ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік материалы


-таќырып. Ќұстардың жеке мүшелер жүйесінің ќұрылыс ерекшеліктері мен тіршілік єрекеттері



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
#140109
1   2   3   4   5   6

17-таќырып. Ќұстардың жеке мүшелер жүйесінің ќұрылыс ерекшеліктері мен тіршілік єрекеттері.
Тері жабыны мен оның ќосалќы бөлімдері. Ќұстардың терісі жұќа єрі тері бездері нашар дамыған. Терінің эпидермис ќабатынан мүйізді түзілістер (үстіңгі, астыңғы тұмсыќтар, түрлі ќауырсындар) пайда болған. Ќауырсындары – жабын, ќағушы, бағыт беруші т.б. деп бөлінеді. Жабын ќауырсындардың мүйізді өзегін, ќаламшасын, желпуіштерін (бірінші реттік және екінші реттік) ажыратады.

Бұлшыќеттері көбірек жіктелген. ¦шуына байланысты төссүйегінде кеуде және бұғанаасты бұлшыќеттері, артќы аяќтарындағы бұлшыќеттер өте жаќсы дамыған.

Ќаңќасы. Омыртќа жотасы 5 бөлімге (мойын, арќа, бел, сегізкөз және ќұйрыќ) айќын бөлінген. Төссүйегі жалпаќ, ұшатын ќұстарда оның ќыры (киль) болады. Бассүйегінің ќұрылысы жорғалаушыларға ұќсас. Артќы аяќтарында толарсаќ және табан сүйектері ќосылып жіліншікке айналған. Сираќтарындағы шыбыќ сүйегі ќалдыќ түрінде ғана саќталған.

Асќорыту жүйесі. Жаќ сүйектерінің сырты тұтас мүйізді таќташалармен ќапталған, тістері болмайды. Сілекей бездері түрліше дамыған. ¤ңеші ұзын және оның кеңейген бөлімі – жемсау деп аталады. Жемсау жыртќыш ќұстарда тауыќтектестерде, кептертектестерде жаќсы дамыған. Ќарыны безді және етті ќарын деп 2 бөлімге бөлінген. Аш ішегі едеуір ұзын. Тоќ ішегінің соңғы бөлімі тік ішек деп аталады, ол тікелей клоакаға ашылады. Тоќ ішегінің арќа тұсында ішкі секреция бездерінің рөлін атќаратын тұйыќ өскін – фабрициев ќалтасы болады. Бауыры үлкен, єрі екі ќалаќты. Көпшілік ќұстарда өтќабы болады (кептерде болмайды).

Тынысалу жүйесі. Көмекей тесігі тікелей кеңірдекпен байланысќан. Ќұстарда жоғарғы және төменгі көмекей болады. Төменгі көмекей кеңірдектің екі бронхыға бөлінген жерінде орналасќан, ол дыбыс шығару ќызметін атќарады. Бронхының ұсаќ тұйыќ өскіндері ауа ќапшыќтарын ќұрайды. ¤кпесі тығыз борпылдаќ денеге ұќсас. Ауа ќапшыќтарындағы ауаның көлемі өкпеден 10 есе көп. Ауа ќапшыќтары – екі мойын, бір бұғанааралыќ екі-үш жұп кеуде және бір жұп үлкен ќұрсаќ ауа ќапшыќтары деп бөлінеді. ¦шќан кезде ќан оттекпен екі рет тотығады.

Ќан айналымы. Жүрегі толыќ 4 камералы. Артерия және вена ќаны араласпайды. Сол жаќ ќарыншадан бір ғана оң жаќ ќолќа доғасы басталады. Оң жаќ ќарыншадан өкпе артериясы басталады. Екі ќанайналу шеңбері бар.

Жүйке жүйесі. Мидың көлемі үлкен. Алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары өте жаќсы дамыған. Мишығы да жаќсы дамыған. Аралыќ мидың үстіңгі жағында – эпифиз, ал астыңғы жағында – гипофиз орналасќан.

Сезім мүшелері жорғалаушыларға ұќсас. Ортаңғы ќұлағында бір ғана үзеңгі сүйегі болады.

Зєр шығару жүйесі де жорғалаушыларға ұќсас. Біраќ ќұстарда ќуыќ болмайды.

