны көбейеді.
Автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелер атқаратын функциялардің түрлері басқарылатын процестің түрімен және оның күрделілігімен, сондай-ақ автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйесінің өзінің техникалық мүмкіндіктерінен тәуелді болып табылады.
Функциялар мынадай болуы мүмкін:
1 Технологиялық процестің және сынаққа түсетін бұйымның жай-күйі туралы ақпарат жинау және өңдеу;
2 Сынақ процесін бақылау және жекешелендіру;
3 Тұрақтыландыру және реттеу, оның ішінде көп байланысты тұрақтыландыру және реттеу;
4 Логикалық-бағдарламалық (оның ішінде көп бағдарламалық) басқару;
5 Оңтайлы шешімдерді іздеу және оңтайлы басқару;
6 Сынақтың технологиялық процесінің техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу;
7 Апатты жағдайларды талдау және оларды болдырмау;
8 Жеке бөлшектерді және тұтас жүйені технологиялық диагностикадан өткізу.
Жалпы қарағанда автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелері өлшеулік-ақпараттық жүйелердің дамудан өткен түруі болып табылады. Сондықтан кез келген автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйесінде өлшеулік-ақпараттық жүйелер орын алады және өлшеулік-ақпараттық жүйелер эксперименттің (өлшеудің, ақпарат жинау және өңдеудің) негізгі міндетін шешуші жүйе болып табылады.
Қазіргі заманда қолданылатын автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелерінің көбі автоматты емес, автоматтандырылған болып табылады. Олардың жұмысында оператордың (адамның) ролі әлі де жоғары б.т. Оператор өзі, есептегіш машина берген ақпаратұа сәйкес тиісті шемімін ұабылдайды; немесе электронық есептегіш машина шығарған шешімді талдайды (іске асырады, орындайды)
Автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйесі өз бетімен жеке өндірістік процестердің тиімділігін жоғарылату шешімі мен қатар, автоматтандырылған өндірісті және тұтас кәсіпорынды басқару жүйесінің ақпараттық және техникалыұ базасын қалыптастырылады. Бұл аспектте шешуші рольді автоматтандырылған технологиялық процестерді басқару жүйелер кешендері атқарады. Бұндай кешендер тікелей технологиялық процесті басқарумен қатар тиісті бөлемшені ұйымдық басқару мендеттерінің коплексін шеше алады.
Лекция 15. Сынақ жабдықтарын аттестациялау
Сынақжабдыұтарын аттестациялаудың негізгі мақсаты – сынақ жағдайларын рұқсат етілген ауытқулардың шегінде ұдайы қайталану мүмкіндігін растау және сынақ жабдықтарының арналуы бойынша қолдануға жарамдығын анықтау.
Сынақ жадайларының - әсер етуші факторлардың және объекттің жұмыс істеу режимдерінің жиынтығын ұдайы қайталанылуының дәлдігі сынақ нәтижелерәнәі дәлдігін тағайындалған деңгейде қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Функциясы қажетті сынақ жағдайларын ұдайы қайталау болып табылатын сынақ жабдықтарын аттестациялау кезінде жабдықтардың нормаланған дәлдік сипаттамалары және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі анықталады. Сынақ жабдықтарының нормаланған дәлдік сипаттамалары деп нормативтік құжатта көрсетілген, жабдықтың сынақ жағдайларын берілген диапазон ішінде рұқсат етілген ауытқу және тұрақтылықпен берілген уақыт ішінде ұдайы қайталау және сол күйінде ұстау мүмкіншілігін айқындаушы сипаттамаларын айтады.
Сынақ жабдықтарын аттестациялаудың негізгі ережелері және жүргізу тәртібі ГОСТ Р 8.568 стандартында жазылған.
Аттестаттаудың төмендегі түрлері кездеседі:
1 Алғашқы аттестаттау – сынақ жабдығын іске қосу кезінде жүргізіледі.
2 Периодтық аттестаттау – сынақ жабдығын пайдалану барысында пайдалану құжатында жазылған уақыт интервалы өтекннен кейінгі уақытта жүргізіледі. Уақыт интервалы сынақ жабдығын пайдалану барысындағы оның жай-күйін бақылау нәтижесі бойынша тағайындалады және сынақ жабдығының әртүрлі бөлшектері үшін бұл интервал әртүрлі мөлшерде болуы мүмкін.
3 Қайта аттестаттау – жөндеуден шыққан немесе модернизациялаудан өткен жабдықтар үшін және төмендегі жұмыстар жүргізілгенде жүзеге асырылады:
- жабдық орналасқан фундаментпен байланысты жұмыстар жүргізілгенде;
- тұрақты түрде орналастырылған жабдықты орнынан қозғаған кезде;
- басқа да сынақ жағдайларын ұдайы қайталау сипаттамаларын өзгертуі мүмкін жұмыстар жүргізілгенде.
