Пікір- ұсыныс хаты
Мен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Техникалық физика кафедрасының меңгерушісі Қайнарбай Асет Жұмабекұлы, 7М01510 Физика педагогтерін даярлау тобының 2 курс магистранты Кәрібай Тоғжан Шәймерденқызының 2024 жылғы 12 сәуірде өтетін “Ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған “ǴYLYM JÁNE BІLІM - 2024” XIX Халықаралық ғылыми конференциясына онлайн форматта қатысуын ұсынамын. Мақала тақырыбы: Орта мектептердегі факультативтік сағаттарда қашықтықтан оқыту құралын қолдану. Мақалада факультативтік сағаттарда қолдануға болатын ыңғайлы әрі тиімді МООС құралы туралы айтылады. МООС құралының тиімділігін анықтау мақсатында мұғалімдер арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, мұғалімдердің 66.7% МООС құралы арқылы тапсырмаларды тексеру тиімді деп санаса, ал қалған 33.3% мұғалімдер тапсырмалардың күрделілігіне байланысты оффлайн форматта тексерген тиімді деп есептейді. Осы сауалнамаға негізделе отырып мақала тақырыбы өзекті екендігі нақтыланды. Факультативтік сағаттарда МООС құралын қолданудың артықшылықтары туралы айтылған. Сонымен қатар, МООС құралы арқылы мұғалімдер мен оқушылар уақыттарын тиімді пайдалана отырып, кері байланыс жасауға болатындығы туралы жазылған.
Ғылыми жетекші: Қайнарбай А.Ж
Достарыңызбен бөлісу: |