Жыныс жүйесі: мекиендерінде тек сол жаќ аналыќ без және сол жаќ жұмыртќа жолы дамыған, ал оң жаќ аналыќ без, оң жаќ жұмыртќа жолы жойылған.
Ќұстардың жеке жүйелік топтарына сипаттама.
Ќұстар класының жіктелуі. Нағыз ќұстар (желпіуіш ќұйрыќты) ќұстар класс тармағы. Ќырсызтөстілер, пингвиндер отряд үсті.

Ќұстар класы 2 класс тармағына бөлінеді:

І. Ертедегі ќұстар (археоптерикстер).

ІІ. Ќазіргі ќұстар. Ол 4 отряд үстіне бөлінеді:

1. Тісті ќұстар (ихтиорнистер, гесперорнистер).

2. Ќырсызтөстілер (түйеќұстар).

3. Пингвиндер

4. Кєдімгі ќұстар.

Ќазіргі кезде ќұстардың 8600-дей түрі белгілі. Олар єртүрлі экологиялыќ орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Ќазір ќұстарды жүйелеп жіктеуде ДНЌ молекуласының ұќсастығына ерекше көңіл бөлінеді.



Ќырсызтөстілер (түйеќұстар) отряд үсті. Бұған жататын ќұстар ұшпайды. Оның есесіне ќұрлыќта жаќсы жүруге бейімделген. Төссүйегі шағын, єрі оның ќыры болмайды. Саусаќтарының саны түрліше, африка түйеќұсында (страуста) – екеу, кивиде – төртеу, ќалғандарында үшеу.

Ќырсызтөстілер отряд үсті жеке 5 отрядќа бөлінеді: 1. Африка страустары (бір ғана түрі бар); 2. Америка түйеќұстары (нандулар), - екі-үш түрі бар. 3. Австралия түйеќұстары (казуарлар) – эму және казуардың бірнеше түрі бар. 4. Ќанатсыз түйеќұстар (кивилер) – үш түрі бар. 5. Тинамутектестер (жасырынќұйрыќтылар) – 47 түрі бар.


Пингвиндер (жүзетін) отряд үсті. Бұған бір ғана пингвинтектестер отряды жатады. Оның 15 түрі оңтүстік жарты шардағы теңіздерде таралған. Пингвиндердің алдыңғы аяќтары ескекке айналған. Ќұрлыќта денесін тік ұстап баяу ќозғалады. Төссүйегінің ќыры біршама жаќсы дамыған. Денесі тығыз ќауырсындармен ќапталған. Пингвиндер моногамды ќұстар (бір аналығы бір аталығы жұп ќұрып тіршілік етеді). Пингвиндердің ең ірілері – император, король пингвиндері деп аталады. Император пингвинінің бойының биіктігі 110-120 см., салмағы 45- 50 кг. Антрактиданың жағалауында таралған. Ірі жұмыртќасын саусағының үстінде ұстап, ќұрсағындағы терілі ќатпарымен жауып тұрады. Король пингвині император пингвинінен кішілеу, оның бойының ұзындығы 90-95 см. Аделия пингвинінің саны көп, єрі кеңінен таралған түр. Ол ұясын ќұрлыќтағы ойыс жерлерге салады. Алтыншашты пингвинінің - көзінің үстіңгі жағында алтын түсті шоќ ќауырсыны болады. ‡нді, Атлант мұхиттарының оңтүстік бөлігінде таралған. Көзілдірікті (африка) пингвин Африканың оңтүстік-батыс жағалауында кездеседі. Галапагосс пингвинінің денесі шағын, бойының ұзындығы 50 см. –дей. Пингвиндердің кєсіптік мєні жоќ.
18-таќырып. Кєдімгі ќұстар отряд үстіне жалпы сипаттама. Кєдімгі ќұстар отряд үстінің жеке отрядтарына жалпы шолу.
Кєдімгі ќұстар отряд үстіне көбіне ұшатын ќұстар жатады. Олардың төссүйегінің ќыры өте жаќсы дамыған. Сүйектері жеңіл, жабын ќауырсындарының желпуіштері тығыз. Жіліншіктері толарсаќ табан сүйектерінің тұтасып кетуінен пайда болған.