Өнімді міндетті сертификаттау, өнімді мемлекеттік стандарртардың орындауға міндетті болып табылатын талаптарға сәйкестігіне сынақтан өткізу және келісім шарт (контракт) бойынша мемлекеттік мұқтаждар үшін шығарылатын өнімдерді сынақтан өткізу үшін қолданылатын сынақ жабдықтары аттесттаттау үшін типі ПР 50.2.009 Ережелеріне сәйкес бекітілген, салыстырып тексеруден өткізілген өлшеу құралдары қолданылуы керек. Өлшеулерді орындау әдістемелері ГОСТ Р 8.563 стандартына сәйкес аттестатталған болуы керек.
Сынақ жабдықтарын алғашқы аттестаттаудан өткізу кезінде пайдалану және жобалық (егер ондайлар болса) құжаттамалары сараптамадан өткізіледі, оның техникалық сипаттамалары эксперимент қою арқылы анықталады жіне осы сынақ жабдығының қолдануға жарамдығы расталады. Алғашқы аттестаттауды белгілі түрдегі сынақ жабдыұтарын аттестаттау жөніндегі әдістемелердің күшіндегі нормативтік құжаттарға сәйкес және/немесе сынақ жабдығының нақты түрін аттестаттау бағдарламалары мен әдістемелері бойынша арнайы тағайындалған комиссия жүргізеді.
Сынақ нәтижесінде берілген аттестат туралы мәліметтер (номірі мен берілген күні), сынақ жабдығының сипаттамаларының алынған мәндері, сондай-ақ келесі периодтық аттестаттау мерзімі (күні) және оның периодтығы туралы мәліметтер жабдыұтың формулярына немесе арайы журналға жазылады.
Периодтық аттестаттауды бөлімшенің қызметкерлері жүргізеді. Аттестаттау жабдықтың көрсеткіштерінің (сипаттамаларының) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растауға жеткілікті көлемде жүргізіледі.
Периодтық аттестаттау нәтижелерін хаттама толыру арқылы өңдейді. Хатаманы бөлімше бастығы бекітеді.
Қайта аттестаттау кезінде сынақ жабдықтарының тексерілетін сипаттамаларының номенклатурасын және операциялардың көлемін, едәуір өзгеруі мүмкін нормаланған сипаттамаларын ескеру арқылы бекітеді.
2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
№ 1 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Тақырыбы: Сынау түрлерін және олардың классификациясын оқып білу
Сабақтың мақсаты: Өнімді сынаудың түрлері мен классификациясын оқып білу.
Сабақтың мазмұны :
1.Сынау мақсаттарына байланысты сынау түрлерін жазып алу.
2.Нәтижелерін салыстыру үшін қорының болуына байланысты сынау түрлерін жазып алу.
3.Параметрлер мәндерінң дәлдігі бойынша сынау түрлерін жазып алу.
4.Өнімді өңдеу сатылары бойынша сынау түрлерін жазып алу.
5.Жүргізу деңгейі бойынша сынау түрлерін жазып алу.
6. Үрдіс сатылары бойынша сынау түрлерін жазып алу.
7.Жүргізу кезенділігі бойынша сынау түрлерін жазып алу.
8.Өнімнің сапа деңгейін бағаалу бойынша сынау түрлерін жазып алу.
9.Өзгерушіліктің жинақтылық мақсаты бойынша сынау түрлерін жазып алу.
10.Жүргізудің ұзақтылығы бойынша сынау түрлерін жазып алу.
11.Үрдістің идентификациялау дәрежесі бойынша сынау түрлерін жазып алу.
12.Өнімді әріқарай қолдану мүмкіншілігі бойынша сынау түрлерін жазып алу.
13.Жүргізу орнына байланысты сынау түрлерін жазып алу.
14.Бағаланатын қасиеттеріне байланысты сынау түрлерін жазып алу.
15.Объектіге әсеретуші түрлері бойынша сынау түрлерін жазып алу.
Бақылау сұрактары:
1 Сынау дегеніміз не?
2 «Сынау түрлері »дегенімізді қалай түсінуге болады?
Ұсынылатын әдебиеттері:
1.Костылев Ю.С.,Лосицкий О.Г.Испытания продукции.М.: Издательство стандартов,1989,248с
2.Красовский П.А.Товар и его экспертиза –М.:Центр экономики и маркетинга, 1999-284с.
№ 2 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)
Тақырыбы: Сынаудың нормативті-нұсқаулық қорын оқып білу.
Сабақтың мақсаты: Сынаудың нормативті-нұсқаулық қорын оқып білу.
Сабақтың мазмұны :
1.МЕСТ 16504 құрылымы.
2.МЕСТ 8.001 құрылымы.
3.МЕСТ 8.383. құрылымы.
4.ӨӘ 675 құрылымы.
Достарыңызбен бөлісу: |