ГЛОССАРИЙ
Аттрактивтілік [лат. Аttraherе – тарту, назар аударту] – жануарлардың
назарын аудартатын табиғи немесе синтетикалық заттар.
Орынның аттрактивтілігі – жүйелер мен рекреациялық нысандарды
жобалау кезінде міндетті түрде ескерілуі тиісті эстетикалық, функционалдық
және топологиялық қасиеттер.
Аэротерапия – емдік және профилактикалық мақсаттарда ашық таза
ауаның әсерін қолдану. Аэротерапияның арнайы түрлеріне келесілер жатады:
1) арнайы климатопавильондарда, верандаларда ұзақ уақыт жату – верандалық
емдеу (ұйықтаумен бірге); 2) теңіз жағалауында жату – теңіздік аэротерапия;
3) ауа ванналарын қабылдау – дозаланған таза ауаның адамның толық ағза-
сына немесе жалаңаш денесіне әсері.
Биологиялық ырғақтар – тірі ағзаларға тән физиологиялық функция-
лардың ырғақты өзгеруі, органикалық әлемді құру мен дамытудың жалпы
заңының көрінісі.
Гелиотерапия – күн сәулесімен емдеу және профилактика мақсатында
пайдалану. Гелиотерапиядағы негізгі фактор – Күннің электромагнитті (сәу-
лелі) энергия бөлуі.
Құжаттық ескерткіштер – бұл мемлекеттік билік пен басқару органда-
рының актілері, басқа да жазбаша және графикалық құжаттар, кино, фото-
көшірмелер, ежелгі және басқа да қолжазбалар мен мұрағаттар, фольклор,
музыка жазбалары, содай-ақ сирек кездесетін суреттер.
Дискомфорт – адамның оптималдық психофизиологиялық жағдайын
қамтамасыз ете алмайтын, адам ағзасы бейімделуінің физиологиялық меха-
низмдері болатын, қатты тітіркендіретін қоршаған орта шарттары.
Инсентив-турлар туристік кәсіпорын немесе турфирма қызметкерлерін
көтермелеуге, оларды сыйақымен марапаттауға үлкен мүмкіндік береді. Қыз-
меткерлерді көтермелеудің дәстүрлі формалары – дотация сатып алу, тауар,
ақшалай сыйлық.
Достарыңызбен бөлісу: |