Кєдімгі ќұстар отряд үстінің негізгі отрядтары:
1. Гагартектестер отрядының бір тұќымдасының 5 түрі белгілі. Олардың бєрі де су ќұстары, жаќсы жүзеді єрі сүңгиді. Аяќтары денесінің артќы жағында орналасќан. Алдыңғы үш саусағының арасы жүзу жарғағымен байланысќан, балыќтармен ќоректенеді. Кең таралған түрі – ќара жемсаулы гагара.

2. Сұќсыртектестер отрядына 20 түрлі ќұстар жатады. Олардың 4 саусаќтарының жиегінде жеке-жеке жалпаќ терілі өскіндері болады. Суда тіршілік етіп су жєндіктерімен, ұлулармен, ұсаќ балыќтармен ќоректенеді. Жер шарында кеңінен таралған. Кеңінен таралған түрі – үлкен сұќсыр (чомга) үйрек.

3. Түтіктанаулылар отрядына мұхиттарда, теңіздерде тіршілік ететін 100-ден астам ќұстардың түрлері жатады. Танау тесіктері үстіңгі тұмсыќтың екі бүйірінде түтік тєрізді орналасќан. Алдыңғы үш саусаќтары терілі жарғаќпен байланысќан, өте жаќсы ұшады, ќанаттары сүйір єрі ұзын. Кең тараған түрі – кезеген дауылпаз.

4. Бірќазантектестер (ескекаяќтылар) отряды. Бұл отрядќа денесі ірі 60-тай түрлі ќұстар жатады.Тұмсыќтары ұзын, астыңғы тұмсығында көлемді єрі ќауырсынсыз терілі ќапшығы болады. Топтанып ұя жасайды, моногамды. Кеңінен тараған түрлері - бұйра және ќызғылт бірќазандар. Екі тұќымдасы (бірќазандар және бакландар) бар.

5. Делегелектектестер отряды. Дене мөлшері єртүрлі, көбіне ірі ќұстар. Олардың 120-дай түрі бар. Тұмсыќтары, мойны, аяќтары ұзын. Сираќтарының төменгі шетінде және жіліншектерінде ќауырсыны болмайды. Ќызылшаќа балапан шығарады. Дегелектер тұќымдасының кең тараған түрлері - аќ және ќара дегелектер. Ибистер тұќымдасының кең тараған түрлері - ќарабай және ќалбағай. Ќұтандар тұќымдасына жататын ќұстардың көпшілік түрлері топтанып тіршілік етеді. Кең тарған түрлері – сұр ќұтан, үлкен аќ ќұтан және т.б.
19- таќырып. Ќазіргі ќұстардың жеке отрядатрына сипаттама.

6. Ќоќиќазтектестер отряды.

Бұл отрядќа мойны, аяќтары ұзын ќұстар жатады. Тұмсыќтарының түбі дөңес, ал ұшы төменге ќарай иілген. Топтанып тіршілік етеді. 6 түрі бар. Кеңінен тараған түрі - ќызғылт ќоќиќаз (ќызыл ќанат). Ќазаќстандағы Ќорғалжын ќорығы – ќоќиќаздар мекені деп аталады. Балапандары шираќ. 5-6 жылда жыныстыќ жетіледі.



7. Ќазтектестер отряды. Бұл отрядќа дене пішіні єртүрлі (200 граммнан 10 кг. дейін) ќұстар жатады. Тұмсыќтары жалпаќ єрі жиектері араның тісшелеріндей тілімденген. Алдыңғы үш саусағының арасы жүзу жарғағымен байланысќан. Ќұймышаќ бездері жаќсы дамыған. Балапандары шираќ 150-ден астам түр бар. Жер шарында кеңінен таралған. 2 отряд тармағы (паламедийлер және нағыз ќазтектестер) бар.

‡йректер тұќымдасының түрлері кеңінен таралған. Оған ќаздар, аќќулар, өзен үйректері жатады. Ќаздардан – сұр ќаз, ќұрғаќ тұмсыќты ќаз кең аймаќтарда кездеседі. Аќќулардан - кіші аќќу, сыбырлаќ аќќу, сұңќылдаќ аќќу көптеген су айдындарында таралған. Сүңгуір үйректерден – гага үйрегінің ќауырсының кєсіптік мєні зор.



8. Сүңќартектестер (күндізгі жыртќыш ќұстар) отрядына Жер шарында кеңінен таралған 290 түрлі ќұстар жатады. Дене мөлшері єртүрлі, көпшілігі ірі болады. Олар түрлі экологиялыќ ортада тіршілік етуге бейімделген. Тұмсыќтары төмен ќарай иілген, саусаќтарындағы тырнаќтары үшкір. Ќауырсыны тығыз, мекиендері ќораздарынан ірі болады. Жемсауы айќын байќалады.

2 отряд тармағы бар: а) Америка тазќаралары. є) Сұңќаралар. Америка тазќараларының белгілі түрі – анд кондоры, дене тұрќы 12 кг, ќанаттарының шалымы 3 метрге жетеді. Сұңќарлардың кең тараған тұќымдасы – ќаршығалар. Оған – ќұландындар, ќаршығалар, ќараќұстар, бүркіттер, жамансарылар жатады. Сұңќарлар тұќымдасының көп тараған түрлеріне - лашын, аќсұңќар, ќырғи, ителгі, тұрымтай, жағалтай т.б. жатады. Африканың хатшы ќұстар тұќымдасына бір ғана - хатшы ќұс жатады. Балыќшы тұйғын өз алдына жеке тұќымдас.



20-таќырып. Кєдімгі ќұстардың жеке отрядтарына сипаттама.

9. Тауыќтектестер отряды. Бұл отрядќа ќұрлыќта, ағаш басында тіршілік етуге бейімделген басќа ќұстардан өзіндік ерекшеліктері бар 250-дей ќұстардың түрі жатады. Денесі тығыз, ќанаттары ќысќа єрі доғалданып келген. Саусаќтары жаќсы дамыған (ұзын єрі жуан). Олар полигамды ќұстар. Балапандары шираќ, єрі өсімтал. Көп түрінің кєсіптік мєні бар. Олар 2 отряд тармағына бөлінеді: 1. Тауыќтар. 2. Гоациндер. Тауыќтар отряд тармағының түрлері көп аймаќтарда кеңінен таралған. Негізгі тұќымдастары – ќоќыс тауыќтары, ќұрлар, ќырғауылдар, мысыр тауыќтары, күркетауыќтар. Гоациндер отряд тармағына бір ғана – гоацин деген түр жатады. Ол Оңтүстік Американың тропикалыќ ормандарында таралған. Нашар ұшады, төссүйегінде ќыры жетілмеген. ¤те жаќсы жетілген жемсауы етті ќарынның ќызметін атќарады. Ағаш басында жүргенде тұмсығын пайдаланады. Балапандарының ќанаттарының бірінші және екінші саусаќтарының ұшында тырнағы болады. Тырнаќтарының көмегімен ағашта өрмелейді.

10. Тырнатектестер отряды. Дене тұрќы ірі, тұмсыќтары, мойны, аяќтары ұзын ќұрлыќта жаќсы жүгіретін ќұстар. Олардың 200-ге жуыќ түрі бар. Көпшілігінің кеңірдегі ұзын, олар батпаќты жерлерде, далалы өңірлерде таралған. Нағыз тырналар тұќымдасына – сұр тырна, аќбас тырна, аќ тырна (стрех) т.б. жатады.

Татарлар тұќымдасына дене тұрќы орташа ұсаќ ќұстардың 120 түрі жатады. Көпшілігі су жағалауында, батпаќты жерлерде кездеседі. Далалы жерлерде дуадаќтар тұќымдас тармағына жататын – безгелдек,жорға дуадаќ, кєдімгі даудаќ таралған.



11. Татреңтектестер (ржанкообразные) отряды. Бұл отрядќа дене тұрќы єртүрлі 300 түрлі ќұстар жатады. Көпшілігі су ќұстары. Олар 3 отряд тармағына бөлінеді: а) шағалалар; є) чистиктер; б) балшыќшылар. Шағалалар отряд тармағына су ќұстары жатады. Олардың негізгі тұќымдастары: шағалалар, поморниктер, ќарќылдаќтар. Чистиктер отряд тармағына – балтатұмсыќтылар, кайрлар, чистиктер жатады. Балшыќшылар отряд тармағына – тауќұдыреттер, татреңдер және т.б. жатады.

12. Кептертектестер отряды. Бұл отрядќа дене тұрќы орташа, шағын жаќсы ұшатын ќұстар жатады. Оның 2 отряд тармағы бар: а) кептерлер; є) бұлдырыќтар. Кептерлердің жемсауы жаќсы дамыған. Балапандары ќызылшаќа. Көпшілік түрі ормандарда кездеседі. Ал, бұлдырыќтар далалы, шөлейтті жерлерде таралған. Кең таралған түрлері – аќќұрсаќты және ќараќұрсаќты бұлдырыќтар және кезќұйрыќ (саджа).

13. Тотыќұстектестер отряды. Дене тұрќы орташа, шағын 325 түрлі орман ќұстары, көбіне тропикалыќ, субтропикалыќ аймаќтарда таралған. Тұмсыќтары доғал єрі өткір. Кеңінен тараған түрлері: ара - (Оңтүстік Америкада), айдарлы какаду - (Австралияда), сұр жако - (Африкада), кеа (нестор) тотыќұсы - (Жаңа Зеландияда).

14. Көкектектестер отряды. Ормандар мен бұталы жерлерде 130 түрі кездеседі. Көпшілігі тропикалыќ ормандарда таралған. Көп түрлері ұя салмай жұмыртќаларын басќа ќұстардың ұясына салады. Кеңінен тараған түрлері – кєдімгі көкек, теңбіл көкек, америка көкегі және т.б.

15. Жапалаќтектестер отряды. Ќауырсындары жұмсаќ єрі мамыќты, єрі тығыз, ұшќанда дыбысы білінбейді. Тұмсыќтары иіліп келген єрі өткір. Түнде тіршілік етуге бейімделген. Балапандары ќызылшаќа. Көп аймаќтарда кеңінен таралған түрлері – аќ жапалаќ, үкі, ќұлаќты жапалаќ, байғыз т.б.

16. Ешкіемертектестер (тентекќұстар) отряды. Бұл отрядќа дене тұрќы орташа түнде тіршілік етіп, жєндіктермен ќоректенетін ќұстар жатады. Аузы үлкен, тұмсығы өте кіші, ќауырсындары ұзын єрі үшкір. Кеңінен тараған түрі – кєдімгі ешкіемер, баќаауыз Оңтүстік Азияда, гуахаро - Оңтүстік Америкада таралған.

17. ¦зынќанаттектестер отряды. Сыртќы түрі ќарлығаштарға ұќсас, өте жылдам ұшады. Ќорегін (жєндіктерді) ұшып жүріп ұстайды. Аяќтары өте ќысќа, төрт саусағы да алға ќарай орналасќан, жерде жүре алмайды. Тұмсығы шағын, аузы үлкен. 360-тай түрі 2 отряд тармағына бөлінеді: а) ұзынќанаттар (60 түрі бар) є) колибрилер (300-дей түрі бар). ¦зынќанаттардың кеңінен таралған түрлері – кєдімгі ұзынќанат. саланган және т.б. Колибрилер - дене тұрќы өте кіші (салмағы 1,6 г. 20 граммға дейін) ќұстар. Жылдам ұшады, єрі ќанаттарын өте жылдам ќағады. Ормандарда, бұталар арасында кездеседі. Көбіне өсімдік гүлдерінің шырындарымен (нектармен) ќоректенеді. Тұмсыќтары ұзын єрі сєл иілген. Олар Оңтүстік және Солтүстік Америкада кең таралған.
18. Көгілдір ќұстар отряды. Бұл отрядќа кейбір анатомиялыќ белгілері бір-біріне (таңдайының, мойынының және т.б. ќұрылыстарына) ұќсас ќұстардың 200-дей түрі жатады. Көпшілігі тропикалыќ аймаќтарда таралған. Бірнеше отряд тармаќтарына бөлінеді: а) көгілдір ќұстар; є) зымырандар; б) боздаќтар және т.б. Көгілдір ќұстардан көбірек тараған түрлері – кєдімгі көкќарға, көгілдір зымыран, алтын түсті боздаќ т.б.

19. Бєбісектектестер отряды. Сыртќы түрі мен дене тұрќы басќа ќұстар тобынан ерекше шағын түрлер жатады. Екі отряд тармағы бар: а) бєбісектер; є) мүйізтұмсыќты ќұстар.

Бєбісектер далалы жерлерде таралған денесі шағын ќұстар. Ќауырсындары теңбіл шұбар. Клоака маңындағы безінен жағымсыз иіс шығарады. Кең тараған түрі – кєдімгі бєбісек. Басында ќауарсынды айдары болады.

Мүйізтұмсыќты ќұстардың денесі ірі Азия мен Африканың тропикалыќ ормандарында кездеседі. Жемістермен ќоректеніп, ұясын ағаштардың ќуыстарына салады.

20. Тоќылдаќтектестер отряды. Дене тұрќы ұсаќ, орташа ағаш басында тіршілік етуге бейімделген ќұстар жатады. Тұмсыќтары өте мыќты, соның көмегімен ќорегін ұстайды. Екі отряд тармағына бөлінеді: а) тоќылдаќтар; є) кєдімгі тоќылдаќтар. Тукандар тұќымдасына жататын ќұстар Оңтүстік және Орталыќ Американың тропикалыќ ормандарында таралған.

Нағыз тоќылдаќтардың екі саусағы алға, екі саусағы артќа ќарай орналасќан. Олардың кең тараған түрлері – ќара, үлкен және кіші шұбар тоќылдаќтар, үшсаусаќты және жасыл тоќылдаќтар. Тоќылдаќтар орманды зиянды жєндіктерден ќорғайды. Оңтүстік Африкада жер тоќылдағы таулардың жартасты өңірлерінде таралған.


21. Торғайтектестер отряды. Дене тұрќы және сыртќы түрі єртүрлі 5 мыңнан астам ќұстардың түрлері жатады. Ең кіші түрі – королек (5-6 г.), ең ірі түрі – ќарға (1,5 кг-дай). Көпшілік түрлері бұталарда, орманды жерлерде таралған. Балапандары шираќ, кей түрлері ќызылшаќа балапан шығарады. Олар бірнеше отряд тармағына бөлінеді: а) баќыратындар; є) жалған єнші торғайлар; б) єнші торғайлар және т.б. Кеңінен тараған тұќымдастары – ќараторғайлар, ќарлығаштар, наурызќұстар, бозторғайлар, жұмаќ ќұстар, ќарғалар, сайрауыќтар, тағанаќтар, көкшымшыќтар, сандуғаштар, ќұнаќтар, көктекелер және т.б.

21-таќырып. Ќұстардың шығу тегі мен эволюциясы. Ќұстардың шығу тегі.

Ќұстардың денесін жауып тұрған ќауырсындары жылу реттеруде негізгі рөл атќарып, олардың жылыќанды болуына єсерін тигізген. Ќазіргі гоацин ќұсының балапандары ќанаттарындағы саусаќтарының тырнаќтары арќылы ағаш басында өрмелей алатын ќабілеті бар.

¤ткен ғасырда Германиядағы юра дєуіріндегі тау жыныстарының арасынан ертедегі ќұстардың тасќа түскен таңбасы табылып, олар археоптерикс (ежелгіќұс) деп аталды. Оның көп белгілері (денесін жауып тұрған ќауырсыны, алдыңғы аяќтарының ќанатќа айналуы, ќанжар пішінді жауырыны бұғана сүйектерінің ќосылып кетуі, жамбас сүйектерінің ќұрылысы, артќы аяќтарындағы жіліншік сүйегінің болуы және т.б.) ќұстарға ұќсас. Ал, кейбір белгілері (мүйізді тұмсығының және тістерінің болуы, омыртќа жотасының ќұйрыќ бөлімінің айќын байќалуы, төссүйектің ұзынша єрі ќырсыз болуы, ќұрсаќ ќабырғаларының ќалдығы және т.б.) олардың жорғалаушылармен ұќсастығын көрсетеді.

ХХ ғасырдың соңында мезозой заманының тау жыныстарынан өте ќарапайым ќұстардың ќаңќа ќалдыќтары Аргентина, АЌШ, Испания, Монғолияда табылды. Олар протоавис деп аталады. Мезозой заманында тіршілік еткен ќұстардың ерекше топтары – ихтиорнистер мен гесперорнистер деп аталады. Олар суда тіршілік еткен. Төссүйегінде ќыры жоќ. Біраќ олардың жаќ сүйектерінде тістері болған.

Ќорыта айтќанда, ќұстардың арғы тегі мезозой заманының алғашќы дєуірінде тіршілік еткен жорғалаушылардың бір тармағы болған. Олар алғаш ќұрлыќта артќы аяќтарымен жүгіріп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен олардың алдыңғы аяќтары ќанатќа айналған. Олар ағаш басында өрмелеп, ќалыќтап ұшуға бейімделген.

22-таќырып. Ќұстардың экологиясы және мінез-ќұлығы, практикалыќ маңызы.
Ќұстар Жер шарында кеңінен таралған єрі түрлі экологиялыќ ортада тіршілік етуге бейімделген. Олардың жылыќанды болуы кеңінен таралуына жағдай жасаған.

Ќұстар тіршілігі үшін жарыќтың маңызы зор. Сондыќтан да ќұстардың көпшілік түрлері күндіз белсенді тіршілік етуге бейімделген. Күннің ұзаќтығы, температураның жоғары болуы ќұстардың тіршілігінде негізгі фактор болып саналады.



Ќұстардың экологиялыќ топтары: а) орман ќұстары – ағаш басында тіршілік етуге бейімделген. Оларға ќұстардың көптеген түрлері жатады (көкектер, тоќылдаќтар, торғайтектестер, кептерлер, тотыќұстар, колибрилер, шырынсорғыштар, ќұрлар, сұңќарлар, жапалаќтар) т.б.

є) Батпаќты-шалғынды жердің ќұстары. Олардың аяќтары, тұмсыќтары ұзын єрі жіңішке болып келеді. Саусаќтарында терілі жүзу жарғаќтары болмайды. Бұл топќа – тырналар, ќұтандар, дегелектер, балшыќшылар, ќызғыштар және т.б. ќұстар жатады.

б) Ашыќ алаңќай жердің ќұстары. Олар ќұрлыќтың ашыќ алаңќай өңірлерінде таралған. Аяќтары мыќты, жаќсы жүгіреді. Оларға – түйеќұстар, дуадаќтар, бұлдырыќтар, бозторғайлар т.б. жатады.

в) Суда жүзетін ќұстар. Саусаќтарының арасында терілі жүзу жарғағы болады. Ќауырсындары тығыз, ќұймышаќ безі жаќсы дамыған, мамыќты ќауырсыны мол болады. Оларға – пингвиндер, шағалалар, түтіктанаулылар, ќарќылдаќтар, бірќазандар, ќаздар, үйректер, аќќулар, сұќсырлар және т.б. жатады.

Ќұстардың көбеюі. Ќұстардың көбеюінде өздеріне тєн мінез-ќұлыќтар ќалыптасќан. Жұп ќұру, ұя салу, жұмыртќалау, жұмыртќасын басып шығару, балапандарына ќмќорлыќ жасау және т.б.

Ќұстардың балапан шығару ерекшеліктеріне сєйкес шираќ және ќызылшаќа балапан шығаратын ќұстар деп екі топќа бөледі. Шираќ балапан шығаратын ќұстарға – түйеќұстар, тауыќтектестер, дуадаќтар, ќазтектестер, сутартарлар т.б. жатады. Ќызылшаќа балапан шығаратын ќұстар – торғайлар, тоќылдаќтар, ұзынќанаттылар, кептерлер, колибрилер, көкќарғалар, бірќазандар, зымырандар т.б.

Ќұстар тіршілігі үшін температуралыќ жағдайлар да ерекше рөл атќарады. Осыған байланысты отырыќшы, көшпелі және жыл ќұстары деп жеке топтарға бөледі. Ќұстардың миграциясы – ќұстар тіршілігіндегі мыңдаған жылдарда ќалыптасќан ерекше ќұбылыс.

Ќұстардың табиғаттағы ќоректік тізбекте және адам өмірінде маңызы өте зор. Олар ауыл шаруашылығына, орман шаруашылығына өте көп пайда келтіреді. ‡й ќұстары негізінен тағам ретінде өсіріледі. Олардың арғы тегі жабайы ќұстар.

Ќұстар арнайы ќорыќтарда, ќорыќшаларда, тєлімбаќтарда, зообаќтарда ќатаң ќорғалады. Ќазаќстанның Ќызыл кітабына (1996) ќұстардың 56 түрі тіркелген. Олар арнайы ќорыќтарда (Ќорғалжан, Алакөл, Марќакөл т.б.) ќорғалады. Ќұстардың эстетикалыќ рөлі де зор. Ќұстардың кєсіптік мєні де ерекше. Ќазаќ халќының ежелден келе жатќан өнері – саятшылыќ (ќұсбегілік).
23-таќырып. Сүтќоректілерге жалпы сипаттама. Сүтќоректілердің ќұрылыс ерекшеліктері мен тіршілік єрекеттеріне жалпы шолу.

Сүтќоректілер - жануарлар дүниесінің ең жоғары деңгейде дамыған тобы. Олар ќағанаќтылардың жылыќандылар тобына жатады.

Сүтќоректілердің өздеріне тєн негізгі белгілері: 1. терісі түкпен ќапталған. Терінің ќосалќы бөлімдеріне - мүйіз, тырнаќ, тұяќтар, түктер жатады. Терісінде сүт, тер, май және иіс шығаратын бездері болады;

2. бұлшыќеттері жаќсы дамыған єрі жіктелген. Кеуде ќуысы мен ќұрсаќ ќуысын көкет (диафрагма) бөліп тұрады;

3. ќаңќасында белдеулері мен аяќтарының сүйектері жаќсы дамыған;

4. асќорыту жүйесінде сілекей бездері жаќсы жетілген, тістері жеке топтарға (күрек, сойдаќ, азу) жіктелген. Кейбір түрлерінің (єсіресе күйіс ќайтаратындарда) ќарны бірнеше бөлімге (таз ќарын, ќатпаршаќ, жұмыршыќ, ұлтабар) бөлінген. Аш ішектері едеуір ұзын. Тоќ ішек аналь тесігіне ашылады;

5. тыныс алу жүйесі: өкпесі көптеген ұяшыќтардан (альвеолдардан) тұрады. Көмекейі көптеген шеміршектен ќұралған;

6. ќанайналым жүйесі. Жүрегі 4 камералы, жүрегінде тек сол жаќ ќолќа доғасы саќталған;

7. жүйке жүйесінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының сыртында иірімдер, сайшалар көптеп кездеседі. Ми ќыртысы жаќсы дамыған. Мишығының көлемі үлкен, єрі оның сырты да тұтас сұр затпен ќапталған. Мидан 12 жұп жүйкелер тарайды;

8. cезім мүшелері. Көру анализаторы жаќсы дамыған. Көз алмасының торлы ќабығында колба және таяќша тєрізді жарыќ сезгіш клеткалар көптеп шоғырланған. Есту анализаторы үш бөлімнен (ішкі, ортаңғы және сыртќы) ќұлаќтан тұрады. Ортаңғы ќұлаќ ќуысында - төс, балғашыќ, үзеңгі сүйектері орналасќан. Сыртќы ќұлаќ-ќұлаќ ќалќаны мен сыртќы дыбыс жолынан тұрады. Иіс сезу мүшесі жыртќыштарда жаќсы дамыған.

9. зєр шығару жүйесі. Бүйректе нефрондардың саны өте көп. Зєрдің уаќытша саќталатын мүшесі – ќуыќ пайда болған.

10. жыныс жүйесі. Аналыќтарында ұрыќтың дамитын арнайы мүшесі - жатырда (көпшілік түрлерінде) ұрыќ жолдасы (плацента) түзіледі. ¦рпағын тірі туып, сүтімен асырайды. Сүт бездері түрі өзгерген тер бездері болып саналады. ¦рыќ жолдасы аллантоистың сыртќы ќабығының сір ќабыќпен тұтасуынан пайда болып, борпылдаќ хорион ќабығы түзіледі. Ол ерекше бүрлері арќылы жатырдың ќабырғасымен байланысады. Осы жерде ұрыќтың ќантамырлары аналыќ ағзамен тығыз ќарым-ќатынаста болып, газ алмасу, ќоректену, ыдырау өнімдерін сыртќа шығару жүзеге асады.

24-таќырып. Ќазіргі сүтќоректілердің жіктелуі.

Ќазіргі кезде сүтќоректілердің 4500-нан астам түрі белгілі. Олар 2 класс тармағына бөлінеді:



1. Алғашќы аңдар. Оған бір ғана - біртесіктілер отряды жатады.

2. Нағыз аңдар класс тармағы екі инфракласќа бөлінеді: а) төменгі сатыдағы аңдар.Оған бір ғана - ќалталылар отряды жатады; є) жоғары сатыдағы аңдар инфракласына 18 отряд топтастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет