Пікір жазған химия ғылымдарының кандидаты А. Р. Керимкулова


Мәдени-тарихи ресурстар –



Pdf көрінісі
бет71/76
Дата19.02.2024
өлшемі2.82 Mb.
#492364
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
erdavletov rekreatsiyalyk turizm

Мәдени-тарихи ресурстар – мәдени нысандар, ескерткіштер, тарихи 
орындар, түрлі этнографиялық бірліктер және т.б. 
Курорттық орындар – бұл емханалар (балшық, су емханалары), пансио-
наттар және шипажайлар. Кез келген курорттық орында емдеу және келуші-
лердің денсаулығын бақылауда ұстайтын медициналық персоналдың болуы 
міндетті.
Конгрестік қызмет көрсету – туристік қызмет көрсетудің мамандан-
дырылған түрлерінің бірі. Конгрестік туризм – қабылдаушы елге елеулі табыс 
алып келетін туризм түрі.
Комфорт – қысқа мерзімді және тұрақты орнында тұру кезінде қалыпты 
өмір тіршілігін қамтамасыз ететін, адамның психофизиологиялық оптималды 
жағдайы.


189 
Климаттық шарттардың комфорттылығы (дискомфорттылығы) 
дегеніміз – адамның тіршілік және шаруашылық әрекеттерінің жағымды (жа-
ғымсыз) шарттарының кешені. 
Климатотерапия адам ағзасына түрліше әсер ететін климаттың алуан
түрімен сипатталады. Климатотерапия нақты бір ауру түрін емдеу қасиетіне 
ие. Олар: ауамен емдеу (аэротерапия), күнмен емдеу (гелиотерапия, грек. helis 
– Күн), теңіз суы және климатпен емдеу (талассотерапия), төменгі қысыммен 
және таудағы таза ауамен емдеу (табиғи баротерапия), жасанды немесе табиғи 
үңгірлердегі микроклиматпен емдеу (спелеотерапия).
Ландшафт – фаунаның, флораның, топырақтың, планкто-климаттық 
факторлардың үйлесімді байланыстарының кешенді экологиялық-эстетикалық 
жүйесі. 
Ландшафтотерапия. Ландшафтотерапия (нем. landschaft – пейзаж) – 
ауруларды табиғат сұлулығы, теңіз шуы және орман шуымен емдеу. Көптеген 
ғалымдардың, философтардың, психологтардың пікірі бойынша, адам мен 
табиғат аясында ерекше байланыс бар. Мұндай психоэкологиялық факт жаңа 
қоныс орнын таңдауда үнемі назарға алынады, сондықтан демалыс орнын 
таңдауда да бұл факторлар маңызды орын алады. Ландшафтотерапия – курор-
тологияның, эстетотерапияның және психосоматикалық ауруларды профилак-
тикалаудың негізгі элементтерінің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет