ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Дәріс 3, 4 - Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары



бет2/9
Дата14.06.2016
өлшемі3.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс 3, 4 - Мұнайдың негізгі технологиялық сипаттамалары

Дәріс жоспары:



  1. Тығыздық. Сипаттаушы фактор

  2. Молекулалық масса

  3. Температуралық қасиеттері

  4. Тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттері

  5. Мұнайдың оптикалық қасиеттері

  6. Мұнайдың электрлік қасиеттері

  7. Кризистік (шектелген) қасиеттері және жуықталған параметрлері

1. Мұнайдың және мұнай өнімдерінің тауар ретіндегі сапасы әртүрлі технологиялық параметрлермен сипатталады және бұл көрсеткіштер өте алуан. Фракциялық және химиялық құрамынан басқа негізгі көрсеткіштері:

  1. Тығыздығы;

  2. Молекулалық массасы

  3. Тұтқырлығы

  4. Температуралық сипаттамалары (тұтану, лаулау, өздігінен лаулау, қату температурасы және басқалары)

Көптеген сипаттамалары зертханалық бақылау және технологиялық процестерді реттеу үшін қолданылады, сонымен бірге мұнай көрсеткіштерінің мәндері мұнай зауыттарындағы аппараттарды есептеу үшін қажет.

Тығыздығы. Мұнай өнімдерін тиеу, тасымалдау, сақтау және тұтыну процестеріне әсер ететін негізгі сипаттамаларының бірі. Тығыздық мәні бойынша оның сапасын және бағасын айтуға болады. Әдетте мұнайдың экологиялық жасы үлкен болса, оның орналасу терендігі үлкен, тығыздығы аз болады. Құрамында арендер көп болатын мұнай фракциясына қарағанда парафинді мұнайдан алынған фракцияның тығыздығы аз болады. Мұнайдың қайнау температурасы жоғарлаған сайын және онда ароматты көмірсутектер қатарының болуымен тығыздығы жоғарлайды. Мұнайдың тығыздығы оның химиялық құрамына тәуелді. Берілген температурада тығыздықты анықтау – мұнай құрамын анықтау процесіндегі кең таралған әдістердің бірі. Көптеген мұнай үшін тығыздық 0,80-нен 0,90-ға дейін болады. Тұтқырлығы жоғары шайырлы мұнайдың тығыздығы бірге жуық. Мұнай өңдеуге мұнай өнімдерінің физика химиялық қасиеттерін анықтауда салыстырмалы немесе меншікті тығыздық қолданылады. Меншікті тығыздық  t1 температурада дене массасының t2 температурада судың сол көлемінің массасына қатынасы тең. Салыстырмалы тығыздық 200С-да алынған мұнай өнімдерінің тығыздығының 40С-тағы судың тығыздығына қатынасымен анықталады. Себебі 1 см3 су 40С-та 1,0г тең, сонда .

Алайда тығыздықты керек температурада өлшеуге болады. Онда салыстырмалы тығыздықты мына формуламен есептейді:  (1), мұндағы  - 200С-тағы мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы,  - берілген t температурадағы мұнай өнімінің салыстырмалы тығыздығы; -температура 1С0-қа өзгергендегі тығыздықтың өзгеруін түзету шамасы.

Кейбір есептеулерде тығыздықтың  мәнін қолданады.  ны -ке қайта есептеу үшін мына формуланы қолдануға болады: .

Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Тығыздықты ареометрмен, Мор Вестораль гидростатикалық таразысымен немесе дәлірек пикнометрлік әдіспен анықтайды.



Сипаттаушы фактор. Бұл шартты параметр мұнай өнімінің табиғатын бейнелейтін орташа молярлық қайнау температурасы (Торт.мол) мен тығыздығының функциясын білдіреді:

Мұндағы Ксипаттаушы фактор; Торт.мол – мұнай өнімінің орташа молярлық қайнау температурасы, К; - 15С температурадағы мұнай өнімі мен судың салыстырмалы тығыздығы.

Мұнай өнімінің орташа молярлық қайнау температурасы (Торт.мол, К) деп фракцияның қайнауы басталған және аяқталу арасындағы орташа температураны айтады.

Кейбір мұнай өнімдерінің сипаттаушы факторларының орташа мәні:

Парафинді мұнай өнімдері . . . . . . . . . . . . . . . . 12,5-13,0

Нафтенароматты . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10,0-11,0

Ароматталған . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10,0

Крекинг өнімдері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .10,0-11,0

Сипаттаушы фактор мәні (кейде Ватсонның парафинділік факторы деп аталады) әдетте тар мұнай фракцияларының молекулалық массасын одан әрі есептеу үшін қолданылады.

2. Мұнай және мұнай өнімдері жеке көмірсутектер мен басқа да қосылыстардың қоспасын білдіреді, сондықтан да олар орташа молекулалық массамен сипатталады. Көптеген мұнайлардың орташа молекулалық массасы 250-300 кг/кмоль-ге тең. Сұйық көмірсутектердің бірінші өкілі – пентан С5Н12 – молекулалық масасы 72 кг/кмоль. Молекулалық массасы жоғарылау мұнайдың гетероатомды қосылыстарының және оның жоғары тұтқырлы фракцияларының молекулалық массасы 1200-2000 кг/кмоль-ді құрайды. Неғұрлым фракциялардың орташа қайнау температурасы жоғары болған сайын, соғұрлым молекулалық массасы үлкен.

Қайнау аралықтары бірдей, бірақ әртүрлі мұнайлардан алынған фракциялардың молекулалық массалары өзара жақын. Сондықтан да көптеген жағдайларда 1 кестеде келтірілген эксперименттік мәндерді қолдануға немесе молекулалық массаны Б.П. Воинов формуласымен есептеп табуға болады:



Морт = 60 + 0,3Торт.мол+0,001Т2орт.мол

мұндағы Морт фракциялардың молекулалық массасы; Торт.мол – эксперимент жүзінде және арнайы графикпен анықталатын ашық түсті мұнай дистилляттарының орташа молярлық қайнау температурасы, К.

Дәлірек нәтижелерді сипаттаушы фактор К ескеріп шығарылған Воинов-Эйгенсон формуласы береді:

Морт =7К– 21,5+(0,76-0,04К)Торт.мол+(0,0003К-0,00245)Т2орт.мол

мұндағы Морт фракциялардың молекулалық массасы; Торт.мол –мұнай дистилляттарының орташа молярлық қайнау температурасы, К; К – сипаттаушы фактор.


1 кесте - Мұнай фракцияларының молекулалық массалары (фракциялау адымы 50С)

Фракция

Морт

Фракция

Морт

Фракция

Морт

Фракция

Морт

50-100

90

200-250

155

350-400

260

500-550

412

100-150

110

250-300

187

400-450

305

550-600

480

150-200

130

300-350

220

450-500

350






Тағы Крэг формуласымен өрнектелетін салыстырмалы тығыздыққа молекулалық массаның тәуелділігі шығарылды:



мұндағы - 15С температурадағы мұнай өнімі мен судың салыстырмалы тығыздығы.



Молекулалық массаны эксперимент жүзінде анықтағанда криоскопиялық және эбулиоскопиялық әдістерді пайдаланамыз. Еріген заттың молекулалық массаны анықтаудың крископиялық әдісі ерітіндінің қату температурасының төмендеуін таза еріткіштің қату температурасымен салыстыруға негізделген. Таза еріткіш ретінде бензолды қолданамыз. Еріген заттың молекулалық массаны анықтаудың эбулиоскопиялық әдісі таза еріткіштің қайнау нүктесі температурасымен салыстырғанда ерітіндінің қайнау нүктесі температурасының артуына негізделген.

3. қату, лайлану, кристалдану температуралары. Суыту кезінде құрылым түзілуі, тұнба түсуі жағымсыз процесс. Себебі, мұнай құбырлары бітеледі, автодвигатель бұзылады. Кристалдану көптеген кристалдық орталар түзілуінен басталады. Молекулалық масса және қайнау температуралары артқан сайын көмірсутектердің кристалдану температуралары да артады. Симметриялы көмірсутектердің кристалдану температуралары жоғары болады. Тармақталған көмірсутектер кристалданбай аморфты күйге көшеді. Кристалдану кезінде мұнай өнімдері лайланады. Ұсақ кристалдың «бұлттар» түзілуі лайлану мезгілі деп аталады. Ал температура лайлану температурасы деп аталады. Қату температура - пробиркада суытылатын мұнай өнімін 45-қа бұрғанда деңгейі өзгермейтін температура.

Ұшқындану, тұтану және өздігінен тұтану температуралары. Ұшқындану температурасы мұнай өнімі мен ауа қоспасын сырттан тұтану көзін енгізгенде (ұшқын, жалын) ұшқындану пайда болатын минимальді температура. Ұшқындану әлсіз қопарылыс. Тұтану температурасы мұнай өнімінің буына сырттан тұтану көзін енгізгенде тұрақты өшпейтін жалын түзілетін минимальді температура. Ол ұшқындану температурасынан бірнеше оңдыққа артық болады. Өздігінен тұтану температурасы мұнай өнімінің буы ауамен сыртқы тұтану көзінсіз өзінен өзі тұтанатын минимальді температура. Бұл ұшқындану температурасынан бірнеше 100 жоғары болады. Ұшқындану температура қайнау температурасына тәуелді:  (9), k=0,736. Бұл формула жеке көмірсутектерге арналған.

4. Тұтқырлық қозғалтқыштар, машиналар мен механизмдерді пайдаланған жағдайда мұнай өнімдерінің қозғалғыштығын анықтайды, тасымалдағанда, сүзгілегенде, араластырғанда энергия шығынына елеулі әсер етеді. Динамикалық (), кинематикалық () және шартты (ВУ) тұтқырлыққа бөлінеді.

Шартты тұтқырлық дегеніміз вискозиметрден сынақ температурасында 200 мл сыналатын мұнай өнімінің ағып өту уақытының 20С-да 200 мл дистилденген судың ағып шығу уақытына қатынасын айтады. Шартты тұтқырлық – бұл салыстырмалы, өлшемсіз шама және шартты градуспен өрнектеледі.

Динамикалық тұтқырлық сұйықтықтың физикалық қасиеттеріне тәуелді. Мұнай өңдеуде сан түрінде мұнай өнімінің динамикалық тұтқырлығының оның тығыздығына қатынасына тең =/ кинематикалық тұтқырлық кеңінен қолданылады. Динамикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – Пуаз (П) немесе СИ - Пас, мұндағы с – секунд түріндегі уақыт, Па – Паскаль (Па = н/м2, мұндағы н – Ньютон, м2 – прибор капиллярының қимасы). Олардың арасындағы қатынас: 1 П = 10-1 Пас. Кинематикалық тұтқырлықтың өлшем бірлігі – стокс (Ст) немесе СИ жүйесінде – м2/с. Олардың арасындағы қатынас: 1 Ст = 10-4 м2/с.

Шартты (ВУ) және кинематикалық тұтқырлық () шамалары арасында келесі эмпирикалық тәуелділік бар:

Кинематикалық тұтқырлық 1 ден 120 сСт болатындар үшін:

17,24ВУ1 -

ал кинематикалық тұтқырлық 120 сСт дан жоғары болатындар үшін:

17,24ВУ немесе ВУ10,1351

мұндағы t – мұнай өнімдерін сынау температурасы, 0С; 1 – мұнай өнімдерін сынау температурасындағы кинематикалық тұтқырлық, сСт (1 сСт  10-2 Ст).

Күрделі қоспалар болып келетін мұнай және мұнай өнімдері үшін тұтқырлық олардың химиялық құрамының, молекулалық массасының функциясы болып табылады, және молекулааралық әрекеттесу күшімен анықталады. Мұнай фракцияларының қайнау температуралары неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым тұтқырлығы жоғары болады. Бензиндер үшін кинематикалық тұтқырлық 200С температурада 0,6 сСт құрайды, ауыр майлар үшін 300-400 сСт арасында болады. Әртүрлі кен орындарынан алынған мұнайлар кинематикалық тұтқырлықтары 2 ден 300 сСт дейінгі аралықта болады, және көпшілік мұнайлар үшін 40-60 сСт аспайды.

Жоғары молекулалық көмірсутектердің тұтқырлықтарын анықтау бойынша әртүрлі зерттеулер мәліметтерін талқылай отырып келесі қорытындыларды жасауға болады:


  • молекуланың бірдей құрылымдарында нафтенді сақиналардың болуы көпшілік жағдайда (және кейде едәуір шамада) ароматты сақиналармен салыстырғанда (50 – мұнай өнімдерін 500С, сП І сП 10-2 П сынау температурасындағы динамикалық тұтқырлық) тұтқырлықты жоғарылатады;

  • молекуладағы циклдар саны жоғары болған сайын, тұтқырлық жоғары болады;

  • күрделі көмірсутектердің молекулаларында бірдей сақина санында бүйірлік парафиндік тізбектер саны жоғары болған сайын тұтқырлық жоғары болады;

  • бүйірлік тізбектердің тармақталуы өз кезегінде тұтқырлықты арттырады.

Тұтқырлық температураға тәуелді болады, сондықтан әруақта температура көрсетіледі. Мұнай өнімдері үшін жасалған техникалық талаптарда тұтқырлық әдетте негізінен 50 және 1000С температураларда нормаланады.

Мұнай майларының тұтқырлықты-температуралық қасиеттерін бағалау үшін тұтқырлық индексі ұсынылған: 500 және 1000С температуралардағы тұтқырлық қатынасы () және т.б. Тұтқырлық индексі (ТИ) – шартты көрсеткіш, ол сыналушы май және эталондық май салыстырмалы сипаттамасы болып табылады. Тұтқырлық индексі мәні майлар 50 және 100 мәндері негізінде құрастырылған арнайы кесте бойынша есептеледі. Температура өзгерген сайын тұтқырлық мәні аз өзгеретін болса, солғұрлым оның ТИ жоғары болады. Тұтқырлық индексі майдың химиялық құрамына және көмірсутектердің құрылымына байланысты екендігі анықталған. Тұтқырлық индексінің ең жоғарғы мәніне парафинді көмірсутектер ие, ал төменгі мәніне бүйірлік тізбектері қысқа полициклді ароматты көмірсутектер ие.

Тұтқырлық аддитивті емес қасиет және мұнай дистиляттары қоспасы немесе майлар үшін экспериментальды немесе арнайы номограммалар бойынша анықталады.

5. Мұнайдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау үшін арналған талдаулардың химиялық әдістеріне қосымша түсі, сыну көрсеткіші, оптикалық активтілігі сияқты оптикалық қасиеттерді пайдаланады. Бұл көрсеткіштер кейбір мұнай өнімдері үшін жасалған ГОСТ-ға енгізілген. Одан басқа, оптикалық көрсеткіштері бойынша мұнай өнімдерінің тазалану тереңдігі, мұнайдың жасы және табиғаты туралы білуге болады.

Мұнайлардың түсі бір кен орны шегінде өзгереді. Жалпы таралған пікірлер бойынша мұнай үнемі қара түсті бола бермейді. Сонымен бірге «ақ» және «қызыл» түсті мұнайлар болады. «Ақ» мұнай – мөлдір, кіші тұтқырлықтағы түссіз сұйықтық және қағида бойынша газоконденсатты табиғатты болып келеді. «Қызыл» мұнай тығыздау, және ол бензин-керосинді фракцияларға бай келеді. Мұнайлардың барлық түсті гаммаларын Бакуде Сарухан кен орындарынан кездестіруге болады. Онда 200 м тереңдікте «ақ» мұнай, тығыздығы 0,782 г/см3; ал 420 м тереңдікте «қызыл» мұнай, тығыздығы 0,810 г/см3; және одан да тереңдікте мұнайдың түсі қоңырдан қараға дейін жетеді. Мұнай және мұнай өнімдеріне түсті олардың құрамындағы жоғары молекулалық заттар, яғни құрамында көміртегі, сутегі, оттегі, күкірт, азот және металдар бар заттар береді. Әдетте мұнай және мұнай өнімдері неғұрлым ауыр болған сайын олардың құрамында жоғарыда аталған заттар көп және түсі қара болады.

Оптикалық активтілік. Мұнай және оның фракциялары оптикалық активті заттар болып табылады. Оптикалық активтілік дегеніміз заттардың олар арқылы жазықполяризацияланған жарықты өткізген кезде поляризация жазықтығының бұрылуын тудыруы болып табылады.

Сыну көрсеткіші ортаның оптикалық тығыздығын сипаттайды және мұнай және мұнай өнімдерінің топтық көмірсутектік құрамы туралы білуге, сонымен қатар тығыздық және молекулалық массамен бірге алғанда – мұнай фракцияларының құрылымдық-топтық құрамын есептеуге мүмкіндік береді. Сыну көрсеткіші немесе рефракция коэффициенті, және тығыздық дербес заттардың маңызды физикалық константасы болып табылады. Олардың көмегімен мұнайдан синтезделген немесе бөлінген заттар тазалығы анықталады.

Сыну көрсеткішінің шамасы жарық екі ортасының шекарасына берілетін толқын ұзындығына және ортаның температурасына байланысты болады. Сондықтан сыну көрсеткішінің символында аталған екі көрсеткіш те көрсетілуі тиіс. Көпшілік жағдайда n20D: бұл 200С температурада натрийдің сары сызығы үшін арналған сыну көрсеткіші (толқын ұзындығы λ0589 ммк). Анықтау күн жарығында немесе шаммен жарығымен натрий буын арнайы приборларда қыздыру арқылы жүргізіледі, приборлар ретінде дәлдігі 0,0001 рефрактометрлер қолданылады. Анықтау дәлдігі үлкен маңызға ие, себебі әртүрлі көмірсутектердің сыну көрсеткіштері бір – біріне жақын шамада болып келеді (кесте 1.3).



1.3 кесте - Әртүрлі кластың кейбір көмірсутектерінің сыну көрсеткіштері

Молеку-ладағы көміртек атомы саны

Алкандар

Алкендер

Цикландар

Ароматты

Көмір-сутек



Көмір-сутек



Көмір-сутек



Көмір-сутек



С5

пентан

1,3575

Пентен-1

1,3715

Цикло-пентан

1,4065

-

-

С6

гексан

1,3749

Гексен-1

1,3879

Цикло-гексан

1,4262

бензол

1,5011

С7

гептан

1,3876

Гептен-1

1,3998

Метил-цикло-гексан

1,4230

толуол

1,4969

С8

октан

1,3974

Октен-1

1,4087

Этил-цикло-гексан

1,4330

Этил-бензол

1,4959

С9

нонан

1,4054

Нонен-1

1,4157

Пропил-цикло-гексан

1,4371

Пропил-бензол

1,4920

С10

декан

1,4119

Декен-1

1,4217

Бутил-цикло-гексан

1,4408

Бутил-бензол

1,4898


6. Мұнай өнімдерінің маңызды электрлік қасиеттері болып электр-өткізгіштігі және диэлектрлік өткізгіштігі есептеледі.

Таза (сусыз) мұнай және мұнай өнімдері диэлектрліктер (яғни, оқшаулағыштар) – электр тогын өткізбейтін заттар болып табылады. Оларды кабельдер үшін электр-оқшаулағыш материалдар, трансформаторлар үшін қорғағыш құймалар және т.б. ретінде қолданады. Сұйық диэлектриктердің өткізгіштігі ылғал мөлшері және температураға байланысты болады. Мұнай өнімдерінің диэлектрлік өткізгіштігінің салыстырмалы мәні (ε) 2 шамасында, яғни шыны (ε7), фарфор (ε5-7), мрамор (ε8-9) оқшаулағыштардан 3-4 есе аз болып келеді. Сусыз, таза мұнай өнімдерінде электрөткізгіштік елеусіз: 2х10-10 нан 0,3х10-18 1/(Ом*см) (парафин). Электрөткізгіштігі төмен болуы салдарынан парафин радиотехникада таптырмайтын оқшаулағыш болып табылады.

Мұнай өнімдері құбырлар қабырғаларына үйкелген кезде туындайтын электрлік зарядттарды аккумуляциялауға (жинақтау) қабілетіне ие. Кейбір шарттарда электрлік зарядтар ұшқындар тудырып және мұнай өнімдерінің балқуына алып келуі мүмкін, және ол өз кезегінде өрттерге және жарылыстарға алып келеді. Статикалық электр зарядының жинақталуымен күресудің сенімді тәсілі болып аппаратуралардың, сораптардың, құбырлар-дың және т.б. барлық жерлерін жермен байланыстыру есептеледі.

7. Заттардың кризистік қасиеттеріне кризистік температура (Ткр), кризистік қысым (Ркр) және кризистік молдік көлем (Vmкр) жатады.

Кризистік температура (Ткр) – бұл заттардың сұйық және газ тәрізді күйі арасындағы айырмашылық жоғалатын, яғни сұйықтық бумен тепе-тең күйде болуы мүмкін ең жоғары температура. Кризистік температурада зат заттың екі әртүрлі фазалары барлық қасиеттері жағынан мәндес болып келетін кризистік күйге өтеді. Кризистік температурадан жоғары жағдайда газ немесе түзілген бу ешқандай қысым әсерінен сұйылтыла алмайды.

Кризистік қысым (Ркр) – кризистік температурадағы химиялық заттардың қаныққан буларының қысымы.

Кризистік молдік көлем (Vmкр) – кризистік температура мен қысымда зат иеленетін молдік меншікті көлем, см3/моль.

Бір компонентті жүйе (таза зат( жағдайында кризистік күй тек «сұйық – бу» тепе-теңдігі үшін мүмкін. Таза зат кризистік күйде үш кризистік параметрлермен сипатталады: кризистік температура (Ткр), кризистік қысым (Ркр) және кризистік молдік көлем (Vmкр). Мысалы, су үшін Ткр = 647,3К, Ркр = 22,13 МПа, Vmкр = 54,88 см3/моль. Екі компонентті жүйеде кризистік күй төрт параметрлермен сипатталады: температура, қысым, молдік немесе меншікті көлем және молдік немесе массалық үлес.

Кризистік көлем (Vmкр) – кризистік температура мен қысымда зат иеленетін меншікті көлем:


мұндағы Vкр – кризистік көлем, см3/г; Vmкр – кризистік температура мен қысымда зат иеленетін молдік меншікті көлем, см3/моль; М – заттың молекулалық массасы, г/моль.

Жуықталған параметрлерді келесі түрде есептейді:

;
мұндағы Тпр, Рпр, Vпр тиісінше заттың жуықталған температурасы, қысымы және көлемі; Ткр, Ркр, Vкр тиісінше заттың кризистік температурасы, қысымы және көлемі; Т, Р, V – тиісінше заттың температурасы, қысымы және көлемі.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: Тығыздық, сипаттаушы фактор, молекулалық масса, температуралық қасиеттері, тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттері, оптикалық қасиеттері, электрлік қасиеттері, кризистік қасиеттері және жуықталған параметрлері

Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Мұнайдың тұтқырлық және тұтқыр-температуралық қасиеттерін сипаттаңыз

  2. Шартты және динамикалық тұтқырлық деген не

  3. Мұнайдың оптикалық қасиеттерін сипаттаңыз

  4. Мұнайдың электрлік қасиеттерін атаңыз

  5. Тығыздық, салыстырмалы тығыздық дегеніміз не

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Г.К. Бишімбаева, А.Е. Букетова. Мұнай және газ химиясы мен технологиясы. – Алматы.: Бастау, 2007. 21-34 б.

  2. Ахметов С.А. Технология глубокой переработки нефти и газа. Уфа: Гилем, 2002. С. 91-103.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> «Dream Wiver және Front Page негізінде желілік ресурстар жасау»
umkd -> «Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umkd -> 5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> «шетел тарихнамасының жаңа бағыттары»
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әдістемесі»
umkd -> Жұмыс бағдарламасы Дәрістер конспектісі Практикалық және семинарлық сабақтар Зертханалық практикум
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umkd -> Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет